
- •Мазмұны
- •Оқу жұмысы
- •Менің оқу жұмысым
- •Тәрбие жұмысы
- •Менің тәрбие жұмысым
- •Қорытынды
- •Кәсіптік бағдар беру жұмысы
- •1.Пуск-панель управления
- •V.Қолдану.
- •2.Дұрыс жауап таңдау.
- •3.Сәйкестендіру тесті
- •Vі.Бағалау
- •3.6 Білім алушыларды өз бетімен жұмыс істеуіне баулу, конспект жазу:
- •Қосымша
- •Мінездеме
- •Мінездеме
- •«Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері ».
- •Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
- •Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтижесі:
- •Жай мұғалім – хабарлайды,
Тәрбие жұмысы
Жамбыл политехникалық колледжінде тәжірибе жетекшісі мен 2ИС-14-2 тобының студенттерімен бірге тәрбие сағатын өткіздік. Тәрбие сағатына директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, оқытушылар да арнайы шақырылып қатысты. Колледжегі тәрбие жұмысының мақсаты: ұлттық сана-сезімі оянған , рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ұжданы мол, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан азаматтарды тәрбиелеу.
Мақсаты – студенттерге этика, эстетика ережелерімен таныстырып, отбасындағы, достарының арасындағы, мектептегі, қоғамдық ортадағы тәрбиенің ерекшеліктері, дүниетанымымен таныстыру.
Міндеттері – арнайы тәрбие арқылы ұлттық тәрбиені қалыптастыруға, осы идеяларға негізделген үйірме жұмыстары , іс-шаралар өткізу, кештер, кездесулер , интелектуалдық – танымдық ойындар , т.б.өткізу.
студенттерді жалпы азаматтық құндылықтарға тарту , сол құндылықтарға сәйкес мінез-құлық қалыптастыру;
баланың ұлттық сапасын қалыптастыру , халыққа деген құрмет , мақтаныш ұялату , ұлттық рухын дамыту;
ана тілін, дінін, тарихын, мәдениетін, өнерін кәсіби меңгеріп , салт- дәстүрін , мәдени мұраларын қастерлеу;
шыдамдылық, намысшылдық, жинақылық, сенімділік мінезін қалыптастыру;
Сұлулықты сүйетін , салауатты ұлт алдында ерекше істерді атқаруға қабілетті, іскер, білімді , жауапкершілігі мол , текті, алғыр тұлға қалыптастыру;
Осы мақсатқа орай аталған сатыға қарай мынандай үйірмелер жұмыс істейді: шахмат, футбол, баскетбол, волейбол, ән өнерінен сайыстар.
Менің тәрбие жұмысым
Қаңтар айының 28-і күні Жамбыл политехникалық колледжінде тәжірибе жетекшісі Дүзелбаев Әбдіхалық Төлешұлы мен 2ИС-14-2 тобының студенттерімен бірге «Жан қазынасы - адамгершілік негізі» атты тәрбие сағатын өткіздік. қосымшасында көрсетілген.
Колледжде осы құрылымның барлық сатылары жұмыс істеуде, ол үшін нақты материалдық-техникалық база жасалған. Колледжде білім стандартының жоғары деңгейіне, қосымша үйірмелер арқылы оқуға қызығушылығының туындауына жағдайлар туғызуға бағыттталған дамыта оқу жүйесі қарастырылады, яғни деңгейлік , тереңдете оқыту, ерте кәсіби бағдарлау мақсатында студенттердың сұрауына қарай оқу саралана жүргізілді.
Сынып жетекшісі студенттермен жан-жақты тәрбие жұмыстарын жүзеге асырады. Бұл өткізілген тәрбие жұмыстары болашақта студенттердің адамгершілікке, ізгі қасиеттерге, еліміздің патриоты ретінде тәрбиеленуіне бағытталған.Тәрбиенің негізгі бағыттары қосымшасында көрсетілген.
Осы бағыттарды жүзеге асыру мақсатына сәйкес өткізілген тәрбие сағатында еліміздің кез-келген адамының ойына ой салардай мәселелер қозғалды. Бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыра отырып, олардың ой-пікірлерін ашық айтқызу арқылы өзін-өзі тануын,өз жан қазынасына үңілуін таразыладық .
Қорытынды
Мен, Оңласын Ақерке, КЖжКББ факультетінің 201-топ студенті Тараз қаласы Жамбыл политехникалық колледжінде 2016 жылдың қаңтар айының 18 -29 аралығында педагогикалық-психологиялық тәжірибеден өттім. Осы өткізілген тәжірибе берілген жеке жоспар негізінде жүргізілді. Алғашқы күні оқу орнымен жалпы таныстым. Жауапты жетекшім болып информатика пәні мұғалімі,магистр Дүзелбаев Әбдіхалық Төлешұлы белгіленді.
Тәжірибе өту барысында оқу-тәрбие,өзіндік оқу-тәрбие жұмыстарымен таныстым, мұғалімнің сабақтарына қатыстым, сол мұғалімдермен сабақты талдау нәтижесінде өзім білмейтін жаңа мағлұматтармен таныстым.
Болашақ маманға қажетті білімдер мен дағдылардың қалыптасуына педагогикалық қабілеттілікті дамытуға бағытталған іс-шаралар жүргізілді. Бұл тәжірибеден тұтас педагогикалық үрдісті бақылау мен талдау, кәсіптік үлкен тәжірибе әдіс тәсілдері меңгеріледі.
Университетте алған теориялық білімдерді тереңдетіп, іс жүзінде ұштастыра қолдана білдім. Тәжірибе барысында тағайындалған жетекшім, 2ИС-14-2 тобында кураторлық қызметын атқарады, студенттермен тығыз қарым-қатынас жасайды. Олардың сабақтарына қатысып, сабақтан тыс та тәрбие жұмыстарына атсалысып, бақылап, тәжірибе жинақтадым. Соңғы күні тәжірибе жұмыстарын аяқтап, оны есеп беруге енгізу тіркелді. Менің жұмысымда жетекшім көп көмектесті.
Танысу тәжірибесі теориялық білімді практикалық біліммен байланыстыру көмегі өте зор.Тәжірибе кезінде мен мұғалімнің сабақ беруін бақыладым. Жетекшімнің жұмысына көмектесіп, жұмыс жоспарымен таныстым.
Психологиялық – педагогикалық тәжірибе теориялық білімді тәжірбиелік біліммен байланыстыру кезінде көмегі өте зор. Тәжірбие барысында оқытушылардың сабақты беру кезіндегі өзіндік бір амалдарымен таныстым. Жетекшімнің берген барлық тапсырмаларына аса жауапкершілікпен қарадым. Тәжірибе кезінде мен оқытушылардың сабақ беруін бақыладым. Жетекшімнің жұмыстарына көмектесіп, жұмыс жоспарымен таныстым. Тәжірибені өту кезінде педагогикалық қарым-қатынастың білімдері мен біліктерін дамыттым.