
- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі с.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Қазақ тілі кафедрасы
- •Студенттерге арналған бағдарлама ( силлабус
- •Астана - 12 жыл
- •2. Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу уақытын бөлу
- •6. Пәннің мазмұны
- •7. Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары
- •І семестр
- •8. Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •9. Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •11. Білімнің бағалануы туралы ақпарат
- •12. Баға қою саясаты Пән бойынша білім бағалау кестесі
- •Үш бақытым
- •2. «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында шығарма жазыңыздар.
- •2. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрыңыздар
- •3.«Қазақстанның өнер қайраткерлері» тақырыбында хабарлама дайындаңыздар.
- •6. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар
- •8. Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе, «ия», сәйкес келмесе, «жоқ» деп жауап беріңіздер.
- •10. Сұхбатты толықтырыңыздар
- •11. Мына мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз
- •3. Мәтін бойынша 7 сұрақ қойыңыз.
- •12.Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
- •11. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз
- •2. Мәтіннен сапалық сын есімдерді бір қатарға, қатыстық сын есімдерді бір қатарға теріп жазыңдар
- •3.Досыңыздың жақсы қасиеттерін, сырт келбеті, мінез-құлқы туралы жазып келіңіздер.
- •2. Мына сандардан жинақтау сан есімдерін жасаңыздар
- •3. «Менің бос уақытым» тақырыбында шағын әңгіме жазыңыздар
- •5.Жоғарыда берілген мәтіннен есімдіктерді теріп жазыңыздар.
- •6. Сөйлемдер мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп жауап беріңіз.
- •7. Шашылған сөздер мен тіркестерден сөйлемдер құрастырыңыздар.
- •8. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар
- •9.Төмендегі есімдіктермен сөйлемдер құрастырыңыздар.
- •10. Мәтінді оқыңыздар, есімдіктерді теріп жазып мағыналық түрін ажыратыңыздар.
- •11. Мәтін бойынша 5 сұрақ қойыңыздар
- •4. Мәтіннен үстеулерді теріп жазып, мағыналарын ажыратыңыздар
- •5.Сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •6. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді оқыңыздар.
- •7. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
- •8. Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар
- •6.Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», сәйкес келмесе «жалған» деп жазып беріңіз.
- •7. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
- •8.Жоғарыдағы мәтіннен негізгі және көмекші етістіктерді ажыратыңыздар
- •9. Төменде берілген сөз тіркестеріндегі қарамен жазылған сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратып көріңіздер:
- •10. Мына етістіктердің болымды түрін болымсыз етістікке, болымсыз түрін болымды етістікке айналдырып, сөйлем құраңыз.
- •10.Төмендегі етістіктерге ырықсыз етіс жұрнақтарын жалғап, сөйлемдер құрастырыңыздар.
- •1.Төмендегі берілген етістіктерді тиісті орындарға қойыңыздар .
- •2.Төмендегі етістіктерге ортақ етістің жұрнақтарын жалғап, сөйлемдер құраңыздар.
- •Сәкен Сейфуллин.
- •5.Мәтін бойынша 5-7 сұрақ қойыңыздар
- •6. Мәтіннен есімшелерді, көсемшелерді теріп жазыңдар
- •7.Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар
- •8. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •6.Сөйлемдер мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын» деп, сәйкес келмесе, «жалған» деп белгілеңіз.
- •1.Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар
- •2. Мәтін бойынша 4 сұрақ жазыңыздар
- •3.Мына етістіктерді рай түрлеріне байланысты түрлендіріңіздер
- •2. Мәтіндегі етістіктердің райларын ажыратыңыздар.
- •3.«Біріккен Ұлттар Ұйымы және Қазақстан» тақырыбында хабарлама жасаңыздар.
- •7.Сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
- •8.Бос жерлерге қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді оқыңыздар.
- •10.«Ғылым» сөзімен тіркесетін 5 сөз тіркесін жазып, олармен сөйлем құрастырыңыздар.
- •11. Демеулік шылауларды қатыстырып 6 сөйлем құраңыз.
- •12.Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
- •Тест тапсырмалары
- •Мазмұны
5.Жоғарыда берілген мәтіннен есімдіктерді теріп жазыңыздар.
6. Сөйлемдер мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп жауап беріңіз.
Сөйлемдер |
Шын |
Жалған |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7. Шашылған сөздер мен тіркестерден сөйлемдер құрастырыңыздар.
1) Бекітті, ресми түрде, оны, 157 мемлекеті, қазіргі, әлемнің, таңда
2) 176, оған, елі, әлемнің, қойды, қол,
3) Ғажап, осылай, жағдайда, болған, елдер, бірқатар, судың, кетуі, қалып, астында, әлемдегі, мен қалалар, емес
4) Құрғақшылыққа, күні, бүгінгі, астам, Қазақстанның, 60, ұшырауда, жері, пайыздан
8. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар
Марқакөл қорығы
Ертіс өңіріндегі көрікті әрі табиғаты бай өлке – Марқакөл көлінің аймағы. Марқакөл теңіз деңгейінен 1434 метр биіктікте орналасқан. Оның тереңдігі – 27 метр, басты байлығы – халық «майқан» деп атайтын қызыл балық. Айналасындағы орманда аңдар мен құстардың 60-қа жуық түрі тіршілік етеді. Қазір Марқакөл көлі мен оның төңірегіндегі орманды алқап қорыққа айналдырылған, сөйтіп осы өлкенің өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қорғауға алынған.
Аңшылар мен ғылыми қызметкерлер аңдарды есепке алады, олардың тіршілік-тынысын бақылайды. Қыста аңдар қосымша азықтандырылады, өйткені Марқакөлдің қысы қатты әрі ұзақ. Адамдардың қамқорлығына жануарлар әбден үйреніп алған.
Қар қалың жауған жылдары олар таудан түсіп, елді мекендерге жақын жерге жайылады.
Табиғатты қорғау жақсы нәтижелер бере бастады, өйткені Марқакөлде бүкіл Ертіс өңірінің қарағайлы орманы мен қуаң даласын мекендейтін марал, қызыл қасқыр, бұлан, бұғы, қабан, тіпті қоңыр аюды да кездестіруге болады.(«Қазақ күнпарағы», 1989)
9.Төмендегі есімдіктермен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Барлық, түгел, ешқашан, ешкім, өздері, кейбір, сол, осы , бұл, әрбір, олар
10. Мәтінді оқыңыздар, есімдіктерді теріп жазып мағыналық түрін ажыратыңыздар.
Каратау Мемлекеттiк қорығы
Қаратау тауы Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл және Кызылорда облыстарының аумағында орналасқан. Ол солтүстiк батыстан оңтүстiк шығысқа қарай 420 км-ге созылып жатыр. Оның ең биiк шоқысы Бессаз тауының биiктiгi 2175 метр. Қаратау бiр-бiрiмен қатарласа орналасқан Үлкен және кiшi Қаратау жоталарынан тұрады.
Қаратаудың оңтүстiк-батысынан Сырдария, Cолтүстiк шығысынан Шу және Талас өзендерi ағып өтедi. Каратаудын барлық аймағында өзiне тән ертеден өсiп келе жатқан өсiмдiк түрлерi көптеп кездеседi. Қаратаудың табиғи байлықтарының ерекшелiктерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң №249 қаулысымен 2004 жылы 1 наурызда Қаратау мемлекеттiк қорығы ұйымдастырылды. Қорықтың жер көлемi 34300 гектар аумақты алып жатыр. Қаратау қорығының табиғаты айналасы құрғақ далалы және шөлейттi өңiрлермен шектелiп жатқан оазистi аймақты құрайды. Қаратау қорығы Батыс Тянь-Шянь тау жотасының солтүстiк-батыс сiлемдерi мен шекаралас Қаратау жотасының орталық бөлiгiнде орналасқан. Қорықтың айналасын Қызылқұм Бетпақдала және Мойынқұм шөлдері қоршап жатыр. Қорық аумағының ауа райы күрт құбылмалы болып келедi.Онда жылына орта есеппен 300-500 мм шамасында жауын-шашын түседі. Жазы ыстық әрi құрғақ, шiлде айының орташа температурасы +22 +26 с.
Қорық аумағында археологиялық ескерткiштер де көптеп кездеседi.Сонымен бiрге ерекше мүсiндi түйетас, кемпiртас, хантағы және т.б. кейiптегi табиғаттың өзi ұзақ уақыт аралығында жасаған тас бейнелер де кездеседi.
Қаратау қорығының аумағында өсiмдiктер мен жануарлардың сан алуан
түрлерi оқшауланып, айналасындағы далалы, шөлейттi алқаптардың өсiмдiктерiнен, жануарларынан түр құрамы жағынан мүлде ерекшеленiп тұрады.