Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
халык бук.doc
Скачиваний:
87
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Қосымша әдебиеттер:

8. Черниченко С.В. Международное право. –М., 1987.

9. Филимонова М.В. Источники современного международного права. –М., 1987.

10. Молодцов С.В. Международное морское право.-М., 1987.

11. Малеев Ю.Н. Международное воздушное право. Вопросы теории и практики. –М., 1986.

12. Василевская Э.Г. Правовой статус природных ресурсов Луны и планет. –М.,1978.

13. Международное космическое право /Под ред. А.С. Пирадов.-М.,1985.

14. Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды.-М.,1974.

15. Международно-правовые аспекты сотрудничества государств в области науки и техники.-М.,1992.

16. Сарсенбаев М.А. Дипломатическое и консульское право. –Алматы: Жеті Жарғы,

17. Лукашук И.И. Международное право. Общая часть. –М.: Издательство БЕК,1996.-371 с.

18. Международное право: Учебник. /Отв. Ред. Ю.М. Колосов, В.Н.Кузнецов. –М.: Международные отношения, 1994.-608 с.

19. Бирюков П.Н. Международное право. Учебное пособие. –М.: Юристъ, 1998.-416с.

14 тақырып Халықаралық қауіпсіздік құқық

Мақсаты: халықаралық қауіпсіздік құқығының түсінігі мен қайнар көздері туралы білімдер жүйесін беру

Негізгі сұрақтар

  1. Халықаралық қауіпсіздік құқығының түсінігі.

  2. Жалпы қауіпсіздік.

  3. Аймақтық қауіпсіздік.

  4. Қарулы күштерді қарусыздандыру және қысқарту.

  5. Сенімділікті нығайту бойынша шаралар және халықаралық бақылау.

Соғыс пен бейбітшілік проблемалары ежелде-ақ, орта ғасырларда да, сондай-ақ бүгін де өзекті мәселелердің ірі болып келеді. Ғалымдардың санауы бойынша, жер шарымызда 5 550 жыл ішінде 14 513 ірі және шағын соғыстар болып, 3 640 млн. адам қайтыс болған. І Дүниежүзілік соғысты жүргізу үшін112 млд. долл., ІІ Дүниежүзілік соғысты жүргізу үшін 664 млрд.долл., ал Кореядағы соғысқа – 164 млрд. Долл., ал Въетнамдағы соғысқа – 362 млрд. долл. жіберілген. Осыған қарап ойлануды және болашақта соғысқа жол бермеу шараларын қабылдауды қажет етеді.

Соғыс және бейбітшілік мәселелері Аристотельдің «Афиндік саясат», Платонның «Мемлекет» сияқты шығармаларында қарастырылған. Осы мәселелерді шешуде өз үлесін қосқан чех королі Иржи Подебрад (Еуропада бейбітшілік орнату мақсатында Еуропалық монархтардың одағының проектісі), француз аббаты Сен-Пьер (Европада мәңгілік бейбітшілік орнату проектісі), Э.Кант (халықаралық келісімшарт көмегімен халықтар арасында бейбітшілік орнату қажеттілігі).

Соғыс пен бейбітшілік проблемаларын шешу ісінде 1899ж. әлемнің Гаага конференциясы үлкен рөл атқарды. Бұл конференция өз мақсатына жетпегенімен, оның мәні – көпжақты дипломатияның негізінде қарусыздандыру мәселелерін шешуге қадам жасау болды.

Ұлттар Лигасы соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешуге тырысты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) – жер шарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша және соғыстың алдын алу бойынша халықаралық ұйым құрылды.

Ұжымдық қауіпсіздік – бейбітшілікке төнген қауіпті жою, агрессия актілерінің алдын алу және тоқтату мақсатында жер шарының барлығы дерлік мемлекеттерінің немесе қандайда болмасын географиялық аймақтағы мемлекеттердің қолданатын іс-шараларының жүйесі.

Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің негізінде әлемнің бөлінбеуі қағидасы қаланған. Бұл дегеніміз кез келген, тіпті ең кішкентай конфликттің өзі аумақтық шектелген іс-әрекет емес, керісінше, жалыға ортақ қауіпсіздік пен бейбітшілікке қауіп төндіретін акт ретінде қарастыру дегенді білдіреді. Бұндай ұйғарым кіші-гірім конфликттің өзі бірден ғаламдық катастрофаға айналып кететін қазіргі ядролық қаруланған заманда өте әділетті.

Ұжымдық қауіпсіздік универсалды және аймақтық болып бөлінуі мүмкін. БҰҰ Жарғысы - ұжымдық универсалды қауіпсіздіктің, аймақтық ұжымдық қауіпсіздіктің құқықтық іргетасын Африкандық Бірлік Ұйымының Хартиясы, Араб мемлекеттерінің Лигасының Жарғысы, ТМД Жарғысы және т.б. құрайды.

БҰҰ ұжымдық универсалдық қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз етуі үшін және қызмет етуі үшін арнайы құрылған. Халықаралық тыныштықты қорғау БҰҰ басты міндеті болып табылады. Осыған байланысты БҰҰ Жарғысында мәжбүрлеу шаралары қарастырылған: бейбітшілікті бұзуды тоқтату шаралары; қарулы күштерді қолданбай шаралар қабылдау; қарулы күштерді қолдану шаралары. 1970ж. «Халықаралық қауіпсіздікті нығайту туралы» Декларацияда әскери одақ құрусыз дүниежүзілік ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің қызметін қамтамасыз ету органы ретінде Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысының тиімділігін арттыру қажеттілігі атап көрсетілген.

ҚР Президентінің БҰҰ-да сөйлеген сөзінде еуроазиялық қауіпсіздік құрылымы туралы идеяны айтып өткен.

Аймақтық халықаралық ұйымдар планетамыздың жекелеген жерлерінде немесе нақты географиялық аймақтарда ұжымдық қауіпсіздік қамтамасыз етуге арналған. Мысалға, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша Кеңестің Қорытынды Актісі жалпы еуропалық қауіпсіздіктің құқықтық негізі болып табылады. Бұл Актінің маңыздылығын кейіннен осы Актінің ережелері Еуропаның әртүрлі қалаларында болған

Бақылау сұрақтары

1) Халықаралық қауіпсіздік құқығының түсінігін беріңіздер

2) Ұжымдық қауіпсіздікке сипаттама беріңіздер

3) Аймақтық қауіпсіздік шараларына сипаттама беріңіздер

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Халықаралық құқық. Дәрістер курсы./Г.Б.Хан және т.б. редак. –Алматы: ҚазГЗУ, 2003.-472 б.

2. Кулжабаева Ж.О. Межународное публичное право.- Алматы,2002.-467 с.

3. Сарсенбаев М.А. Международное право. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996.

4. Досжанова Г.С. Халықаралық құқық бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Заң әдебиеті, 2003.-67 б.

5. Садыканова Ж.Е. Халықаралық бұқаралық құқық. Электрондық оқулық. - Өскемен, 2008.