Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
568.87 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

  1. Жеке жоспар

  2. Оқу мекемесінің жалпы сипаттамасы

  3. Оқу жұмысы

  4. Тәрбие жұмысы

  5. Кәсіптік бағдар беру жұмысы

  6. Практика бойынша қорытынды

  7. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

Кіріспе

Мен, Оңласын Ақерке, Тараз қаласы Жамбыл политехникалық колледжінде 2016 жылдың қаңтар айының 18 мен 29 аралығында педагогикалық-психологиялық тәжірибеден өттім. Тәжірибеден өту кезіндегі негізгі мақсат - білім беру мекемесінің жұмысымен танысу. Колледждің оқу жүйесімен, бағдарламасымен жалпы таныстым, білім беру мекемесінің қызметкерлерінің жұмысының мазмұны, мұғалім-студент қарым-қатынастарының психологиялық негіздерімен таныстым. Білім ошағы– жарты ғасырдай тарихы бар, қаланың алдыңғы қатарлы оқу орны болып саналады. Қазіргі таңда мектеп директоры Орынбаева Жанар Рымбекқызы .

Тәжірибенің мақсаты бойынша мен өз бетімше педагогикалық іс-әрекеттермен танысып, түрлі педагогикалық іс-шараларға қатысып, кәсіптік- педагогикалық білімдер мен дағдыларды үйрендім, міндетіме сай жұмыс атқардым. Ал тәжірибе өтудегі міндеттер мыналар:

  • Университетте алған теориялық білімді тереңдету және бекіту, оларды

іс жүзінде саналы қолдана білу;

  • Оқытушының білім беру тәсілдеріне назар аудару;

  • Түрлі кәсіптік-педагогикалық білім беру жүйесімен танысу;

  • Өндірістік жетекшіміздің берген тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

  • Кәсіптік-педагогикалық іс-әрекетке қызығушылығымызды дамыту ;

  • Сабақтарға қатысып, бақылап, талдау жасай білу;

  • Сыныптан тыс тәрбиелік шаралар өткізуге дайындалу;

Педагогикалық тәжірибе болашақ кәсіптік іс-әрекетке жақын жағдайларда өтті.Тәжірбиені өту барысында біз кәсіптік-педагогикалық іс-әрекетті жүргізу амалдарымен танысып, кәсіптік-педагогикалық білімдер, дағдылар мен біліктерді меңгердім.

Бұл педагогикалық тәжірибе кәсіптік педагогикалық іс-әрекетке дайындайтын тұтас педагогикалық процестің маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Сондықтан бұл тәжірбиеде білім алушылардың сабақтарына қатысу, сынып тыс тәрбиелік жұмыстар жүргізу, есепке қатысты материалдар жинау жұмыстарына көңіл бөлінеді.

Оқу мекемісінің жалпы сипаттамасы

Жамбыл политехникалық колледжі - Тараз қаласындағы орта кәсіптік білім беретін оқу орны. Негізі 1954 жылы қаланған.Білім мекемесі алғашында 1954 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің № 1254-P шешімі негізінде кешкі мерзімде суперфосфат зауыты (ДХМТ) базасында оқытатын Жамбыл химиялық-механикалық техникумы ашылады. Сондай-ақ , Қаратау қаласында Қаратау тау-кен және химия комбинаты негізінде кешкі мерзімде оқытатын филиал құрылады. 1955 жылы техникумға 60 оқушы қабылданып, 1959 жылы оқу орнын алғашқы түлектері бітіріп шыққан.

1965 жылы 21 қыркүйекте Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің №1603-R бұйрығы негізінде Қаратау кешкі химиялық-механикалық колледжі филиалы кешкі мерзімде оқытатын Қаратау тау-кен және құрылыс техникумына айналды. 1970 жылы күндізгі бөлім ашылып, 1975 жылы электротермистерді, 1979 жылы техник-гальваниктерді, 1980 жылы КИПиА техниктерін дайындайтын бөлімдерде білім беру қызметтері жүргізілген. 1971-1974 жылдары техникумға жаңа типтік ғимарат, оқу және зертханалық корпустар мен шеберхана ғимараты пайдалануға беріледі. 1995 жылы Жамбыл химия-механикалық техникумы Жамбыл политехникалық техникумы болып өзгертілді.1996 жылы Жамбыл политехникалық техникумына колледж мәртебесі берілді. 1997 жылы колледж Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының құрамына кірді. 1998 жылы облыс әкімінің Қаулысына сәйкес Жамбыл политехникалық колледжі болып қайта құрылды. 2009 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып табылады.

Әр кезеңдерде оқу орнын К.Л.МАксимов (1954-1972жж.), Ю.П.Тютюнников (1972-1976жж.) , А.С.Мамашев (1976-1990жж.), Р.Л.Нордгеймер (1991-1993жж.), Ж.Д.Досанқұлов (1994-1997жж.), Д.И.Абдраймов (1998-2004жж.), Б.Ш.Егембердиева (2005-2012жж.) сияқты директорлар басқарды. Аталған басшылар оқу орнының қалыптасып дамуына, мамандар даярлау сапасын арттыруға үлкен үлес қосып,өз қолтаңбаларын қалдырды. Қазіргі таңда колледж директоры - Жанар Орынбаева.

Колледж құрылымы:

Типтік оқу-зерттеу корпусы

Административті-шаруашылық корпус

Пән кабинеттері – 40

Зертхана-11

Компьютерлік сынып-15

Мультимедиялық кабинет-22

Интерактивті тақта-14

Ұсталық оқыту кабинеті – 6

Кітапхана

70 адамдық оқу залы

Спорт зал – 2

340 адамдық акт залы

2015-2016 оқу жылында технология, экономика, педагогика т.б. салаларында 21 мамандық бойынша күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінде барлығы 2158 студент білім алуда.Мамандықтардың толық тізімі қосымшасында көрсетілген.

Жамбыл политехникалық колледжінде республикалық және халықаралық деңгейдегі спорт жарыстары өткізіліп тұрады. Колледж студенттеры Тараз қаласының қоғамдық өміріне, мәдени іс-шараларына белсене араласады. 2001 жылдың "Жылдың ең жақсы колледжі" деп аталатын республикалық байқауда Жамбыл политехникалық колледжі 1 орынды иеленді.

Жамбыл политехникалық колледжі жайлы толығырақ ақпарат «Жамбыл политехникалық колледжіне 60 жыл» және «Үкілім-ай» журналының «Келешегі кемел білім ұясы» атты журналдардың баспасында жарияланған. Олар және қосымшаларында көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]