Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
an smzh 110.07 diplomdyk zhumysty uiymdastyru.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
730.11 Кб
Скачать

9 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға ұсыну тәртібі

9.1 Дипломдық жұмыстар (жобалар) қорғалуды басталар алдында 5 күннен кешіктірмей МАК-қа тапсырады:

1) Дипломдық жұмысқа (жобаға) ғылыми жетекшінің беретін сын-пікірі, «қорғауға жіберілетіні» немесе «қорғауға жіберілмейтіні» туралы негізделген қорытынды;

2) дипломдық жобаға рецензия беріледі, онда қорғауға ұсынылған дипломдық жұмысқа (жобаға) жанжақты сипаттама мен баллды-рейтингілі әріпті жүйе бойынша бағасы көрсетіледі және сәйкес мамандық бойынша «бакалавр» академиялық дәрежесін беру мүмкіндігін бағалайды.

9.2 Дмпломдық жұмыстардың (жобалардың) плагиаттыққы тексеру, ол сәйкес декандармен өткізіледі.

9.3 Сонымен қатар МАК – на орындалғын жұмыстың ғылыми және тәжірибелік құндылығын сипаттайтын материалдар, ресми емес сын-пікірлер, дипломдық жұмыс (жоба) бағыты бойынша тәжірибелік қызмет жасайтын ұйымның жазбаша қорытындысы, ғылыми зерттеудің нәтижелерін енгізу бойынша кесімдер мен анықтамалар, макеттердің, материалдардың, өнімнің, ауыл шаруашылық азық-түліктердің, минералдар коллекциялары мен гербариилердің үлгілері беріледі.

9.4 Студент дипломдық жұмыты (жобаны) ғылыми жетекшісінің оң сын-пікірі мен қорғалатын дипломдық жұмыстың (жобаның) саласы бойынша маманның бір рецензиясы болған жағдайда ғана қорғауға жіберіледі.

Егер ғылыми жетікшісі теріс сын-пікір «қорғауға жіберілмейді» берсе, студент дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға жіберілмейді.

Білім алушы рецензенттің оң немесе теріс рецензиясына қарамастан дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға жіберіледі.

9.5 Дипломдық жұмысқа сыртқы ұйымдардың мамандары ғана бере алады, олардың құзыреттілігі қорғалатын дипломдық жұмыстың (жобаның) бағытына сәйкес келіу керек.

9.6 Тақырыбын көрсетіп, әр студентке дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісін Басқарма төрағасы бекітеді.

Дипломдық жұмыстың (жобаның) рецензенттері Басқарма төрағасының бұйрығымен, шығарушы кафедра меңгерушісі ұсынған жалпы тізім бойынша бекітіледі. Тізімде рецензенттің жұмыс орны, лауазымы, білімі (мамандығы бойынша ғылыми немесе академиялық дәрежесі, жоғары білімі туралы диплом бойынша базалық білімі) көрсетіледі.

9.7 Дипломдық жұмыс (жоба) алдын ала қорғаудан өту үшін бітіртуші кафедраға тапсырылады.

9.8 Дипломдық жұмысты (жобаны) алдын ала қорғау кафедраның ашық отырысында студенттердің және міндетті түрде ғылыми жетекшілердің міндетті түрде қатысуларымен және қажет болған жағдайда, ғылыми консультанттардың қатысуымен өткізіледі. Алдын ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен ресімделеді.

9.9 Алдын ала қорғаудан ойдағыдай өткен, қойылған талаптарға сәйкес ресімделген, аяқталған дипломдық жұмыс (жоба) ғылыми консультант пен студенттің қолы қойылып, ғылыми жетекшіге ұсынылады.

9.10 Ғылыми жетекші дипломдық жұмысқа (жобаға) жазбаша сын-пікір жазады.

Дипломдық жұмыс (жоба) қабылданған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қойып және қорғауға жіберілгендігі туралы жазбаша–пікірмен бірге кафедра меңгерушісіне ұсынады.

Дипломдық жұмыс (жоба) қабылданбаған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қоймайды, бірақ жазбаша сын-пікір жазады, дипломдық жұмыстың (жобаның) қорғауға жіберілмегендігі жөніндегі өзінің жазбаша сын-пікірін жазады.

9.11 Осы материалдардың негізінде кафедра меңгерушісі дипломдық жұмысқа (жобаға) нақты соңғы тұжырымын шығарады да, оны титулдық бетіне жазады. Егер кафедра меңгерушісі студенттің дипломдық жұмысын қорғауға жіберуге болмайды деп шешсе, бұл сұрақ студент пен ғылыми жетекшінің қатысуымен кафедра отырысында қаралады. Кафедра отырысының хаттамасы ЖОО Басқарма төрағасына бекітуге ұсынылады.

9.12 Бітіртуші кафедраның қорғауға ұсынған дипломдық жұмысы (жобасы) пікір жазу үшін факультет деканына жіберіледі.

9.13 Бітіртуші кафедра меңгерушісінің өндіріс және ғылыми ұйымдардың мамандары арасынан ұсынған пікір жазушылардың тізімі Басқарма төрағасының бұйрығымен бекітіледі. Пікір жазушылар ретінде басқа жоғарғы оқу орындарының профессорлары, доценттері және оқытушылары, кәсіпорындардың бас мамандары қатыстырылады.

9.14 Пікір жазушылардың базалық жоғары білімі болуы тиіс және/немесе қорғалатын дипломдық жұмыстың (жобаның) профиліне сәйкес ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі болуы тиіс.

9.15 Пікір жазушы дипломдық жұмысқа (жобаға) жазбаша пікірін ұсынуы қажет, онда тақырыптың өзектілігі, жаңашылдығы және тәжірибелік маңыздылығы, тақырыптың маманның кәсіби даярлығына, берілген ғылыми академиялық дәрежесі мен/немесе берілген біліктілігіне сәйкестігі, жүргізілген зерттеудің дербестігі, қорытынды мен ұсыныстарының барлығы, мәселелердің шешілу және зерттеудің аяқталу дәрежесі көрсетіледі.

Пікірде баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағасы және академиялық дәрежесі мен/немесе квалификация берілу мүмкіндігі көрсетілген дәлелді қорытынды беріледі.

9.16 Ғылыми жетекшінің қорғауға жіберген, бірақ пікір жазушының F – «қанағаттанарлықсыз» деп бағалаған, диплом жұмысы жалпы жағдаймен қорғалады.

9.17 Факультет деканы бітіртуші кафедраның меңгерушісі мен диплом жазушы – студентті жазылған пікірмен қорғауға бір күн қалғанда таныстырады. Дипломдық жұмысты пікірі және сын-пікірімен қоса Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына қорғауға жібереді.

9.18 Дипломдық жұмысты (қорғау) студенттің қалауы бойынша қазақша және орыс тілдерінде жүргізіледі. Студент кафедраның ұсынысымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауда таныстырылып және шетел тілінде сұрақтар қоюға болатын шетел тіліндегі қысқаша мазмұнын тапсырады.

9.19 Дипдолдық жұмысты (жобаны) қорғаған кезде, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен осы заманға техникалық құралдар базасындағы мультимедиялық тұсаукерек мен электронды ресурстарды пайдалануға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]