Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
perevod_kaz1.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.44 Mб
Скачать

Таудағы Василий шіркеуі (1341 ж.)

Псков үлгісіндегі храмның бірден-бір үлгісі 1431 жылы салынған таудағы Василий шіркеуінен айқын көрінеді. Бұл ағаш шіркеудің орнына салынған тас шіркеу жылдар бойы жинақталған жиһаздар сақталған аумақты жертөлелер үстіне салынған. Төртбағанды храмның куб тәріздес көлемі өзін қоршаған басқа да салымдардан дараланып, сұңғақ басымен ерекшеленген. Көтеріңкі серіппелі қақпаларының үстінен ағаш қысқыштар орнатылғанымен оның қабырғалары үш жеке бөлікке бөлініп, закомарлармен аяқталған.

Геометриялық тұрғыдан анық, өте жинақы, аздаған ашық жерлері бар негізгі көлем өзін қоршаған әр тұлғалы, әр уақыттылы құрылымдарды біріктірген әрі бағындырған.

Горкидағы еркін композициялы Василий шіркеуі өзінің станицалық негізіне жабыса қалған кішкене құрылымдарымен қоршаған ортаға бірден оңай сіңіп кеткендей болды. Ол құдды табиғи биіктікте өсіп тұрғандай болды. Құрылымдарының, айырмашылығы және табалдырығы шіркеуді қатардағы жатын үйлердің салымдарымен жақындатып, оны әдеттегі адам дүниесімен бірлестіргендей болды. Сонымен қатар, формалардың ірілігін және архитектуралық тілдің (лаконичность) ......... шіркеуді қоғамдық мінезден айырған жоқ.

Монументті Псков құрылымы дәстүрлі халықтық тәсілдерге жақын болды.Басқа қалаларға қарағанда Псков қаласы өзінің ежелгі арқитектуралық дәстүрлерін сол кездегі барлық орыс қалаларының арқитектурасы барокко ағымына бағынған шағында, тіпті ХVIII ғасырдың аяғына дейін сақтап қалды.

Новгород қаласындағы Қасиетті София Соборы (1045-1052 жж.)

Құрылыстың басталуы - 1045 жыл. Бұл Ярославтың ұлы Владимирмен басталған. Новгород қаласындағы Қасиетті София Соборына – Ежелгі орыс мемлекетінде екінші орында тұрған қала есебінде қарауға болады. Бұны мемлекеттікті нығайту саясатының жалғасы ретінде және ұлы князьдің абыройын нығайту деп қарастыруға болады.

Новгород қаласын Софиясының жоспары көп жерде Киев қаласындағы Софияның жоспарына ұқсас. Бұл да кең галереясы бар бес бағанды крест күмбезді шіркеу. Бірақ бұл жоспар иерархияның қағидасына бағынып, жеңілдетілген. Соборда бір галерея мен хорға апаратын бір мұнара-баспалдақ бар. Бес апсидтің орнына мұнда екеу. Кресттің салалары Киевтегідей үш тармақты емес екі тармақты аркада болып бітеді. Әрі Новгород Софиясы он үш емес, тек бес баспен біткен. Бұл ерекше көрнекті болып келеді. Өйткені ежелгі жазуға сай оның алдындағы ағаш бастарында он үш төбе болған. Новгород Софиясының негізгі көлемі Киев Софиясындағыдай жеке ұяшалардың механикалық бірігуіндей емес біртұтас болып көрінеді. Біртұтас болып көрінуіне бастарының ықшамды болып келуі де әсер етеді. Контрфорсқа ұқсайтын шошайған қалақшалырмен ажыратылған қабырғаларының үлкен жалпақтығы, әрленбеген кішкентай өтетін аралықтар, галереялардың бітеулігі – ғимаратқа ерекше ірілік үстейді, оның ерекше мықты екендігін әсірелейді. Бұл кездейсоқтық емес: тастардағы архитектура халық әндеріндегідей халықтың эстетикалық мұратын көрсетеді. Новгород қаласының сәулеті оның шежіресіндегідей жинақы, ашық түсті бояулары бар Икона жазуларындағыдай мәнерлі.

Новгород қаласындағы Киелі София тас соборы ертеден бері тұрған еменнен жасалған храмның орнына салынды. Қалау беті дөрекілеу жергілікті тастан жасалды, сондықтан бірден сырты сыланып әктеліп тасталды.

Собор пішінінің монументтілігімен және композициясының ірілігімен ерекшеленеді. Қабырғалары мен жиынтықтары фрескалармен әрленген. Батыс жақтағы кіреберісі ақ түсті фасад бетінің қасында көркемділігімен ерекшеленетін кең фрескалық панномен безендірілген.

Новгородтық Киелі София соборының қасында Срфия звонницасы орналасқан. Басқаларға қарағанда Новгород княздығының звонницалары оқшау салынған.

Кейіннен барлық звонницаларды қатарлап салып және жабық өткелдермен біріктірген.

Новгородтық архитектура мектебі қаталдау әрі ұстамдырақ болған. Византиялық дәстүрден онда тек крест-күмбезді жүйесі, жергілікті әдістегі кескіндеме және фрески сақталған.

Киев пен Новгород қалаларындағы Киелі София соборлары өз заманының сындарлы және көркем негізгі жетістіктерін топтады. Сондығымен орыс сәулет өнерінің дамуындағы басты бағытын анықтады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]