
- •Мазмұны
- •Оқу жұмысы
- •Менің оқу жұмысым
- •Тәрбие жұмысы
- •Менің тәрбие жұмысым
- •Қорытынды
- •Кәсіптік бағдар беру жұмысы
- •1.Пуск-панель управления
- •V.Қолдану.
- •2.Дұрыс жауап таңдау.
- •3.Сәйкестендіру тесті
- •Vі.Бағалау
- •3.6 Білім алушыларды өз бетімен жұмыс істеуіне баулу, конспект жазу:
- •Қосымша
- •Мінездеме
- •Мінездеме
- •«Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері ».
- •Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
- •Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтижесі:
- •Жай мұғалім – хабарлайды,
Қосымша
Тәрбиенің негізгі бағыттары:
Қазақстандық патриотизм мен азаматтық;
Саяси және құқықтық мәдениеті;
Зерде мәдениеті;
Өнегелік және эстетикалық мә»дениет;
Экология мәдениеті;
Салауатты өмір салты;
Этникалық және ұлтаралық қатынас пен толенранттық мәдениеті;
Отбасы қатынасы және гендер мәселесі;
Кәсіптік бағдар беру;
Ата-аналармен жұмыс.
Тәрбие жұмысының негізгі мақсаттары :
Қазақ мәдениеті, дәстүрлері, студенттердің тұлғалық өзін-өзі тану және кәсіби бағдар, қоғамдық танымдық азаматтарды қалыптастыру негізінде рухани құндылықтардың қалыптасуы.
Тәрбиелік міндеттері:
Ұлттық тәрбие – білім жүйелер жағдайында тұлғаны ұлттандыру және оны ақпаратты даму ортасы арқылы жастарды тез өзгертіп тұратын қоғамда өмір сүруге үйрету.
Қарым – қатынас мәдениеті, тәртіп, тұрмыс және іскерлік , этникалық мәдениетке тәрбиелеу.
Ұлтына қарамастан тұлғаны құрметтеуге, әрбір адамның құқықтарын танып білуге тәрбиелеу.
Жоғары рухани идеалдар арқылы өмірде жетекшілік ете білуге тәрбиелеу.
Колледж және оның дәстүрлеріне деген құрмет көрсету.
Демократиялық қоғамның құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Студенттердің атқарылатын жұмыстың негізгі бағыттары, түрлері және мазмұны: Қазақстандық патриотизм мен азаматтық.
Қосымша
Тараз қаласы Жамбыл
политехникалық колледжінің
1305000 «Ақпараттық жүйелер»
мамандығы 2ИС-14-2 тобына
Мінездеме
Жамбыл политехникалық колледжінің 1305000 «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 2ИС-14-2 тобында 25 студент білім алуда. Топта 13 ұл,12 қыз бала бар. Жас ерекшелікері 18-19 жаста. Олардың ішінде 2 студент үздік, 13 студент оқу екпінділері, қалғандары қанағаттанарлықтай.Жалпы топтың оқу үлгерімі жақсы. Әлеуметтік құрамы – орташа,эстетикалық тәрбиесі жақсы. 2ИС-14-2 тобында информатика пәндері тереңдетіп оқытылады. Студенттер ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады. Колледж ішіндегі түрлі мәдени шараларға және спорттық жарыстарға белсене қатысады.Айта кетсем, студенттер колледждегі «Жас Отан» жастар қанатының бастауыш бөлімшесінде, «Өзін-өзі басқару» студенттік парламентінде, «Алғырлар» пікір-сайыс клубы мен «Олимп» спорттық клубтарына мүше болып,сабақтан тыс бос уақыттарында өз белсенділіктерін танытып жүр.
Колледждегі тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру негізінде студенттер шығармашылық дамуы үшін жүргізілетін үйірмелер мен пәндік қосымша сабақтарға қатысады. Әли Ұлболсын, Досымбет Абдурашид, Исахан Жанболат, Манап Жаңыл, Әмір Гүлсезім колледждің қоғамдық жұмыстарына, байқауларға, конференцияларға, спорттық жарыстарға әрдайым қатысып өз-өздерін жақсы жағынан танытып жүр.
Үйірмелерден студенттер «Жыр жазамын жүрегімнен» поэзия клубына, «Жастар және өнер» клубы, «Олимп» спорттық клубтарына қатысады. Атап айтсам, Тұрсын Аяжан-биге, Исаев Еркебұлан, Барысхан Нұржан -күреске, Манап Жаңыл,Сартай Алтын - волейбол командасының мүшелері, Мансұр Нұрдәулет-шахмат үйірмесіне, Сатыбалды Ботагөз - іс-шараларда ән айтады. Студеттер арасында өзара қарым-қатынасы, ұйымдастырушылық қабілеттері жақсы қалыптасқан. Тәжірибе жетекшісі Дүзелбаев Әбдіхалық Төлешұлы студенттердің арасында сыйлы да білікті ұстаз.
Қосымша
Тараз қаласы Жамбыл
политехникалық колледжінің
1305000 «Ақпараттық жүйелер»
мамандығы 2ИС-14-2 тобына