- •Кіріспе
- •1.1 Қазақстанның құрғақ далалы және далалы аймақтарындағы жайылымдық жерлердің сипаттамасы, фитоценоз құрамы және өнімі
- •1.2 Мал азықтық жерлерді жақсарту шаралары. Түбегейлі және үстіртін жақсарту жүйелерін қолдану жағдайлары
- •1.3 Ылғалмен қамтамасыз етілуі бойынша нмө есептеу әдістемесі
- •1.4 Жоспарланған өнімге, топырақтың тиімді құнарлылығын есепке ала отырып, минералды тыңайтқыштардың мөлшерін есептеу әдістемесі
- •2. Шаруашылық жайлы жалпы мағұлмат
- •2.1. Аймақтың топырақ-климат жағдайының сипаттамасы
- •2.2. Зерттеу жұмыстары жүргізілетін шаруашылықтың қысқаша сипаттамасы
- •2.3. Танаптық тәжірибені жүргізу кезеңіндегі метеорологиялық жағдайлар
- •2.4. Тәжірибеде қолданылған дақылдар және сорттар
- •2.5. Бозқыраусыз кезең, негізгі мал азықтық дақылдар үшін белсенді температура жиынтығы, тіршілік ұзақтығы, дақылдардың тіршілік кезеңінің басталуы және аяқталуы.
- •Әдебиеттер тізімі
1.4 Жоспарланған өнімге, топырақтың тиімді құнарлылығын есепке ала отырып, минералды тыңайтқыштардың мөлшерін есептеу әдістемесі
Топырақ құнарлылығын есепке алып, тыңайтқыш жүйесін әзірлеу өнімді бағдарламалаудың негізгі бір ұстанымы болып табылады. Бағдарламаланған өнім деңгейін алумен тығыз байланысты мәселелерді шешуде, есептеу әдісін негіздеуде және тыңайтқыштың оңтайлы мөлшерін қолдануда төмендегідей жағдайларға көңіл аударған дұрыс:
1. Бағдарламаланған өнім деңгейіне қол жеткізу үшін өсімдіктердің қоректік заттарға қажетсінуін қамтамасыз ету.
2. Топырақтың құнарлылығын сақтауды және оны одан әрі жоғарылатуды қамтамасыз ету.
3. Жер асты суларының, су қоймаларының және т.б. тыңайтқыштармен ластануын қысқарту, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету.
Оңтайлы – ауыспалы егіс айналымында топырақтың оңтайлы құнарлылық деңгейін бірте – бірте арттырып немесе сақтап қалу жағдайында 1 гектардан максималды таза пайда алу арқылы, сапалы жоғары өнімді алуды қамтамасыз ететін мөлшер.
Тиімді - өндірістік қалыптасқан ұйымдастыру – шаруашылық жағдайында 1га танаптан жақсы және қанағаттанарлық сапасы жоғары өнім шығуына мүмкіндік беретін және тыңайтқыш қолдану арқылы міндетті түрде эканомикалық тиімділік ала отырып топырақтың құнарлылығын қарқынды арттыру мөлшері.
Шегіне жеткен - қолданып отырған тыңайтқыш минималды өз шығынын өзі өтейтін жағдайда, ал ол шаруашылықта тыңайтқышты алуына және енгізуіне көп қаражат болған жағдайда ғана мүмкін, тиісті сапасы бар максималды мүмкін өнім деңгейін қамтамасыз ететін мөлшер[2].
Тыңайтқыш мөлшерін есептеудің баланстық әдісі, ауыл шаруашылығы жоғары деңгейде дамыған әлемнің капиталистік елдерінде кеңінен қолданылады, ол баланс құруға негізделген, оның шығыс бөлігі - 1 га егістіктен өніммен бірге қоректік заттардың шығындалуынан тұрса, ал кіріс бөлігі – топырақтағы және енгізілген тыңайтқыштармен түсетін қоректік заттардың мөлшерінен тұрады, яғни оларды келесідей формуламен көрсетуге болады:
Шқө × 100 = Тқз * Ктқ + Тм * Ктш мұнда:
Тқз – топырақтағы сіңімді қоректік зат, кг/га;
Ктқ – топырақтағы қоректік заттарды пайдалану коэффиценті, %;
Тм – тыңайтқыш мөлшері, ә.е.з. пен есептегенде, кг/га;
Ктш – тыңайтқыштан қоректік заттарды пайдалану коэффиценті, %;
Шқө - өніммен егістіктің бір гектарынан шығарылатын минералдық қоректік заттар элементтерінің жалпы мөлшері, кг;
2. Шаруашылық жайлы жалпы мағұлмат
2.1. Аймақтың топырақ-климат жағдайының сипаттамасы
Шаруашылық Астана қаласынан 250 км жердегі Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында орналасқан ЖШС ««Ақжар-Агро» шаруашылығында жүргізіледі.
Ақмола облысы Қазақстанның солтүстігінде орналасқан және 12,4 млн/га (124 мың м2) жер көлемін алады. Ол солтүстіктен оңтүстікке 450 км, ал батыстан шығысқа қарай 400 км қашықтыққа дейін жалғасады. «Ақжар-Агро» ЖШС шаруашылығы Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданында орналасқан. Бұл – оңтүстік қара топырақты, құрғақ далалы аймақ.
Геоморфологиялық жағынан алғанда бұл аймақ жазықтық аймағына жатады. Аймақтың рельефі сәл беткейлі жазықтық болып табылады. Ылғалдылық дәрежесі бойынша аймақ құрғақ аймаққа жатады.
Аймақтағы қалыптасқан климаттың негізгі ерекшелігі, оның қоңыржайлығы,шұғыл континенттілігі болып табылады.
Аймақта, бидай мен арпаның өнімділігіне айтарлықтай зардабын тигізетін, жиі қайталанып келетін (кейде тамыз айының соңында) ерте күзгі бозқырау байқалады. Топырақтық жамылғының негізгі бөлігі – кең алқапты жазықты жерлерді алатын кәдімгі қара топырағы.
Бұл дала беткі су көздерінің (өзендер, көлдер және бұлақтар) жақсы дамымаған аймақ.Жерасты престі сулары сирек кездеседі. Нағыз жайылымдарда, жотааралық жазықтардағы өсімталдық бай ассоциациялармен ерекшеленеді. Жоғары беткейлерде әр түрлі шөпті-дәнді өсімдіктер топтары таралған.
