Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус_Информатика_агро.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
228.35 Кб
Скачать

3 Пререквизиттер

«Информатика» пәнін оқытуда оқушылардың мектеп қабырғасында алған информатика, математика, физика пәндері бойынша базалық білімдері пайдаланылады. Физика пәні - компьютердің жұмысының физикалық принциптерін түсіну үшін қажет. Математика пәні - санау жүйесі мен кодтау теориясы элементтерін түсіну үшін қажет.

4 Постреквизиттер

Жоғары математика, компьютерлік технология негіздері, интернет технология негіздері, әртүрлі арнайы пәндер, курстық және дипломдық жобалау.

5 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Пәннің мақсаты:

Болашақ мамандық бағытымен нақты есепті қазіргі программалық құралдармен шешу дағдыларын қалыптастыру мақсатында, студенттерге негізгі тақырыптар бойынша практикалық және теориялық материалдар беру. Пәнді меңгеру нәтижесі ретінде студентте типтік программалық өнімді пайдалана отырып телекоммуникация және жаңа ақпаратық технология жағдайында дербес коппьютерде жұмыс істеудің тұрақты дағдылары қалып-тасуы керек. Студенттерді компьютерді пайдалана отырып экономикалық және инженерлік есептерді шешуге үйрету және оларды компьютерде тиімді пайдалануға дайындау.

Пәнді оқытудың міндеттері:

  • информатиканың негізгі түсініктерін меңгеру және дербес компьютерде жұрыс істеуге дағдылану;

  • компьютерлік техниканың даму бағытымен және техникалық сипаттамасымен, құрылымымен танысу;

  • электрондық кестемен жұмыс жасаудың және диаграмма құрудың негізгі құралдарымен танысу (деректердің графиктік бейнесі);

Студент білуі керек (Дескриптор А):

  • информатика пәнінің негізгі түсініктерін;

  • операциялық жүйелерді және олардың түрлері мен міндеттерін;

  • Windows - операциялық жүйесінде жұмыс жасауға арналған сервистік программаларды;

  • Microsoft Word құжаттарды құру, сақтау, мәтінді теріп-түзету.

  • Internet желісін, Internet Explorer бағдарламасының жұмысын.

  • Microsoft Excel - электрондық кестесінде автоматты есептеулер жүргізудің негізгі әдістерін;

  • CorelDraw графикалық бағдарламасының алғашқы мүмкіндіктерін;

  • Pascal. Сызықты, тармақты, циклдік бағдарламалардың құруын.

Студент орындауы керек (Дескриптор В):

  • информатикадан алған дағдыларын оқу барысында және өндірісте қолдану;

  • есептерді қалыптастыру және оларды шешудің программалық өнімдерін таңдау;

  • қарапайым және күрделі мәтінді құру;

  • желілерді құру тәсілдерін;

  • электронды кестені қолдана білу;

  • деректер қорын құру және объектілерінің қызметін білу;

  • графиктік сызбаларды сызу;

  • қарапайым алгоритмдік есептерді құру мен шешу.

Студент дағдылануы керек (Дескриптор D, C, E):

С. Сыни қатынаспен қабылданған ақпаратқа ең негізгісін бөліп көрсету, сенімді дәрежені бағалау (релеванттық сұрауға, желіде жұмыс т.б.)

D. Топпен жұмыс істеу, іздеу, табу, мәмілеге келу (жеке бағдарламалық жобамен жұмыс жасау, компьютерлік желіде өзара іс қимыл жасау, технология клиент- сервер бірлескен жұмыстар ұсынысы т.б.) Толеранттық басқа өкілдердің көз қарастарымен қарым – қатынас жасай білу (ортада даму желісі, жойылған телекомуникациялық кеңесшілермен т.б.)

Е. Ақпараттық тәсілдермен жұмысты меңгеру:

  • каталогтардан іздеу, жүйелерден іздеу, иерархиялық құрылымдардан;

  • әр түрлі тасмалдаушылар арқылы ақпараттарды алу,

  • жүйеге келтіру, анализ және ақпаратты таңдау (әр түрлі реттеулер түрі, сүзгілер, сұраулар жүйелік файлдардың құрылымдары, деректер қорын жобалау және т.б.);

  • техникалық сақтап алу дағдылары, жою, ақпаратты көшіріп алу т.б.

  • - ақпараттарды қайта құру (жаңарту).

  • қарапайым алгоритмдік есептерді құру мен шешу.