Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
an smzh 110.07 diplomdyk zhumysty uiymdastyru.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
730.11 Кб
Скачать

10 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау тәртібі

10.1 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау тәртібі білім беру саласындағы өкілетті органдары бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдық, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестация жүргізу Ережесімен анықталады.

10.2 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау мемлекеттік аттестациялық комиссия мүшелерінің жартысынан кем емес мүшелерінің қатысуымен ашық отырысында өткізіледі.

Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау студенттердің, бітіртуші кафедра оқытушыларының қатысуымен бұқаралық түрде ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми жетекшілері, рецензент шақырылады, сонымен қатар дипломдық зерттеулер жүргізілген ұйымдардың өкілдері және басқа да ынталы тұлғалар қатыстырылады.

10.3 Бір дипломдық жұмысты қорғаудың ұзақтығы, ереже бойынша, бір студентке 30 минуттан аспауы қажет.

Норматив белгілеу:

Дипломдық жұмысқа (жобаға) басшылық ету, МАК жұмысы

Дипломдық жұмысқа (жобаға) басшылық ету және консультациялар

Дипломжық жұмысқа (жобаға) сын пікір беру

МАК жұмысына қатысу

30 сағаттан әр диплом жазушыға, соныңішінде:

24 акад.сағаттан әр жұмысқа (жобаға)

3 акад.сағаттан әр жұмысқа (жобаға)

0,6 акад.сағаттан МАК төрағасы мен мүшелеріне әр тудентке

Бір жетекшіге 5 студенттен артық тіркелмейді, жеке жағдайларды тәжірибелі профессор мен доцентке 8 студен тіркеледі

МАК құрамы – 5 тен артық емес, шағын топта 10 студенттен артық емес

10.4 Дипломдық жұмысты қорғау барысында студент мемлекеттік аттестациялық комиссияның және қатысушылардың алдында 15 минуттан кем емес уақыт аралығында баяндама жасап қорғайды.

10.5 Дипломдық жұмысты (жобаны) талқылауға барлық қатысушылар сұрақ немесе сөз сөйлеу түрінде қатысады.

10.6 Талқылаудан кейін комиссия хатшысы сын-пікір және пікірді оқып таныстырады (ғылыми жетекші қатысып отырған жағдайда өзі сөз сөйлейді). Сын-пікір және/немесе пікірдегі ескертпелердің барлығына студент дәлелді түсіндірмелер береді.

10.7 Дипломдық жұмыстың (жобаның) қорытындысы бойынша баллдық- рейтингтік әріптік жүйемен баға қойылады. Бағалауда студенттің теориялық деңгейі, ғылыми және тәжірибелік дайындығы, ғылыми жетекшінің пікірі және сын пікір берушінің бағасы назарға алынады.

10.8 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаудың қорытындысы әр студент бойынша мемлекеттік аттестациялау комиссиясының отырысының хаттамасымен ресімделеді және өткізілу күнінде хабарланады.

11 Дипломдық жұмысты (жобаны) сақтау тәртібі

11.1 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғалғаннан кейін бітіртуші кафедра меңгерушісі бекіткен тізім бойынша ЖОО архивіне тапсырады.

11.2 Дипломдық жұмыстар (жобалар) ЖОО архивінде 5 жыл сақталады. Бұл мерзім өткеннен кейін Басқарма төрағасының бұйрығымен құрылған комиссияның актісімен дипломдық жұмыстар (жобалар) істен шығарылады.

11.3 Оқу-әдістемелік көмек көрсету, қонкурсқа қатысу, өндірісте қолдану үшін Басқарма төрағасының бірінші орынбасарының рұқсатымен дипломдық жұмыстың көшірмесі түсіріліп, мүдделі жаққа беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]