Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия ОСВЕЩкурс1-.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
995.84 Кб
Скачать

Алғы сөз.

Оптикалық сәулелердiң (ультракүлгiн, және инфрақызыл сәулелер) адамзат тiршiлiк әрекетiндегi маңызы зор. Планетамыздың барлық жанды организмдер оптикалық сәулеленудiң арңасында пайда болды және өмiр сүредi. Олардық, әсiресе, өсiмдiктер үшiн маңызы зор болады. Ал өсiмдiктерсiз адам да, мал да өмiр сүре алмас едi.

Электрлiк жарықтандыру адамның өндiрiстiк қызмет уақытын ұзартуға мүмкiншiлiк бередi. Электрлiк жарықтандырудың арқасында өнеркәсiпте де, ауылшаруашылығында да және халық шаруашылығының басқа салаларында да тәулiктi түгел жұмыс уақыты ретiнде пайдалануға болады. Мысалы, ауыл шаруашылығында мал және құс қораларында, сондай-ақ басқа өндiрiстiк үйжайларда көп технологиялық престер электрлiк жарықтандырумен орындалады. Сонымен қатар, сәулелендiретiн қондырғылар малдың төлдерiн және құстар мен олардың балапандарын ультракүлгiн сәулелерiмен сәулелендiруге, әрi қораларда тұрған бұзауларды, қозыларды, торайларды, балапандарды және басқа жас түлiктердi инфрақызыл сәулелерiмен жылытуға, сондай-ақ жылыжайлар мен көшетжайларда өсiмдiктердi көрiнетiн сәулелермен қосымша жарықтандыруға пайдаланылады.

Ауыл шаруашылығының өндiрiстiк және тұрмыстық қажетiне тұтынатын жалпы электр энергиясының 15 проценттен астамы жарықтандыратын және сәулелендiретiн қондырғылар арқылы берiледi.

Жарықтандыратын қондырғылар деп технологиялық операцияларды орындауға немесе қараңғыда жөн табуға әдеттегiдей жағдай тудыруға арналған құрылғыларды айтады. Сәулелендiретiн қондырғылар – ауыл шаруашылығындағы технологиялық процестерге тiкелей әсер етуге арналған құрылғылар.

Жарықтандыратын және сәулелендiретiн қондырғыларды орынды бiлiп пайдалану еңбек өнiмдiлiгiн 5 ..... 10 процентке, малдар мен құстардың өнiмдiлiгiн 8 ....... 15 процентке жоғарылатуға, ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң өнiмiн, әсiресе жылыжайлар мен көшетжайларда қолданғанда, өсiруге, жөндеу кәсiпорындарымен өңдеу өндiрiсiнде шығарылатын өнiмдердiң сапасын жақсартуға мүмкiншiлiк бередi. Керiсiнше, орынсыз бiлмей пайдалану қызметкерлердiң көзiн тез талдыруға, жарақаттандыруға және малдар мен құстардың өсiмдiлiгiн төмендетуге әкелуi мүмкiн. Жалпы оптикалық сәулелену ауыл шаруашылығының салаларын қарқындатудың бiр тәсiлi болып табылады. Осы себептен «Электрлiк жарықтандыру және сәулелендiру» пәнi студенттерге «Ауыл шаруашылығын электрлендiру және автоматтандыру» мамандығы бойынша негiзгi пәндердiң бiрi болып саналады. Осы пәндi оқығаннан кейiн студент оптикалық сәулеленудi пайдалану саласында ауыл шаруашылық өндiрiсi дамуының қазiргiдеңгейiн бiлу, жарықтандыратын және сәулелендiретiн қондырғыларды дұрыс таңдап алуы және есептеудi iстей алуы, сәулелену көздерiнiң ең орынды және ұтымды типтерiн қолдануы, электр монтаждау жұмыстарын шебер орындауы және тиiстi электр жабдықтарын пайдалануы керек.

Осы пәннен курстық жұмыс орындалады. Курстық жұмыстың мақсаты – студенттердi ауыл шаруашылығына арналған жарықтандыратын және сәулелендiретiн қондырғыларды iс жүзiнде жобалау мәселелерiмен таныстыру.

Ауыл шаруашылық объектiлерiне арналған жарықтандыратын және сәулелендiретiн қондырғыларды есептеу бойынша орындалатын курстық жұмыс студенттердiң «Электрлiк жарықтандыру және сәулелендiру» пәнiн оқып игеруiндегi ең соңғы кезең болып саналады.

КУРСТЫқ ЖұМЫСТЫ ОРЫНДАУFА АРНАЛFАН НұСқАУЛАР.

Курстық жұмыстың мақсаты – электрлiк жарықтандырудан және сәулелендiруден теориялық бiлiмдi бекiту және жүйелеу, студенттердi электрлiк жарықтандыратын және сәулелендiретiн қондырғыларды есептеу мәселелерiн шешуде осы бiлiмдi пайдалануға үйрету.

Курстық жұмысты орындауға әрбiр студентке жеке тапсырма берiледi. Тапсырма – курстық жұмысты орындауға арналған бастапқы мәлiмет. Ол курстық жұмысты есептеу – түсiндiрме хатының құрамына кiруi керек.

Жарықтандыратын және сәулелендiретiн қондырғыларды есептеуде жоғарыланатынобъект кернеу: 380/220 В сыртқа электр торабынан қоректенедi деп қабылдайды. Курстық жұмыстың құрамына үйжайға қажеттi .... (мал қораларының жанындағы серуендiк аула, шеберханалардың қасындағы алаңдар және т.б.) электрлiк жарықтандыруда жатады.

Курстық жұмыс есептеу – түсiндiрме хаттан және графикалық бөлiмнен тұрады.

Есептеу түсiндiрме хаттың көлем: 11 ... 25 ...40 бет болуы керек. Әрбiр бетте оның сол жпғындағы шетiнен 20 мм, ал төменгi, астыңғы және оң жағындағы шетiнен 5 мм қашықтықта болатын жақтаулама сызу керек. Әрбiр беттiң оң жағындағы жоғарғы бұрышында оның нөмiрi қойылады.

Курстық жұмысты орындауда мына ережелердi сақтау қажет:

  • жұмыс берiлген тапсырмаға сәйкес орындалуы керек;

  • жұмысты орындау қысқаша түсiндiрмелермен, қажеттi негiздеумен және толық есептеулермен қоса берiлуi керек;

  • есептемелiк формулаларды, коэффициенттердi, нормалық мәлiметтердi таңдап алғанда пайдаланылған әдебиеттерге сiлтемелермен қоса беру қажет;

  • қандай болса да шаманы есептеуде, қандай шама есептелiнетiнiн сөзбен жазып көрсету керек;

  • барлық есептеулердi қалықаралық СИ жүйесiнде орындау керек;

  • барлық берiлген және есептеумен алынған шамалардың өлшем бiрлiгiн көрсету керек;

  • графикалық материал қазiргi мемлкеттiк үлгi қалып белгiлерi пайдаланылып айқын және таза орындалуы керек;

  • есептеу – түсiндiрме хаттың соңында пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiн беру, өзiнiң қолтаңбасын қою және жұмысты бiтiрген күнiн көрсету керек.

Есептеу – түсiндiрме хат мына бөлiмдерден тұрады:

  1. Кiрiспе.

  2. Жарық-техникалық бөлiм.

  3. Электр-техникалық бөлiм.

  4. Эксплуатациялаудың және қауiпсiздiк техникасының ережелерi.

  5. Курстық жұмыс бойынша қорытынды.

  6. Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi.

Есептеу-түсiндiрме хаттың басында басқы бет, содан кейiн курстық жұмысқа тапсырма, хаттың мазмұны,кiрiспе, бөлiмдер, бөлiмшелер, баптар, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi берiледi.

Курстық жұмыстың графикалық бөлiмi 24 үлгi үалыпты табақ бетте ЕСКД (конструкторлық құжаттардың бiрiңғай жүйесi) талаптарына сәйкес қарындашпен орындалады. Сызбада жарықтандыратын электр торабы және жарықтандыратын және сәулелендiретiн қондырғылар көрсетiлген үйжайдың планы, сондай – ақ электр торабының есептемелiк кесте-схемасы берiледi.

Сызбада тапсырмада берiлген үйжайдың планы сызылады. Оған ГОСТ 2754-72 мемлекеттiк үлгi қалып бойынша шартты белгiлермен белгiленген электр қалқандары, жарықтандырғыштар, розеткалар, айырғылар, жарықтандырғы төмендеткiштiк трансформаторлар және жұмыстық, кезекшiлiк және апаттық шарықтандыру электр желiлерi түсiрiледi. Сызбада пайдаланылған шартты белгiлер туралы мәлiметтер де берiледi.

Объект планында электр торабы жуандатылған бiр сызықпен көрсетiледi. Егер электр торабындағы сымның саны (тармағы) екiден көп болса, сызыққа сымдар (тармақтар) санына тең 45 0 бұрышпен штрихтер жұргiзiледi (яғни, сымдар) тармақтар санын штрихтермен көрсетедi. Сызықтың үстiнде әрбiр желiнiң номерi, сымның (кабельдiң) маркасы, оның саны тең көлденең қимасының ауданы және тартылу тәсiлi жазылады. Мысалы: І – топ АБВГ (2х2, 5)-кап (І – топ, АБВГ маркалы кабель, екi тарамды, көлденең қимасының ауданы 2,5 мм2, қапсырмалар көмегiмен тартылған).

Әрбiр бөлменiң жарықтандырғыштары туралы мәлiметтер сызбада бөлшек түрiнде көрсетiледi, мысалы: (56 ПВДП типтi жарықтандырғыштар, екi шамды, әрбiр шаманың қуаты 40 Вт, биiктiгi 2,5 м).

Егер электр тартымының немесе жарықтандырғыштардың бекiтiлу тәсiлiн көрсету қажет болса немесе үйжайдың бөлмелерiнiң блiктiгi әртүрлi болғанда, үйжайдың көлденең қимасы сызылады.

Осы табақта, әдетте объект планының астында, жарықтандырғыштың электр торабының есептемелiк кесте – схемасы берiледi.

І. Жарық-техникалық бөлiм.

Жарық – техникалық бөлiмнiң құрамына мына мәселелер кiредi:

  1. Жарықтандырудың жүйесi мен түрiн таңдап алу.

  2. Нормаланған жарықтану деңгейiн және қор коэффициентiн анықтау.

  3. Жарық көздерi мен жарықтандырғыштардың типтерiн таңдап алу.

  4. Жарықтандырғышты бөлмелерде орналастыруды есептеу.

  5. Жарық көзiнiң қажеттi жарық ағынын және оның электрлiк қуатын есептеу.

  6. Бақылау нүктелерде жарықталыну деңгейiн тексеру.

Курстық жұмыстың бұл бөлiмi жарық-техникалық тiзiмдi құрастырумен аяқталады. (1.17 - кесте).

    1. Жарықтандырудың жүйесi мен түрiн таңдап алу.

Жарықтандырудың жүйесi.

Жарықтандырудың екi жүйесi болады: жалпы және құрамалы.

Жалпы жарықтандыру – бұл бөлмедегi жабдықтардың орналасуына тәуелсiз оның барлық ауданын жарықтандыру. Ол бiр қалыпты және жергiлiктелiнген болуы мүмкiн.

Жалпы жарықтандыру жүйесiн пайдалану мына жағдайларда орынды болады: бiршама дәлдiксiз iстелетiн жұмыстар орындалатын үйжайларда; жұмыстық беттер тығыз орналасқан немесе жұмыс барлық алаңында орындалатын үйжайларда; қоғамдық ғимараттарда, оқу орындарында, кеңселерде және т.б.

құрамалы жарықтандыру – жалпы және жергiлiктi жарықтандырулардың бiрге әрекет етуiнен жасалынатын жарықтандыру. Жергiлiктi жарықтандыру белгiлi жұмыстың орынын (үстелдi, станокты, аспапты және т.б.) жарықтандыруға арналады. Жергiлiктi жарықтандырудың жарықтандырғыштары негiзiнде жұмыстық бетте жақын орнатылады, ал қалған алаңға жалпы жарықтандыру әрекет етедi. құрамын жарықтандыру жұмыстық бетте жарықталыну деңгейiн жоғарылатуға мүмкiншiлiк бередi.

құрамалы жарықтандыру жүйесiн пайдалануға алдыңғы себептер:

қажеттi жарықталыну деңгейiнiң жоғарылығы; жұмыстық беттердiң орнықты және бейтығыз орналасуы; жарық ағынының белгiлi немесе айнымалы бағытты болуының қажеттiлiгi; жабдық бөлiктерiнiң көлеңкеленуiне байланысты жұмыстық беттер жарықтандыруға жалпы жарықтандыру пайдалануға болмайтындығы.

Жарықтандырудың түрлерi.

Жарықтандыруды мына түрлерге ажыратады:

жұмыстық, апаттық, көшiрулiк (қауiпсiз жерге көшiруге арналған) және кезекшiлiк (немесе күзетшiлi).

Жұмыстық жарықтандыру – жұмыстық сеттердiң қажеттi жарықталыну деңгейiн қамтамасыз етуге арналған жарықтандырудың негiзгi түрi. Ол барлық үйжайларда мiндеттi түрде қарастырылады. Жұмыстық жарықтандыру, дағдыдағыдай, жалпы немесе жалпы және жергiлiктi жарықтандырудың жарықтандырғыштары көмегiмен орындалады.

Кезекшiлiк жарықтандыру – өрт сөндiру және әскери күзет атқару үшiн ғимаратты жұмыс iстемейтiн уақытта жарықтандыруға арналады. Сонымен қатар, жұмыс iстемейтiн уақытта малдардың күй-жайларын бақылау үшiн барлық мал қораларында да кезекшiлiк жарықтандыру қарастырылады. Бұған кiрмелер мен өтпелi жерлердi сыртқы жарықтандыруды да жатқызуға болады. Кезекшiлiк жарықтандырудың жарықталыну деңгейi нормаланбайды. Кезекшiлiк жарықтандыруға арнайы жарықтандырғыштар орнатылмайды, ол үшiн жалпы жарықтандыруға арналған жарықтандырғыштардан бiрнеше жарықтандырғыштарды бөледi. Мысалы, мал қораларында жалпы жарықтандыруға арналған жарықтандырғыштардың 10 процентiн, төлханаларда 15 процентiн кезекшiлiк жарықтандыруға бөлiп белгiлейдi. Кезекшiлiк жарықтандырумен жасалынатын жарықталыну деңгейi негiзгi өткел жерлерде 0,5 лк-тен және кiрмелiк алаңшаларда ү лк-тен төмен болмауы керек.

Үйжайда (ғимаратта) жұмыстық жарықтандыру iстен шыққанда жұмысты жалғастыруға арналған апаттық жарықтандыру жағдайларда қарастырылады: жұмыс процесiндегi аз уақытты үзiлiс технологиялық циклдi ұзақ мерзiмге бұзуға немесе қатерлi апаттарға, жарақаттарға, үлкен материалдық залалдарға және т.б. әкелетiн болса. Бұл жағдайларда жұмыстық беттердегi жарықталынудың ең кiшi деңгейi нормаланған жұмыстық жарықталынудың 5 процентi болып қабылданады, бiрақ ол мән үйжай iшiнде ү лк-тен және сыртқы алаңдарда ұ лк-тен кем болмауы керек.

Жұмысты жалғастыруға арналған апаттық жарықтандыруды мына ауыл шаруашылық объектiлерде жобалау керек: инкубаторияларында, электр бекеттерi мен қосалқы бекеттерiнде, мал емдейтiн және астық өңдейтiн орындарда және т.б.

Адамдарды қауiпсiз жерге арналған (көшiрулiк) жарықтандыру жұмыс реттеушiлер саны 50 адамнан көп болатын өндiрiстiк үйжайларда және бiр уақытта 100-ден көп адам болатын қоғамдық ғимараттарда қарастырылады. Балалар бақшалары мен қатар салып 5-тен жоғары болатын тұрғын үйлер де көшiрулiк жарықтандырумен жабдықталады. Осындай түрлi жарықтандыру жасайтын жарықтандырулық деңгейден кем болмауы керек: негiзгi өтпелi және сатыларында 0,5 лк-тен, ал сыртқы қондырғыларда – 0,2 лк-тен.

Апаттық жарықтандырудың жарықтандырғыштары тәуелсiз сыртқы немесе iшкi ток көзiнен қоректенуi керек. Олардың жұмыстық жарықтандыру жарықтандырғыштарынан типi немесе мөлшерi, немесе арнайы белгi бойынша айырмашылығы болуы керек.

Апаттық жарықтандыру үшiн ең сенiмдi жарық көзi қыздыру шамы болады. Бiрақ, мына жағдайда жарық көзi ретiнде люминесценттiк шамдарды да пайдалануға болады: резервтiк қорктендiру апаттан кейiнгi режимде де кернеуi 0,9 Uном-нен кем болмайтын айнымалы ток торабынан жүзеге асырылады, ал қйжайдағы ауа температурасы 50с-тан төмен болмайды.