Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

1 срс

.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
16.82 Кб
Скачать

Қазақстан республикасында ветеринариялық қызметінің негіздері

 Ветеринарияның теориялық негізін жалпы биологиялық ғылымдар қарайды. Соған орай ветеринарлық ғылым құрамына жалпы биологиялық және арнайы ғылыми пәндер кіреді. Ветеринарлық ғылымдар қатарындағы ветеринарлық істі ұйымдастыру - арнайы ғылыми деректерді біріктіруші ғылым саласы болып табылады. Ғылым саласы ретінде оның мақсаты - мал өсіруші шаруашылықтарда ет-сүт, мал өнімдер текті шикізат даярлаушы,  ақтаушы, өндеуші кәсіпорындарда, көлікте, халық шаруашалығының басқа да салаларында малдәрігерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігін және ветеринария мамандарының жұмыс атқаруы негізгі формалары мен әдістерін зерттеу.

   Сонымен қатар мемлекеттік, ведомстволық және жеке кәсіпкерлік ветеринарлық қызметтің негізгі құрылымы мен заңдылықтарын зерттеуге бағытталған.

   Қазақстан Республикасының егеменді ел болу кезеіңінде,  әлеуметтік-экономикалық реформаны дамытуда ветеринарияның маңызы өте зор. Әлеуметтік экономиканы қайта құру нәтижелі ұйымдастыру деңгейіне байланысты. Ветеринария ісін ұйымдастыруды нашар жүргізу - шаруашылық ісінің бұзылуына, малдан алынатын өнім сапасының төмендеуіне, мал басынның кемуіне және әр түрлі індет ошақтарының пайда болуына әкеп соқтырады.

   Республикадағы ветеринарлық істің жағдайы әлеуметтік - экономикалық факторларға байланысты. Оған жататындар: қоғамдық құрылыс, өндіріс деңгейі,  ғылым мен мәдениеттің дамуы, жоғарғы және арнаулы орта ветеринарлық білім беру орталықтары, ветеринарлық мекемелерді, өнеркәсіпті және ауыл шаруашылығынбілікті мамандармен қамтамсыз ету,  онымен қатар материалдық-техникалық жағынан дұрыс жабдықтау. өкінішке орай, Қазақстан Республикасында және көршілес тәуелсіз мемлекеттерде әлеуметтік-экономикалық өзгеріс кезеңі ветеринарлық қызмет жағдайына айта қалғандай кері әсерін тигізіп отыр. Нарықтық экономика қиыншылығына қарамастан, мемлекеттік деңгейде ветеринарлық істі жақсарту барысында әр түрлі жұмыстар жүргізілуде. Мысал ретінде айта кететін болсақ, ветеринарлық заңдар ережесі, нормативті-құқықтық құжаттар, білікті мамандарды даярлау, әр түрлі ветеринарлық қызметке арналған құрал-жабдықтар, препараттар, дәрі-дәрмектер мен аспаптар жасау, ветеринарлық басқару қызметін жаңа құрамда қайта құру, мал шаруашылығындағы объектілерге қатаң түрде ветеринарлық-санитарлық бақылау жасау және адам мен малға ортақ ауруларға қарсы тиімді кұрес шараларын жүргізу сияқты жұмыстар атқарылып жатыр.

 Пән құрамында ветеринарлық заңдылық жинағының негізгі қағидалары, ветеринарлық істің экономикасы мен статистикасы, ветеринарлық-санитарлық бақылау ұйымдастыру, ветеринарлық қызметті жабдықтау, құрылыс салу, іс қағаздарын жүргізу және тағы басқа тараулар бар.

Пән тарауының әрқайсысында өзіне тін ветеринарияның ұйымдастыру-экономикалық іс-әрекеті мәнісі, қыры, сипаты қаралады.

 Мәселен, ветеринарлық заңдылық деп, ветеринария туралы үкімет тарапынан жарияланған заңдар, басқарушы органдар бекіткен нұсқаулар, типтік анықтамалар, ережелер және т.б. құжаттар жинағы болып табылады. Бұл жинақта ветеринарлық мамандар, жергілікті әкімшілік және барлық азаматтардың мал шаруашылығында, ет-сүт, мал текті шикізат өндеуші –неркәсіпте, көлікте, халық шаруашылығының басқа да салаларында ветеринарлық-санитарлық қолайлылықты қамтамасыз ететін қызмет тәртібін шектеп, міндеттерін айқындайды. Осыған орай, ветеринарлық істі ұйымдастыру пәні ветеринарлық заңдылық қағидаларына сәйкес мал шаруашылығына ветеринарлық қызмет көрсетуді; ветеринарлық мекемелер мен қызмет топтарының жұмыс тәсілдері мен формаларын, ветеринария мамандары мен азаматтардың ветеринарлық қызмет көрсету барысындағы –зара қарым-қатынасын; сүт өндіру, шошқа өсіру, мал бордақалау, қой өсіру шаруашылықтарының арнайы кешендер мен құс фабрикасында ветеринарлық қызмет көрсету ерекшеліктерін, мемлекеттік және ведомстволық ветеринария мамандары жұмысын нормалауды және еңбек ақы төлеуді зерттейді.

   Ветеринарлық ісі экономикалық мал аурулары алдын алу, емдеу, оларды жойып жіберу шараларының, ветеринарлық шараларды жүзеге асыру әдісөтәсілдерінің, мал шаруашылығына ветеринарлық қызмет көрсетудің ветеринарлық мекемелер жұмысының экономикалық тиімділігін зерттейді.

    Ветеринарлық статистика - малдардың ауруға, өлім-жітімге ұшыраушылығын, ауру таралуын, қолданылған шаралар тиәмдәлән және оның әр түрлі себептерге тәуелділігін мал фермалары мен кешендерге мал басы саны, ветеринарлық мамандар және қажетті ветеринарлық мүлікпен қамтамасыз етілуі зерттейді.

     Ветеринарияда жүргізілетін бухгалтерлік тіркеу мен есеп жұмыстары ветеринарлық шараларды қаржыландыру, ветеринарлық жұмысқа арналған дүние-мүлік пен қаржыны тіркеуге және ветеринарлық мекемелерге қаржы бөлу жоспарлары мен олардың шығын сметасын құру тәртібін, қаражат пен дүние-мүліктің үнемді әрі тиімді пайдаланылуын бақылауға бағытталған.

  Пәннің өзекті тарауларының бірі - ветеринарлық-санитарлық қадағалау. Ол мал фермаларында, көлікте, өндеу-үқсату өнеркәсібінде, базарларда,  емлекет шекарасында ветеринарлық-санитарлық бақылау ұйымдастыру және мал өсіру, жануар текті өнім мен шикізатына байланысты барлық кәсіпорындар мен ұжымдарда ветеринарлық-санитарлық шараларды ұйымдастыруды зерттейді.

  Ветеринарлық ғимараттар құрылысын салуды ұйымдастыру тарауында құрылыс алаңын тандау, оны жергілікті жағдайға үйлестіру,  ржыландырусметасын құру, құрылыс барысын бақылау және құрылыс жұмыстары аяқталған соң қабылдау мәселелеріне тоқталады.

 Ветеринариялық бұйымдар мен мүлікке негізделген тапсырыстар жасауды ұйымдастыру, оларды құру, тәртібі, ветеринарлық мүлік қорларын бөлу,  ветжабдықтау‚ бірлестіктерінің, бөлімдерінің және дәріханаларының жұмысын ұйымдастыру, бөлінген ветеринарлық бұйымдар мен мүліктердің тиімді пайдаланылуын қадағалау мәселелері ветеринарлық бөлімінде қаралады.

Ветеринарлық іс қағаздарын жүргізу таруында ветеринарлық мекемелер мен ветеринарлық қызмет топтары іс қағаздарын Ауыл шаруашылық министірлігі нұсқаулары мен мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес жүргізу сөз етіледі. Бұл бөлімде соған орай ветеринарлық құжаттар,  уәліктер, анықтамалар, актілер, хаттамалар, бұйрықтар, нұсқаулар және т.б. құжаттар жасау, толтыру ережелері мен тәртіптері баяндалады.

Ветеринария ісінің мағынасы, мақсаттары және маңызы

Ветеринарияның негізгі мақсаты - мал шаруашылығының ветеринарлық-санитарлық сәттілігін сақтап, одан санитарлық сапасы жоғары өнімдер мен шикізаттар өндіруді қамтамасыз ету. Сондай-ақ, ол халықты зооантропоноздардан сақтау, еліміздішет елдерден келетін қауіпті мал ауруларынан қорғау шараларын да ұдайы өзіне отырады. Ветеринария ісінің жалпы мағынасы оның өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін сан алуан арнайы шараларды іске асыруда екені көрінеді.

 Сондықтан ветеринария ісі деп, малды аурудан сақтандыру, емдеу, одан санитарлық тұрғыдан сапалы өнім алу, адамды зооантропоноздардан сақтау сияқты мемлекеттік, шаруашылық, қоғамдық шаралар кешенін айтады.

Ветеринария ісінің жағдайы қоғамдық құрылысқа, өндірістің даму деңгейіне, материалдық-техникалық жабдықтауға, ғылым мен мәдениеттің,  етеринария саласында білім берудің дамуына, кадрлармен қамтамасыз етуге көп байланысты болады.

Бұрынғы Кеңес Одағының ыдырауы және оның құрамындағы елдердің егемендік алуы терең әлеуметтік-экономикалық реформаларға, нарықтық қатынастардың қалыптасуына әкелді. Бұл жағдай, өкінішке орай, ветеринария ісінің бұрынғы қалпына кері әсерін тигізеді. Мал шаруашылығының күрт құлдырауы ветеринарлық қызметтің де ыдырауына және мал ауруларының таралуына соғатыны сөзсіз. Мұндай жағдай қоғамды да, мемлекетті де ешбір қанағаттандырмайды. Себебі, ветеринария ісінің төмен деңгейде болуы мал ауруларынон орасан зор шығындар жасауға мәжбүр етеді. Бұл - ветеринария ісін ұйымдастыру деңгейіннің экономикалық және әлеуметтік түйінді мәселелерін шешу үшін зор ықпал бар екенін көрсетеді. Еліміздегі ветеринария ісінің жағдайын нығайту үшін республика үкіметі және мемлекеттік ветеринарлық ұйымдар соңғы уақытта көптеген құқықтық-нормативтік құжаттар қабылдап отыр. Соның ішінде «Ветеринария туралы» заң және оны дамыта түсуші бірсыпыра  тіркес құжаттар бар. Өкімет тарапынан мемлекеттік және жекеменшік кәсіпкерлік ветеринарлық қызметтің құрылымын жеілдіру, мамандар дайыдаудың сапасын арттыру, материалдық-техникалық жабдықтауды жақсарту, мал шаруашылығының ветеринарлық-санитарлық жағдайына, шаралардың тиімділігіне қатаң талап қою сияқты жұмыс жүргізілуде.

Ветеринария ісінің арнайы шаралар жүйесі ретінде халықшаруашылық қызметтің тікелей қатысуымен мал ауруларынан сақтандыру, малдан сапалы өнім алу қамтамасыз етіледі. Осының өзі-ақ бұл істің экономикалық маңызын көрсетеді.

 Ветеринарияның әлеуметтік маңызы оның халықты зооантропоноздардан сақтандыру, қорғау шараларын жүргізуден көрінеді. Осыдан: «Адам медицинасы адамды, ал ветеринарлық медицина адамзаты емдейді»,  - деген қанатты сөздер пайда болған.

Ветеринария ісіне қорғаныстық тауар алмасу кезінде елімізді шет елдерден қауіпті жүқпалы мал аурулары енуінен қорғау  шекаралық-ветеринарлық бақылау мекемелеріне жүктелген.

Қазіргі кезенде ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай келмейтін көптеген шағын кәсіпорындар,  кооперативтер, акционерлік қоғамдар, шаруа қожалықтары және т.б. жекеменшік іскерлік құрылымдар пайда болуда. Бұл жағдай нарықтық экономикалық кезінде ветеринария ісінің маңызы арта түсетінін көрсетеді және мемлекеттік ветеринарияның «Ветеринария туралы» заңының орындалуын бақылауды күшейте түсуін талап етіп отыр.