Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
халык бук.doc
Скачиваний:
60
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Қосымша әдебиеттер:

8. Черниченко С.В. Международное право. –М., 1987.

9. Филимонова М.В. Источники современного международного права. –М., 1987.

10. Молодцов С.В. Международное морское право.-М., 1987.

11. Малеев Ю.Н. Международное воздушное право. Вопросы теории и практики. –М., 1986.

12. Василевская Э.Г. Правовой статус природных ресурсов Луны и планет. –М.,1978.

13. Международное космическое право /Под ред. А.С. Пирадов.-М.,1985.

14. Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды.-М.,1974.

15. Международно-правовые аспекты сотрудничества государств в области науки и техники.-М.,1992.

16. Сарсенбаев М.А. Дипломатическое и консульское право. –Алматы: Жеті Жарғы,

17. Лукашук И.И. Международное право. Общая часть. –М.: Издательство БЕК,1996.-371 с.

18. Международное право: Учебник. /Отв. Ред. Ю.М. Колосов, В.Н.Кузнецов. –М.: Международные отношения, 1994.-608 с.

19. Бирюков П.Н. Международное право. Учебное пособие. –М.: Юристъ,1998.-416с.

6 Тақырып Халықаралық шарт құқығы

Мақсаты: халықаралық келісімшарт құқығының түсінігі мен пәні, халықаралық шарт туралы білімдер жүйесін қалыптастыру

Негізгі сұрақтар

  1. Халықаралық келісімшарт құқығының түсінігі мен қайнар көздері

  2. Халықаралық келісімшарт түсінігі мен түрлері

  • халықаралық келісімшарттың түсінігі

  • халықаралық келісімшарт құқығының субъектілері

  • халықаралық келісімшарт түрлері

  • халықаралық келісімшарт нысандары

  • халықаралық келісімшарттың құрылымы

  • халықаралық келісімшарт тілі

  1. Халықаралық шартты жасасу

  • халықаралық шартты жасасу кезеңдері

  • мәтінін дайындау және түп нұсқалылығын (аутентивтілігін) белгілеу

  • шарттың мәтінін қабылдау

  • шарттың міндеттілігіне келісімін беру

  • келісімшарттың депозитарий

  • келісімшартты тіркеу

  • халықаралық шарттарға жасалынатын ескерту

  1. Халықаралық шарттың әрекеті

  • келісімшарттың күшіне енуі

  • келісімшарттың кері әрекеті

  • келісімшартты сақтау және қолдану

  • келісімшартқа түсінік беру

  • келісімшарттың әрекетін тоқтату және доғару

  • келісімшарттың жарамсыздығының негіздері және салдарлары

Халықаралық келісімшарт құқығы – халықаралық келісімшартты тудыру, әрекет етуі мен тоқтату туралы нормалардан тұратын халықаралық құқықтың саласы.

Халықаралық келісімшарт құқығы – бұл халықаралық құқықтың кодификацияланған саласы.

Халықаралық келісімшарт құқығының қайнар көздері:

  1. 1969ж. халықаралық келісімшарт құқығы туралы Вена Конвенциясы;

  2. 1986ж. мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдар арасындағы келісімшарт құқығы туралы Вена Конвенциясы

Осы құжаттар халықаралық шарттарды жасасу, орындау және әрекетін тоқтату тәртібін реттейді.

Халықаралық келісімшарт – бұл мемлекеттер арасындағы және/немесе халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасындағы жазбаша немесе ауызша нысанда жасалған және халықаралық құқықпен реттелетін халықаралық келісім.

Халықаралық шарт адамның негізгі құқығы мен бостандығын қорғауда, мемлекеттердің және халықаралық құқықтың субъектілерінің, басқа да субъектілердің заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Халықаралық шарттардың әр түрлі атауы бар – пакт, конвенция, хаттама, келісім. Келісімшарттың заңды күші оның атауына байланысты болмайды.

Халықаралық келісімшарт субъектілері. Халықаралық құқықтың барлық субъектілері халықаралық келісімшартты жасасуға құқықтық қабілетті. /Бірақта осындай құқық қабілеттілік халықаралық құқықтың негізгі қағидаларымен және басқа да императивті нормалармен шектелген. Сонымен қатар, негізгі (егеменді) субъектілер халықаралық – құқықтық реттеудің пәні болып табылатын кез келген сұрақ бойынша шарт жасасуға құқылы, сонда халықаралық құқықтың туынды (егеменді емес) субъектілерінің құқық қабілеттілігі олардың құрылтай құжаттарымен, атап айтқанда, халықаралық ұйымдардың Жарғысымен шектелген./

Халықаралық шарттар үшінші мемлекетер үшінолардың бұған келісімінсіз құқықтар тудырмайды. Бірақта, шартқа қатыспайтын мемлекеттер, оның жағдайларын халықаралық құқықтың жай нормалары ретінде қолдануы мүмкін.

Келісімшарт тараптары: мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы мүмкін. Кейбір жағдайда халықаралық құқықтың субъектісі болып табылмайтын тұлғалармен де жасалады, мысалы, үкімет аралық келісім, бұнда мемлекетпен қатар ірі кәсіпорын да қатысады.

Халықаралық шарттардың түрлері:

  1. субъектілерінің сипаты бойынша:

  • мемлекет аралық;

  • үкімет аралық;

  • ведомство аралық.

  1. Субъектілердің саны бойынша:

-екі жақты;

-көп жақты;

3) нысаны бойынша:

- ауызша;

- жазбаша.

4) әрекет ету уақыты бойынша:

а) мерзімді;

б) мерзімсіз;

Халықаралық шарттар жазбаша және ауызша нысанда жасалуы мүмкін. 1969ж. және 1986ж. келісімшарт құқығы туралы Вена Конвенциясы тек жазбаша шарттарды жасасу, орындау, тоқтату тәртібін белгілейді. Ауызша шарттарға қатысты халықаралық құқықтық нормалар кодификацияланбаған.

Халықаралық шарттар, реже бойынша, мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. Кіріспе бөлім (преамбула), бұнда белгіленген шартты жасасу мақсаты, тараптары көрсетіледі;

  2. Орталық бөлімде, бұнда келісімшарт пәні, тараптардың құқықтары мен міндеттері көрсетіледі;

  3. Қорытынды бөлімде, бұнда келісімшарттың күшіне ену шарттары, оның әрекет ету мерзімі, тоқтату тәртібі;

Кейбір жағдайларда, келісімшарттарға Қосымша тіркестіреледі, бұнда негізгі мәтінге түсінік беретін нормалар, процедуралық ережелер, дауларды шешу жолдары көрсетіледі.

Келісімшарттың барлық бөлімдерінің заңды күші бірдей және әр қайсысын есепке ала отырып қолданады.

Халықаралық келісімшарттың тілдері. Екі жақты келісімшарттар келісуші 2 тараптың тілдерінде жасалады. 2 тілде жасалған мәтіндердің заңды күші бірдей болады.

Кейбір жағдайда 2-жақты келісімшарттар 3 тілде жасалуы мүмкін, мысалы, егерде тілдердің біреуінде тиісті терминологиялық база жетілмеген болса.

Көпжақты халықаралық келісімшарттар 1 немесе бірнеше тілдерде жасалады. Басқа тілдерге ресми аударылуы мүмкін. Ол келісімшарттың депозитарийімен белгіленеді, және содан кейін халықаралық шарттың қатысушыларына беріледі, мысалы, БҰҰ Жарғысы 5 тілде жасалған: орысша, ағылшын, француз, испан, қытай тілдерінде.

Тек осы тілдердегі мәтіндер Жағының ресми мәтіндері болып табылады, ал қалған мәтіндер куәландырылған аудармасы болып табылады.

Халықаралық келісімшартты жасасу кезеңдері. Халықаралық келісімшарттың мәтінін әзірлеуде, келісімшартқа қол қоюға мемлекет атынан тек осы үшін қажетті өкілеттіліктер берілген тұлға ғана қатыса алады.

Өкілеттілік- бұл құзырлы мемлекеттік органнан шығатын құжат, осы құжат арқылы келіссөз жүргізу, келісімшарттықабылдау, келісімшарттың міндеттілігіне келісімін білдіру немесе келісімшартқа қатысты өзге де актіні жасасу мақсатында өз мемлекетінің өкілі ретінде 1 немесе бірнеше тұлғалар тағайындалады.

Өкілеттіліксіз өз мемлекетінің атынан мемлекет басшылары, үкімет басшылары, сыртқы істер министрлігі, дипломатиялық өкілдіктердің басшылары (өз мемлекеті мен оған сенім көрсетілген мемлекеттің арасында келісімшарт мәтінін қабылдау үшін); халықаралық конференциялар немесе халықаралық ұйымдардағы мемлекет өкілдері қатыса алады.

Екіжақты келісімшарт жасасқанда тараптар өз өкілеттіліктерімен алмасады, егер келісімшарт көпжақты болса, онда оларды конференцияның Ұйымдастыру Комитетіне немесе халықаралық ұйымның тиісті органына тапсырады.

Халықаралық келісімшартты жасасу мынадай кезеңдерден (стадиялардан) тұрады:

  1. мәтінді дайындау (құрастыру) және оның түп нұсқалылығын белгілеу;

  2. келісімшарт мәтінін қабылдау;

  3. келісімшарттың міндеттілігіне келісімін беру.

Келісімшарттың депозитарийі халықаралық келісімшарттың түп нұсқасын сақтайды және осы шартқа қатысты нақты функцияларды атқарады, атап айтқанда: ратификациялық грамоталарды, қосылу туралы құжаттарды қабылдайды, келісімшарттың түп нұсқасын куәландырылған көшірмесін дайындайды; келісімшартқа қатысты құжаттардың келіп түскендігін хабарлайды, ескертулер туралы құжаттарды қабылдайды, көпжақты келісімшарттардың күшіне ену мерзімі туралы келісімшартқа отырған мемлекеттерді хабардар етеді; ескертулердің (түсіндірме сөздердің - оговорка) алуынуы туралы хабардар етеді; келісімшартты БҰҰ Хатшылығында тіркейді.

Депозитарийдің функциясы 1969ж. халықаралық келісімшарт құқығы туралы Вена Конвенциясының 77 бабында белгіленген. Депозитарий ретінде мемлекет, оның басты лауазымды тұлғасы, үкімет, халықаралық ұйым бола алады.

Келісімшарттарды тіркеу. Халықаралық шарттар БҰҰ Жарғысының 102б. сәйкес БҰҰ Хатшылығында тіркеледі және жарияланады. БҰҰ тіркелмеген келісімшарттар заңды күшін жоғалтпайды, бірақта мемлекеттер оларға БҰҰ жүйесінің органдары сілтеме жасауға құқығы жоқ.

БҰҰ Жарғысының 102б. құпия дипломатияны шектеуге және келісімшарттың мазмұнын әлемдік қауымдастыққа жеткізуге бағытталған.

БҰҰ Хатшылығы тіркелген келісімшарттарды жариялауды ұйымдастырады.

Халықаралық шарттарға енгізілетін ескертулер. Ескерту - бұл шартқа қол қояр алдында, ратификациялауда, бекітуде, қабылдауда, оған қосылған кезде мемлекеттің осы келісімшарттың нақты жағдайларын белгілеген мемлекетке қолданылуының заңды әрекетін алып тастауға немесе өзгертілуін білдіретін мемлекеттің біржақты мәлімдемесі.

Ескертудің заңды салдары оны жасаған мемлекетпен және келісімшарттың басқа да қатысушылар арасындағы қатынасьарда келісімшарттың жағдайларын өзгертеді.

Ескерту мынадай жағдайларда жасалмайды:

  1. егер де осы ескертуге келісімшартта тыйым салынған болса;

  2. ескерту келісімшарт бойынша рұқсат етілгендердің санына кірмейтін болса;

  3. егер ескерту келісімшарттың объектісіне және мақсатына қайшы келетін болса;

Ескертуді жасаған мемлекет ескертуді кез келген уақытта алуына болады.

Келісімшарттың әрекеті. Келісімшарттың күшіне енуі. Келісімшарттың күшіне келісімшарттың өзінде немесе келіссөзге қатысушы мемлекеттер арасында келісілген тәртіпте және сол күнде енеді.

Егер бұндай келісушілік болмаса, онда келіссөзге қатысушылардың барлығын келісімшарттың олар үшін міндеттілігіне келісімін бергенде ғана күшіне енеді.

Сонымен қатар, келісімшарт ратификациялық грамоталарды, қосылу туралы құжаттармен алмасқанда, сақтауға берілетін ратификациялық грамоталардың белгіленген саны берілгенде немесе осыдан кейін белгілі бір мерзім өткенде күшіне енеді.

Казақстанның шет мемлекеттермен жасасқан келісімшарттарының көбінде әрекет ету мерзімдері туралы жағдайлар қарастырылған және әрекет ету мерзімін ұзарту механизмі де қарастырылған.

Халықаралық келісімшарттың мерзімін ұзарту пролонгация деп аталады.

Халықаралық келісімшартты сақтау және қолдану. Әрбір әрекет етуші келісімшарт оған отырушылар үшін міндетті: Қатысушылар келісімшарт бойынша қабылданған міндеттемелерді адал ниетпен орындаулары қажет (1969ж. Вена Конвенциясының 27б.).

Халықаралық келісімшарт құқығының негізгі қағидасы халықаралық шарттан туындайтын міндеттемелердің барлығын адал ниетпен орындау қағидасы.

Халықаралық келісімшарттардың әрекетін тоқтату және доғару.Әрекетін тоқтату - бұл нақты күннен бастап келісімшарттың күшінің жойылуы

Доғару - келісімшарттың күшін уақытша тоқтату

Халықаралық келісімшарттың әрекетін тоқтату негіздері:

а) соғыс болған жағдайда;

б) егер бір тарап өз міндеттемелерін орындамаса, екінші тараптың тоқтатуы;

в) келісімшарттың әрекет ету мерзімі біткенде;

г) келісімшарт орындалғанда;

д) келісімшарттың субъектісі өмір сүруін тоқтатқанда;

е) келісімшартты денонсациялау. Денонсация – бұл мемлекеттің келісімшарттан заңға сәйкес біржақты бас тартуы

Келісімшарттың күшін жою – бұл оны жасаған сәттен бастап оны жарамсыз деп тану

Келісімшартқа түсінік беру. Ресми түсінік беру - бұл келісімшартқа қатысушылар, арнайы органдар беретін түсінік беру, мысалы, БҰҰ Халықаралық Соты беретін түсінік беру

Бейресми (доктриналық) – ғылыми түсінік беру. Ішкі мемлекеттік түсінік беру - ішкі мемлекеттік мақсатта осыған өкілеттілігі бар мемлекеттік орган береді.

Халықаралық келісімшартқа түсінік беру – келісімшарттың жағдайларының мағынасын түсіндіру.

Бақылау сұрақтары

  1. Халықаралық келісімшарт құқығының түсінігін беріңіздер

  2. Халықаралық келісімшарт құқығының қайнар көздерін атаңыз

  3. Халықаралық шартқа анықтама беріңіз

  4. Халықаралық шарт түрлерін атаңыз

  5. Халықаралық шартты жасасу неше кезеңнен тұрады?

  6. Халықаралық шарттың депозитарий қандай функциялар атқарды?

  7. Халықаралық шартты ескертуді қалай түсінесіз?

  8. Халықаралық шарт қайда тіркеледі?

  9. Халықаралық шартқа неліктен түсінік береді?

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Халықаралық құқық. Дәрістер курсы./Г.Б.Хан және т.б. редак. –Алматы: ҚазГЗУ, 2003.-472 б.

2. Кулжабаева Ж.О. Межународное публичное право.- Алматы,2002.-467 с.

3. Сарсенбаев М.А. Международное право. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996.

4. Досжанова Г.С. Халықаралық құқық бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Заң әдебиеті, 2003.-67 б.

5. Садыканова Ж.Е. Халықаралық бұқаралық құқық. Электрондық оқулық. - Өскемен, 2008.