Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МТ (ТКМ) тжірибиелік жмыстар.doc
Скачиваний:
119
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
19.97 Mб
Скачать

3. Жұмысты орындау тәртiбi.

3.1. Ұнтақты қорытпалар алу әдiсiтер бойынша теориялық түсiнiгiн жазу және танысу.

3.2. Бiрнеше қатты қорытпалар үлгiлерiнiң қаттылығын Роквелл әдiсiмен өлшеу. Шешiмдерiн есеп беруде жазу.

3.3. Микроскоппен микроқұрылымын қарап сүлбесiн салу және қатты қорытпа түрiн анықтау.

3.4. Қорытынды жасау.

4.Есеп беруде болу керек:

а) жұмыс бойынша теориялық мағлұмат;

б) қатты қорытпалар үлгiлерiнiң қаттылығының өлшемдер кестесi;

в) қатты қорытпа түрi және микроқұрылымдар сүлбелерi;

г) жасалған жұмыс бойынша қорытынды.

5. Бақылау сұрақтары.

5.1. Ұнтақты алу әдiстерi. Тәсiлдер мен тәртiптер.

5.2. Белгiлi әдiстерден, ұнтақты металлургия әдiсiмен бөлшек жасаудың қандай артықшылығы бар және ол неде?

5.3. Антифрикционды материалдардың кәдiмгi материалдардан айырмашылығы неде?

Үйге тапсырма

Бөлшектердiң термиялық өңдеуiнiң технологиялық процессiн жасау.

  1. Жұмыстың мақсаты: термиялық өңдеу және металдардың қасиеттерi бойынша өткен материалдарды тереңiрек түсiну, термоөңдеудiң технологиялық процесстерiнiң әдiстемесiмен практикалық танысу, анықтама әдебиеттерiмен өз бетiнше жұмыс iстеудi үйрену.

  2. Жұмысты орындау тәртiбi: бөлшектiң атауын, болаттың таңбасын, материалдың термоөңдеуден кейiнгi қаттылығын төменде көрсетiлген көрсеткiштерден оқытушы бередi (кесте).

    1. Берiлген болаттың таңбасын ажыратып шешу, оның микроқұрылысын жазу, термоөңдеуден кейiнгi механикалық қасиеттерiн және тағайындалуы бойынша қандай топқа жататындығын көрсету керек.

    2. Мн және Мк нүктелерiндегi шынықтыруды, Ас1 және Ас3 критикалық нүктелердегi орны берiлген болаттың химиялық құрамына әсер ету мiнезiн және Мн, Мк нүктелерiндегi шынықтыруды бейнелеп түсiндiру.

    3. Бөлшектердiң алғашқы және соңғы термоөңдеудiң операциялар бiрлiгiн таңдау және дәлелдеу, олардан дайындаманы өңдеу және алу әдiстерiн үйлестiру( құю, қақтау және штамптау, прокат, механикалық өңдеу).

    4. Бөлшектердi термоөңдеудiң алғашқы және соңғы операциялар ретiн таңдау және ұғып алу(қызу барысындағы микроқұрылым және қыздыру температурасы, салқындату ортасы).

    5. Соңғы термоөңдеуден кейiнгi бөлшектiң материалының механикалық қасиетiмен микроқұрылымын бейнелеп түсiндiру.

    6. Зертханалық жұмыс аяғында, жұмысты орындау барысында пайдаланған әдебиеттердiң тiзiмi болуы керек.

Кесте 11.3 Тапсырма варианттарының тiзiмi.

өлшектердiң атауы

болат таңбасы

Термоөңдеуден кейiнгi қаттылық

1

2

3

4

Трактордың бөлшектерi

1

Иiндi бiлiк

45Г2

НRС 56-58(бетi)

НВ 207(ортасы)

2

Пiспек саусағы

12ХН3А

НRС 58-62(бетi)

НВ 331-375(ортасы)

3

Берiлiс қорабының бiлiгi

20ХН3А

НRС 56-62(бетi)

НВ 225-302(ортасы)

4

Конусты берiлiстiң жартылай өсi

35ХГСА

НВ 241-285

5

Жүргiзушi тегершiктерiнiң артқы өсi

45ХН

НВ 235-311

6

Табан шынжырдың түйiнiнiң саусағы

50Г

НRС 43-49

7

Рөлдiң иiрмегi

20ХНР

НRС 56-62(бетi)

НВ 331-401(ортасы)

8

Рөлдiң сошкасы

40Х

НВ 255-302

9

Бортты берiлiстiң тiстi доңғалағы

12Х2Н4А

НRС 58-62(бетi)

10

Iлiнiс муфтасының табақшасы

45ХН

НВ 235-311

11

Қозғалтқыш бұлғағы

40Х

НВ 217-285

12

Iшке жiберушi қақпақ

40Х902

НВ 293-375

11.3 кестенің жалғасы

1

2

3

4

13

Iшпектерге арналған шариктер

ШХ9

НRС 62-64

Автомобиль бөлшектерi

14

Иiндi бiлiк

45

НRС 52-58(бетi)

НВ 248-285(ортасы)

15

Пiспек саусағы

15Х

НRС 56-64(бетi)

НВ 212(ортасы)

16

Алдыңғы өс

30Х

НВ 269-302

17

Берiлiс қорабының бiлiгi

25ХГР

НRС 60-65(бетi)

НВ 363-444(ортасы)

18

Жартылай өс

30ХГСА

НВ 352-415

19

Түпкi iшпектер болты

40Х

НВ 241-311

20

Бұлғақ болты

40ХН

НВ 302-352

21

Рөлдiң иiрмегi

20ХНМ

НRС 58-64(бетi)

НВ 293-352(ортасы)

22

Жартылай өстiң тiстi доңғалағы

18ХГТ

НRС 56-62(бетi)

НВ 363-405(ортасы)

23

Қозғалтқыш бұлғағы

18Х2Н4ВА

НВ 362-352

24

Рөл сушкасы бiлiгiнiң тегiршегi

18Х2Н4МА

НRС 56-62(бетi)

Ауылшаруашылық машиналар бөлшектерi

25

Бiлiк

45Г

НВ 352-429

26

Бөлiп таратқыш бiлiгi

50Г

НRС 54-56(бетi)

НВ 235-311(ортасы)

27

Арнаулы болт

35

НВ 352-429

28

Тiстi доңғалақ

40Х

НRС 50-58(бетi)

НВ 321-415(ортасы)

29

Шынжырлы берiлiстiң жұлдызшасы

20Х

НRС 54-62(бетi)

НВ 146-167(ортасы)

30

Табақша(диск)

65Г

НВ 321-415

31

Автомат серiппесi

65Г

НRС 42-48

32

Түрен

Л65

НRС 46-56(жүзi)

НВ 241-302(дене)

33

Сүйiрлi табан

65Г

НRС 42-49(жүзi)

НВ 352-370(дене)

34

Сегмент

У9А

НRС 50-56(жүзi)

НВ 311-363(дене)

35

Автомат муфтасының тегiршегi

45

НRС 45-50

  1. Жұмысты орындау әдiстемесi.

Тапсырма бойынша берiлген бөлшектiң термоөңдеу технологиясын, алдымен болаттың ерекше қасиеттерiнiң бағасына, бөлшек және дайындама әзiрлеу әдiсiнен, жұмыс шартынан бастау керек.

Бiрiншi пункт жауабында болат таңбасын ажырату барысында оның құрамының негiзгi элементтерiн көрсету, болаттың жеткiзiлген қалыпындағы микроқұрылымын атау, механикалық қасиеттерiн көрсету( қаттылық, созылу кезiндегi берiктiк шамасы, иiлiмдiлiк және соқпа тұтқырлық), олардың ерекшелiгiн және ұсыну мiндеттерiмен байланысының сәйкестiгiн атап өту.

Екiншi пункт жауабында болаттың химиялық құрамының термоөңдеу технологиясына және алынған қорытынды әсерiне талдау жасау керек.

Берiлген көмiртектi болаттың Ас1, Ас3 және Ас4 критикалық нүкте температураларын темiр- көмiртек қалып диаграммасынан немесе берiлген анықтамалардан анықтайды, ал легiрленген болаттар үшiн- тек қана анықтама материалдан алады.

Берiлген көмiртектi болаттың шынықтыруына және отты шынықтыру талдауларына ерекше назар аудару қажет, өйткенi олардан ақтық қасиеттер байланысты( қаттылық, шынықтыру тереңдiгi және т.б).

Болатттың шынықтыру және отты балқытылуына қарай, суытып шынықтыру ортасын анықтама мәлiметтерден немесе аустениттiң изотермиялық ауысу диаграммасынан таңдайды. Сонымен қоса қарастырылып отырған болаттың шынықтырудан кейiнгi, ондағы көтерiңкi iшкi кернеудi, қисайып быржыюды және жарылудың пайда болу бейiмдiлiгiн белгiлеу керек.

Үшiншi пунктте бөлшектiң соңғы термоөңдеу және дайындаманың алғашқы термоөңдеу операцияларының жүйелiгiн дәлелдеу қажет, оны механикалықөңдеумен үйлестiру керек. Алғашқы термоөңдеу ретiнде қыздырып жасыту немесе нормаға келтiру операцияларын қолданады.

Қыздырып жасытуды жоғары көмiртектi және жоғары легiрленген болаттардан жасалған, мөлшерi үлкен және қиын бөлшектерге өткiзудi ұсынады. Алғашқы термоөңдеуден кейiн дайындаманың негiзгi механикалық өңдеуiн жасайды(шыңдау, фрезермен өңдеу, ойма ойықтау, тiс тiлу және т.б.).Соңғы термоөңдеуде яғни болатты суарумен жұмсарту, қағида бойынша механикалық өңдеуден кейiн жасайды.

Екiншi пунктте берiлген көрсеткiштердi пайдалана отыра, төртiншi пункттiң әр бiр операциясының ережесi дәлелденiп, сонымен қоса анықтама көздерiнен қыздыру температурасы және сол кезде пайда болған құрылымы белгiленедi. Шынықтырудың температурасы жоғары толқынды қыздыруда анықтамалардан белгiленедi. Әр термиялық өңдеудiң салқындату ортасын көрсету қажет.