Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MySQL_ktzh.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.23 Mб
Скачать

MySql дің құрылымы

Деректер қоры дегеніміз белгілі бір құрылымға бағынатын деректер жиынтығы.Кейде осындай деректер қорын реляциондық(relation - қатынас, байланыс) деректер қоры деп атайды.Себебі, мұндай деректер қорында деректер қалай болса солай сақталмайды,керісінше мақсаттарына сай бөлек-бөлек кестелерде орналасады және  бір-бірімен қандай да бір қатынас арқылы байланыста болады.

MySQL міне осындай қатынастағы деректер қорын басқаратын жүйе, яғни программа.Ол деректермен жұмыс істеу үшін SQL (Structured Query Language - құрылымдалған сұраныстар тілі) тілін пайдаланады.

Реляциондық деректер қорына мысал ретінде интернет-дүкендерге арналған дерекқорды алайық.Ол деректер қоры мынадай кестелерден тұруы мүмкін - тауарлар кестесі,категориялар кестесі,сатушылар кестесі,тапсырыстар кестесі,тауарлар сипаттамасы жазылған кесте және тағысын тағылар.|

Және бұл аталған кестелер бір-бірімен байланыста болады.

Мысалы,тауарлар кестесі мен категориялар кестесі категория арқылы байланыса алады-көйлек,блузка,пальто сияқтылар киім категориясына, ал туфли,босоножки т.т. аяқ-киім категориясына жатады.

MySQL екі бөліктен тұрады - клиенттік және серверлік.

Клиенттік, мысалы PHP скрипттен тұруы мүмкін-ол скрипт деректермен жұмыс істейді,яғни оларды қабылдайды,өңдейді сосын қайтадан серверге жібереді және басқа дегендей әрекеттер жасайды. 

Серверлік немесе деректер құрылымы 3 деңгейден тұрады: 1) Деректер қоры. 2) Кестелер. 3) Жазбалар.

Дерекқор мен кестелер физикалық түрде файлдармен сипатталады, ал логикалық түрде кестелер дегеніміз жазбалардың жиынтығы.

Жазбалар әр түрлі типтегі өрістер жиынтығы болып келеді.

Жазбалардың аттары кесте аумағында,кестелердің атаулары дерекқор аумағында ал дерекқор атауы жүйе аумағында бірегей,яғни қайталанбайтын болуы тиіс.

MySQL дегі жазбалар өрісі және олардың типтері. 

Өріс 2 атрибут арқылы сипатталады - атауы және типі.

Тип мынадай болып келеді:      -Бүтін      -Заттық      -Тармақтық      -Бинарлық      -Мезгіл және уақыт      -Санау және жиынтық

Бүтін тип

Тип

Шегі

TINYINT

-128...+127. Пайдаланушы активациясы және флагтар үшін  көп пайдаланады.

SMALLINT

-32768...+32767

MEDIUMINT

-8 388 608...+8 388 607

INT

-2 147 483 648...+2 147 483 647.  Ең көп тараған.

BIGINT

-9 223 372 036 854 775 808...+9 223 372 036 854 775 807 . Өте сирек қолданады.

Заттық тип

Тип

Сипаттамасы

FLOAT

Аздаған дәлдік

DOUBLE

Қосарланған дәлдік

REAL

DOUBLE сияқты

DECIMAL

Тармақ түрінде сақталған бөлшек сан

NUMERIC

DECIMAL сияқты

Тармақ

Тип

Сипаттамасы

VARCHAR

Максимальды ұзындығы 255 таңба.ЛОГИН, ПАРОЛЬ,пайдаланушы деректері үшін қолданылады.

CHAR

Максимальды ұзындығы тұрақты 255 таңба

TINYTEXT

Максимальды ұзындығы 255 таңба

TEXT

Максимальды ұзындығы 65535 таңба (64 Кб).Мәтін жазу үшін кең қолданылады. 

MEDIUMTEXT

Максимальды ұзындығы 16 777 215 таңба

LONGTEXT

Максимальды ұзындығы 4 294 967 295 таңба

Мезгіл және уақыт

Тип

Сипаттамасы

DATE

Мезгіл форматы ГГГ-ММ-ДД

TIME

Уақыт форматы ЧЧ:ММ:СС

TIMESTAMP

Мезгіл мен уақыт форматы timestamp, ГГГГММДДЧЧММСС түрінде шығады

DATETIME

Мезгіл мен уақыт форматы ГГГГ-ММ-ДД ЧЧ:ММ:СС

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]