Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Казастан тарихы.doc
Скачиваний:
53
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.27 Mб
Скачать

7. Пәнді оқытудағы әдістемелік нұсқау.

Практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқау.

1. Тақырыбы: Тас және қола дәуіріндегі Қазақстан

Мақсаты: Алғашқы қауымдағы адам баласының өсіп-өнуінің, кісілік жолға түсуінің бастапқы сатыларын толығымен меңгеру.

Негізгі сұрақтары:

  1. Қазақстан территориясындағы ежелгі адам іздері қай дәуірге жатады?

  2. Жебелі садақ пен бумерангтың пайда болған кезеңі.

  3. Орта палеолит дәуірінің ең көне тұрағы.

  4. Келтиминар мәдениетінің хранологиясы.

  5. Андронов мәдениетінің басты ерекшілігі.

  6. Батыс Қазақстандағы Андронов мәденитеінің ескерткіштері.

  7. Қола дәуірінің Орталық Қазақстанда табылған қоныстары.

Әдістемелік нұсқау: Дөңгелек стөл. Дәрісте семинар сабағында қаралған сұрақтар бойынша ашық әңгіме ұйымдастыру.

  1. Тақырыбы: Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар.

Мақсаты: Қазақстанды мекендеген тайпалардың темірді ашу, оны кеңінен қолдану кезеңдерін ашып көрсету.

Негізгі сұрақтары:

  1. Ерте сармат дәуірінің хранологиясын ата.

  2. Полихромдық стильдің жасалу техникасын ажырат.

  3. Темір дәуірінде Орталық Қазақстанда мекендеген тайпалар.

  4. Аңдық стильді қалай түсінесің.

  5. Оңтүстік Қазақстанда таралған темір дәуірінің мәдениеті.

  6. Сақ тайпаларының Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде табылған қоныстары.

Әдістемелік нұсқау: Оқылған дәріс бойынша жарыс сөз ұйымдастыру. Көрнекті құралдарды пайдалану арқылы студенттердің ойлау қабілеттерін арттыру.

3. Тақырыбы: Ерте ортағасырлық мемлекеттер.

Мақсаты: V-VI ғасырларда Қазақстан территориясында өмір сүрген феодалдық мемлекеттердің қалыптасуының алғы шарттарымен таныстыру және әр мемлекетке тереңірек тоқталу.

Негізгі сұрақтары:

  1. Батыс Түрік қағанатын билеген түріктің шыққан тайпасы.

  2. Қарлұқ бірлестігінің билеушісінің титулы.

  3. Түркілердің тегі туралы деректер мен зерттеулер.

  4. Түркеш мемлекетінің құрылуы, саяси тарихы.

Әдістемелік нұсқау: Оқылған дәріс бойынша жарыс сөз ұйымдастыру. Әр студенттің жеке ойын тыңдау, оған сараптама беру.

4. Тақырыбы: Кейінгі ортағасырлық мемлекеттер.

Мақсаты: Ортағасырлық мемлекеттер туралы мәліметтер бере отырып, студенттердің өз беттерінше дайындалу қабілеттіліктерін арттыру.

Негізгі сұрақтары:

  1. Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Еуропа халықтарының тарихына өзгеріс әкелген ұлы қоныс аудару оқиғасының хранологиясы.

  2. Қарлұқтар құрамында болған 9 тайпаны ата.

  3. Қарахан мемлекетінің 2-ге бөлінуінің себебі.

  4. Қарахан хандығында қабылданған діннің түрі.

  5. Қыпшақ мемлекетінің араб деректеріндегі атауы.

  6. Керей мемлекетінің құлауына әсер еткен тарихи жағдай.

Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырыптық рефераттар бойынша студенттерді тыңдау, сұрақтар арқылы студенттердің ой-өрісін кеңейту. Екі топқа бөліну арқылы жарыс сөз ұйымдастыру.

5. Тақырыбы: Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстанның экономикасы мен мәденитеі.

Мақсаты: Ұлы Жібек жолының Қазақстандық қалаларға тигізген әсерін, пайдасын, басты сауда көзі болғандығын ұғындыру.

Негізгі сұрақтары:

  1. Ұлы Жібек жолымен алғашқы сауда байланысының жасалған кезеңі.

  2. Нефрид жолын ата.

  3. Исфиджабқа жақын жерден табылған жер асты храмы.

  4. «Қорқыт ата» кітабын тұңғыш зерттеуші ғалым туралы мәлімет.

  5. Руна жазуын тұңғыш оқыған турколог ғалым.

Әдістемелік нұсқау: IX-XII ғасырлар аралығында өмір сүрген ғалымдар туралы мәліметтер беру арқылы студенттердің қызығушылығын тудырып, олардың ой-өрісін дамытуға бағыт беру.

6. Тақырыбы: Монғол дәуіріндегі Қазақстан.

Мақсаты: Монғол шапқыншылығының Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың өмір сүру деңгейлеріне тигізген ауыр зардасын ашып көрсету.

Негізгі сұрақтары:

  1. Шыңғыс ханның Жетісуға жорық жасаудағы мақсаты.

  2. Қазақстандық монғолдардан қорғанған қалалар туралы мәлімет.

  3. Шыңғыс хан бөліп берген ұлыстар.

  4. Алтын Ордадағы ең жоғарғы атқарушы орган қалай аталады.

Әдістемелік нұсқау: Дөңгелек стол. Үш топқа бөліну арқылы сұрақ-жауап түрінде, берілген тақырып туралы мәліметтер алу.

7. Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы. (XV-XVI ғ.ғ.)

Мақсаты: Қазақстан жерінде құрылған алғашқы қазақ хандығының қазақ елділігін танытудағы алғашқы қадамдары туралы мәліметтер беру арқылы студенттердің ұлттық сезімін ояту.

Негізгі сұрақтары:

  1. Моғолстан ханы Есен-Бұғаның Шу мен Талас бойын қазақ хандығына бөліп берудегі мақсаты неде.

  2. XV ғ. аяғында Қазақ хандығының ұзаққа созылған күресі нәтижесінде, қандай қалалар хандықтың құрамына кірді.

  3. Әбілхайыр ханнан Керей мен Жәнібектің бөлініп шығуының себебі.

  4. Керей мен Жәнібектің хандық құрған кезеңдері, қазақ хандығының территориясы.

Әдістемелік нұсқау: Алдын-ала берілген тақырыптық реферат бойынша студенттердің ой-пікірлерін тыңдау арқылы олардың өзіндік пікірлерін ортаға салу.

8. Тақырыбы: Қазақ-жоңғар қатынастар.

Мақсаты: Қазақ-жоңғар соғысында ерлік көрсеткен қазақ батырлары жайында мәліметтер бере отырып, студенттердің патриоттық сезімін ояту.

Негізгі сұрақтары:

  1. ХVIII ғ. Қазақ хандығына қауіп төндірген кімдер.

  2. 1723 ж. жоңғардың 70 мың әскерін қазақ жеріне бастап әкелген қоңтайшы.

  3. Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған қазақ өлкесі.

  4. 1726 ж. «Қалмақ қырылған» шайқасы болған жер.

Әдістемелік нұсқау: Қазақ-жоңғар соғысында Үш жүздің билері мен батырларының атқарған рөлі туралы мәліметтер беретін иллюстрациялық суреттер, портреттер арқылы мәліметтер беру.

9. Тақырыбы: Қазақстан Ресей мемлекетінің боданы.

Мақсаты: Патшалы Ресейдің қазақ жерін отарлаудағы алға қойған мақсаттарын іске асыру барысында Қазақстанға жасаған озбырлықтары туралы толығырақ мәліметтер беру.

Негізгі сұрақтары:

  1. Әбілхайыр ханның Ресей бодандығын қабылдауына иттермелеген саяси жағдай.

  2. Әбілмәмбет ханмен Абылай сұлтан Орынборда Ресей билігін мойындаған кезең.

  3. Абылайдың екі ірі мемлекеттің бодандығын қабылдауына себеп болған не нәрсе.

  4. Қазақстанда әсіресе кіші жүз жерінде салынған қамалдар, бекіністер, әскери шептер.

Әдістемелік нұсқау: Алдын-ала берілген тапсырма бойынша екі топқа бөліну арқылы жарыссөз ұйымдастыру (бірінші кезең), екінші кезеңде әр студенттің осы тақырып бойынша ой пікірін ортаға салу.

10. Тақырыбы: XVIII ғ-дың орта кезеңіндегі Қазақстанның саяси және экономикалық жағдайы.

Мақсаты: Патшалы Ресейдің отарлау саясатын қолдану арқылы қазақ жеріне көрсеткен зорлық-зомбылығын ашып беру.

Негізгі сұрақтары:

  1. XVIII ғ-дағы Ресей Үкіметінің қазақ жеріне бекіністер мен шептердің салынуы.

  2. Кириллов басшылық еткен 1734 ж. Орынбор экспедициясының құрылуы.

  3. Жайық өзенінің бойында 14 қамалдың салынуы.

  4. Көкшетау, Аякөз, Баянауыл, Ақмола бекінісі, қалалардың пайда болуы.

Әдістемелік нұсқау: Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін бұзған патшалы Ресейдің жүргізген саясаты туралы мәліметтер беретін 1997 ж. маусым айында шыққан «Қазақ тарихы» журналында жарық көрген М.Қойгелдиевтің мақаласын сараптау.

11. Тақырыбы: XVIII ғ-дың екінші жартысындағы Қазақстан.

Мақсаты: Ресейдің отарлау саясатына қарсы қазақ жерінде болып өткен ұлт-азаттық көтерілістердің мақсаты мен мазмұнын тереңірек ұғындыру.

Негізгі сұрақтары:

  1. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің мәні.

2. Бөкей хандығының құрылуының алғы шарттары.

3. Исатай, Махамбет көтерілісі, көтерілістің нәтижесі.

4. Қазақстанның саяси-әлеуметтік құрылысындағы өзгерістер.

Әдістемелік нұсқау: Қазақстан жерінде болған көтерілістерге сараптама жасау, дәрістерде айтылған мәселелер жөнінде студенттердің өз пікірлерін тыңдау.

12. Тақырыбы: ХХ-ғасырдың басындағы Қазақстан

Мақсаты: Столыпиннің аграрлық реформасыннан кейін қоныс аударушылардың жаппай келуіне байланысты қазақтардың жері тартып алынып, қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына нұқсан келгендігін, сонымен қатар қазақ халқының хал-ахуалының нашарлағандығын документтерге сүйене отырып дәлелдеу.

Негізгі сұрақтары:

  1. ХХ ғ. басындағы өлкедегі жалпы ахуал.

  2. 1905-1907 ж.ж. революциялық оқиғалар.

  3. Бірінші Дүниежүзілік соғыс, оның Қазақстанға әсері.

  4. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы.

  5. Қазақ АКСР-нің құрылуы, ЖЭС-ке көшу, оның тапыстары мен кемшіліктері.

Әдістемелік нұсқау: Кестелерді пайдалану арқылы студенттердің өзіндік пікірлерін тыңдау, жүйелеу, сараптау.

13. Тақырыбы: Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.

Мақсаты: Студенттерді белгілі кезеңде қазақ батырларының көрсеткен ерліктері арқылы отан сүйгіштікке баулу.

Негізгі сұрақтары:

  1. Германияның КСРО-ға шабуылы.

  2. Брест, Мәскеу, Ленинград,Сталинград шайқасында қазақстандықтардың көрсеткен ерлігі.

  3. Соғыс жылдарындағы Қазақстандағы әскери өнеркәсіптік кешендердің дамуы.

Әдістемелік нұсқау: Картаны пайдалана отырып, Отан соғысы болып өткен жерлерде қираған қалалар, түп нұсқасымен жойылған селолар туралы мәліметтер беру арқылы қажетті мәліметтер алу.

14. Тақырыбы: 1960-1980 жылдардағы Қазақстан.

Мақсаты: Тоталитарлық жүйенің солақай саясатының негізінде Қазақстанға жасалған зорлық-зомбылықтың басым болғандығын баса көрсету.

Негізгі сұрақтары:

  1. Тың және тыңайған жерлерді игеру.

  2. Қоғамның саяси өмірі. Өнеркәсіптегі жағдай.

  3. Әлеуметтік дамудың қайшылықтары мен қиыншылықтары.

  4. Шаруашылық реформалар және оның нәтижелері.

Әдістемелік нұсқау: Белгілікті тарихи деректерге сүйене отырып, сол кезеңдегі саяси өмірге сараптама жасау.

15. Тақырыбы: Қазақстан тәуелсіз мемлекет.

Мақсаты: Ғасырлар бойы аңсап келген тәуелсіздігіміздің тұғырын нық ұстайтындай тың ойларымен дәлелдеп беру.

Негізгі сұрақтары:

  1. Кеңес Одағының ыдырауы, Егемендік туралы Деклорацияның қабылдануы.

  2. Қазақстан экономикасына шетел инвестициясының тартылуы.

  3. Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің құрылуы.

  4. ТМД елдерінің құрылуы.

  5. Тіл туралы заңның қабылдануы.

  6. Ұлттық валюта тенгеннің айналымға енуі, нарықтық экономикаға көшуі.

Әдістемелік нұсқау: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерін оқу арқылы бүгінгі таңдағы жүргізіліп отырған саясатты дұрыс түсіне білу. Бірнеше топтар арасында пікірсайыс ұйымдастыру.

ОЖСӨЖ сабағына әдістемелік нұсқау:

Тақырыбы: Ежелгі адамдардың қалыптасуы.

Мақсаты: Алғашқы қауымдағы адам баласының өсіп-өнуінің, кісілік жолға түсуінің бастапқы сатыларын толығымен меңгеру.

Өту тәсілі: кесте түрінде.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Тапсырма №1

  1. Ерете палеолит дәуірі.

  2. Орта палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері.

  3. Кейінгі палеолит дәуірі.

  4. Мезолит дәуір.

  5. Неолит дәуірі.

Тапсырма №2

1. Қазақстан территориясындағы ежелгі адам іздері қай дәуірге жатады?

А) Ерте тас дәуірі.

В) Орта тас дәуірі.

С) Кейінгі тас дәуірі.

D) Мезолит дәуірі.

2. Орталық Қазақстаннан табылған ерте палеолит дәуірінің археологиялық ескерткішін анықта.

А) Қозыбай.

В) Тегіскен

С) Құдайкөл.

D) Өніжек.

3. Жебелі садақ пен бумеранг қай дәуірде пайда болды?

А) Палеолитте.

В) Мезолитте.

С) Неолитте.

D) Қола дәуірінде.

4. Кейінгі палеолит қай кезеңді қамтиды?

А) Б.з.б. 15 мың – 5 мың жыл.

В) Б.з.б. 10 мың – б.з.б. 5 мың жыл аралығы.

С) Б.з.б. 35-30 мың – 12-10 мың жыл бұрынғы.

D) 50-40 мың жыл бұрынғы.

5. Мезолит дәуірінің ескеркіші – Дүзбай тұрағы Қазақстанның қай жерінен табылды?

А) Оңтүстік Қазақстан.

В) Солтүстік Қазақстан.

С) Батыс Қазақстан.

D) Шығыс Қазақстан.

6. «Қытай адамы» қалай аталады?

А) Неандертальдық.

В) Австралопитек.

С) Синантроп.

D) Питекантроп.

7. Тік жүретін адам қай дәуірде өмір сүрген?

А) Ежелгі палеолит.

В) Кейінгі палеолит.

С) Мезолит.

D) Неолит.

Тапсырма №3

Кестені толтырыңыз:

Тас дәуірінің кезеңдері.

Тарихи шеңбері

Алғашқы адамдардың даму сатылары.

Алғашқы адамдардың қаңқаларының табылған жерлері

Әдістемелік нұсқау:

Әдебиет: К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» дәрістер курсы І, А; 2004ж. 22- 24 б.б.

Ж. Жақсығалиев «Студенттерге арналған көмекші құрал» Орал 2004 ж. 9 б.

Ә. Әбдәкімұлы «Қазақстан тарихы» А; 1997ж, 19-28 б.б.

Тақырыбы: Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің ескерткіштері.

Мақсаты: Б.з.б. ІІ мың жылдықта Еуразияның далалық аймақтарында қола алу тәсілі игеріле бастады. Адамзаттың қол жеткізген жетістігін тереңірек түсіндіру.

Өту тәсілі: сұрақ-жауап.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Тапсырма №1

  1. Қола дәуірінің кезеңдері.

  2. Қола дәуірінің мәдениеті, діні мен өнері.

  3. Бейғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшілігі.

  4. Қоғамдық құрылысы.

Тапсырма №2

  1. Андронов мәдениетінің басты ерекшілігін бөліп көрсет:

А) Тұрмысқа қажет ыдыстарды саздан жасады.

В) Бұйымдарды былғары мен сүйектен жасады.

С) Көшпелі мал шаруашылығы қалыптасты.

D) Тоқымашылық дамыды.

2. Қола дәуірінің хронологиясын анықта.

А) Б.з.б. ІІ-б.з. І ғасырлар.

В) Б.з.б. XVIII-VIII ғасырлар.

С) Б.з.б. XVI-V ғасырлар.

D) Б.з.б. VIII-III ғасырлар.

3. Қола дәуірінде Қаратау жартастарына ненің 49 суреті салынған?

А) Бұқаның.

В) Соғыс арбаларының.

С) Қос өркешті түйенің.

D) Соқаның.

4. Беғазы қонысы Қазақстанның қай аймағынан табылды?

А) Орталық Қазақстан.

В) Оңтүстік Қазақстан.

С) Сырдария бойы.

D) Жетісу.

5. Андроновтықтар қай нәсілге жатады?

А) Еуропалық нәсіл.

В) Монғолдық нәсіл

С) Негрлік нәсіл.

D) Еуропалық-монғолдық нәсіл.

6. Мәйіттің қол-аяғын бүгіп жерлеу дәстүрі қай дәуірге тән болған?

А) Палеолит.

В) Мезолит.

С) Неолит.

D) Қола.

Тапсырма №3

Кестені толтырыңыз:

Дәуір

Тарихи шеңбері

Дәуірдің ерекшеліктері

Шаруашылығы

Еңбек құралдарын жасауға пайдаланған материал

Әдебиет: К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 33-36 б.б.

Ж. Жақсығалиев «Студенттерге арналған көмекші құрал» Орал 2004 ж. 11 б.

Тақырыбы: Ғұн мемлекеті, саяси тарихы.

Өту тәсілі: Сұрақ-жауап.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Тапсырма №1

  1. Ғұн мемлекетінің көрнекті басшылары.

  2. Мөде, Атилла шаньюйлар. Олардың ғұн мемлекетінің нығаюындағы алатын орны.

  3. Ғұндардың қазақ халқының қалыптасуындағы рөлі.

Тапсырма №2

  1. Ғұндардың егіншілікпен айналысқаны туралы кімнің деректерінен білеміз?

А) Ж. Баласағұни

В) М. Дулати

С) М. Қашғари

D) И. Йассауи

2. Б.з.б. І ғасыр соңында Қазақстанда қандай тайпалық одақтар пайда болды?

А) Үйсіндер, қаңлылар.

В) Сақтар, андроновтықтар.

С) Савроматтар, қыпшақтар, оғыздар.

D) Түріктер, қарлұқтар, қимақтар.

3. Б.з.б. 206 жылы Мөде шаньюй кімдерді бағынырды?

А) Қаңлыларды.

В) Түріктерді.

С) Византия билеушісін.

D) Қытай билеушісін.

4. Б.з. IV ғасырда ғұндар қай жерді қоныстанды?

А) Сырдария

В) Орталық Қазақстан.

С) Венгрия.

D) Рим

5. Ғұн қоғамында құлдар қандай жұмыстар атқарды?

А) Каналдар қазып, мал бақты.

В) Ең ауыр жұмыстар.

С) Құлдарды өлтірді.

D) Үй қызметшісі, бақташы, қолөнерші.

6. «Ғұн – түркілердің арғы атасы» деп тұжырым жасаған қазақ зиялысы кім?

А) Ш. Уалиханов.

В) М. Жұмабаев.

С) М. Қозыбаев.

D) Ә. Марғұлан.

7. Ғұндарды қасиетті орын не болып есептелген?

А) Төр.

В) Шаңырақ.

С) Ошақ.

D) Бұлақ маңы.

Тапсырма №3

Кестені толтырыңыз:

Кезеңдері

Мерзімі

Ескерткіштер

Табылған жері

Тайпалар

Әдебиет: Қ. Салғарұлы «Алтын тамыр»

С. Өтениязов «Атилла»

Ә. Әбдәкімұлы «Қазақстан тарихы» А; 1997ж. 34-38 б.б.

Тақырыбы: Түрік қағанаты.

Өту тәсілі: сұрақ-жауап.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Тапсырма №1

  1. Ежелгі түрік қағанатының қоғамдық құрылымы.

  2. Түрік қағанатының 2-ге бөлінуі.

  3. Батыс және Шығыс түрік қағанаты.

Тапсырма №2

  1. Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Еуропа халықтарының тарихына өзгеріс әкелген ұлы қоныс аудару оқиғасының хронологиясы:

А) І-ІІІ ғ.ғ.

В) ІІІ-IV ғ.ғ.

С) ІІ-V ғ.ғ.

D) ІV-V ғ.ғ.

2. V ғ. өмір сүрген теле тайпасының оңтүстігіндегі көшіп-қону жайылымдары қай жерге дейін жетті?

А) Сырдарияның орта ағысы.

В) Шу өзені бойы.

С) Ыстық көл бойы.

D) Іле өзенінің төменгі ағысы.

3. Қай жылы Иран мен Византия өзара келісімге келіп, Византия өзінің Кавказдағы вассалдарын түріктерге қарсы қойды?

А) 589 ж.

В) 561 ж.

С) 567 ж.

D) 575 ж.

4. Батыс Түрік қағанатын түріктің қай тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі?

А) Теле тайпасынан

В) Ашина тайпасынан

С) Яғма тайпасынан

D) Халаж тайпасынан

5. Жеғүй мен Тон-жабғу қағандар Батыс Түрік қағанатының территориясын кеңейту үшін қай жерлерге жорық жасады?

А) Хорезм мен Бұхар

В) Шаш пен Исфиджаб

С) Мәуереннахр мен Үндістан

D) Тоқарыстан мен Ауғанстан.

Тапсырма №3

Кестені толтырыңыз:

Мемлекеттер атауы

Тарихи шеңбері

Жер аумағы

Астанасы

Этнонимі (елдік аты)

Құрамына кірген тайпалар

Әдебиет: Ә. Әбдәкімұлы «Қазақстан тарихы» А; 1997ж. 38-42 б.б.

«Қазақ тарихы» А; 2004ж. 91-100 б.б.

Тақырыбы: Қарлұқ қағанаты.

Өту тәсілі: сұрақ-жауап.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Тапсырма №1

  1. Қарлұқтардың шығу тегі.

  2. Этникалық құрамы: бұлақ, шігіл, ташлық.

  3. Қарлұқтар туралы жазба деректер.

  4. Қарлұқтардың тарихтағы орны.

Тапсырма №2

  1. 723 ж. түркештер қандай тайпамен бірігіп, арабтарға қарсы соққы берді?

А) Қарлұқтармен

В) Оғыздармен

С) Қыпшақтармен

D) Қарахандықтармен

2. V ғ. жазылған деректерде қарлұқтарды қалай атаған?

А) Шігіл

В) Яньмо

С) Бұлақ

D) Ташлық

3. Қарлұқтарда бірлестіктің билеушісін қалай атады?

А) Жабғу

В) Қаған

С) Хан

D) Елтебер

4. Қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғандығын дәлелдеген географ кім?

А) Әл-Якуби

В) Әл-Маруази

С) Ибн-Хаукаль

D) Гардизи

5. Қарлұқтардың Шу мен Талас бойындағы қалалары:

А) Шауғар, Отырар

В) Сығанақ, Сауран

С) Құлан, Мерке

D) Ашнас, Суяб

Тапсырма №3

Кестені толтырыңыз:

Мемлекеттер атауы

Тарихи шеңбері

Жер аумағы

Астанасы

Этнонимі (елдік аты)

Құрамына кірген тайпалар

Әдебиет: «Қазақстан тарихы» І-ші том. А; 1996ж. 305-314 б.б.

К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» дәрістер курсы І, А; 2004ж. 44-77 б.б.

Тақырыбы: VI – IX ғ.ғ. І-ші жартысындағы отырықшы және көшпелі мәдениет.

Өту тәсілі: сұрақ-жауап.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Тапсырма №1

  1. Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан қалалары мен қоныстары.

  2. Қала құрылысы, олардың атқарған қызметі.

  3. Шахристан, цитадель, рабад, махаллалар.

Тапсырма №2

  1. Қазақстан жерінде Ұлы Жібек жолы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, қанша тармаққа бөлінеді?

А) Екеу

В) Төртеу

С) Бесеу

D) Жетеу

2. 1253 ж. Вильгельм Рубрук қай қалада ирандық көпестердің орындары болғанын айтады?

А) Құлан

В) Шауғар

С) Екіоғыз

D) Атлах

3. VIII ғ. деректер бойынша сауда байланысында «Хан жолы» деп аталатын соқпақ болған. Ол Қазақстанның қай аймағында?

А) Солтүстік-батыс

В) Оңтүстік-шығыс

С) Орталық-батыс

D) Орталық-шығыс

4. Ортағасырлық Азияда әлемнің төрт патшалығы туралы тұжырым болған Сәйгүліктер патшалығын атаңыз:

А) Иран мен Византия

В) Түрік қағанаты

С) Үндістан

D) Қытай

Тапсырма №3

Кестені толтырыңыз:

Дін

Пайда болған жері

Пайда болған мерзімі

Дінді таратушылар

Таралған өңірі

Ескерткіштері табылған жер

Қазақстанға таралған уақыты

Әдебиет: «Қазақстан тарихы» І-ші том. А; 1996ж. 349-361 б.б.

К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» дәрістер курсы І, А; 2004ж 78-85б.б.

Тақырыбы: Наймандардың шығу тегі.

Өту тәсілі: сұрақ-жауап.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Тапсырма №1

  1. Наймандардың саяси тарихы.

  2. Найман тайпаларының Темучин әскерлерімен шайқасы.

  3. Найман тайпаларының мекендеген жері.

Тапсырма №2

Кестені толтырыңыз:

Мемлекеттер атауы

Тарихи шеңбері

Жер аумағы

Астанасы

Этнонимі (елдік аты)

Құрамына кірген тайпалар

Әдебиет: С. Ақатаев «Тышқан жылғы қырғын»

«Қазақ тарихы» 1996 ж. №2 44-49 б.б.

Тақырыбы: Қарлұқтардың, Оғыздардың, Қимақтардың шаруашылығы.

Өту тәсілі: сұрақ-жауап.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Тапсырма №1

  1. Қарлұқтардың мекендеген жерлері, территориясы.

  2. VIII ғасырдың ортасында қарлұқтардың Жетісуға көшуі.

  3. Оғыз мемлекеті. Олардың қоныс аударған жерлері.

  4. Оғыздардың территориясы.

  5. Қимақ мемлекеті, территориясы.

  6. Қимақ мемлекетінің ұлыстарға бөлінуі.

Тапсырма №2

1. V ғ. жазылған деректерде қарлұқтарды қалай атаған?

А) Шігіл

В) Яньмо

С) Бұлақ

D) Ташлық

2. Қарлұқтарда бірлестіктің билеушісін қалай атады?

А) Жабғу

В) Қаған

С) Хан

D) Елтебер

3. Оғыз жабғуының орынбасары қалай аталған?

А) Ятук

В) Елтебер

С) Сюбашы

D) Құл еркін.

4. Оғыз мемлекеті қай ғасырда өмір сүрді?

А) Х-ХІІ ғ.ғ.

В) ІХ-ХІ ғ.ғ.

С) Х-ХІІІ ғ.ғ.

D) ХІ-ХІІ ғ.ғ.

5. Қимақ қағанатының құрамына қанша тайпа кірді?

А) 4

В) 11

С) 9

D) 7

6. Қимақтар қай ғасырда Алтайдың солтүстігінен Ертіс бойына қоныс аударды?

А) VII ғ. басында

В) VII ғ. ортасында

С) VIII ғ. ІІ жартысында

D) ІХ ғ. басында.

Әдебиет: «Қазақстан тарихы» І-ші том. А; 1996ж 296-332 б.б.

«Қазақ тарихы» 2004ж. №2 47-53 б.б.

Тақырыбы: Қазақстан жеріне Монғол мемлекетінің жорығы.

Өту тәсілі: сұрақ-жауап.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Тапсырма №1

  1. Қазақстан қалаларының қорғанысы.

  2. Отырар қорғанысы.

  3. Сығанақ, Ашынас қалаларның қарсы тұруы.

Тапсырма №2

  1. Орхон-Керулен аралығын монғол тайпалары қай ғасырда мекендеді?

А) ІХ ғ.

В) Х ғ.

С) ХІІ ғ.

D) ХІІІ ғ.

2. Монғол әскерлері санына орай ондыққа бөлінді. Түменде қанша әскер болды?

А) 10 мың әскер

В) 1 мың әскер

С) 500 әскер

D) 100 әскер

3. Шыңғыс ханның Жетісуға жорық жасаудағы мақсаты:

А) Билігін күшейту үшін

В) Ішкі тартысты болдырмау үшін

С) Құнарлы жайылымдары мен гүлденген қалалары үшін

D) Ақсүйектердің қарсылықтарын тоқтату үшін

4. 1218 жылы қай қала монғолдарға соғыссыз берілді?

А) Алмалық

В) Жент

С) Ашнас

D) Баласағұн

5. Шыңғыс хан Отырар әкімі Қайыр ханға қанша адамнан тұратын сауда керуенін жіберді?

А) 146 адам

В) 317 адам

С) 450 адам

D) 697 адам

Әдебиет: «Қазақстан тарихы» А; 1996 ж. 440-445 б.б.

«Қазақстан тарихы» І-ші том. А; 1996ж 481-485 б.б.

Тақырыбы: Алтын Орда мемлекеті.

Өту тәсілі: сұрақ-жауап.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Тапсырма №1

  1. Алтын Орданың қоғамдық құрылымы.

  2. Алтын Орда мемлекеті кезіндегі өнер, ғылым мен мәдениеттің жетістіктері.

  3. Қала құрылысының, сәулет өнерінің өзгеруі.

  4. Алтын Орданың гүлденуі мен ыдырауы.

Тапсырма №2

Кестені толтырыңыз:

Мемлекет

Тарихи шеңбері

Мекендеген жері

Астана

сы

Жоғары билеушісінің

лауазымы

Шаруа

шылығы

Ел билеуші хандар

Құрамына кірген тайпалар

Мемлекеттің әлсіреу себептері.

Әдебиет: К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 193-195 б.б.

«Қазақстан тарихы» І-ші том. А; 1996ж 398-434 б.б.

Тақырыбы: Қыпшақ мемлекеті.

Өту тәсілі: сұрақ-жауап.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Тапсырма №1

  1. Қыпшақ мемлекетінің шығу тарихы.

  2. Мемлекеттік құрлымы, саяси тарихы.

  3. Қыпшақ мемлекетінің ыдырауына ықпал еткен мемлекеттер.

Тапсырма №2

Кестені толтырыңыз:

Мемлекет атауы

Тарихи шеңбері

Жер аумағы

Астанасы

Этнонимі (елдік аты)

Құрамына кірген тайпалар

Ел билеуші қағандар

Соғыс жүргізді

Шаруашылығы

Әдебиет: К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 199-205 б.б.

«Қазақ тарихы» жур. 1998 ж. №2 33-34 б.б.

Тақырыбы: Қазақстан аумағындағы этникалық өзгерістер.

Өту тәсілі: сұрақ-жауап.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Тапсырма №1

  1. Қазақ халқының қалыптасуы.

  2. Қазақстанның ежелгі тұрғындары.

  3. «Қазақ» этнонимінің шығуы.

  4. Қазақ жүздері.

  5. Қазақстан территориясындағы этникалық процесстер.

Тапсырма №2

  1. Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу процесі қашан аяқталды?

А) ХІІІ-XIV ғ.ғ. соңы

В) XV ғ. аяғы

С) XIV-XV ғ.ғ.

D XVI ғ. ортасы – XVII ғ. басы

2. «Жүз» деген атау қандай мағына береді?

А) Жеке мемлекет

В) Жеке халық

С) Тарихи-шаруашылық аймақ

D) Бір мемлекеттегі әр түрлі тілде сөйлейтін тайпалардың территориясы

3. Ұлы жүздің рулары қандай тайпалар?

А) Табын, адай, алшын

В) Дулат, албан, жалайыр

С) Найман, керей, тама

D) Жағалбайлы, шөмекей

4. Қазақ халқының этникалық тарихы өте күрделі. Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері нешеге бөлінеді?

А) 2

В) 5

С) 7

D) 10

5. Қазақ этносының негізін құрушы тайпалардың антропологиялық сипаты (ХVІ ғ. басы);

А) Еуропоидтық нәсіл

В) Монғолоидтық нәсіл

С) Монғолоидтық нәсілдің оңтүстік сібір тобы

D) Негроидтық нәсіл

6. «Қазақ» этнонимі туралы М. Ақынжановтың болжамы:

А) Еркіндік аңсаушы, батыл

В) Нағыз сақ

С) Көшпелі адам

D) Өз мемлекетінен бөлінген адам

Әдебиет: К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 244-246 б.б.

«Қазақ тарихы» жур. 1998 ж. №2 10-13 б.б.

Тақырыбы: ХV-XVI ғ.ғ. Қазақ халқының шаруашылығы.

Өту тәсілі: сұрақ-жауап.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Тапсырма №1

  1. Шаруашылықтың дамуы.

  2. Шаруашылықтағы жетекші сала.

  3. Қолөнер: ұста өндірісі, ағаш өңдеу, зергерлік т.б.

Тапсырма №2

  1. Созақ қаласының басқа қалалардан қандай айырмашылығы болды?

А) Егіншіліктің, бау-бақшалықтың орталығы

В) Мұнаралы биік қамал қабырғалы

С) Мықты бекініс, сауда орталығы

D) Сауда, өнеркәсібі бар, әскери бақылау орталығы

2. Жазғы көш – жайлауға көшу қай айдан басталды?

А) Ақпан

В) Наурыз

С) Мамыр

D) Сәуір

3. Жұттан тірі қалған малдардың жайылуға, жүруге шамасы келмеуін қалай атаған?

А) Көтерем

В) Қарасан

С) Сыралғы

D) Көгендеу

4. Малдың төлдеу мерзіміне сәйкес келетін қандай көш?

А) Жайлау

В) Қыстау

С) Көктеу

D) Күзеу

5. Жылқының жұқпалы ауруы қалай аталады?

А) Көген

В) Күзем

С) Қарасан

D) Аусыл

Әдебиет: К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 248-254 б.б.

«Қазақстан тарихы» очерктер, А; 1994ж. 157-159 б.б.

Х. Маданов, Ч. Мусин «Ұлы дала тарихы» А; 1994 ж. 82-83 б.б.

Тақырыбы: Талас жазу ескерткіштері.

Өту тәсілі: сұрақ-жауап.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Тапсырма №1

  1. Рухани мәдениет.

  2. Тіл және жазу.

Тапсырма №2

  1. Руна жазуын тұңғыш оқыған түрколог ғалым кім?

А) 1893ж. 15 желтоқсан – В.Томсон

В) 1797ж. 15 желтоқсан – Д. Миссершмидт

С) 1650ж. 15 желтоқсан – Ф. Страленберг

D) 1889ж. 15 желтоқсан – Н. Ядринцев

2. «Түркі тілдерінің сөздігі» еңбегінің авторы кім?

А) М.Қашғари

В) Ж.Баласағұни

С) А.Жүгенеки

D) А.Йассауи

3. Көне түрік жазуы тұңғыш рет қашан табылды?

А) XVI ғ. 30ж.

В) XVII ғ. 50ж.

С) XVIII ғ. 20ж.

D) XIX ғ. 40ж.

4. Д.Миссеришмидт пен Ф.Старленберг ашқан жаңалық:

А) Ачинск маңынан археологиялық қазба тапты

В) Талас аңғарынан руналық ескерткіш тапты

С) Енисей аңғарынан руналық ескерткіш тапты

D) Жетісудан сақ дәуірінің ескерткішін тапты

Әдебиет: К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 127-129 б.б.

«Қазақ тарихы» 2004ж. №2, 47-53 б.б.

Тақырыбы: Қазақ хандығының жүздерге бөлінуі.

Өту тәсілі: сұрақ-жауап.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Тапсырма №1

  1. Жүздердің құрылған уақыты мен механизмі.

  2. Қазақ жүздерінің қалыптасу тарихы.

Тапсырма №2

1. «Жүз» деген атау қандай мағына береді?

А) Жеке мемлекет

В) Жеке халық

С) Тарихи-шаруашылық аймақ

D) Бір мемлекеттегі әр түрлі тілде сөйлейтін тайпалардың территориясы

2. Ұлы жүз қай атадан тарайды?

А) Ақарыс

В) Бекарыс

С) Жанарыс

D) Үйсін

3. Қазақ халқының құрамына кірген тайпалар:

А) Өзбек, Дулат, Ұйғыр

В) Қарлұқ, Алшын, Авар

С) Үйсін, Қыпшақ, Найман

D) Қимақ, Селжұқ, Бұлғар

4. Үш жүзге ортақ болған тіл.

А) Қыпшақ тілі

В) Қазақ тілі

С) Ноғай тілі

D) Ұйғыр тілі

5. Қазақ халқының этникалық тарихы өте күрделі. Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері нешеге бөлінеді?

А) 2

В) 5

С) 7

D) 10

Әдебиет: «Қазақстан тарихы» ІІ-том

«Қазақ тарихы» жур. 1995ж. №4, 21 б., №5, 20 бет, №6, 15 бет.

Тақырыбы: XV – XVIII ғ.ғ. ақын-жыраулары.

Өту тәсілі: сұрақ-жауап.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Тапсырма №1

  1. Доспамбет жырау (1490-1523 ж.ж.)

  2. Шалкиіз Тіленішұлы (1465-1560 ж.ж.)

  3. Марғасқа

  4. Жиембет жырау Бортоғашұлы

Тапсырма №2

Кестені толтырыңыз:

Есімі

Өмір сүрген уақыты

Туған жері

Шығу тегі

Тұстас өмір сүрген билеушілер

Қатысқан саяси оқиғалары

Шығармалары

Өлеңдерінің мазмұны

Әдебиет: К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 268-272 б.б.

Х.Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995ж. 71-75 б.б.

Тақырыбы: Қазақ қоғамындағы билердің рөлі.

Өту тәсілі: сұрақ-жауап.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Тапсырма №1

  1. Төле бидің атқарған рөлі.

  2. Қазақ қоғамындағы Қазыбек бидің қызметі.

  3. Кіші жүз биі - Әйтеке.

Тапсырма №2

Кестені толтырыңыз:

Есімі

Өмір сүрген уақыты

Шығу тегі

Туған жері

Жүздері

Қандай адам болғандығы туралы мәлімет

Жерленген жері

Әдебиет: Ә.Әбдәкімұлы «Қазақстан тарихы» А; 1997ж. 88-92 б.б.

«Қазақ тарихы» 1997ж. №1, 45б.

Тақырыбы: Қазақ хандарының заңдар жинағы.

Өту тәсілі: сұрақ-жауап.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Тапсырма №1

  1. Қасым ханның қасқа жолы.

  2. Есім ханның ескі жолы.

  3. «Жеті жарғы»

  4. Олардың мемлекет басқарудағы ерекшеліктері.

Тапсырма №2

  1. «Жеті Жарғы» заңы қашан шығарылды?

А) XV ғ. аяғы

В) XVI ғ. басы

С) XVII ғ. аяғы – XVIII ғ. басы

D) XVI ғ. ортасы – XVII ғ. басы.

2. Мұхаммед Шайбанидың Қасым ханға қандай туытығы бар?

А) Туған інісі

В) Жақын досы

С) Немере інісі

D) Бөлесі

3. «Жеті Жарғы» заңы бойынша ер кісіні өлтіргені үшін қандай жаза қолданады?

А) 1000 қой төлеу

В) Өлім жазасы

С) Дүре соғу

D) 7 адамның құнын төлеу

4. «Жеті Жарғы» заңдар жинағында кімдерді артықшылық жағдаймен қорғау көзделді?

А) Халықты

В) Ақсүйектерді

С) Батырларды

D) Хан ұрпағы

5. Үш тоғыз (27) не үшін төленген?

А) Адам өлтіргені үшін

В) Ұрлық үшін

С) Әйел зорлағаны үшін

D) Сатқындық үшін

Әдебиет: К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 258-262 б.б.

«Қазақ тарихы» жур. 1997ж. №5, 11-14 б.б.

Тақырыбы: Қазақ-жоңғар соғысында көзге түскен батырлар.

Өту тәсілі: сұрақ-жауап.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Тапсырма №1

  1. Қабанбай батыр

  2. Наурызбай батыр

  3. Бөгенбай батыр

  4. Абылай хан

Тапсырма №2

Кестені толтырыңыз:

Есімі

Өмір сүрген уақыты

Шығу тегі

Туған жері

Ерлік жолына түскен жас шамасы

Қатысқан шайқастары

Жерленген жері

Әдебиет: К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж 285б.

Ч.Мусин «Қазақстан тарихы» А; 2003ж. 114-121 б.б.

Тақырыбы: Қазақ хандарының сыртқы саясаты.

Өту тәсілі: сұрақ-жауап.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Тапсырма №1

  1. Оның бағыт-бағдарлары.

  2. Жоңғарлардың шабуыл жасауы.

  3. Қазақстанның Ресеймен Қытаймен қарым-қатынасы.

  4. Абылай хандығы.

Тапсырма №2

  1. XVIII ғ. Қазақ хандығына солтүстіктен қауіп төндірген кімдер?

А) Башқұрттар

В) Сібір қазақтары

С) Қоқан хандығы

D) Жоңғария

2. 1723ж. жоңғардың 70 мың әскерін қазақ жеріне бастап әкелген қоңтайшы?

А) Цеван-Рабдан

В) Галдан-Церен

С) Әмірсана

D) Лама Доржы

3. Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған қазақ өлкесі:

А) Сырдария бойы

В) Шығыс Түркістан

С) Жетісу

D) Ташкент

4. Кіші жүз билеушілерінің бірі Әбілхайыр қай жылы жетекші хан болып танылды?

А) 1723 ж.

В) 1724 ж.

С) 1725 ж.

D) 1726 ж.

5. Ұлытау құрылтайына Абылай көтерген мәселелер ішінен қатесін табыңыз:

А) Қазақ ақсүйектерін біріктіру

В) Ресейге елшілік жіберу

С) Жоңғарлар басып алған жерлерді қайтару

D) Қытаймен дипломатиялық байланыс орнату

Әдебиет: К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж 265-268 б.б.

«Қазақстан тарихы» очерктер А; 1994ж. 159-162 б.б.

«Қазақ тарихы» жур. 1996ж. №2, 44-47 б.б.

Тақырыбы: Әбілхайыр хан қазақтың аса көрнекті әскери саяси қайраткері.

Өту тәсілі: сұрақ-жауап.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Тапсырма №1

  1. Әбілхайыр ханның мақсаттары.

2. Әбілхайыр қай жылы жетекші хан болып танылды.

3. Кіші жүз ханы Әбілхайырдың беделі өсіп, қандай рулар оны аға хан ретінде мойындады.

Тапсырма №2

Кестені толтырыңыз:

Есімі

Деректердегі жазылуы

Ел билеген жылдары

Шығу тегі

Ішкі жағдай

Сыртқы жағдай (соғыс жүргізді)

Дипломатиялық байланыс жасады

Жерленген жері

Әдебиет: К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж 292-298 б.б.

«Қазақ тарихы» жур. 1995 ж. №6, 7-13 б.б.

Тақырыбы: Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668-1781 ж.ж.)

Өту тәсілі: сұрақ-жауап.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Тапсырма №1

  1. XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі.

  2. Абылайханның ақылшысы.

  3. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына әсер еткен кеңесші.

Тапсырма №2

Кестені толтырыңыз:

Есімі

Өмір сүрген уақыты

Туған жері

Шығу тегі

Тұстас өмір сүрген билеушілер

Қатысқан саяси оқиғалары

Шығармалары

Өлеңдерінің мазмұны

Әдебиет: К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж 318.б.

«Қазақ тарихы» жур. 1994 №1

Егемен Қазақстан газеті, 1999 ж. 8-шілде.

Тақырыбы: XVIII ғасырдағы ұлт-азаттық көтерілістер.

Өту тәсілі: сұрақ-жауап.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Тапсырма №1

  1. Қазақтардың Е.И. Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы.

  2. Көтерілістің алғы шарттары.

  3. Кіші жүз қазақтарының көтерілісі үш кезеңге бөлінуі.

  4. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі.

  5. Сырымның мақсаты.

Тапсырма №2

Кестені толтырыңыз:

Болған оқиға

Мерзімі

Қамтыған территориясы

Қозғаушы күштер

Көтерілістің себептері

Көтерілістің мақсаты

Әдебиет: К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж 308-314 б.б.

«Қазақстан тарихы» очерктер А; 1994 ж. 162-163 б.б.

Тақырыбы: ХІХ ғасырдың басында Жайық пен Еділ арасындағы Бөкей хандығы.

Өту тәсілі: сұрақ-жауап.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Тапсырма №1

  1. Бөкей хандығындағы жер мәселесі.

  2. Таптық және отарлық езгінің күшеюі.

  3. Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

  4. Көтерілістің басты мақсаты.

Тапсырма №2

Кестені толтырыңыз:

Болған оқиға

Мерзімі

Қамтыған территориясы

Қозғаушы күштер

Көтерілістің себептері

Көтерілістің мақсаты

Әдебиет: К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж 336-338 б.б.

Ч.Мусин «Қазақстан тарихы» А; 2003ж. 137-139 б.б.

Тақырыбы: 1847-1858 жылдардағы көтеріліс.

Өту тәсілі: сұрақ-жауап.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Тапсырма №1

  1. Есет батыр бастаған көтеріліс.

  2. Патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы көтерілісі.

  3. Көтерілістің мақсаты.

Тапсырма №2

Кестені толтырыңыз:

Болған оқиға

Мерзімі

Қамтыған территориясы

Қозғаушы күштер

Көтерілістің себептері

Көтерілістің мақсаты

Әдебиет: Ч.Мусин «Қазақстан тарихы» А; 2003ж. 160 б.

К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж 368-369 б.б.

Х.Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1994ж. 149-163 б.б.

Тақырыбы: ХІХ ғасырдың І-жартысындағы қазақ мәдениеті.

Өту тәсілі: сұрақ-жауап.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Тапсырма №1

  1. Азаттық күресінің жалынды жыршысы, ақын Махамбет Өтемісұлы (1803-1846 ж.ж.)

  2. Қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уалиханов (1835-1865 ж.ж.)

  3. Педагог ағартушы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 ж.ж.)

Тапсырма №2

Кестені толтырыңыз:

Аты-жөні

Өмір сүрген жылдары

Туған жері

Шығу тегі

Ақындығы туралы

Туындыларының тақырыбы

Шығармаларының негізгі мазмұны

Әдебиет: К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж 292-298 б.б.

Х.Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1994ж. 164-165 б.б.

Тақырыбы: Қазақстандағы сауда байланыстары.

Өту тәсілі: сұрақ-жауап.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Тапсырма №1

  1. Қазақстандағы сауданың жаңа түрі.

  2. Жәрмеңкелік сауданың енгізілуі.

  3. Жәрмеңкелердің ірі сауданың қолайлы түріне айналуы.

Тапсырма №2

  1. ХІХ ғ. І-жартысында Қазақстан экономикасындағы ірі өзгеріс:

А) Жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің пайда болуы.

В) Шетелдермен сауданың дамуы.

С) Мал шаруашылығының өркендеуі.

D) Үй құстарын өсіру.

2. Қазақ жеріндегі тұңғыш сауда жәрмеңкесі Кіші Орда ставкасында қай жылы ашылды?

А) 1820 ж.

В) 1821 ж.

С) 1822 ж.

D) 1835 ж.

3. Семейдегі қалалық жәрмеңкелер қашан ашылды?

А) 1855 ж.

В) 1860 ж.

С) 1869 ж.

D) 1872 ж.

4. ХІХ ғ. басында Шыңған мен Қазақстан арасындағы маңызды сауда орталығы болған Коряков қазіргі қандай қала?

А) Аягөз

В) Өскемен

С) Павлодар

D) Семей

5. «Үлкен Тибет» жолын ашқан грузін копесін атаңыз.

А) М.Рафаилов

В) Г.Глазенап

С) С.Мадатов

D) Ю.Головкин

Әдебиет: Х.Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1994ж. 121-122 б

Ч.Мусин «Ұлы дала тарихы» А; 1994ж. 127 б.