- •Кіріспе
- •1.1 Қазақстанның құрғақ далалы және далалы аймақтарындағы жайылымдық жерлердің сипаттамасы, фитоценоз құрамы және өнімі
- •1.2 Мал азықтық жерлерді жақсарту шаралары. Түбегейлі және үстіртін жақсарту жүйелерін қолдану жағдайлары
- •1.3 Ылғалмен қамтамасыз етілуі бойынша нмө есептеу әдістемесі
- •1.4 Жоспарланған өнімге, топырақтың тиімді құнарлылығын есепке ала отырып, минералды тыңайтқыштардың мөлшерін есептеу әдістемесі
- •2. Шаруашылық жайлы жалпы мағұлмат
- •2.1. Аймақтың топырақ-климат жағдайының сипаттамасы
- •2.2. Зерттеу жұмыстары жүргізілетін шаруашылықтың қысқаша сипаттамасы
- •2.3. Танаптық тәжірибені жүргізу кезеңіндегі метеорологиялық жағдайлар
- •2.4. Тәжірибеде қолданылған дақылдар және сорттар
- •2.5. Бозқыраусыз кезең, негізгі мал азықтық дақылдар үшін белсенді температура жиынтығы, тіршілік ұзақтығы, дақылдардың тіршілік кезеңінің басталуы және аяқталуы.
- •Әдебиеттер тізімі
2.2. Зерттеу жұмыстары жүргізілетін шаруашылықтың қысқаша сипаттамасы
ЖШС «Ақжар-Агро» Ақмола облысы,Степняк қаласының оңтүстік-шығыс бөлігіне қарай 18км жерде орналасқан.Бұл кәсіпорын Бірсуат,Заураловск,Баймырза ауылдық округына қарасты аймақтарда өз шаруашылығын жүргізеді.
ЖШС «Ақжар-Агро» мынадай шаруақожалықтармен шектеседі:ЖШС «Балу» ЖШС «Целина - Агро», ЖШС «Береке Астық» и «Енбек Береке». Шаруашылық аумағында «Шубинка» өзені ағып өтеді.
Шаруашылық ылғалы аз әрі тұрақсыз,жазғы жауын-шашын мөлшері минималды мөлшерде жауатын, қысы қатты,жазы ыстық құрғақ-далалы аймақта орналасқан.Шаруашылықтың басым бөлігі бидай өсірумен айналысады. Орталықтандыру бөлімі Бірсуат селосында орналасқан.
Қолданып жатқан жер көлемі 42 111 га құрайды . Еңбекшілдер ауданындағы ауыл шаруашылық бағыттағы жер көлемі 628,8 мың га,ал соның ішінде жайылым аумағы 357, 1 мың га алып жатыр. 2010 жылы барлық жарамды жер көлемінен өңдеуде 19633 га болды,ал 9 358 га астық тұқымдастарын себуге, 10275 га парды өңдеуге жұмсалды.Ал 2011 жылы жалпы көлемде 21 488 га жер пайдалануды жобалап отыр,мәселен себілетін алқап мөлшері 12 562 га ,пар өңдеуге 8 926 га жер жұмсалады.2011 жылы басым дақыл- жұмсақ бидай болып қала бермек,онымен қоса 320 га жерге қатты бидай, 625 га зығыр себу жоспарға қойылып отыр.Тағы айта кететін жайт, 2011 жылы бұл шаруашылық біржылдық және көпжылдық шөптермен айналысуды көздеп отыр .
Шаруашылық озінің 95% жаңартылған машина-трактор тұрағымен қамтамасыз етілген.
2.3. Танаптық тәжірибені жүргізу кезеңіндегі метеорологиялық жағдайлар
2012жылы қысқы айлардағы орташа тәуліктік ауа температурасы алдыңғы жылдардағы көрсеткіштермен салыстырмалы түрде бірдей болды,алайда қаңтар айында +0,9 0С қа,ақпанда +4 0С, көктем айларында,наурызда +1,3,сәуірде +4,10С-қа жоғары болды,ал мамырда бұл көрсеткіш керісінше -1,4,-қа түсіп кетті,түнгі уақыттарда +20С-қа дейінгі температураның төмендеуі анық байқалды.Соңғы көрсеткіштер өсімдіктің өсіп-дамуына кері әсер етті, тәулік бойы өсімдіктің өсуі мен дамуы күрт бәсеңдеді.Мамыр айының 3-інші онкүндігінде орташатәуліктік температура 11,20С –тан 17,1 0С –қа ,маусымда 17,8 0С өсті,ал тамыз айында бұл көрсеткіш 14,70С-қа түсіп кетті.
Орташатәуліктік ауа температурасы мамыр ,маусым айларында өткен жылғы көрсеткіштерге қарағанда сәл төмендеу болды,ал шілде мен тамыз айларында осы көрсеткіш айтарлықтай төмендеді,мәселен шілдеде 2,3ºС-қа,тамызда 2,5º-қа төмендеді.
шілде
мамыр
маусым
наурыз Сәуір Ақпан
қаңтар
Сурет 3.Өткен жылдармен салыстыра отырып 2012 жылғы орташа айлық ауа температурасы(мәліметтер Степняк метеостанциясынан алынған)
Сәуір
мамыр
шілде
маусым
тамыз
Сурет 4. Жылы мезгілдегі орташатәуліктік максимальды және минимальды ауа температурасы, 2012 жыл, оС.
Осы жылдың бірінші жартысындағы түскен атмосфералық жауын-шашын мөлшері біркелі болмады және де өткен жылғы қыс айларының көпжылдық орташа көрсеткіштерінен біршама төмендеу болды
наурыз Сәуір Ақпан
қаңтар
мамыр
маусым
шілде
Сурет 5. Көпжылдық орташа көрсеткіштермен салыстырғандағы 2012 жылы түскен атмосфералық жауын-шашын мөлшері
Көктем айларында түскен жауын-шашын мөлшері көпжылдық орташа көрсеткіштерге қарағанда едәуір өзгеше болды,айта кетсек наурыз айында 9,3мм-ге жоғары(негізгі нормасы 18мм),сәуір айында 5мм-ге төмен(негізгі нормасы 20мм),мамыр айында 8мм-ге жоғары(негізгі нормасы 31мм),ал қалған айларда 83мм-ге артық жауды.Маусымда 88мм,шілдеде 88мм,тамызда 28,7мм атмосфералық жауын-шашын түсті.Бұл көпжылдық орташа көрсеткіштерге қарағанда 12,3мм-ге төмендеу болды.
