Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Казастан тарихы.doc
Скачиваний:
53
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.27 Mб
Скачать

5. Тақырыптық дәрістер.

1-дәрiс.

Тақырыбы: Ежелгi дәуiрдегi Қазақстан.

Дәрістің мазмұны: 1.Ежелгi дәуiр. Адамның қалыптасуы. Тас дәуiрi кезеңдерi.

2.Адамзаттың түрлерi.

3. Қола дәуірі. Қола дәуiрiне тән ескеркiштер.

Мақсаты: Студенттерге өткен тарихымыз туралы жалпылама түсінік беру.

1.Ежелгi дәуiр. Адамның қалыптасуы. Тас дәуiрi кезеңдерi.

Адамзат тарихы тас дәуiрi қола дәуiрi және темiр дәуiрi болып үш кезеңге бөлiнедi. Ежелгi тас дәуiрi адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердiң бiрi. Бұл кезде адамдар жерден бауырын көтерiп, екi қол еңбек әрекетiне бейiмделдi. Мұның өзi алғашқы адам iспеттес тiршiлiк иелерiнiң күнкөрiс үшiн тас құралдарын жасауына мүмкiндiк бердi. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының, ең ұзаққа созылған тас дәуiрiнiң уақытын шартты түрде белгiлеуге мұрындық болды.

Алғашқы адам тақiлеттес тiршiлiк иелерi мен оның қарапайым шаруашылығының қалыптасу кезеңiн қамтитын ежелгi тас дәуiрi өндiргiш күштердiң өте төмен деңгейiмен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсiбiнiң мәнi табиғаттың дайын өнiмдерiн пайдаланумен шектелген. Олар өздiгiнен өсiп тұрған дәндердi, жемiс-жидектердi терiп жеп, жабайы аңдарды аулап, олардың етiмен қоректенедi. Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың теңдiгiне, еңбек бөлiнiсiнiң жынысқа, жасқа қарап реттелуiне негiзделедi.

Палеолит дәуiрiндегi адамдар қоғамдық ұйымдасу мен дамудың ұзақ және күрделi сатысынан өттi. Оның бастапқы кезеңiнде табиғаттың дүлей күштерiнен қорғану, шабуыл жасау, аң аулау, жемiс теру үшiн бiрiгiп, белгiлi бiр тобыр құру керек болды. Рулық қарым-қатынас қалыптасқанға дейiнгi бұл әлеуметтiк құрылымда қоғамдық қатынастар дамып, жетiлмеген едi, үй шаруашылығы да болған жоқ.

2.Адамзаттың түрлерi.

Еңбекке бейiмi бар, адам тақiлеттес ең әуелгi тiршiлiк иесi ғылымда «презинджантроп»ген атпен белгiлi. Оның сүйектерiнiң қалдықтары Шығыс Африкадан табылған. Ғылымда «Homo habilis» («шебер адам») деп аталып кеткен ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмiр сүрген. Оның миының аумағы 652 см. (куб), яғни ертедегi маймылдың миынан әжептәуiр көлемдi де салмақты болған. «Шебер адамның» еңбек құралы маьта тастың сындырылған түрлерiнiң қырлары пышақ сияқты өткiрленiп, кесу үшiн пайдаланылған.

Адамзаттың дамуындағы тас дәуiрiнiң орта және соңғы кезеңдерiне сәйкес келетiн «Homo erectus» («түрегелген немесе бойын жазған адам») питекантроп және синантроп болып екiге бөлiндi. Оның алғашқысы мен соңғысының араларында дамудың, жетiлудiң оң өзгерiстерi болғаны, сонымен бiрге олардың дамуында сабақтастық бары байқалады.

Бiрiншi питекантроп 1891 жылы Ява аралында табылды. Питекантроп бұдан бiр миллиондай жыл бұрын өмiр сүрген. Ол «Homo habilis»-пен салыстырғанда елеулi эволюциялық өзгерiстерге ұшыраған. Ми көлемi үлкейiп, бас сүйегi мен жақ сүйектерi кiшiрейген, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерген.

Синантроп 1927 жылы Чжоу-коу-дянь үңгiрiнен табылды. Одан синантроптың сүйектерiмен бiрге әр түрлi формадағы тас құралдар, ошақта көп жатқан тастар және төменгi антропоген (геологиялық жер қыртысы) тарихындағы ширектiк дәуiр фаунасы жануарларының көп сүйектерi кездескен. Бұдан синантроптар сол кездiң өзiнде-ақ от жағуды бiлген деген қорытынды жасауға болады.

Тас дәуiрiнiң тарихында мезолит пен неолит бiздiң заманымыздан бұрынғы XII-X ғасырларды және V-III мың жылдықтардың арасын қамтиды (мезолит-орта тас дәуiрi, неолит-соңғы тас дәуiрi). Ол кезде табиғат осы заманғы бейнеде болды. Жануарлар дүниесiнiң құрамы өзгерiп, аңшылар көбiнесе бизон мен жылқы, жабайы ешкi мен киiк, қоян, үйрек аулады. Мезолит заманындағы адамдардың садақ пен жебенi ойлап шығаруы үлкен жетiстiк едi және осы тұста микролиттер-үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрiздi ұсақ қалақтар қолданылды.

3.Қола дәуiрi. Қола дәуiрiне тән ескеркiштер.

Бiздiң заманымыздан бұрынғы II мың жылдықта мал және егiншiлiк шаруашылығымен қоса металл өңдеу кәсiбi дами бастады. Мұның өзi Қазақстан жерiндегi әлеуметтiк-экономикалық жағдайларды өзгертугi жол ашты. Мал өсiрушi тайпалар iрi және қуатты бiрлестiктер құрды. Бұлардың арасында әр түрлi себептермен келiспеушiлiктер туып, қарулы қақтығыстар да орын алды. Қару ендi жабайы аңдарды аулау үшiн ғана емес, сонымен қатар тайпалардың соғыстарында да жиi қолданылды. Қару жасау бiрте-бiрте металл өңдеудiң дербес саласына айналды.

Б. з. б. II мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын жасауды меңгерген. Қола-әр түрлi өлшемдегi мыс пен қалайының, кейде сүрменiң, күшәланың, қорғасының қорытпасы. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балқыту температурасы төмен, түсi алтын сияқты әдемi болып келедi. Ол еңбек құралдары мен қару жасау үшiн қолданылатын негiзгi шикiзат болып табылады. Қазақстан жерiнде түстi металдардың, әсiресе қалайы мен мыс рудаларының көп кездесулерi металл өңдеу кәсiбiн кеңiнен пайдалануға негiз болады.

Қола дәуiрiндегi экономикалық басты-басты екi бағыттағы: мал шаруашылығы мен металл өңдеу кәсiбiнiң тез дамуы, ең алдымен еркектердiң еңбегiн қажет еттi. Мұның өзi қоғамда еркектер рөлiнiң күшеюiне әкелдi. Сөйтiп, аналық рудың орнына аталық ру (патриархат) пайда болды. Қоғамдық өмiрдегi iрi өзгерiстер өндiрiстiк күштердiң өсуiне, қоғамдық еңбектiң мамандануына, патриархаттық қатынастың дамуына байланысты едi. Жеке отбасылар бөлiнiп оқшауланды, меншiк ұлғайып кеңейдi, рулық қауым iшiнде мүлiк теңсiздiгi көрiнiс бере бастады.

Қола дәуiрiнде Сiбiрдiң, Қазақстанның және Орта Азияның кең-байтақ далаларын тегi және тарихи тағдырының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендедi. Бұл тайпалар бiр үлгiдегi, бiр-бiрiне ұқсас мәдениет қалдырды. Олар қалдырған ескерткiштiң табылған жерi Ачинск маңындағы Андроново селосының атымен ғылымда шартты түрде «Андронов мәдениетi» деп аталады.

Андронов мәдениетiнiң негiзгi орталықтарының бiрi-Қазақстан жерi. Археологиялық деректерге қарағанда, Андронов мәдениетi дәiрiнде халықтың басым көпшiлiгi отырықшылықта өмiр сүрген. Өзендердiң, көлдердiң жағасындағы жайылымы мол жерлерге орналасқан патриархаттық отбасылардың үйлерi мен үлкен жертөлелерi болған. Олардың жанынан әр түрлi шаруашылық жайлар мен мал қамайтын орындар салынған. Өйткенi, бұл кезде мал қамайтын орындар салынған. Өткенi, бұл кезде мал бағу кәсiбi басымырақ едi. Тайпалар малшылық-егiншiлiкпен аралас шұғылданады.

Орталық Қазақстанда қола дәуiрiнiң соңғы кезеңiнде (б. з. б. X-VIII ғасырлар) Андронов мәдениетiмен салыстырғанда анағұрлым жоғары Дәндiбай-Беғазы мәдениетi болғанын бiлемiз. Ол Қарағанды қаласы маңындағы Дәндiбай ауылында және Балқаштың солтүстiк төңiрегiндегi Беғазы қойнауында қола ескеркiштерi алғаш қазып алынған жерiне қарай аталған. Дәндiбай-Беғазы мәдениетi Атасу өзенiнен Ертiске дейiнгi байтақ даладан табылған көптеген ескерткiштермен сипатталынады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы II, Ортау II, Байбала II, Бөсоба, Бұғылы III кешендерi жатады. Бұл ескеркiштерге тән нәрсе, бiр жағынан, андроновтық дәстүрлердiң сақталуы, екiншi жағынан, мәдениеттiң жаңа элементтерiнiң тұрпаты ерекше бейттiк тамдардың, жатаған, домалақ ыдыстардың пайда болуы. Жерлеу ғұрпы кейiнгi, ерте темiр дәiрiнде Қазақстан жерiнде тұрған малшы тайпаларда кеңiнен тараған.

Қола дәуiрiндегi тайпалардың дiни нанымдары мен сенiмдерiне келетiн болсақ, ол тұстағы адамдардың тұрмасы мен әл-ауқаты түгелдей табиғатқатәуелдi болғандықтан, олар табиғат күшiн киелi рух деп бiлген. Бұл күштер ең алдымен су, күн, от, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi едi. Күн мен от, жарық, жылылықты бередi, мұның бәрi қайырымды құдiреттi рухтармен байланыстырылды. Адам мен жануарларға сусыз өмiр жоқ, сондықтан суға да, сол сияқты ай мен жұлдызға да табыну сияқты наным күштi болды.

Қола дәуiрiнiң тайпалары ата-бабаларына сыйынған және о дүниеге сенген. Ауру адамдарды емдеу және оларды өлiмнен сақтап қалу әрекеттерi де болып отырған. Ол әрекеттер нәтиже бермеген жағдайда өлген адамды о дүниеге қажет деп санаушылық, о дүниеде тамақ керек деп, тамақпен, киiммен, еңбек құралдарымен, қару-жарағымен, сәндiк заттарымен барынша жақсылап көму қола дәуiрiндегiлерге тән рәсiм.

Қола дәуiрiнде күнге, отқа, суға, айға, жұлдыздарға және қорғаушы рухтарға арнап құрбан шалу ғадетi де болған. Кейiн келе адамның ой-өрiсiнiң өсуi нәтижесiнде, оның өзi туралы және табиғат туралы ұғымы күрделене түстi, сөйтiп, дiни дүниетаным келiп шықты.

Қорытып айтқанда, қола дәуiрiнiң соңғы кезiнде отбасылық және қауымдық топтық еңбектiң кезiнде өндiрiстiк жабдықтарға және өндiрiс өнiмiне ортақ меншiктiң пайда болуына байланысты қоғамда қауымдық құрылыс ыдырап, отбасылық меншiк алға шықты.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Тас дәуірінің кезеңдерін ата.

  2. Еңбек құралдары мен шаруашылығы.

  3. Қола дәуірі, кезеңдері.

  4. Мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы.

  5. Қола дәуірінің кезеңдерін ата, олардың ерекшілігі.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» дәріс курсы І, А; 2004ж. 24-36 б.б.

  2. «Қазақстан тарихы» очерктер, А; 1994ж. 17-30 б.б.

  3. Қ. Салғарұлы «Алтын тамыр»

  4. С. Өтениязов «Атилла»

  5. Ә. Әбдәкімұлы «Қазақстан тарихы» А; 1997ж. 34-38 б.б.

2 дәрiс.

Тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар.

Дәрістің мазмұны:

1.Сақтар. Олар туралы жазба мәлiметтер. Шаруашылық түрлерi.

2.Үйсiндер және қаңлы мемлекеттерi.

3.Ғұндар. Сармат-савромат тайпалары.

1.Сақтар. Олар туралы жазба мәлiметтер. Шаруашылық түрлерi.

Қазақстан жерiнде тұрған ежелгi тайпалар темiрден заттар жасауды игерiп, қуатты тайпа одақтарын құоған. Қолына көп мал жинаған iрi бай отбасылары жердi әрдайым ауыстырып, өзен бойларын ғана емес, сонымен қатар далалық және шөлейт жерлердi, Тянь-Шаньның биiк таулы бөлiктерiн бiрте-бiрте игере бастаған, Жұрт темiрдi пайдасына жаратып, атқа ауыздық салуды үйренген, сөйтiп атты алысқа қатынайтын аса маңызды көлiкке айналдырған iрi байфеодалдар қоғамдағы ықпалды күшке айнала бердi.

Бiздiң заманымыздан бұрынғы V ғасырдың 40-жылдары аяғында грек тарихшысы Геродоттың «Тарих» аталатын еңбегiнде және басқа қолжазбаларда бiздiң заманымыздан бұрынғы I мың жылдықтың орта шенiнде Орта Азия және Қазақстан жерiнде Сақ деп аталатын бiрнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақ массагеттер, даилар, қаспийшiлер, есседондар, кейiнiректе аландар, савроматтардан тұрған. Персия патшасы I Дарийдiң Накширустамдағы (Персополға жақын) тас жазуларында Сақ тайпалары үш топқа: Сақ-хаумаваргаларға (Геродоттың Амюргей скифтарының атына ұқсайды), Сақ-тиграхаудаларға (төбесi шошақ бас киiмдерi бар сақтар), Сақ-парадарайяндарға бөлiнедi делiнген. Бiрiншi топтағы сақтар Ферғана жерiнде мекендесе, екiншiлерi-Сырдарияның арғы бойы және Жетiсу жерiн жайлап, үшiншiлерi-еуропалық скифтер немесе Әмударияның арғы жағындағылар болған.

Геродоттың айтуынша: «Сақтар-скиф тайпалары, бастарына тiк тұратын төбесi шошақ тығыз киiзден iстелiнген бөрiк және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған.»

Сақ дәулетiнiң iргесiн қалаушы Алып Ер Тұңға (Афрасиаб) болған деген деректер бар. Сақтар көк тәңiрiне табынған. Олардың жазуы рун жазуы, яғни түркi жазуы, тiлi-Алтай тiлдiк тобынан өрбiген түркi тiлi.

Сақ тайпалары көшпелi және жартылай көшпелi мал шаруашылығымен айналысты.

2.Үйсiндер және қаңлы мемлекеттерi.

Сюннулар (хунну немесе ғұндар деп аталды) әсiресе б. з. б. III ғасырда мейлiнше күшейдi. Тайпалардың бұл тобының аты қайдан шыққаны белгiсiз. «Ғұн» деген атаудың өзi кейiнiрек сюнну (хунну) деген аттан шыққан деп болжанды.

Мөде ғұндарды күштi державаға айналдыру үшiн реформалар жүргiздi. Мөденiң басшылығымен ғұндар Саян-Алтай тайпаларына және үйсiндерге шабуыл жасап, оларды өзiне қаратты.

Б. з. б. 47 жылы ғұндар державасы оңтүстiк және солтүстiк ғұндар болып екiге бөлiндi.

Усундер туралы не бiлемiз? Батыс усундердiң шекарасы Шу және Талас өзендерi арқылы өтiп, Қаратаудың шығыс бөлiктерiне дейiн созылып жатқан. Усундердiң қол басқарушысын гуньмо деп атаған. Усун гуньмосының ордасы Чигу-Чэн («Қызыл-Аңғар қаласы») болған. Ол ертеден белгiлi «Ұлы Жiбек» жолындағы маңызды сауда орталығы.

Бiздiң заманымыздан бұрынғы II ғасырда «Кангют» деген атпен Қытайға белгiлi болған кангюй түрiк тұқымдас тайпалар да болған. Сырдария және Талас өзенiнiң бойында мекендеген кангюйлердiң астанасы Битянь деген қала. Жаңа заман шегiнде Кангюй князьдiгiндегi 600 мың адамның 120 мыңы соғысқа шығатын жауынгерлер екен. Кангюйлер усундер тарапынан қысым көрiп, ғұндардан жәрдем сұрап, көмек алып отырған. Кангюй тайпасы өзiнiң сауда , әскери және саяси қызметiнде ешқашан шығысқа ұмтылған емес, өз байланыстарын басқа бағытта дамытты.

3.Ғұндар. Сармат-савромат тайралары.

Ғұндар б.з.б I мың жылдықтың басында Орталық Азияда моғол тектес аборигендер мен Солтүстiк Қытайдан шыққан Европалық түрiк тектес нәсiлге жататындардан қалыптасқан көшпелi халық. Б.з. 2-4 ғасырларда Орталық Азиядан қоныс аударған, Орал маңын мекендеушi түркi тiлдес хун тайпаларымен жергiлiктi утра және сарматтардан қалыптасқан халық. Ғұндар жұрты үш бөлiкке бөлiнген. Бiрiншiсiнiң iшiнде сюннулар болды. Екiншiсi б.з.б I мың жылдықта сыртқы Монғолияда түркi монғол тiлiнде аралас сөйлеген сәнбилер. Үшiншiсi түркi тiлiнде сөйлеген тайпалар қоныстанған орта. Сармат-савромат тайпасы Каспий теңiзiнiң терiстiгiнде, шығыста Едiл өзенiне дейiнгi, солтүстiкте Жайық өзенiнiң басына дейiнгi жерлерде тұрғаны белгiлi.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Сақ, сармат тайпаларының орналасқан жері.

2. Археологиялық ескерткіштері, саяси тарихы.

3. Қаңлы мемлекеті, оның территориясы.

4. Үйсіндер оның шығу тегі, шаруашылығы.

5. Ғұндар, саяси тарихы.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» дәрістер курсы І, А; 2004ж. 44-77 б.б.

2. «Қазақстан тарихы» очерктер А; 1994ж. 30-54 б.б.

3. «Қазақстан тарихы» І-ші том. А; 1996ж. 349-361 б.б.

3-дәрiс.

Тақырыбы: Ерте ортағасырлық мемлекеттер.

Дәрістің мазмұны: 1.Түркiлердiң тегi туралы деректер мен зерттеулер.

2.Қарлұқтар.

1.Түркiлердiң тегi туралы деректер мен зерттеулер.

VI-X ғасырларда алғашқы феодалдық мемлекеттер Батыс түрiк қағанаттары едi. Бiздiң заманымыздың I мың жылдығындағы Орталық Азия жерiн мекендеген тайпалар одақтарының тарихы бұлармен өзара тығыз байланыста болды. V ғасырға қарай Солтүстiк Сонғолиядан Орта Азияның Әмудария өзенiнiң бойына дейiн созылған кең-байтақ жердiң бәрiн тирек (телэ) деген жалпы атпен бiрнеше тайпа мекен еттi. Солардың бiрi-түрiк тайпасы болды. Түрiк деген ат алғаш рет 542 жылы аталады. Қытайдың солтүстiк-батысына орналасқан Вэй князьдiгiне түрiктер (туцзюе) жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнiнде айтылады.

Түрiк қағанаты 603 жылы екi дербес Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлiндi. Батыс қағанатының орталығы Жетiсу жерiндегi Суяб қаласы болды.

Батыс түрiк қағанаты ежелгi усун жерiн жайлады. Ол Қаратаудың шығыс баурайынан Жонғарияға дейiнгi жердiң бәрiн алып жатты. Қағанаттың негiзгi этникалық-саяси ұйтқысы-«он тайпа» он-оқ будунның мекендеген жерi де осы ара болған.

2.Қарлұқтар.

VIII ғасырдың орта кезiнде Қазақстан жерiндегi Түргеш қағанатын қарлуқтар талқандап жеңiп, оның орнына 756 жылы түрiк тiлдi олардың тайпалары келiп орналасты. Олар Батыс Алтайдан көшiп келiп, Жетiсу жерлерiн өздерiне қаратып басып алды.

Қарлұқ тайпаларының әуелгi орналасқан аймағы Батыс Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке болды.

Жазба деректерге қарағанда, Қарлұқ туралы алғашқы деректер «Сүй әулетi тарихында» (581-618 жылдар) кездеседi.Онда қарлұқтар өздерiнiң басты руының атымен Ақтағ (Алтай) баурайларында мекендеген, бұлақ (було) деп аталған. Қарлұқ тайпалары VIII-X ғасырларда Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап Сырдарияның орта бойына дейiнгi кең-байтақ жерлердiң бәрiнде қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстықкөлдiң арасын, Ыстықкөлдiң айналасын, Iле, Шу, Талас аңғарларын, Тянь-Шаньның баурайларын мекендедi.

Қарлұқтардың құрамына үш iрi ру бiрлестiктерi-Моула, Чжисы және Ташли кiрдi. Қарлұқтардың көсемдерiн жабғу деп атаған. Олардың астанасы Қойлық қаласы болды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Түрік қағанатының құрылуы.

2. Оның экономикасы, әлеуметтік жағдайы, территориясы, саяси тарихы.

3. Қағанат нешеге бөлінеді, оларды ата.

4. Қарлұқ мемлекеті, саяси тарихы.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» дәрістер курсы І, А;2004ж. 91-117 б.б

2. «Қазақстан тарихы» І том. А; 1996ж. 296-332 б.б.

3. «Қазақстан тарихы» 2004ж. №2 47-53 б.б.

4-дәрiс.

Тақырыбы: Дамыған ортағасырлық мемлекеттер.

Дәрістің мазмұны: 1.Қарахан мемлекетi.

2.Оғыз Мемлекетi.

3.Қимақ және Қыпшақ мемлекетi.

1.Қарахан мемлекетi.

942 жылы дүниеге келген Қарахан қағанаты Шығыс Түркiстан, Жетiсу, Сырдария, Талас, Шу өңiрiн құтты қоныс еттi. Оның орталық астанасы Шу өзенi бойындағы Баласағұн, кейiнiрек Ордакент (Тараз) қаласы болды. Қарахан мемлекетiнiң Үзген, Мерке, Құлан сияқты қалаларында қағанаттың iрi алпауыттары мен қолөнершiлерi мекендеген.

Қарахан әулетiнiң негiзiн салушы Сатұх Боғра хан болып есептелiнедi. Қарахан хандығының iргесiн көтерiп, мәртебесiн асырушылардың арасында Бiлге Күл Қадыр хан, Әбдулкәрiм, Сатұқ Қара хан, Сүлеймен Жүсiп, Мұхаммед Насыр, Ыбырахым Арыстан, Қылыш Арыстан сияқты бiртуар адамдар болған. Сатұх Тараз және Қашқар қалаларын өзiне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушiнi құлатып, өзiн жоғарғы қаған деп жариялайды. Қарахан мемлекетiнiң тарихы осы уақыттан басталады. Сатұх өлгеннен кейiн билiк оның баласы Мұсаға көштi, ол 960 жылы Қарахан мемлекетiнiң халқын ислам дiнiне қаратты.

2.Оғыз Мемлекетi.

Оғыз мемлекетi – IХ ғасырдың ортасы мен ХI ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгi ағысы мен оған келiп қосылатын Батыс Қазақстан жерiнде пайда болған оғыз тайпаларының ежелгi феодалдық мемлекетi. Сiрә, оғыздардың бастапқы қоныстанған жерлерi Орта Азияның Оңтүстiк шығыс аймақтары болса керек. Ертедегi оғыздардың топтасып қалыптаса бастауы Батыс Жетiсу жерiмен байланысты. Оғыз мемлекетiнiң астанасы – Янгикент Едiл жағалауы мен Маңғышлақ, Үстiрттi басып өтiп, Европа мен Азияны жалғастыратын маңызды жол тораптарының тоғысқан жерiнде орналасқан. Янгикент арқылы маңызды керуен жолдары қимақтар елiне, Хорезм мен Мауаранахрға өтетiн. Янгикент билеушiлерiнiң мемлекет құрамы бiр тектi болмады. Оғыздардың құрамына ежелгi тайпалар ретiнде негiзiнен түркiленген Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларын мекендеген этникалық топтар және Жетiсу мен Сiбiрдiң жартылай көшпелi және көшпелi ру-тайпалары кiрдi. Оғыз мемлекетiнiң басында “жабғу” (яғбу) деп аталатын жоғары басқарушысы тұрды.

3.Қимақ және Қыпшақ мемлекетi.

Қимақ деген ел аты орта ғасырлардағы араб, парсы авторларының жазба деректерiнде жиi кездесiп отырды. ХI ғасырда Махмуд Қашқари “Диуани лұғат ат-түрiк” деген еңбегiнде қимақ елiн имақ деп атаған. Қимақтар VII-ғасырда Ертiс алқабымен Алтай тауының солтүстiгiнде қоныстанған. Ол кезде қимақ тайпалары Батыс Түркi қағандығының құрамында болған. Батыс Түркi қағандығы ыдырай бастаған кезде қимақтар одан бөлiнiп шықты. Олар VIII-ғасырда Ертiс өзенiнiң орта ағысын иемденiп бiрте-бiрте батысқа қарай iргесiн кеңейтiп, IХ-ғасырдың басында Жетiсудың солтүстiк батысындағы Алакөл алқабына дейiнгi жердi қамтыды. Балқаш көлi қимақ тайпаларымен қарлұқ тайпаларының арасындағы табиғи шекара едi. 840 жылы Монғолиядағы ұйғыр хандығы құлағаннан кейiн қимақтар күшейiп iргелi елге айналды.

Түркi халқының құрамына қосылған ежелгi тайпалардың бiрi - қыпшақ. Қыпшақтар түркi халқының және түркi тiлiнiң қалыптасуында маңызды роль атқарды. “Қыпшақ” деген ат түркi тiлдерiндегi тарихи деректерде әр алуан формада кездеседi. Мұсылман тарихшыларымен орыс жылнамашылары көшпендi қыпшақтардың саны көп және олар Шығыс Қазақстанда, ал кейiн Орал бойымен Орталық Қазақстанды мекендедi, ұлан байтақ далада жетекшi тайпалардың бiрi болды дейдi.

Қыпшақтар жартылай отырықшы халық болған. Олар Орта Азиялық Сығанақ, Түркiстан, Мерке, Тараз, Отырар қалаларының негiзгi тұрғындары болды. Қыпшақтар Шығыс халықтарымен (Орта Азия, Орталық Азия, Иран, Серия) Батыс елдермен (Ресей, Шығыс Европа) және Оңтүстiк (Византия) елдерiмен әскери сауда, экономикалық, шаруашылық, саяси, әкiмшiлiк қарым-қатынастар жасап отыды. ХII ғасырдың 2-жартысында Хорезм шахы қыпшақ қол астындағы Жент қаласын басып алып, қыпшақ даласының iшiне қарай бiрнеше рет жорық жасайды. Көп кешiкпей қыпшақ мемлекетi бiр жолата күйрейдi. Қыпшақтардың көпшiлiгi пұтқа табынған, ал Хорезммен қарым-қатынасқа байланысты ақсүйектердiң арасына ислам дiнiде тарай бастады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Қарахан мемлекеті, этникалық құрамы, шаруашылығы.

2. Оғыздар. Қоныстануы, этникалық құрамы, саяси тарихы.

3. Қимақтар. Олар туралы жазба деректер.

4. Қимақ қағанатының құрылуы, территориясы.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 105-112, 118-124 б.б.

2. «Қазақстан тарихы» І том. А; 1996ж. 398-434 б.б.

3. Б. Көмееков «Қазақстан тарихы», 1993ж, №16 24-29 б.б.

4.»Қазақстан тарихы» очерктер, А; 1994ж. 119-157 б.б.

5. «Қазақ тарихы» жур. 1998ж. №2, 10-13 б.б.

5-дәріс.

Тақырыбы: Қазақстан аумағы дүниежүзілік өркениет жүйесінде.

Дәрістің мазмұны:

1.Ұлы Жібек жолы, оның Қазақстанның географиялық және қалалық мәдениетінің дамуына ықпалы.

2Қазақстан аумағындағы қалалардың өсуі, мәдениет.

3. Түркілердің діни наным сенімдері.

4. ІХ-ХІІ ғ.ғ. ғалымдар мен ойшылдар.

1.Ұлы Жібек жолы, оның Қазақстанның географиялық және қалалық мәдениетінің дамуына ықпалы.

Ұлы Жібек жолы – Азиядағы сауда керуен жоларының жалпы атауы.Жазба деректерде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістан мен осы Ұлы Жібек жолы арқылы сауда қатынасы болғаны айтылады.Ұлы Жібек жолының адамзаттың географиялық таным шеңберін кеңейтудегі маңызы бүгінгі Қазақстанда халықаралық туризмді дамытудың міндеттерімен үндес болып отыр. Жібек жолымен оның бойындағы тарихи- мәдени ескерткіштер, қайталанбас табиғат көріністері дүниенің түпкір-түпкіріненкелетін туристердіің назарын өзіне аударуда. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен мәдениетті дамытудың Халықаралық онжылдығы болып жарияланған 1987-1997жж. аралығында Жібек жолын жаңғыртуға қатыстыжобалар жасалып, жүзеге асты.Қазақстан бойынша Мәдениетті қолдау жылы болып жарияланған 2000 жылы Ұлы Жібек жолы бойында қалыптасқан, Түркістанның (Яса) 1500 жылдық мерейтойы халақаралық дәрежеде атап өтілді.

Ұлы Жібек жолы – Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуроазияны көктей өтіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан торабы.

2. Қазақстан аумағындағы қалалардың өсуі, мәдениет.

Қазақстанда заттық мәдениеттің 25 мыңға тарта ескерткіші бар. Олар негізінен Сыр бойына, Отырар алқабына, Маңғыстау мен Үстіртке, Ұлытау төңірегіне, Талас-Шу аңғарына, Жетісу мен Ертіс сыртына шоғырланған. Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық қалаларының ірілері Отырар (Фараб), Тараз, Сығанақ, Түркістан (Йасы, Яса), Баласағұн, Суяб (Ақбешім), Сауран, Сайрам, Сарайшық.

Отырар – ХҮІІІ ғасырдан астам өмір сүрген ұлы қала, бүгінде өзінің үйіндісінің ауқымымен қайран қалдыратын алып төбеге айналған. Отырардың берік қамалы, айнала қазылған сулы ор үстіндегі аспалы көпірлерімен жабдықталған үш қақпасы боған.Ақша соғатын орынның, қолөнершілер тұрағының, су құбырының, нәжіс жүйесінің болуы мұндағы қала тіршілігінің астаналық сипатта болғанын көрсетеді.

Тараз – ҮІ ғасырдың өзінде-ақ белгілі болған ең көне қалалардың бірі. ҮІ – ІХ ғғ. қалалар мен қоныстар негізінен сауда-саттық және қол өнеркәсібінің орталығы ретінде қырдағы ел мен отырықшы аймақты байланыстырушы маңызды экономикалық буын ретінде өмірге келген.

Оңтүстіктегі асаірі қалалардың бірі Испиджаб (Сайрам) қаласы болды.Византия, Иран , Кавказбен, Шығыс Түркістан елдерімен сауда және мәдени байланыс жасауда Сығанақ, Қойлық сияқты қалаларөте зор рөл атқарды.

3. Түркілердің діни наным сенімдері.

Ежелгі түркілердің діни сенімдері негізінен Көкке (Тәңірге) және Жерге (Жер-суға) табыну болды. Оның ішінде Көк (Тәңір) негізі болды. Түркі қағандары тек Көк Тәңірісінің бұйрығыменбилік етеді деп түсіндірілген. Түркі хандары өз жазуларында Тәңіріні үнемі өздеріне рақымды болуға шақырады. Мазмұны жағынан келесі құдай отбасы және балалардың жебеушісі - әйел құдай Ұмай болды. Орта ғасырда барлық түркі тілді тайпалардың сенімдеріне сонау өткен ғасырда-ақ, Алтайда сақталған қасиетті тауларға (ыдуқ баш) табыну үлкен маңызға ие болды. Түркілердің нанымы бойынша жер және суды, ормандар мен тауларды көптеген рухтар жайлаған. Құрбандық шалумен олардың көңілін жұмсартқан.

Бұл барлық сенім, нанымдар ежелгі түркі тайпалары үшін ортақ болды. Мұны орта ғасырдағы араб және парсы шығармаларында кездесетін түркілердің нанымдарына берілген үзік-үзік сипаттамалар дәлелдейді.

4. ІХ-ХІІ ғ.ғ. ғалымдар мен ойшылдар.

Түркілерден шыққан зиялы отандастарымыздың көпшілігі өз шығармаларын сол кездегіғылым, білім, өнер тілі – араб тілінде жазылды. Солардың бірі Отырардан шыққан Әбу Насыр әл-Фараби. Оның шығармалары дүние жүзіне белгілі. Оның «Ғылымды жүйелеу», «Химия туралы толғаныс», «Физиканың негіздері туралы толғаныс», «Музыка туралы толғаныс», кітабы – іргелі ғылымдар саласынан көшелі ой айтқан көрнекті еңбектер.

Фарабиден екі ғасыр кейін өмір сүрген ғұламалар-Махмуд Қашқари мен Жүсіп Баласағұн өз шығармаларын араб әріпімен түркі тілінде жазған.

М. Қашқаридің «Дивани лұғат ат-түрік» атты еңбегі 1072 ж. 25 қаңтарда басталып, 1074 ж. 10 ақпанда жазалып біткен. Еңбектің түпнұсқасы бізге жетпеген. Түркі тілдерінің М. Қашқари жасаған алғашқы классификациясы екі түрлі негізге: 1) түркі халықтарының орналасу ретіне, яғни географиялық мәліметтерге, 2) түркі тілінің әрбір тобының өзіне тән фонетикалық және морфологилық қасиеттеріне, яғни лингвистикалық қасиеттерге сүйенген. Жүсіп Баласағұнидың ХІ ғасырда түркі тілінде жазған педагогикалық трактаттары кең өріс алды. Оның «Құдатғу білік» атты кітабы – сол кездегі түркі тілді халықтардың дүниетану тақырыбындағы алғашқы шығарма.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Ұлы Жібек жолы, оның Қазақстандық тармақтары мен бөліктері.

2. Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан қалалары, олардың құрылысы мен қызметі.

3. Түркілердің наным-сенімдері.

4. ІХ-ХІІ ғ.ғ. ғалымдар мен ойшылдар, олардың еңбектері.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. «Қазақстан тарихы» І том. А; 1996ж. 349-361, 454-462 б.б.

2. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» дәрістер курсы І, А; 2004ж. 78-85, 125-144 б.б.

3. «Қазақ тарихы» 2004ж. №2 47-53 б.б.

4. «Қазақстан тарихы» очерктер, А; 1994ж. 159-162 б.б.

6-дәріс.

Тақырыбы: Моңғол шапқыншылығы қарсаңындағы Қазақстан.

Дәрістің мазмұны:

1. Темучин және Шыңғысхан басқарған моңғол мемлекетінің құрылуы.

2. Шыңғысханның көршілес тайпаларымен соғысының қорытындысы.

1. Темучин және Шыңғысхан басқарған моңғол мемлекетінің құрылуы.

ХІІІ ғ. басында моңғол мемлекеті құрылды. Мемлекет басында орманды алқаптың аң аулау кәсібі мен қырдың мал өсіруші тайпаларының басын біріктірген Темучин тұрды.Тайпалардың басым көпшілігі олардың ең күштісі татартайпаларының атымен аталған. Біртіндеп Монғол мемлекетініңнығаюына байланысты монғол – татар тайпалары деген біріккен саяси этникалық мағынаға ие болды.

Темучин 1155 ж. атақты ноян Есуки баһадүрдің семьясында дүниеге келген. Темучин тайпалар арасындағы күресте өзінің батырлығымен ержүрек жауынгерлігімен танылған. Көп ұзамай бүкіл Моңғолиядағы тайпалардың өз қол астына біріктірген. Темучин керейттермен наймандар ұлысының билеушілерін талқандаған кезде ол орталық азия даласындағы бірден-бір құдіретті қолбасшыға айналып, мұны саяси тұрғыдан баянды етті.

1206 ж. онон өзенінің сағасында бүкіл моңғолдық құрылтай шақырылып, Темучинді моңғолдардың билеушісі Шыңғыс хан деп ерекше салтанатпен хан жариялады. Бар билікті өз қолына алған Шыңғыс ханның алдына қойған басты мақсаты ішкі саяси-әлеуметтік қайшылықтарды болдырмау. Ол үшін көрші жатқан халықтың жерін басып алу, соғыс жолына түсу оған үстем тап өкілдерін тарту. Сөйтіп Шыңғыс хан әскери принцип ұстанған өз мемлекетін құра бастайды. Шыңғыс хан бүкіл моңғолияны үш әскери бөлікке бөледі.

І. Оң қанат (барунғар)

ІІ. Сол қанат (жоңғар)

ІІІ. Орталық (гол)

Әрбір әскер бөлік 10000 адамнан тұрды, мыңдар-он жүзден, жүздер-ондықтардан құрылды.

2. Шыңғысханның көршілес тайпаларымен соғысының қорытындысы.

Әскери ұйымға негізделген Шыңғысхан мемлекетінің бүкіл әскері 95 мыңдыққа бөлінді.

Бұл құрылған әскери феодалдық мемлекеттің алдына қойған мақсаты жаулаушылық саясатында болды. Алғашқы жаулап алудың құрбаны болған жерлер 1207-1208 жылдары Жошының бастауымен Енесей қырғыздарымен теріскей Сібір халықтары, 1207-1209 ж.ж. Шыңғыс өзінің басшылығымен таңғұттардың Сися мемлекетін жойқын шапқыншылықпен басын алса, одан кейін ұйғырларды өздеріне тәуелді еткен. 1211-1215 ж.ж. арасында Қытай жерін басып алады. 1216 жылы Солтүстік Қытайдағы әрекет сәтті аяқталған соң моңғолдар Батысқа жылжуын қайта жалғастырды. Шыңғысхан үлкен ұлы Жошыға меркіттерді, сүйікті қолбасшысы Жебе ноянға Күшілік ханды бағындыруды табыстады. 1218 ж. Күшлік хан талқандалып, монғолдар Жетісуға келеді. Оларды жергілікті мұсылман халқы үлкен қуанышпен қарсы алды. Жебе ноян жарлық беріп, бейбіт халықтың мал-мүлкіне тиіспеуге тыйым салды., ал мұсылмандарға құдайға құлшылық етуге рұқсат берді. Осының бәріне наймандар басқаша қараған еді. Күшлік хан Бадахшанда қолға түсіп басы шабылды. Қазіргі Қазақстан жерінде, Торғай далаларында Жошы хан меркіттерді талқандады. Осы жерде оған Хорезм шахы Мұхаммед 60 мың әскермен шабуыл жасайды. Мұхаммед қыпшақтарға жорыққа келе жатқан болатын. Шайқаста ешкім жеңіске жеткен жоқ. Моңғолдар түн жамылып Шығысқа шегініп кетті. Кейінірек монғол-хорезм қатынастары асқынып, аяғы соғысқа ұласты.

Ортағасырлық қытай жазба деректері Шыңғысхан стратегиясының басты принципті белгісі - «ол әскері қарсыласының есебінде ұстауы» деп көрсетеді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Монғол мемлекетінің құрылуы, Шыңғысхан.

2. Ұлыстар, территориясы, этникалық құрамы.

3. Алтын Орда, аумағы, саяси тарихы.

4. Ақ Орда, территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы.

5. Әбілхайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай ордасы. Территориялары, саяси

тарихы.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Ә. Әбдәкімұлы «Қазақстан тарихы» А; 1997ж. 88-92 б.б.

2. «Қазақ тарихы» 1997ж. №1, 45 б.

3. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 281-292 б.б.

4. «Қазақ тарихы» жур. 1997ж. №5, 11-14 б.б.

7-дәріс

Тақырыбы: Монғол басқыншыларының Қазақстан мен Орта Азияны жаулауы.

Дәрістің мазмұны: 1. Қазақстан қалаларының қорғанысы.

2. Шапқыншылықтың зардаптары.

1. Қазақстан қалаларының қорғанысы.

Шыңғысхан өзінің көрші жатқан елдерін жаулап болған соң Қазақстан мен Орта Азияға одан әрі Батысқа қарай жылжуды көздейді. Деректемелердің хабарларына қарағанда, Шыңғысхан бұл жорыққа өте ұқыпты дайындалған. Ол Орта Азиядан, Қазақстаннан келген көпестер мен саудагерлерден Хорезм шахының, қарақытайлардың, қарахандардың ішкі саяси жағдайы туралы, олардың бір-бірімен қарым-қатынастарын, әскерлерінің құрамы туралы мәліметтер алып отырған. Сондай мәліметтің бірі қарақытайлықтармен Күшілік ханның жергілікті халыққа мұсылман дінін ұстауға тиым салуы. Арслан хан мұсылман діні үшін қарақытайларға қарсы күреске, Жетісу жеріне келіп кірген. Бұл жағдайда Шыңғысханның әскер басшылары дер кезінде пайдалана білді. 1218 ж. Жебе бастаған әскерлер Жетісуға кірсе, екіншіден Жебе өзінің әскерлеріне бейбіт халықтың мал-мүлкін тонамауды жариялайды. Найман ханы Күшілік пен қарақытайлардан ауыр зардап, зәбір көріп отырған жергілікті халық моңғол жаулаушыларына аса қатты қарсылықтар көрсете де қоймаған. Көптеген қалалар ешбір қарсылықсыз берілген. Қарахан мемлекетінің орталығы болған атақты Баласағұн қаласының өзі, моңғолдарға қарсылық көрсетпеген. Қаланы моңғолша «гобалық» - жасқы қала деп атаған. Әрине, бұл моңғол басшыларының уақытша көрсеткен сыпайылығы еді. Найман ханы Күшілік Бадақшан қаласында қолға түсіріліп, ауыр жазаланды.

Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияға қарай моңғол шапқыншылығы біршама тездей түседі. Оған басты себеп «Отырар опаты» болған тәрізді. Шыңғысхан жіберген 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1818 жылдың жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Бұл керуеннің сауда жұмысынан гөрі жансыздық іс-әрекетінің басымдығын сезген, Отырар билеушісі Қайыр хан Инаншық Хорезм шахпен келісе отырып, керуенді тұтқындап адамдарын қырғынға ұшыратады. Енді Шыңғысхан Хорезм шахы алдында Қайыр ханды қолыма бер деген талап қояды. Бірақ осы талапты айтуға келген елшілер де өлтіріледі.Жағдайды пайдаланған Шыңғысхан бұларға қарсы қауырт соғысты бастайды.

Жорық 1219 жылдық қыркүйек айында басталды. Шамамен 150 мың әскер жинаған Шыңғысхан Ертістен Сырдарияға қарай бет алды. Отырарға жеткенде моңғол әскері төртке бөлінеді: Біріншісі - Шыңғысханның екі ұлы Шағатай мен Үгедей Отырарды қоршауға қалады. Екінші Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанады. Үшінші бөлік Сырдарияның жоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстақ-кенттерді алуға, ал Шыңғысхан кіші баласы Төлемен Бұқараға қарай бет алды.

Отырар билеушісі Қайыр хан қол астында шамамен 20-50000 әскер бар еді. Қаланы қоршау 5 айға жуық созылды. Хорезмдік әскер басы Қараджа Хаджының сатқындығының нәтижесінде жау қалаға кіреді. 1220 жылдың ақпанында Отырар толығымен жау қолына көшті. Қайыр хан қолға түсіріліп ауыр жазаланды.

Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы Сыр бойындағы қыпшақтардың астанасы Сығанақ қаласын жеті күн және жеті түн қоршады. Ақыры басып алған соң тұрғындарын түгелдей қырып тастады.

Шыңғысхан қолы Сырдың боыймен жүріп отырып, Үзкент және Барышкент қалаларын қарсылықсыз-ақ алды. Ашнас қаласын қорғаған кедейлер қатты қарсылық көрсетті. Бірақ көш тең емес еді. Қала халқының қырылып кетті. Бұдан кейін Жент пен Янгикент қалалары құлады. Осының бәрі 1219-1220 жылдардың қысы мен көктемінде болған оқиғалар. Ал 1221 жылы. Үргеніш қаласын бағындырған соң Аралдың Солтүстік шығысындағы елді мекендерге бет алды. Қыпшақтар қатты қарсылық көрсеткенімен ең соңында тізе бүгуге мәжбүр болды.

Жаулап алу барысында монғол шапқыншылары халықты бағындырудың сан алуан түрлерін (дипломатиялық тәсілді, жансыздарды, үрей туғызуды, арандатуды, кепілдік, аманаталуды, т.б. қолданды. Жергілікті халықтың қарсылығын басу үшін Шыңғысхан жаппай террор мен зорлық – зомбылық, тұтас аудандарды ойрандау әдісін қолданды. Сырдария өңіріндегі қалалар мен қазіргі Оңтүстік Қазақстан қалалрымен елді мекендері осындай саясаттың құрбаны болды.

Қорыта келгенде бұл кезде Шыңғысханның жағында көптеген жергілікті феодалдар болды. Жергілікті халық басқыншыға қарсы ерлікпен күресті. Парсы тарихшысы Жувейнидің айтуынша, бес ай қоршауда тұрып, қалың жаумен шайқасқан Отырар жұртында аштық басталды. Осыған шыдамаған қолбасшылардың бірі – Қараджа хаджип түн ішінде қаланың «Суфихана » қақпасын ашып жіберіп, жау қолына қосылады. Соған қарамастан Отырар әкімі Қайыр хан бастаған қала халқы тағы да бір ай ерлікпен соғысады.

Әбілғазы баһадүрдің айтуынша Ашнас қаласының қарапайым халқы ерлікпен қарсыласып, ақыры қатты қырғынға ұшыратты. Жошы әскері қаланы бірнеше күн тонаған. Жент қаласын Хорезм шахының әскерлері қалдырып кеткенеді. 1220 ж. сәуірде Жошы қаланы қоршап, оңғұттық Чин – Темір дегенді келісімге жіберді, бірақ тұрғындар өліспей – беріспейтінін айтып, қақпаны жабады. Жошы әскері қаланы атқылап басып алады.

Халқын толық жойып жіберген қалалардың қатарында Отүстік Қазақстанның үш қаласы – Отырар, Сығанақ, Ашнас аталады.

2. Шапқыншылықтың зардаптары.

Жоғарыда жылнамада айтылғандай, тарихи деректердің хабарына қарағанда, монғолдар алғаш Оңтүстік Шығыс Қазақстаннан кіре бастағанда, олар бейбіт түрде кірген. Алайда соған қарамастан, монғол шапқыншылығынан кейін Жетісуда шаруашылықтың құлдырап кеткендігі байқалады. Ол, әсіресе, археологиялық деректерден көрінеді. Егер Жетісу жерінде монғолдар келгенге дейін 200-ге жуық елді мекен қалалар болса, XIII-XIV ғ.ғ., жиырмаға жуық қана қала қалған. Тіпті жуас қала атанған Баласағұнның өзі түп орнымен жоқ болып кеткен. Оны Мұхаммед Хайдардың мына сөзінен де көруге болады. «Баласағұнның өзі тұрмақ, оның орны қайда екені белгісіз». Ал 1253-1255 ж. Монғолияның ұлы ханы Мөңкеге барып қайтқан француз елшісі Рубрук та Жетісу жеріндегі бұзылған қалаларды, бүлінген егіндіктердің, арық-тоған жүйелері туралы жазған. Мұндай деректерді басқа да Европаның саяхатшылары мен елшілерінің еңбектерінен кездестіруге болады.

Келтірілген көріністер монғол жаулаушыларының Жетісу жеріне қанша бейбіт түрде келгенімен, ондағы жер шаруашылығының, отырықшылықтың қаншалықты бүлінгендігіне дәлел.

Ал монғол шапқыншылығы Оңтүстік Қазақстанға қарай бағыт алғанда, қандай қатыгездік болғандығын археологиялық деректер толығымен дәлелдеп отыр. Бір Отырар қаласының өзінде қаншалықты қырғын болғандығын қазіргі кезде дәл басып айту қиын. Бірақ қазба жұмысының кезінде қалаға монғол шапқыншылығының салдарын көрсететін мәдени қабатта бір жерде үюлі жатқан 15-20 адамның бас сүйектері және қаланың батыс жағындағы сол кездегі егін суғаруға Арыстан тартылған үлкен оманның 2-3 км. жуық бойына тасталған адам мәйіттерінің сүйектері бүгінгі күнге дейін жер бетіне шығып жатқандығы сол кездегі қалада болған қырғыншылықты дәлелдемек. Қазіргі кездегі Отырар маңындағы тұрғындардың айтуынша, қай жерге кетпен, күрек шапсаңыз, адам сүйегіне тап боласыз деулері және дәлелдей түседі. Отырар, Ашнас сияқты қарсылық көрсеткен қала тұрғындары түгелдей қырылып, қалалар жермен жексен болған. Шапқыншылықтың салдары Қазақстан жерін мекендеген халықтардың шаруашылығының дамуын толық тоқырауға ұшыратты.

Тоқырау тек материалдық жағынан ғана әсерін тигізіп қоймай, Қазақстан жеріндегі халықтардың қоғамдық жағынан рухани мәдениетінің дамуына үлкен кесел келтірді. Өйткені монғол қоғамының даму деңгейі Қазақстандағы дамудың деңгейінен әлдеқайда төмен еді. Әскер күшіне сүйенген, жаулаушылыққа сай құрылған көшпелі әскери феодализмнің шапқыншылығы Қазақстан жеріндегі әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына тежеу жасады. Әсіресе, жаңадан халық болып қалыптасып келе жатқан халықтық құрамның шырқын бұзып, оны екі ғасырға кешеуілдетті. Бұл шапқыншылықтың Қазақстан жеріне алым-салықтың ауыр зардабын, қайғы-қасіреттің, зорлық-зомбылықтың күшін орнатты.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Монғол әскерінің Жетісуға кіруі. Отырар опаты.

2. Шыңғысханның Қазақстан қалаларын жаулауы, Отырар қорғанысы.

3. Монғол шапқыншылығының зардаптары.

4. Шыңғысханның жауланған жерлерді үлестік жерлерге бөлуі.

5. Ұлыстардың құрылуы.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 155-178 б.б.

2.Сұлтанмұрат Сабырұлы «Қазақстан тарихы» А; 2006ж. 46-51 б.б.

3. «Қазақстан тарихы» А; 1996ж. 440-445 б.б.

4. «Қазақстан тарихы» І том. А; 1996ж. 481-485 б.б.

8-дәріс

Тақырыбы: Қазақстан территориясында құрылған мемлекеттер.

Дәрістің мазмұны:

1. Алтын Орда және Ақ Орда мемлекеттері. Территориялары, саяси тарихы.

2. Әбілхайыр хандығы. Саяси тарихы, шаруашылығы.

3. Ноғай Ордасы, Этникалық құрамы, территориясы, шаруашылығы.

4. Моғолстан мемлекеті, территориясы, шаруашылығы, саяси тарихы.

1. Алтын Орда және Ақ Орда мемлекеттері. Территориялары, саяси тарихы.

Алтын Орда мемлекетінің құрылуы жеті жылдық жорықпен байланысты. 1236-1242 жж. Жошының ұлы, Батый Еділ Бұлғариясы мен орыс князьдігін талқандап, Польшаға, Венгрияға, Чехияға, Молдовияға, Валахияға, Трансильванияға ойран салып, Еділдің сағасына қайта оралып, мұнда жаңа мемлкет – Алтын Орданы құрады. Ораның астанасы Сарай Бату, Беркенің тұсында Сарай Беркеге ауысты. Алтын Орда мемлекетінің ресми тілі – қыпшақ тілі болды. Алтын Орда Өзбек және Жәнібек хандар тұсында гүлденді.

Алтын Орда болып жалпы аталғанымен, оның өзі жеке-жеке ұлыстарға бөлініп жатқан. Олардың арасында байланыс өте нашар болған. ХІІІ ғ. 40 ж-дың өзінде Алтын Орданың өз ішінде Орда-Еженнің ұлысы ерекше бөліне бастаған. Бату хан өзінің басқа да інілеріне үлестік жерлер бөліп берген. Олар өздерінің Алтын Ордаға бағынышты деп мойындағанымен, іс-жүзінде оған бағынбаған.

2. Әбілхайыр хандығы. Саяси тарихы, шаруашылығы.

Орда-Ежен ұлысына Жетісудің солтүстік-шығыс, Ертіс бойы, Ұлытау мен Қаратауға дейінгі жерлер қараған. ХІІІ ғ. ІІ ж. деректердің хабарлауынша Орда Еженнің немересі Қонышаның тұрған жері Сыр бойындағы Жент, Үзгент маңы болған. ХІІІ ғ. ортасынан бастап, ұлыстың орталығы да осы аймаққаауысып, өз алдына Ақ Орда деген мемлекет пайда болды. Бұл монғол шапқыншылығынан кейінгі Қазақстан жеріндегі этникалық құрамға байланысты құрылған алғашқы феодалдық мемлекет. Ақ Орда ХІҮ ғ. бастап, Ерзен ханның және оның ұрпақтарының кезінде біраз дәуірлейді. Ақ Орда билеушілері Орта Азиямен сауда қатынасын орнатты. ХІҮ ғ. ІІ. Жартысыдағы саяси тарихы өте шиеленісті. ХҮ ғ-дың 20 ж. Ақ Орда мемлекеті мүлдем әлсіреді. ХҮ ғ. 20 ж-да Ақ Орданың жерінде бір-біріне тәуелсіз бірнеше иелер пайда болған. Жазба деректерде бұл феодалдық иеліктер көшпелі өзбектер деп аталған. Бұл ұлыстардың арасында жер үшін, өкім билігі үшінешбір тоқтаусыз қиян-кескі ұрыстар болып тұрған. Сол талас-тартыста Жошының Шайбан ұрпағынан тараған Әбілқайыр жеңіске жетеді. Сөйтіп, 1428 ж. Әбілқайыр хандығы пайда болды. Әбіқайыр ұстанған жаулаушылық саясат оң нәтиже бермеді. 1428 – 1429 жылдары Түменді (бұл қала 1446 жылға дейін ел астанасы болған), 1431 -1432 жылдары Хорезмді, оның астанасы Үргенішті басып алады. Осы жылдары Әбілхайыр Хажы Тарханның билеушілерін (Махмұт хан мен Ахмет ханды) жеңіп, астанасын Кеңгір өзені жағалауындағы Орда Базарға көшіреді. 1446 жылы ол аса ірі жеңістерге қол жеткізіп, мемлекетінің құрамына Қаратау алабы мен Сыр жағалауындағы Созақ, Сығанақ, Арқұдық, Аққорған, Үзкент секілді қамал-қалаларды қосып алады. Соның нәтижесінде ел астанасын Сығанақ қаласына көшіреді. Тарихи әдебиеттерде мемлекет тұрғындарын құраған ру-тайпалар жалпылама түрде өзбектер деп аталған. Мемлекет ханы Әбілхайыр 1468 жылы Моғолстанға, кейін қазіргі Солтүстік, Шығыс Қазақстан жеріне жасаған жорығы кезінде қайтыс болады. Осы қайғылы оқиғадан он жыл бұрынырақ, 1457 жылы Есен тайшының баласы - Өзтемір Дешті Қыпшаққа келіп, Әбілхайыр (1428 – 1468) ханның әскерін талқандап, қалаларын өртеді. Әбілхайыр мемлекетін саяси ыдырауға әкеп тіреді. Барақ ханның кіші ұлы Жәнібек пен Орыс ханның шөбересі Керей сұлтандар басқарған тайпалардың бір бөлігі Шу өзенінің төменгі ағысы мен Қозыбасы маңына көшіп кетеді. Сөйтіп, Қазақ хандығын құруға бағыт ұстайды.

3. Ноғай Ордасы, Этникалық құрамы, территориясы, шаруашылығы.

Ноғай ордасы (Ноғайлы) – XIV ғасырда Алтын Орданың ыдырауы нәтижесінде пайда болған мемлекет. Ноғай Ордасы Алтын Орданың әскери қолбасшысы Ноғай әскерлерінің құрамына енген тайпалар мен маңғыт тайпаларынан құралған.

Түркі тілдес халық – ноғайлар Еділден Ертіске дейін, Каспий және Арал теңіздерінен Түменге дейінгі жерлерде көшіп жүрген. Орданың орталығы – Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды. Әлемге билік жүргізген Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қазақ хандығы, Астрахань хандығы, Ноғайлы және Көк Орда қонысын иеленген Қазан Ордасы, тағы басқа хандықтар дүниеге келіп, XVI ғасырда күш-қуаты бар жеке мемлекеттер ретінде белгілі болатын. Алайда, Ноғай Ордасындағы алауыздық бүкіл түркі дүниесіне қасірет әкелген еді. Ноғайлар жауға есесін жіберіп, жақынын қарақтауға көшті.

Ноғай Ордасының әміршілері Мамай би мен Ағыс батыр 1523 жылы Қажы Тархан (Астрахань) түбінде өздерінің қандас бауырларын – Махмет-Герей хан бастаған 30 мыңдық Қырым әскерін қапыда басып, түгел қырып тастайды. Осының алдында ғана Алтын Орданың батыс бөлігін бірұтас ұлысқа айналдырмақ болып, ант ішіскен қандас бауырлар бірінің түбіне бірі жетеді. Сөйтіп, Русь мемлекетіне Еуразияны жаулап алуға өздері жол ашады. Орыс мемлекеті Қазан мен Астрахань хандықтарына көз алартатын дәрежеге жетеді. Содан, XVI ғасырдың 2-жартысында Ноғай Ордасы бірнеше мемлекеттік бірлестіктерге ыдырап кетті.

Қасым хан тұсында ата-жұртта отырған қуатты Қазақ Ордасы әлсіреген ноғайлы ұлысының Жайықтан Еділге дейінгі үлкен бөлігін өз құрамына қосып алды. Ауыз бірлігінен айырылған Қазан, Астрахань және Ноғай Ордалары Орыс мемлекетіне қор боп, жем бола бастайды. Қасым хан сияқты Қазақ Ордасының іргеленуіне үлкен үлес қосқан Хақ-Назар хан Еділ бойындағы ноғайлының үлкен бөлігін өзіне қосып алып, Орыс мемлекеті табанынан қандастарын құтқаруға тырысады. Ыдыраған Ноғай Ордасының бір бөлігі Ресей мемлекетіне кіріптар болып қалады. XVIII ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басында Кіші Ноғайлының біраз бөлігі бұрынғы ата қонысы Азов маңына (Доннан Кубаньға дейін) ауып, кей бөлігі Түркияға көшті.

4. Моғолстан мемлекеті, территориясы, шаруашылығы, саяси тарихы.

XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басында Оңтүстік – Шығыс Қазақстан аумағы Моғолстан мемлекетіне кірді.

Бұл мемлекет XIV ғасырдың ортасында Орта Азияның оңтүстік-шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін құрылды. Моғолстан мемлекетінің негізін салушы – дулат тайпасының басшысы Әмір Болатшы. Билеушісі – Тоғылық Темір хан (1348-1362 ж.ж.). Астанасы – Алмалық (Іле алқабында). Территориясы – Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғыстан, Шығыс Түркістан. Моғолстанның шекарасы туралы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде жазған: «Шекарасының ұзындығы мен ені 7-8 айлық жол. Баркөл, Ертіс – Көкше теңіз – Түркістан-Ташкент, Ферғана, Қашғар, Ақсу аралығы». Орталық аймағы – Жетісу. «Моғолстан» атауы «монғол» сөзінен шыққан. Өйткені түрік және парсы деректерінде монғолдарды осылай атаған. Халқы: дулат, қаңлы,керей, арғын, үйсін, т.б. тайпалар. Дулаттар – ең қуатты тайпа. Бұл тайпалардың көпшілігі кейін қазақ халқының құрамына енді, ал Тянь-Шань етегі мен Шығыс Түркістанды мекендеген тайпалар қырғыз және ұйғыр халықтарын құрады.

Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өз билігін нығайту үшін илам дінін тірек етті.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Монғол мемлекетінің құрылуы, Шыңғысхан.

2. Ұлыстар, территориясы, этникалық құрамы.

3. Алтын Орда, аумағы, саяси тарихы.

4. Ақ Орда, территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы.

5. Әбілхайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай ордасы. Территориялары, саяси

тарихы.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Ә. Әбдәкімұлы «Қазақстан тарихы» А; 1997ж. 88-92 б.б.

2. «Қазақ тарихы» 1997ж. №1, 45 б.

3. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 281-292 б.б.

4. «Қазақ тарихы» жур. 1997ж. №5, 11-14 б.б.

9-дәріс

Тақырыбы: Қазақ хандығы дәуірі.

Дәрістің мазмұны:

1. Қазақ халқының қалыптасуы, «қазақ» этнонимі.

2. Қазақ хандығының құрылуы. Жәнібек пен Керей.

1. Қазақ халқының қалыптасуы, «қазақ» этнонимі.

Қазақ халқы әлемнің басқа халықтарына тән болған бірегей заңдылықтар негізінде қалыптасты. Этногенез процесінің жалпы схемасы мынадай болды: жеке рулар, тайпалар, тайпалық одақтар, халықтар, ұлттар. Рулардың тілінен тайпалардікі, одан халықтар тілдері, одан кейін ұлттардың тілі дамыды. Бұл процесстер тура сызықты ьолған емес, ол қайшылық жағдайда ұсақтану, ассимиляциялану, будандасу, бірігу арқылы өтті. Жеке бір тұста уақытша тоқтап та қалып, ал содан кейін қайта дамып отырды. Бұл орайда тарихи жаңа жағдайларда жаңғырып отыруды басынан кешірді. Тұтас алғанда халықтың құрылуы – ұзақ мерзімді процесс, оның түпкілікті уақытын белгілі бір датаның кезеңімен байланыстыру қиын. Алайда азды-көпті тұрақтанған пікірге қарай, қазақ халықының қалыптасу процесі негізінен ХІҮ-ХҮ ғғ. арасында аяқталуды деуге болады. «Қазақ» этнонимінің шығуы жөнінде әр түрлі пікір кездеседі. Бернштам қазақ атын сақтармен байланыстырады. «Қазақ» сөзі ежелгі замандағы «Каспий» және «Сақ» деген сөздің қосындысы дейді. Ақынжановтың айтуы бойынша «Қазақ» сөзі «Қас\ нағыз» және «Сақ» деген екі сөздің қосындысы.

2. Қазақ хандығының құрылуы. Жәнібек пен Керей.

Қазақ хандығының пайда болу тарихы ХҮ ғ. ІІ ж. басталды. Ол Қазақстан жерінде ХІҮ-ХҮ ғғ. болып өткен әлуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестердің заңды қорытындысы. Өзбек ұлысында тұрған қазақ халқының ХҮ ғ. 50 ж.соңынан 60 ж. аяғына дейін Жетісуға ауа еөшуі әдеттегі көшу емес еді. Мұның өзі еңбекшілердің фоедалдық езгіге, көбейе түскен салықтар мен міндеткерліктерге, феодалдық тартыстар мен соғыстың шексіз ауыртпалығына деген қарсылығы еді. Әбілқайырмен жауласқан Ақ Орда хандары әулетінің билігін қалыпына келтіру үшін шайбанилықтарға қарсы күресіп жүрген Жәнібек пен Керей сұлтандар халық бұқарасының наразылығын пайдаланды. Өздерінің таптық мақсатын кқздеп, билік үшін күресе отырып, олар сонымен қатар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне және Қазақ хандығының құрылуына себептесті. Сөйтіп 1465-1466 жж. Шу мен Талас аралығында Қазақ хандығы құрылды. Қазақ хандығы жөнінде негізгі дерек Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-ир-Рашиди» еңбегі. Алғашқы қазақ хандары хандықтың аумағын кеңейтуге, Сырдария өңіріндегі қалалар мен Шығыс Дешті Қыпшақтың қырларындағы өз билігін нығайтуға бағытталған белсенді сыртқы саясат жүргізді. Қазақ халқы мемлекетінің негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандар қазақ тайпаларын біріктіруге көп күш жұмсады. ХҮ ғасырдың соңғы ширегінде Жетісудың тайпалары мен руларын Қазақ хандығына біртіндеп қосу процесі одан әрі жалғасты.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Қазақ халқының қалыптасу тарихы, «қазақ» этнонимі.

2. Қазақ хандығының құрылуы, оның алғы шарттары.

3. Жәнібек пен Керей, олардың рөлі.

4. Қазақ хандығының алғашқы құрылған жері.

5. Қазақ хандығы туралы жазба деректер.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. «Қазақстан тарихы» очерктер, А; 1994 ж. 119-157 б.б.

2. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 229-248 б.б.

3. «Қазақ тарихы» жур. 1998ж. №2, 10-14 б.б.

4. «Қазақ тарихы» жур. 1995ж. №4 21-28 б.б.

10-дәріс

Тақырыбы: ХҮІ ғ. І-ші ширегіндегі Қазақ хандығы.

Дәрістің мазмұны:

1. Қасым хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі-сыртқы саясаты.

2. Қасым ханның «Қасқа жолы».

1. Қасым хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі-сыртқы саясаты.

Қасым хан (1448ж.ш.т. – 1518ж.ш.ө.) – қазақ ханы (1511 – 23).

Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі – Жәнібек ханның ұлы.

Қасым хан 1511 жылдан билікке жеке ие болды, осы уақыттан бастап жоғарғы хандық билік ұзақ уақыт бойы Жәнібек ханның ұрпақтарына көшті. Мауараннахрда өкімет билігін басып алған Мұхаммед Шайбани хан қазақ хандығының күшеюіне жол бермеуге тырысып, қазақ жеріне әлденеше рет шапқыншылық жорық жасады. Көп ұзамай оның әскері тас – талқан болып күйретілді де, Түркістан қалаларының көпшілігі Қасым ханның қол астына көшті. 1513ж. Сырдария маңындағы Сайрам қаласы, Жетісудың негізгі аудандары Қасым хан иелігінің құрамына кірді. Қасым хан тұсында қазақ хандығының шек арасы Оңтүстікте Сырдарияның оң жағалауына дейін жетіп, Түркістан қалаларының көпшілігін қамтыды, Оңтүстік шығыста Жетісу даласының көпшілік бөлігін, Сол түстікте және Солтүстік шығыста Ұлытау мен Балқаш алабына дейін кеңейтілді. Қасым ханның билігі кезінде қазақ хандығымен ең алғаш дипломатиялық байланыс орнатқан ұлы князь Василий III (1505 – 33 ) билік жүргізген Москва мемлекеті болды.

Мұхаммед Хайдар Дулати дерегіне қарағанда Қасым хан тұсында саны миллион адамға жеткен қазақтар дербез халық ретінде Батыс Европаға белгілі болған. Сонымен қатар Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати

«Тарих – ир - Рашиди » атты шығармасында Қасым хан тұсындағы қазақ мемлекетін сипаттай келе « Қасым хан бүкіл Дешті Қыпшақта толық билеушіге айналып, Жошы ханнан кейін әлі ешкімде болмаған атақ пен күш – қуатқа ие болды », - деді.

2. Қасым ханның «Қасқа жолы».

Қасым хан алғашқы қазақ заңы – « Қасқа жолды » жарыққа шығарды Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет – ғұрып ережелері негізінде жасалды. Қасым ханның қазақ хандығын күшейту, қазақ тайпаларын және қазақтардың этникалық жер аумағын біріктіру жолындағы

жеңістері іштегі және сырттағы беделін арттырып, атақ – даңқын асыра түсті.

Қасым хан тұсында қазақтардың шаруашылығы мен тұрмысы жақсара түсті.

Халық Қасымның шариғатты алмай, ежелден қалыптасқан билер заңы – жарғына жаңадан көтергенін қатты ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа

жолы » деп атап кетті. Бұл заңға енген ережелер: 1) Мүлік заңы (жер дауы, мал, мүлік). 2) Қылмыс заңы (ұрлық, кісі өлтіру, шабу, талау). 3) Әскери заң (аламан міндеті, қосын жасау, қара-қазан,ердің құны, тұлпар ат). 4) Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық қатынастардағы сыпайылық, әдептілік). 5) Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бекеуіл,тұтқауылдардың міндеті).

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Қасым ханның билігі.

2. ХҮІ ғ. басындағы хандықтың саяси, әлеуметтік жағдайы.

3. Қасым ханның ішкі-сыртқы саясаты.

4. Қасым ханнан кейінгі хандықтың жағдайы.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 248-254 б.б.

2. «Қазақстан тарихы» очерктер, А; 1994ж. 157-159 б.б.

3. Х. Маданов, Ч. Мусин «Ұлы дала тарихы» А; 1994ж. 78-80 б.б.

11-дәріс

Тақырыбы: ХҮІ ғ. ІІ-ші жарт. Қазақ хандығы.

Дәрістің мазмұны:

1. Хақназар және Тәуекел хандардың саясаты.

2. Жүздердің құрылуы. Этникалық құрамы, территориясы.

1. Хақназар және Тәуекел хандардың саясаты.

Қазақ хандығын нығайтуға зор күш жұмсаған Қасым хан қайтыс болғансоң (1523ж) оның мұранерлері арасында енжарлық және өкімет билігіне таласқан ішкі феодалдық қырқыстар туды. Қасым ханның баласы баласы Мамаш әкесінің орнына хан болып, көп ұзамай өзара қырқысқан ұрыстардың бірінде қаза тапты . Бұдан соң Қасымның немере інісі Таһир хан болды. Ол ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстарды тыя алмады, соған қарамастан төңірегіндегі елдердің бәрімен жауласты.

Таһир хан қазақ хандығының барлық жеріне бірдей бейлік жүргізе алмады. Оның тұсында феодалдық қанаудың күшеюіне және ханның қаталдығына наразы болған халық шетінен жарылып шығып, көшіп кетіп отырды. Осындай күрделі жағдайлармен бетпе бет келген Хақназар хан (1538 – 1580) Қазақ хандығының жауласып келген Мауарннахрдағы Шайбани әулиетімен одақтасуға ұмтылды. Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі – Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылды тоқтатты. Сөйтіп Шайбани әулиетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла - II мен қазақ хан Хақназар айрылмастай дос болып, өзара көмектесу жөнінде анттасып шарт жасасты.

Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы өте орынды болды.

XVI ғасырдың 60 – 70 жылдары соғыс қимылдары тоқтап, қазақтардың Орта Азия халықтарымен сауда – саттық қарым – қатынасы, экономикалық байланысы өрістеді. XVI ғасырдың екінші жартысында, әсіресе Тәуекел ханның тұсында (1582-1598ж.) қазақ хандығы саяси жағынан Хақназар кезіндегідей өрлеу үстінде болды. Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына жол ашу ісіндегі Хақназар ханның саясатын жалғастырды.

1583жылы Сырдариядағы Оңтүстік Қазақстан қалалары мен Ташкентті басып алды. 1598 жылы Самарқан мен Бұхараға жорық жасау кезнде жараланып қайтыс болды. Тәуекел хан туралы: «Тарихи – и – Кипчаки » (Қыпшақ тарихы) атты еңбектің авторы былай дейді: «Қазақ Тәуекел Әлді – Момын ханды өлтіріп, Пір – Мұхаммед ханның билік құра бастағаны туралы хабар алған кезде ол Ташкент пен Мауараннахрды бағындыру үшін (жолға)

шықты. » Ол (әуелі) Ташкентті қаратты, содан соң Самарқанды басып алды (және Бұхараға қарай) бет бұрды. Пір – Мұхаммед хан ашық шайқасқа шығу мүмкін еместеп тауып, қамалға бекінді. Шамамен жиырма күн бойы Тәуекел хан (және оның әскері) Бұхара маңын тонады. Күн шығып, батқанға дейінгі уақыт аралығында екі жақтың арасында үнемі қақтығыстар болып тұрды. Ақыр – аяғында қазақтар жеңліс тапты. Тәуекел хан Самарқанға шегінді. Бауыры Есім ханмен одақтасып, Пір – Мұхаммед ханмен шайқасуға әзірленді. Кескілескен шайқас нәтежесінде Тәуекел ауыр жараланды. Сол жарақаттан Тәуекел хан о дүниеге аттанды.

2. Жүздердің құрылуы. Этникалық құрамы, территориясы.

Қазақ халқының тарихында жүздердің пайда болуыерекше орын алады. Қазақ жүздерінің құрылуы – тарихи процесс. Ол қазақ халқының этникалық мекенінің қалыптасуымен қатар жүрді. Көптеген этникалық-саяси және шаруашылық факторлар әрекетінің нәтижесінде Қазақстан жерінде үш этникалық-аймақтық бірлестіктер – Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз қалыптасты. Ұлы жүздің негізгі аумағы Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс аймағы. Тобыл, Есіл, Нұра, Сарысу өзендерінің тармақтары мен Орталық Қазақстанның даласындағы жазғы жайлау Орта жүз қалыптасқан екінші ірі этногенез орталығы болды. Ал Батыс Қазақстандағынегізгі маусымдық жайылымдар мен көші-қону жолдары, Сыр мен Жайықтың төменгі сағаларында, Ырғыз бен Торғайдың тоғысқан аудандары және Мұғаджар тауларында Кіші жүз қалыптасты.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Хақназардың билікке келуі.

2. Хақназар тұсындағы хандықтың жүздерге бөлінуі, оның ішкі-сыртқы саясаты.

3. Орта Азия халықтарымен сауда-саттық қарым-қатынасы.

4. Тәуекелдің билікке келуі.

5. Ташкентті басып алуы, Тәуекел хан тұсындағы хандықтың нығаюы.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 251-254 б.б.

2. «Қазақстан тарихы» очерктер, А; 1994ж. 159-162 б.б.

3. «Қазақстан тарихы» ІІ том.

4. «Қазақ тарихы» жур. 1995ж. №4, 21 б., №5, 20 б., №6, 15 б.

12-дәріс.

Тақырыбы: ХҮІ ғ. аяғы – ХҮІІІ ғ. басындағы Қазақ хандығы.

Дәрістің мазмұны:

1. Есім және Тәуке хандардың билігі.

2. Әдет-құқықтық заңдар жинағы.

1. Есім және Тәуке хандардың билігі.

1598 жылы Тәуекел хан қайтыс болған соң, оның орнына отырған Есім хан (1598-1628жж.) қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды.Оған бұл атақ 1598 ж. ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауараннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан – Шығай ханның баласы. Ол қазақ хандығының Түркістан қаласындағыхан тағына отырған соң Бұхармен бітім шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп қайта құруды көздеді. Ал Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыруды көздеген саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты. Ташкент қаласы Қазақ хандығына қараған соң, оны Жәнібек ханның немересі – Жолым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді. Көп ұзамай ол тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Сөйтіп, қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан иен Ташкентқаласын орталық еткен Тұрсын хан қатар билік жүргізді. Бұлардың арасында қақтығыстар туындай бастады. Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы күрес барған сайын шиеленісе түсті. 1627 жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын тұтас өз қол астына біріктірді.

Қазақ хандығының көрнекті хандарының бірі – Тәуке хан. Ол өз өкіметінің беделін көтеріп, барлық қазақ руларын біріктіру шараларын жасады. Тәуке ханның тұсында (1680-1718жж.) «Күл төбенің басында күнде кеңес» өткізілді. Тәуке хан тұсында қазақ хандығының шығыс жағындағы жайылымдарды Ойрат-Жоңғар феодалдарының басып алуына байланысты жердің тарылуы, мал жайылымдарына таласқан жанжалдардан адам өлімінің жиі болуы себепті жер дауын мүлік заңынан, құн дауынан қылмыс заңынан бөліп алып, жеке-жекетарау енгізуге тура келді.

2. Әдет-құқықтық заңдар жинағы.

XVII ғ. аяғы – XVIII ғ. басында Тәуке хан заманында Қасым мен Есім ханның әдет-ғұрып ережелері жүйеге келтіріліп, «Жеті Жарғы» Заңдар жинағы шығарылды: ақсүйектердің артықшылық жағдайын қорғау көзделді, құн төлеу – адам өлтіргені үшін мүліктік өтем төлеу енгізілді.

  • Әкімшілік –құқық нормалары мен қылмысты іс құқығы.

  • Отбасы – неке құқығы.

  • Сот ісі.

  • Сұлтанды немесе қожаны тіл тигізіп, ренжітуші адам 9 мал, соққыға жығушы 27 мал айып төлейді.

  • Сұлтанды не қожаны өлтірсе 7 адамның құнын төлейді.

  • Әйелді зорлағанды өлім жазасына кесу.

  • Әйелге тіл тигізуші одан кешірім сұрайды, бұлай істеуден бас тартса қорлағаны үшін құн төлйді.

  • Жеті куә әшкерелесе, құдайға тіл тигізушіні таспен ұрып өлтіреді.

Хан, сұлтандар, ру ақсақалдары халық істерін талқылау үшін күзде жиналуы қажет. Жиналысқа қару-жарақсыз келуге рұқсат етілмейді. Қарусыз адамның дауысы болмайды және оған жасы кішілер орын бермейді. Әрбір тармақтың, ру мен бөлімшенің өз таңбасы болуы қажет.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Есім ханның билігі, оның Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық байланыс орнықтыруы.

  2. Тәуке ханның билікке келуі. Оның ішкі-сыртқы саясаты.

  3. Қазақ қоғамындағы билер, олардың рөлі.

  4. Есім мен Тәуке хандардың әдет-құқықтық заңдар жинағы.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 268-272 б.б.

  2. Х. Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995ж. 71-75 б.б.

  3. «Қазақстан тарихы» очерктер, А; 1994ж. 149-163 б.б.

13-дәріс

Тақырыбы: Қазақ – Жоңғар қатынастар.

Дәрістің мазмұны:

1. Жоңғар хандығының құрылуы. «Ақтабан шұбырынды».

2. Қазақ жасақтарының айбынды жеңістері.

1. Жоңғар хандығының құрылуы. «Ақтабан шұбырынды».

Жоңғар хандығы (1635-1758) – Жоңғарияда XVII ғасырдың 30 жылдары қалыптасып, 1758 жылға дейiн өмiр сүрген феодалдық мемлекет. Шыңғысханның феодал империясы тұсында ойраттар империя әскерiнiң сол қанатына жатты (Зюнғар) – осыдан Жоңғария, жоңғарлар атауы шыққан). XV ғасырдың аяғында қалыптасқан жағдай ойрат феодалдарының күшiн бiрiктiрдi, бытырыңқылығын жоюды, олардың iшкi және сыртқы мүдделерiн қорғай алатын бiртұтас феодалдық күштi мемлекет құруды қажет еттi. Осындай жағдайда Шорас князьдығының билеушiсi Хара-Хула ойраттардың иелiктерiн бiрiктiруге күш салды. Оның бұл әрекетi баласы Батыр қонтайшы билiк құрған кездiң (1635-1660) бiртұтас Жоңғар мемлекетiн құрумен аяқталады. Ол билiк жүргiзген тұста феодалдық тәртiп нығайды. Жоңғар хандығы Ресеймен бейбiт сауда жүргiзгенiмен, оның нығайып күшеюi Жоңғар хандығының кейбiр мемлекеттермен бәсекелесуiне әкеп соқтырды. Патшалық Ресейдiң, Циньдiк Қытайдың эскпансионизмi Жоңғар хандығын Қазақ хандықтарымен күрес жүргiзуiне итермеледi, сонымен бiрге Қазақстанның оңтүстiгiндегi сауда-қолөнер орталықтары жоңғар қонтайшыларының назарын аудармай қойған жоқ. Қазақ феодалдары мен жоңғар феодалдары арасындағы күрес әсiресе XVIII ғасырдың басында күшейе түстi. Сөйтiп XVIII ғасырдың 1710-1711 жылы жоңғар әскерлерi Қазақ хандығының жерiне басып кiрдi. Қазақ жасақшылары басқыншыларға күштi тойтарыс бердi. Жоңғар әскерлерi 1713 жылы тағы да шабуылға шықты, бiрақ олар қазақ жерiнен қуылып тасталды. 1723 жылы жасалған Жоңғар-Қытай бiтiмi шарты жоңғарларды қазақтарға қарсы агрессия жасауға айдап салды. Агрессия 1723 жылы басталды да, қазақ халқына бұрын-соңды болмаған қайғы-қасiрет әкелдi.

Қазақ хандығына ең күшті қауіп төндірген жоңғардың феодалдық хандығы еді. Қазақ және Жоңғар билеушілері арасындағы күрес жүз жылдан астам уақытқа созылды. Оның негізі жайылымдар үшін талас болатын. Ондай шайқастардың бірі Орбұлақ ұрысында қазақтар жеңіске жетеді. Бірақ жоңғарлар қазақ жерін басып алу жоспарынан бас тартқан жоқ еді. Қазақ хандығының саяси бытыраңқылығын пайдаланған және алдағы соғысқа мұқият әзірленген жоңғар билеушілері 1723 жылы әскерлерін қазақ жеріне қаптатты. Нақ осы жылы қазақтың ауызекі аңыздарында «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама» деп аталатын сұрапыл алапаттың басталған кезі деп есте қалған Жоңғар басқыншылығының тегеурінінен Ұлы және Орта жүздің кейбір рулары Сырдариядан өтіп, Ходжентке қарай ауа көшеді. Орта жүздің көпшілігі Самарқандқа қарай кетті, ал Кіші жүздің рулары Сауранды айналып өтіп, Хиуа мен Бұқарға беттеді.

2. Қазақ жасақтарының айбынды жеңістері.

1726 жылы Ордабасы деген жерде Қазақ жүздері басшыларының тарихи жиналысы болды. Онда қазақтардың біртұтас жасақтарын ұйымдастыру жөнінде маңызы зор шешім қабылданды. Хандар мен билердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша барлық қазақ жасақтарының бас қолбасшысы болып, Кіші жүздің ханы Әбілқайыр сайланды. Қазақтардың жоңғарға қарсы бірлескен күресі 1726 жылы Торғай даласының оңтүстік-шығыс жағындағы Бұланты өзенінің маңындағы «Қалмақ қырылған» шайқасындағы жеңісі болды.

Бұл жеңістің маңызы зор, ол халықтың еңсесін көтеріп, болашақ күреске жігерлендірді.

Тарихи маңызы: қазақ халқының әскери, моральдық рухы көтерілді. Үш жүзді біріктіргенде жоңғар қаупінен құтылуға болатындығына сенім күшейді. Қазақ өлкесінің оңтүстік-батысы азат етілді.

Елдің тәуелсіздігін қалпына келтіру мақсатына ұмтылыс басталды. 1726 жыл – Ордабасы жиыны. Үш жүздің жасақтары жиналып, жауға соққы беру жөнінде келісімге келді. Нәтижесі: Әбілхайыр бас қолбасшы болып сайланды. Жетісуды азат етуге аттануға осы жер жақын болды. Алатау, Қаратау сілемдерімен қоршалып, шығысы ашық дала болатын бұл жер қазақ жасақтарын шоғырландыруға мүмкіндік берді. Қазақ жасақтары жүздік негізде орналыстырылды. 1729 жылғы көктем – Аңырақай шайқасы (Балқаш көлінің оңтістігі) Әбілхайыр басшылығымен үш жүздің әскері қалмақтарға күйрете соққы берді. Бұл ұрысқа Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандар да жеке жсақтарды басқарып қатысты.

Жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінде. Кіші жүз бен Орта жүз жерлерінің көп бөлігі азат етілді. Қазақ жерін түгелдей азат етуге мүмкіндік туды. Үш жүздің бірігуінің маңыздылығын көрсетті.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Жоңғар хандығының құрылуы және олардың қазақ жеріне басып кіруі.

2. «Ақтабан шұбырынды», Қазақ жасақтарының құрылуы, олардың азаттық күресі.

3. Жоңғар хандығының күйреуі.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 281-292 б.б.

2. «Қазақ тарихы» жур. 1997ж. №5, 11-14 б.б.

3. «Қазақстан тарихы» очерктер А; 1994ж. 162-163 б.б.

4. Ч. Мусин «Қазақстан тарихы» А; 2003ж. 114-121 б.б.

14-дәріс

Тақырыбы: Қазақстанның Ресей империясының қол астына өтуі.

Дәрістің мазмұны:

1. Қазақ билеушілерінің Ресей протекторатын қабылдауының тарихи алғы шарттары.

2. Әбіхайыр хан, оның дипломатиялық қызметі.

1.Қазақ билеушілерінің Ресей протекторатын қабылдауының тарихи алғы шарттары.

XIX-XX ғасырдың екiншi жартысында Әбiлқайыр қазақтарды Ресейге бодан еттi деген де, алдымен Әбiлқайыр ханның 1730 жылғы Анна патшаға жазған хатын дәлел етемiз. Әрине, Әбiлқайырдың 1731-1732 жылғы хат жазғаны да, ант бергенi де шын, бiрақ, ол хаттың мақсатына, құқықтығына онша көңiл қоймай жүрген сияқтымыз.

Осы ойға байланысты қысқаша болса да белгiлi тарихшылардың ғылыми еңбектерiне тоқталайық. Ол туралы академик В.В. Бартольд “В 1740 году в Туркестане утвердил свою Верховную власть последний крупный завоеватель, вышедший из Персии Надир-шах”. Ресей Әбiлқайырға ешбiр қолдау көрсетпедi. Содан соң орыс патшайымына берген анттың да, қабылданған құжаттың да күшi жойылды деп дәлелдейдi В.В. Бартольд: “Принятая Абылхайыром русское подданство не имел реального значения” дейдi.

В.В. Бартольдтан кейiн алғашқылардың бiрi болып зерттеген тарихшы А.Н. Чулашников “Әбiлқайырдың Ресейге бодан болу туралы келiсiмге қол қоюы, бұл iстiң басы ғана емес, қарапайым маңызы жоқ, көп келiсiмнiң бiрi ғана” деген қорытынды жасады. Көренектi тарихшы Н.Г. Аполлова “Қазақ хандары XVIII ғасырдың басынан сыртқы саяси жағдайдың шиеленiсуiне байланысты Тәукеден бастап Әбiлқайырға дейiн Ресеймен бейбiт қарым-қатынасты нығайтуға қам жасады”, дей келе көпшiлiктiң Ресей бодандығына қарсы болуы, жасалған келiсiм-шартқа наразы болудың бiрден-бiр себебi, хан бұл мәселенi шешуде өз билiгiн тым жоғарылатып жiбердi. Ханның бұл қадамын старшина мен билер бабаларынан келе жатқан әдет-ғұрыптарды бұзғандық деп түсiндi” деген болатын.

2. Әбіхайыр хан, оның дипломатиялық қызметі.

Әбiлқайырхан – XVIII ғасырдың бiрiншi жартысындағы тарихымыздың аса iрi тұлғасы. Қолбасшылық талантымен саяси көрегендiгi, мәмлегерлiк шеберлiгi күрделi тарихи кезеңде көзге түстi. Әбiлқайыр ел басына күн туған ауыр заманда қазақ жасағына Бас қолбасшы сайланып, жан-жақтан аңталаған жауға тойтарыс бердi.

Қазақ қоғамы басшыларының Ресейге үміт артуы Жоңғар мемлекеті тарыпынан қаіп күшейген шақта жағдайдан шығудың жолы еді. Жоңғар шапқыншылығы қазақ жүздері арасндағы, әсіресе Кіші жүз бен Орта жүздің Ұлы жүзбен шаруашылық-саяси байланыстарын әлсіретті. Аңырақай шайқасынан кейін қазақ билеушілерінің арасында жіктеліс туды. Қазақтардың 1730 жылғы Аңырақайдағы жеңісіне қарамастан, Жоңғар хандығының жаңадан шабуыл жасауының тікелей қауіп-қатері жойылмады.

Қазақ хандықтарының Бұхармен және Хиуамен қатынастары шиеленіскен күйінде қалды. Оның үстіне қазақтардың еділ қалиақтарымен және башқұрттармен өзара қатынастары күрделі болып қала берді. Әбілқайырдың башқұрт ақсақалдарымен шапқыншылықты тоқтату туралы келіссөздері табысқа жетпеді. Кіші жүздің батыстағы шекарасында бейбітшілікке қол жеткізу Әбілқайыр ханның ең басты сыртқы саяси міндеттерінің біріне айналды.Басты дұшпан – Жоңғар хандығымен күресуге қолды босату үшін бұл өте қажет болатын.

Қазақ хандықтары билеушілерінің алдында маңызды да күрделі міндет – қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіз ету және елде күшейе түскен феодалдық бытыраңқылық үрдісін жою міндеті тұрды.

Әбілқайыр хан – ХҮІІІ ғ. І ж. тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Қол басшылық талантымен саяси көрегендігі, мәмлегерлік шеберлігі күрделі тарихи кезеңде көзге түсті. Әбілқайыр ел басына күн туған ауыр заманда қазақ жасағына Бас қолбасшы сайланып, жан-жақтан аңталаған жауға тойтарыс берді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Қазақс билеушілерінің Ресей протекторатын қабылдауының тарихи алғы шарттары.

2. Кіші жүз ханы Әбілхайырдың патша үкіметі мен депломатиялық байланысы.

3. А.И. Тевкелевтің қазақ даласындағы дипломатиялық миссиясы (1731-1733 ж.ж.)

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 292-298 б.б.

2. «Қазақстан тарихы» очерктер А; 1994ж. 162-163 б.б.

3. Ч. Мусин «Қазақстан тарихы» А; 2003ж. 114-121 б.б.

4. Х. Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995ж. 64-74 б.б.

15-дәріс

Тақырыбы: ХҮІІІ ғ. орта кезіндегі Қазақстанның саяси және экономикалық жағдайы.

Дәрістің мазмұны:

1. Қазақ жерлерін Ресей империясының отарлауы.

2.Қазақ жерлеріне әскери бекістерідің салынуы.

1. Қазақ жерлерін Ресей империясының отарлауы.

1730 жылы маусымда Әбілқайыр өзіне бағынышты қазақтарды Ресейдің қол астына алуын сұрап, патша Анна Иоановнаға өтініш хат жолдайды.1731 жылы 19 ақпанда патша әйел Әбілқайыр ханға және «бүкіл қазақ халқының Ресейдің қол астына ерікті түрде қабылдағаны туралы» грамотаға қол қоядды. 1731 жылы 10 қазанда Әбілқайыр және оның серіктері тиісті құжатқа қол қояды. Ресейдің Қазақстанды отарлауы Әбілқайыр қол қойған осы актіден басталады. Орта жүзде Кіші жүздің жолын қуып, 1735 жылы желтоқсанның аяғында тілек білдіріп, Әбілмәмбет 1740 жылы Ресейге қосылу жөнінде Орынборда ант берді. ХҮІІІ ғ. 40 жылдарының басында қазақ-орыс қарым – қатынастары одан әрі жандана түсті. Жоңғарлардың шабуылын пайдаланып, сылтауратқан патша үкіметі Қазақстан өңірінде көптеп әскери бекіністер салуға кірісті.

1734 ж. Сенаттың Обер секретары И.К.Кириловтың (1689-1734) Қазақстан мен Орта Азиядағы Ресей иеліктерін нығайту үшін, осы елдермен сауданы дамыту үщін қалалар мен қорғаныс шептерін салу жөніндегі ұсынысын Сенат және Сыртқы істер коллегиясы қабылдады, 1734 ж. 1 мамырында Сенат жарлығымен И.К.Кирилов басшылық еткен Орынбор экспедициясы құрылды. Сөйтіп, Ресей империясы Ор (Тобылдың бір тармағы), Жайықөзендері құйылысында бекініс шептерін сала бастайды. Жайық өзенінің алдыңғы тұсында орыстың бекіністі сауда орталығы – Орынбор (1735-1738) қаласының іргесі қаланды.

2.Қазақ жерлеріне әскери бекістерідің салынуы.

ХҮІІІ ғ. 20 жылдары Алтайды патша үкіметінің отарлауы барысында пайда болған кен орындары мен зауыттарға қауіп төнді. Сондықтан патша үкіметі қазақ жеріндегі бкініс шептерін кеңейтуге кірісті.

ХҮІІІ ғасырдың 50 жылдары – патша үкіметі іске асырған әскери – инженерлік шаралардың нәтижесінде Солтүстік-Шығыс Қазақстан бекіністер, шептермен қоршалды.

Горькая шебі – Сібір редутынан Омбы бекінісі аралығы, ұзындығы 553 верст.

Ертіс шебі – Омбы бекінісінен Кіші Нарым бекінісі аралығы, ұзындығы 1684 верст.

ХҮІІІ ғ. І жартысында ұзындығы 1780 шақырымды қамтитын Атырау (Гурьев) қалашығынан басталып, Жайықтың бойымен Алабұға шебіне дейін жеткен Жайық бекініс шебі салынды. Содан соң Орск (1735), Верхнеуральск (1745), Есіл (1735), Омбы (1705), Семей (1718), Өскемен (1720) т.б. бекіністерінің іргесі қаланды.

ХҮІІІ ғасырдың өзінде Жайық өзені бойында 14 қамал салынды. Жайық қалашығынан бастап Звериноголовск бекісіне – 770 шақырымға созылған Уйск шебі (әскери линия) аяқталды. 1752 ж. 9 қамал, 58 бекіністен тұратын 540 шақырымға созылған – Жаңа Есіл шебі оны 950 шақырымға созылған Ертіс – Сібір шебімен жалғастырылады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. ХҮІІІ ғасырдағы Ресей үкіметінің қазақ жеріне бекіністермен шептердің салуы.

2. Орынбор экспедициясының құрылуы.

3. Жайық өзенінің бойында қамалдардың салынуы.

4. Көкшетау, Аякөз, Баянауыл, Ақмола бекінісі қалалардың пайда болуы.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 292-298 б.б.

2. Х. Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995ж. 76-82 б.б.

3. «Қазақ тарихы» жур. 1995ж. №6 7-13б.б.

16-дәріс.

Тақырыбы: Біртұтас қазақ мемлекетін қалыптастырудағы Абылай ұстанған ішкі-сыртқы саясат.

Дәрістің мазмұны:

1. Абылайдың қолбсшы, саяси қайраткер ретінде қалыптасуы.

2. Қазақ мемлекетінің дербестігін сақтау.

1. Абылайдың қолбсшы, саяси қайраткер ретінде қалыптасуы.

Абылай (Әбілмансұр, Сабалақ, 1711 – 1781 ж.ж.) – қазақ хандығының бұрынғы шекарасын қалпына келтіріп, елдің саяси-экономикалық дамуына өзгерістер енгізген мемлекеттік қайраткер. Әкесі – Орта жүздің сұлтаны көркем Уәли, атасы – Түркістан қаласының билеушісі, «қанішер» Абылай.

Абылай жоңғар шапқыншылығы кезінде елдің тыныштығын, жердің бірлігін қамтамасыз етуді мақсат етіп, Ресейге арқа сүйеді.

1740 жылғы 28 тамыз - Әбілмәмбет хан мен сұлтан Абылай Орынборға келіп, Ресей билігін мойындады.

Орынбор комиссиясының бастығы князь В. Урусовтың мақсаты бүкіл Орта жүзді Ресей құрамына қабылдау болды. Елді аман алып қалатын күш қазақтардың өздері болатынын Абылай сұлтан түсінді. 1742 жылы Абылай аң аулап жүргенде жоңғар тұтқынына түсіп, 1743 жылы бостандыққа шықты. Ол батырларды біріктіріп жоңғарларды шабуылдауды ұйымдастырды.

1745 жылғы қонтайшы қазасынан кейін таққа таласушылардың бірі - Әмірсана Абылайды паналап, Орта жүзге қашты. Бұл жағдай 1752 жылы қалмақтардың Орта жүзге басып кіруіне себеп болды.

Ұлытауда өткізілген құрылтайда Абылай қарастырған мәселелер: қазақ ақсүйектерін біріктіру; Әмірсананы жоңғар билеушісі Лама Доржыға ұстап бермеуге қазақ билеушілерін көндіру; Жоңғарияға шабуылдау.

Абылайдың мақсаты: жоңғар шапқыншылығы кезінде уақытша басып алған тарихи иелігін қайтару.

1753 жыл – Абылай сұлтан ірі қолды басқарып, Жоңғарияға шабуыл жасады. Жоңғар қақпасы маңында Абылай бастаған қол жоңғарларды талқандады. Жоңғария құлағаннан кейін Қытай жағынан төнген жаңа қауіп қазақ сұлтандарының күштерін ұйымдастыруға түрткі болды. Абылайдың ендігі туының астына үш жүздің жасақтары жиналды. Бірақзеңбіректермен қаруланған Маньчжур – Цинь күштеріне ашық қарсы тұру қиындығын білген Абылай дипломатиялық жолмен шешу қажеттілігін түсінді. 1757-1760 жылдар – Абылай Қытайдың билігін мойындады. Абылайдың Цин богдыханның суверенитетін қабылдау себебі: Ресейдің Звериный шатқалынан Омбы бекінісіне дейінгі аралықта бкіністер салуы; қазақ рулары қоныстарының тарылуы; Ресей патшасының осы аймақтағы әскери акцияларды күшейтуі; Цин әскерінің Қазақстанға басып кіру қаупінің күшеюі. Екі ірі мемлекеттің қыспағында қалғандықтан, Ресей және Цинь империяларына тәуелдігін сөз жүзінде мойындаған Абылайдың басты мақсаты: Қазақ мемлекетінің дербестігін сақтау.

2. Қазақ мемлекетінің дербестігін сақтау.

Ол Тарбағатай, Алтай таулары, Зайсан көлінің шығысындағы тарихи қазақ жерлерін қайтаруға күш жұмсады. Пекин билеушілері 1760 жылы Тарбағатай таулары маңайында көшіп жүрген қазақтарды қудалағанда, оны келіссөздер арқылы шеше білді. Абылайдың Орта Азия хандықтарымен саяси қатынасы табысты болды.

XVIII ғасырдың 70 жылдарының басы – белгілі қолбасшы Абылай Хождент, Ташкент билеушілеріне соққы берді. Нәтижесінде: Ташкент бегі салық төлеуге мәжбүр болды; Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ және Ташкентке тәуелді бірнеше қалалар Абылай билігіне көшті; Қазақ хандығының халықаралық жағдайы жақсарды.

1771 жыл – Орта жүз ханы Әбілмәмбет қайтыс болып, дәстүр бойынша ақсүйектер хан ұлы Әбілпайызды емес, Абылайды хан сайлады. Үш жүз өкілдерінің Абылайды барлық қазақтың билеушісі деп тануының себептері: Жоңғарияға қарсы азаттық күресін басқаруы; Үш жүзді біріктіруі; Ресей мен Қытай қыспағына қарамастан, іс жүзінде елдің дербестігін сақтауы. Патша үкіметі тәуелсіз қазақ хандығын жоюға күш салып, Абылайды хан сайлауға келіспейтінін білдірді.

1778 жыл 24 мамыр – ІІ Екатерина Абылайды тек Орта жүздің ханы етіп бекітті. Абылай хан Ресеймен қарым-қатынаста бейбіт жағдайда болу қажеттігін ескеріп, ресми түрде бодандықты мойындады. Ал іс жүзінде тәуелсіздігін сақтады.

1759 жыл 1 қаңтар – Үрімшіде Абылайдың сауда миссиясы жақсы қабылданды. Абылай хан қазақ жерінің шекарасын қалпына келтірді. Мәдениетті дамытуға үлес қосты. Оның төңірегіне белгілі жыраулар, ақындар топтасты: Бұқар жырау, Үмбетей жырау, Тәтіқара ақын.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Абылай қолбасшы, саяси қайраткер ретінде.

2. Қазақ мемлекетінің дербестігін сақтау барысында, Ресеймен және Қытаймен қарым-қатынасы.

3. Абылай сұлтан ірі қолды басқарып, Жоңғарияға шабуыл жасауы.

4. Үш жүз өкілдерінің Абылайды барлық қазақтың билеушісі деп тануының себептері.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 320-334 б.б.

2. «Қазақ тарихы» жур. 1996ж. №5 17-19 б.б.

3. «Қазақстан тарихы» очерктер А; 1994ж. 162-163 б.б.

17-дәріс.

Тақырыбы: XVIII ғасырдың ІІ-жартысы ХІХ ғасырдың І-жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

Дәрістің мазмұны:

1. 1836-1838 жылдардағы Ішкі ордадағы шаруалар көтерілісі, Бөкей хандығының құрылуы.

2. Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі.

3. 1836-1838 ж.ж. көтерілістің жеңілу себептері.

1. 1836-1838 жылдардағы Ішкі ордадағы шаруалар көтерілісі, Бөкей хандығының құрылуы.

Кіші жүз үш жүз ішіндегі ең көп аумақты иеленген: Жайық пен Тобылдан бастап, Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі жер (850000 шақырым). 1801 жылғы 11 наурыз – император І Павелдің жарлығымен Кішіжүз қазақтарының Жайық пен Еділ аралығында көшіп-қонуы заңдастырылып, Бөкей хандығы (Ішкі орда) құрылды. І Павел мақсаты: қазақтардың жер үшін күресін әлсірету; Ресейдің саяси билік аясын кеңейту; қазақтармен сауда жасау арқылы пайда түсіру; Кіші жүздегі жағдайды тыныштандыру.

Бөкей Нұралыұлы алғашқыда елін сұлтандық дәрежеде басқарды, 1812 жылдан хан атанды.

Патша үкіметіне арқа сүйеген Жәңгір хан (1823-1845 ж.ж. шын есімі Жиһангер, Әбілхайырдың шөбересі, Бөкейдің баласы) Орданы басқару жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізді:

- Патша үкіметі қаражатымен 1827 жылы Жасқұс деген жерде хан сарайы салынды;

- 1827 жылы 12 биден құралған хандық кеңес ұйымдастырылды;

- 12 старшындық топ құрылып, баж салығының жиналуын қадағалады;

- Көшпенділерді отаршылықтандыруға, сауданың дамуына, мектептер ашуға көңіл бөлді.

2. Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі.

Исатай 1791 жылы туған, оның азаматтық көзқарасының қалытасуына нағашысы Жабай Бегалыұлы зор ықпал етті. Бөкей хан Исатайды 1812 жылы 21 жасында Беріш руының Жайық бөлімінің старшыны (ағаманы) етіп тағайындап, 1814 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы старшындыққа бекітті. 1817 жылдан бастап батырдың патша чиновниктерімен байланысы салқындай бастады. 1817, 1823 жылдары Орынбор генерал-губернаторының нұсқауымен сотқа тартылды. Исатайдың ең жақын серігі – ақын, Беріш руының старшыны Махамбет Өтемісұлы. (1804-1846 ж.ж.)

1829 жылы 15 шілде – 1830 жылы қыркүйек аралығында Махамбет Калмыков түрмесіне қамалды. Оған халық арасында хан иелігінен кетуге және Жайықтың сол жағасына өтуге үгіт жүргізді деген айып тағылды. Махамбет орыс жазушысы әрі этнограф В.И. Дальмен және оқымысты саяхатшы Г.С. Карелинмен тығыз қарым-қатынаста болды. Махамбеттің өлеңдерінен Кіші жүзді қамтыған көтерілістің мақсаттарын, басты талаптарын айқындауға болады.

Көтерілістің басты мақсаты:

- Хан озбырлығына шек қою;

- Шаруалар жағдайын жақсарту;

- Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту;

- Әскери бекіністердің салынуын тоқтату.

1836 жылы ақпанның басында басталған көтеріліс халық-азаттық сипатта болып, Қарауылқожаны биліктен тайдыруға, ханның жарлықтарын мойындамауға шақырды.

3. 1836-1838 ж.ж. көтерілістің жеңілу себептері.

Үстем тап өкілдерінің опасыздығы, көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі және Ішкі ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы. Қару-жарақтың теңсіздігі, стихилылығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі. Көтерілісшілердің бір бөлігінің өз ісіне сенімсіз болуы.

Көтерілісшілерді жазалау шаралары:

  • 500 адамдық сапта дүре соғылып, 8 жылға Ригаға қара жұмысқа айдалды.

  • Тұзға салынған мың шыбықпен дүре соғылып, Сібірге айдалды.

  • Соққыға жығып, солдатқа жіберілді.

  • 20-дан 50-ге дейін дүре соғылды.

Нәтижесі: салық мөлшеріне шек қойылды; патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын болды; Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегендігін дәлелдеді; қазақ феодалдарының отаршылдық басқарумен байланыста екенін көрсетті; әртүрлі халықтардың қанаушыларға қарсы бірігіп күресуінің негізі қаланды.

Тарихи маңызы: ХІХ ғасырдың 30 жылдарындағы ірі әлеуметтік ұлт-азаттық қозғалыс. Отаршылдыққа қарсы бағытталды. Ресейдегі азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Қазақ жеріндегі ұлт-азаттық көтерілістер және Бөкей хандығының құрылуы.

2. Қазақстанның саяси құрылысындағы өзгерістер.

3. Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі.

4. Көтерілістің басты мақсаты.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 335-342 б.б.

2. Ч. Мусин «Қазақстан тарихы» А; 2003ж. 137-139 б.б.

3. «Қазақстан тарихы» очерктер А; 1994ж. 164-165 б.б.

18-дәріс.

Тақырыбы: ХІХ ғасырдағы патшалық Ресейдің отаршылдық саясаты.

Дәрістің мазмұны:

1. Патшалы Ресейдің қазақ жеріне жүргізген отаршылдық саясаты.

2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1837-1847 ж.ж.)

3. Патша әкімшілігінің қойылған талаптары.

1. Патшалы Ресейдің қазақ жеріне жүргізген отаршылдық саясаты.

Қазақтар Ресейге қосылуды уақытша құбылыс, ең алдымен ел қауіпсіздігі үшін қажет деп білді. Империя құрамынан шығып, онан кез-келген уақытта бас тартуға, басқа жаққа көшіп кетуге болатын құбылыс ретінде қарады. Ресей жағы тікелей тұқыртып ұстау саясатын ұстанды. Келіссөзге қол қойғандар Тевкелев пен Рычков Кіші және Орта жүздегі жағдай жөнінде сыртқы істер министрлігі коллегиясына жолдауында «Бір-біріне айдап салу арқылы өзара қырқыстыру керек» деп көрсетті. 1748 жылы 5 қазанда император ханзада Елизавета Петровнаға жолдауында Кіші және Орта жүздің ру басылары Сұлтан Нұралыны хан етіп бекітуді (мойындау емес) өтінді. Нұралы болса өз халқының алдындағы міндетін атқаруда осалдығын аңғартып, бодан болуға, Ресей әскерін кіргізуге әзір екенін хабарлады. Соның салдарынан патша өкіметінің баса көктеп билік жүргізуге қолы жетті.

Орал, Орынбор казактары әр түрлі сылтаулармен ауылдарды шабады. Оны ұйымдастырушы Орынбор соғыс губернаторы И.И. Неплюев еді. Оның қолдауымен қанішер казактар Орал тауы сілемдеріндегі қазақ ауылдарының жайлауларын біртіндеп басып ала берді. Бұны болдырмау орнына Нұралы хан казак-орыс әскерлерін қолдап кетеді. Тіптен өзіне бағынбайтындардан өш алу үшін Орынбордан жазалаушы топ жіберуін өтініп хат жазады. Кешікпей Харитонов бастаған казак тобы 800 баскесер бащқұртты қосып алып, Тама руы ауылдарына сау ете түседі. Тас бекіністі қорған еткен қазақтар біршама қарсылық көретеді. Бірақ құрамы, қаруы күшті казак әскерлеріне төтеп беру қиынға түседі. Жазалаушылар көп мал, дүние-мүлікті олжалап, 56 азаматты айдап, жер аударып қазына жұмысына береді де, әйел, бала-шағаларын Сейіт татар слободасындағы жұмысқа жегеді. Бұндай шабуыл, талан-тараждар туралы өкімет орындарына талай рет шағым жасалса да, патша әкімшілігі ешбір тиым салмайды. Бұл қазақтардың шыдамын шектен шығарды, оның соңы патша әскерімен ашық соғысқа шығуға алып келді.

2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1837-1847 ж.ж.)

Көтерілістің алғы шарттары: ХІХ ғасырдың 20-жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі мен Кіші жүздің оңтүстігі Қоқан билігінде болып, қазақтардан салық жинады. ХІХ ғасырдың 20-30-шы жылдары Хиуа хандығы Шекті, Төртқара, Табын, Байұлына қысым көрсетіп, Сыр өзенінің төменгі ағысында бекіністер тұрғызды, сауда керуендерін тонады. 1822 жылғы Жарғы бойынша жаңа округтерді ұйымдастыру қазақтардың шаруашылығын құлдыратты.

Отаршылдыққа қарсы күресті (Ресей, Қоқан хандығына қарсы) Абылай ханның немелерінің бірі сұлтан Саржан Қасымұлы (Кенесарының ағасы) басқарды. Кенесары 1824 жылдан бастап ағасы Саржанның көтерілісіне қатысты. 1836 жылы Саржанды Қоқан ханы өлтірді, 1840 жылы әкесі, бауырлары қайтыс болды.

Патша үкіметінің Жаңа Елек бойына әскери шеп сала бастауы, Кіші жүзде би Жоламан Тіленшіұлы көтерілісінің басталуына себеп болды.

ХІХ ғасырдың 30-40-шы жылдарын қамтыған ең ірі халықтық сипаты бар көтеріліс басшысы – Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы, сұлтан Кенесары (1802-1847 ж.ж.)

Көтерілістің мақсаты: қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату, қоқандықтардың тепксіндегі қазақтарды азат ету.

1847 жыл – Майтөбе түбіндегі шайқаста (Кекілік сеңгір деген жер, Бішекетің маңы) Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты. Жеңілу себептері: қазақ халқының рулық-патриархалдық жіктелуі, Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмауы, руаралық қайшылықтар, Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға озбырлық көрсетуі, Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып, күшін сарқыған Кенесары тобының Ресейге қарсы біріге алмауы.

3. Патша әкімшілігінің қойылған талаптары.

Кенесарыға басқа елдермен дипломатиялық байланыс жасауына тыйым салу. Көтеріліске қатысқан қазақ руларына үкімет межелеген жерлерде ғана көшіп-қонуға рұқсат ету. Кенесарының Орынбор казактарының иелігін Ресей империясының бір бөлігі ретінде мойындаған жағдайда ғана көтерілісшілерге кешірім беру. Екі ай бой Кенесары ауылында болған елшілер талаптарын орындата алмай Орынборға қайта оралды.

Кенесары Ресейдің билігін мойындауы үшін өзінің талаптарын қойды: қазақ жеріндегі барлық патша бекіністерін жою. Жазалаушы топтардың озбырлығына тыйым салу. Салық жинауды тоқтату.

Екі жақ бір-біріне талаптарын мойындата алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. 1845 жылдың жазында патша үкіметі қазақ жерін бекіністер арқылы отарлауды жалғастырды (Ырғыз, Торғай өзендері бойында салынды). Кенесары жағдайды шешу үшін халықтық кеңес өткізді. Қаралған мәселе: көрші мемлекеттерден, Қытайдан көмек сұрау. Сарыарқадан оңтүстікке қарай көшу.

Жайылым жерлерінен айырылған, бейбіт өмір мен тұрақты мекен іздеген, салықтан бас көтере алмаған қазақтардың Кенесарыға наразылықтары күшейе бастады. Кенесарының Сарыарқадан Ұлы жүзге қарай бет алуының себебі – Қоқан езгісіндегі қазақтардың дербестік алуына көмектесіп, өзіне тірек жасау.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Патшалы Ресейдің қазақ жеріне жүргізген отаршылдық саясаты.

2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің мақсаты.

3. Патша әкімшілігінің қойылған талаптары.

4. Кенесарының Ресейдің билігін мойындауы үшін қойылған өзінің талаптары.

5. Кенесары нешінші жылы, қай шайқаста қаза тапты.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Ч. Мусин «Қазақстан тарихы» А; 2003ж. 147-155 б.б.

2. «Қазақстан тарихы» очерктер А; 1994ж. 162-163 б.б.

3. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 368-369 б.б.

4. Х. Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995ж. 64-76 б.б.

19- дәрiс.

Тақырыбы: XIX ғасырдың II-жартысындағы Ресей империясының қазақ жерiн отарлауының аяқталуы және оның ауыр зардаптары.

Дәрістің мазмұны:

1.Отаршылдық қанаудан жергiлiктi халықтың экономикалық жағдайының құлдырауы.

2.Еңбекшiлердiң қайыршылыққа ұшырауы.

1.Отаршылдық қанаудан жергiлiктi халықтың экономикалық жағдайының құлдырауы.

XIX ғасырдың 60-жылдарының орта шенiнде Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталды. Патша өкiметi Қазақстанның байтақ өлкесiн қол астына қаратуға қырық жылдан астам уақыт жұмсап, ендi Орта Азияға, Қоқан, Хиуа, Бұқар хандықтарының жерiне ауыз сала бастады.

1864 жыл – Шыңжаңда (Синьцзян – Жаңа шекара) көтеріліс болды. Нәтижесінде Іле өлкесінде – Іле сұлтандығы, Қашғарияда – Жетішар мұсылман мемлекеттері құрылды. 1871 жыл – Ресей әскері Іле өлкесіне енгізіліп, Іле сұлтандығы Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылды. 1881-1883 жылдар – Орыс үкіметінің келісімімен ұйғыр, дүнгендер Жетісу мен Солтүстік Қырғыз өлкесіне қоныс аударды (ұйғырлар – 45000, дүнгендер – 5000).

Қазіргі Алматы мен Талдықорған жерінде алты ұйғыр болыстары құрылды. Олар – Жаркент, Ақкент, Ақсу-Шырын, Малыбай, Қорамса, Қарасу. 1897 жылғы санақ бойынша ұйғырлар – 55999, дүнгендер – 14136 адамға өсті. Ұйғырлардың басым көпшілігі егіншілікпен шұғылданып, жан басына орта есеппен 3 десятина жер берілді. Жетісудағы шаруашылыққа қолданылатын су қорының негізі казак кулактары мен қазақ, ұйғыр байларының қолдарында болғандықтан, кедейлер су тапшылығынан жерлерін арзан бағаға байларға сатты. Ауқатты ұйғыр байлары негізінен мал шаруашылғымен айналысты. Байыған ұйғыр кәсіпкерлері Іле өзенінде кемемен жүк тасуды ұйымдастырып, су диірмендерін, мал шаруашылығы шикізаттарын өңдейтін өндіріс орындарын салуға қаражат жұмсай бастады.

Патша өкiметi қазақ даласын түпкiлiктi билеу үшiн әуелi әр түрлi реформалар жүргiзiп, қазақтың елдiк этникалық ұйтқысын iрiтiп, ұлыстарды бөлшекткп, оларды губернияларға, округтерге телiп, ұлтанды елдi тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрiн бiрден жүзеге асыра қойған жоқ. Бұқпантайлап, торғай ұстаған мысықтай жақыннан қармау үшiн алыстан арбап, зымияндық саясат жүргiздi. Патша өкiметi оны кезең-кезеңiмен iске асырады.

2.Еңбекшiлердiң қайыршылыққа ұшырауы.

1731 жылдан 1822 жылға дейiн созылған ел билеу жүйесiндегi протектораттық дәуiр, яғни күштi мемлекеттiң әлсiз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргiзу болды. Бұл кезде патша өкiметi ел билеудiң бұрынғы хандық жүйесiн сақтап, оның iшкi тiрлiгiне араласпай, тұзақты алыстан құрып, сырт иелiгiн жасады, яғни қазақ елiн өзiне жағынып, бас шұлғып, бағынышты болған хандар арқылы басқарды. Бiрақ қазақ жұртының арасына бiлiмдар адамдарын қаптатып, ғылымды бет перде етiп алға ұстап, соның тасасында тұрып, елдiң әдет-ғұрпын, мiнез-құлқын жан-жақты зерттеп, қазақ халқының осал тұстарын пайдалануға тырысты. Оны меңгергеннен кейiн хан тағынан үмiткер ханзадалар мен сұлтандар арасында ши жүгiртiп, оларды тақ таласына итермеледi. Солардың iшiнде шенқұмар, атаққұмарлары ерекше бағаланып, бұлардан патша өкiметi ештеменi де аяған жоқ. Патша отаршылары қазақ жұртшылығының арасына алауыздық ұрығын осылайша енгiзе бастады.

Патша өкiметiнiң қазақ елiнiң басына тәуелдiлiк ноқтасын бiржолата кигiзуi 1822 жылдан 1867 жылға дейiн созылды. Сөйтiп, патша өкiметiнiң отаршылдық саясатының екiншi кезеңi басталды. Бұл кезде ол әскер күшi арқылы елдiң iшкi тiрлiгiне араласып, жергiлiктi шаруаларды қонысынан қуа бастады. Олардың орнына iшкi Ресейде жоқшылыққа ұшыраған орыс босқындарын әкелiп орналастырды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Отаршылдық қанаудан жергілікті халықтың экономикалық жағдайы.

2. Еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырауы.

3. Жерді зор көлемде тартып алу, алым-салықтың көбеюі.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 356-359 б.б.

2. Х. Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995ж. 121-122 б.б.

3. Ч. Мусин «Ұлы дала тарихы» А; 1994ж. 127 б.

4. Ә. Әбдәкімұлы «Қазақстан тарихы» А; 1997 ж. 113-114 б.б.

20- дәрiс.

Тақырыбы: Патшалы Ресейдiң 1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы әкiмшiлiк реформалары.

Дәрістің мазмұны:

1.Капиталистiк қатынастардың Қазақстанға енуi.

2.Басқару туралы Уақытша ереженiң мәнi.

1.Капиталистiк қатынастардың Қазақстанға енуi.

1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша әскери-сот комиссиялары мен уездiк соттар құрылды, олар жалпы империялық заңдар негiзiнде жұмыс iстедi. Бұл «Ережелер» екi жыл мерзiмге тәжiрибе түрiнде уақытша енгiзiлген болатын. Алайда, бұл «тәжiрибе»ргiлiктi халыққа терiс әсер етуi ықтимал деген қауiппен 20 жылдам астам уақытқа созылды. 1886 жылы 2 маусымды «Түркiстан өлкесiн басқару туралы ереже», 1891 жылғы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетiсу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды. Түркiстан өлкесi жерiнiң құрамына Ферғана, Самарқанд және Сырдария облыстары кiрдi. Сырдария облысы Әмудария бөлiмiнен және Қазалы, Перовск, Шымкент, Әулиеата және Ташкент аталған 5 уезден құралды. Ал Орынбор және Батыс Сiбiр генерал-губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Торғай және Жетiсу облыстары кiрдi. 1897 жылы Жетiсу облысы қайтадан Түркiстан генерал-губернаторлығының қарауына берiлдi.

2.Басқару туралы Уақытша ереженiң мәнi.

Әскери-әкiмшiлiк отарлау саясаты Ресейден шаруалардың қазақ жерiне ағылып келуiне жол ашты. Қазақ даласын отарлау саясатын iске асыру жолында Жетiсудың бiрiншi әскери-губернаторы Колпаковскийдiң бастауымен 1868 жылы «Жетiсуда шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша ережелер» бекiтiлдi. Осы ереже бойынша қоныстанушы әр жанға 30 десятина жер бөлiндi. Қоныс аударушылар 15 жыл мерзiмге алым-салықтан, рекруттық (әскери мiндет) мiндеткерлiктен босатылды. Мұқтаж отбасыларға «керек-жарақтар алу үшiн» ақшалай көмек берiлдi.

XIX ғасырдың екiншi жартысында Еуропа мемлекеттерiнде дамыған капиталистiк қатынас Ресейге әсер етпей қоймады. Осымен байланысты Ресейдiң капиталистiк өнеркәсiбi мен Қазақстандағы ауыл шаруашылық өндiрiсi арасындағы қатынас күшейдi. Сауда және өсiмқорлық капиталы Ресейдiң орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сонымен бiрге өлкенiң өз iшiнде де тауар айналымының өсуiн шапшандатты. Өлкеде үстем болған натуралды шаруашылық бiртiндеп ыдырай бастады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Капиталистік қатынастардың Қазақстанға енуі және даму салалары.

2. Қазақ жерін басқару туралы Уақытша Ереженің мәні.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 361 б.

2. Ч. Мусин «Қазақстан тарихы» А; 2003ж. 162-167 б.б.

3. Х. Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995ж. 123-124 б.б.

21- дәрiс.

Тақырыбы: ХХ-ғасырдағы Қазақстан.

Дәрістің мазмұны:

1.ХХ ғасырдың басындағы өлкедегi жалпы ахуал.

2. I- шi дүниежүзiлiк соғыстың Қазақстанға әсерi.

3.Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы, оның Қазақстанға әсерi.

1.ХХ ғасырдың басындағы өлкедегi жалпы ахуал.

Капиталистiк қатынастардың қазақ даласына енуi көшпелi және жартылай көшпелi мал өсiрушiлiкпен айналысатын қазақ ауылында патриархалдық-феодалдық қатынастардың ыдырау процесiн тездеттi. Өлкеде өнеркәсiптiң жаңа салалары пайда болды. Қоғамдық еңбек бөлiнiсi одан әрi дамып, жұмысшы табы қалыптасты.

ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басына қарай Ресейде капиталистiк даму империалистiк сатыға көтерiлдi. Бiрақ Ресейде империализм елдiң экономикасы мен саяси құрылысында феодалдық-крепостниктiк қалдықтардың сақталуы жағдайында дамыды. Помещиктердiң сойылын соғатын iрi монополистiк капиталмен тығыз байланыстағы патша өкiметi елдiң өндiргiш күштерiнiң дамуына тұсау болып, қоғамдық прогрестi тежедi.

Бiрiншi орыс төңкерiсi кезiнде патшалық тәртiпке қарсы күреске ұлттық аймақтардың езiлген халықтары да көтерiлдi. Қазақстан еңбекшiлерiнiң 1905-1907 жылдардағы ереуiлдерi орыс халқының төңкерiстiк күресiмен тығыз байланысты болды.

Қазақстан қалаларында өткен жұмысшылар мен қызметкерлердiң жиналыстарында Петербургтегi қарусыз жұмысшыларды атқылауға наразылық бiлдiрiлдi. Ереуiл кезiнде қаза тапқандардың отбасыларына көиек үшiн қаржы жиналды. Қалалар мен темiр жолдарда ереуiлдер өттi. 1905 жылы ақпанда Перовск, Түркiстан, Шалқар темiржолшылары өздерiнiң экономикалық жағдайларын жақсарту талабын қойған ереуiл жасады.

2. I- шi дүниежүзiлiк соғыстың Қазақстанға әсерi.

1914 жылы патшалы Ресей дүниежүзiлiк соғысқа тартылды. Бұл бiрiншi дүниежүзiлiк империалистiк соғыс барлық халықтарға, соның iшiнде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигiздi.

1916 жылы 25 маусымда патша үкiметiнiң “Бұратана халықты мемлекеттiк қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртiбi тураы ереже” қабылдануына байланысты тiптi күшейе түстi. Жұмыстан немесе әкiмшiлiк ережелерi мен талаптарын орындаудан бас тартқан жұмысшыларды түрмеге отырғызуға немесе үш ай мерзiмге тұтқынға алуға, болмаса айып ретiнде ақша өндiрiп алуға кесетiн болды. Азық-түлiктiң екi-үш есе қымбаттауы да халықтың наразылығын өршiте түстi.

Майданға миллиондаған қазақ, өзбек қырғыз, т.б. ұлттардың жастарын қаруландырмай, соғыс әдістеріне үйретпей аттандыру оларды тірідей өлімге айдаумен бірдей еді. Бұл отаршылдардың бір шырғалаңы болатын. Оған қоса, Ресей өзіне қарсы соғысып жатқан Түркияға мұсылман халықтарын қарсы қойып, олрды өзара қыр-қыстыру қиямпырыстығын да ойластырды.

Патша жарлығына сай ең әуелі соғыс барысында қираған әскери бекіністер мен қорғаныс қамалдарын қалпына келтіруге 391065 жігіт жіберілуі тиіс болды. Бұған барлық жерде бұқара халық наразылық білдіріп, ереуілге шығады. Кісі жібермеу антына қол қояды. Ежелгі жаумен белдесуге шыққан елдің бірі Жетісу жұрты болды. Столыпин реформасының әлегінен ата-баба қонысынан айырылып, қанаты қайырылған Жетісу сол 1916 жылдың жаз айларында ұлт-азаттық көтерілістің туын тікті. Олар қарсылық көтерілісіне қол жинап жатқанда қазақтардың ата қонысына орналасқан қара шекпенді мұжықтарды отарлау әкімшілігі қаруландырып үлгерді. Теміржол торабы арқылы Жетісуға бүкіл Түркістан өлкесінен жазалаушылар қосыны келіп жетті. Ойдым-ойдым көтеріліске шыққан халықты патша жазалаушы қосындары қанға бөктірді. Көтерілісті бастаушылар Жәмеңке мен Ұзақ аяусыз жазаланды.

3.Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы, оның Қазақстанға әсерi.

1917 жылы 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық төңкерiс жеңiске жеттi. Патша өкiметi құлатылып, министрлер мен көрнектi чиновниктер тұтқынға алынды. Патша өкiметi құлатылғаннан кейiн бүкiл Ресейдегi сияқты Қазақстанда да қос өкiмет орнады. Бұрынғы патша чиновниктерi, эсерлер, меньшевиктер және буржуазиялық Уақытша үкiмет органдарымен бiрге халықтық өкiметтiң жаңа органдары жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Кеңестерi құрылды.

Уақытша үкіметтің қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары 1917 жылы наурыз-сәуірде құрылды. Уақытша үкімет облыстарды басқаруға бұрынғы патша шенеуніктерін және қазақтың ұлттық зиялыларын сайлады: Ә.Бөкейханов – Торғай облысының, М.Тынышбаев – Жетісу облсының, М.Шоқай – Түркістанның Уақытша үкіметінің комиссары болды.

Қазақ ұлттық зиялыларының жетекшісі Ә.Бөкейханов «Жаңарған Ресейдің азат азаматтары-қазақтарға» деген үндеуінде қазақтарға ұйымдасу қажет екендігін баса көрсетті. Ақпан төңкерісінен кейін ұлттық-либералдық қозғаыстың басшылары қоғамдық-саяси дамудың маңызды мәселелері бойынша Уақытша үкімет жағына шықты.

1917 жылғы наурыз-сәуір – жұмысшы және саолдат депутаттарының Кеңестері құрылды. 1917 жылғы мамыр-маусым – шаруалар депутаттарының Кеңестері құрылды. Кеңес үкіметінің көтерген мәселелері: шаруаға – жер; жұмысшыларға – 8 сағаттық жұмыс күні; халыққа – бейбітшілік беру. 1917 жылғы наурыз – жергілікті социал-демократтардың астыратын жұмыс істеуден ашық түрде жұмыстарын өрістеткен кезеңі.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. ХХ-ғасырдың басындағы өлкедегі жалпы ахуал.

  2. 1905-1907 жылдардағы ревалюциялық оқиғалар, саяси қозғалыстардың өрістеуі.

  3. Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстанға әсері.

  4. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы, оның Қазақстанға әсері.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 376-378 б.б.

  2. «Қазақстан тарихы» очерктер, А; 1994 ж. 162-163 б.б.

  3. «қазақ тарихы» жур. 2004ж. №3, 91 б.

22-дәрiс.

Тақырыбы: Тоталитарлық жүйенiң қалыптасу кезеңiндегi Қазақстан.

Дәрістің мазмұны:

1.Қазақ АКСР-нiң құрылуы.

2.ЖЭС-ке көшуi.

3.Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру.

1.Қазақ АКСР-нiң құрылуы.

Заман талабы қазақ халқының ұлттық кеңес мемлекеттігін құруын қажет етті. Жүзеге асыруға тиісті шаралар: халықтың бұрынғы территориялық тұтастығын қалпына келтіру; қазақ жерлерін бір республика құрамына біріктіру.

Арнаулы комиссия құрылып, республика шекарасын белгілеумен айналысты. Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады. Қазақ өлкесіне Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсылық. Республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін қосу.

1919 жылғы 19 қыркүйек – Орынбордың Қазақ өлкесіне қосылуы туралы шешім қабылданды. 1920 жылғы 7 шілде – Орынбор республика құрамына енгізіліп, тұңғыш астанасы (1920-1924 ж.ж.) болды. 1924-1929 ж.ж. астана – Ақмешіт (Қызылорда). 1929 жылдан астана – Алматы.

Қостанай аймағын республика құрамына қосу қажеттігін А.Байтұрсынов пен М.Сералин жан-жақты дәлелдеді. Батыс Сібірге еніп келген Ақмола мен Семей облыстарын өлке құрамына енгізу мәселесі 5 рет қаралып, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ә.Ермеков, М.Сералиндердің тарихи деректемелерінен кейін ғана шешілді.

1920 жылы 4 қазанда Орынборда алғашқы Қазақстан Кеңестерiнiң Құрылтай съезiнде Орталық Атқару Комитетi (төрағасы С.М. Меңдешев) және Халком Кеңесi сайланды. Съезд “Қырғыз (Қазақ) АКСР-i еңбекшiлерi құқықтарының декларациясын” қабылдады. Онда Қазақ АКСР-i РКФСР-дiң құрамына кiретiн жұмысшылардың, еңбекшi қазақ халқының, шаруалардың, казактардың және қызыл әскер депутаттары кеңестерiнiң автономиялы республикасы болып құрылғанын мәлiмдедi. Декларация Кеңестердiң таптық мәнiн белгiлеп бердi. Ол ұлттық езушiлiк пен құлдықта ұстау саясатынан батыл қол үзетiнiн жариялады.

2.ЖЭС-ке көшуi.

Қазақ жеріндегі ЖЭС-ке көшу көптеген қиыншылықтармен бірге жүргізілді. 1921 жылы жазда қуаңшылық болып, малдың 80%-ы қырылды. Елде аштық басталды. Ашығушылар республика халқының 1/3 бөлігін қамтыды: 1921 жылғы қараша – 1млн. 508 мың адам; 1922 жылғы наурыз – 2 млн. 303200 адам. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай губернияларын аштық жайлады. Аштыққа індет қосылып, 1922 жылы маусымда Батыс Қазақстанда ашығушылар мен аурулар 82%-ға жетті.

Астық мол болған Семей, Ақмола губернияларынан азық-түлік отрядтары ауылшаруашылық өнімінің 80%-н әкетті: астық – 4 млн. пұт; май – 24,5 мың пұт. Бұл жиналған азық-түлік пролетариат орталықтары – Мәскеу, Петроград, Самара, Қазан, Саратовқа жіберілді. Нәтижесінде Қазақстанның астықты аймақтарының халқы ашыға бастады.

Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты (НЭП-тi) iске асыру 1921-1923 жылдарда Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетiнiң азық-түлiк салығына көшу туралы шешiмi негiзiнде жүргiзiлдi. Салықтың мөлшерi салғыртқа қарағанда аз болды. Мәселен, 1920 жылы Жетiсу және Сырдария облыстарында астық салғырты бойынша 10,4 млн пұт астық жиналса, 191 жылы салық арқылы шаруалардан жиналған астық 6,0 млн пұттан асқан жоқ.

Елдiң экономикасының маңызды саласы ауыл шаруашылығын өркендету үшiн кооперативтендiру жоспары негiзiнде 20-жылдардың аяқ шенiнде бүкiл елдегi сияқты Қазақстанда да колхоздастыру науқаны басталды.

Республика экономикасының құлдырап төмендеуi 1932-1933 жылдардағы қуаңшылықпен тұстас келдi. Осындай елдi арылмас сорға душар еткен қолдан жасалған қастандық пен табиғаттың рақымсыздығынан осы екi жылда республикада аштықтан өте көп адам қырылып, қазақ елi орны толмас қайғы мен қазаға ұшырады. 2 млн 200 мың адамынан, яғни қазақ ұлтының 49 процентiнен айрылды. Республикада тұратын басқа халықтар да сан жағынан кемiдi.

3.Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру.

Социализмнің бұрмалануы Қазақ өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы қызметіне Ф.И. Голощекиннің (1925-1933 ж.ж.) келуімен күшейе түсті. Ол «Қазақ ауылы Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші Қазан» төңкерісін жасау қажет» деген идеясын ұсынды. Оның бағыты қарсылыққа ұшырап, Сталинге хат жолдап, «Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда дұрыс саясат деп ойлаймын» деген жауап алды. Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды.

«Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты: өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту; өлкені шикізат базасы ету.

Голощекин бұл қағидасын 1927 жылы ұсынып, 1930 жылы VII Өлкелік партия конференциясында нақтылады. Саяси Бюро мүшелігіне кандидат А.А. Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді.

Қазақстанға Ф.И. Голощекиннiң өлкелiк партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы болып келуi қазақ халқы үшiн тұп-тура бақытсыздық болды. Голощекин әмiршiл-әкiмшiл басқару жүйесiне арқа сүйеп, небiр сұмдық амал-айла, зымияндық әдiс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бiр-бiрiне айдап салды, “халық жауы” деп жала жауып, мыңдаған қазақ азаматтарының қанын төктi. Қуғынға ұшырап, туған жерiнен аластатылып кеткендердiң алдыңғы легiнде А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Халел және Жанша Досмұхамедовтар, М. Тынышбаев, К. Кемеңгеров сияқты ұттың бетке шығар саңлақтары болды. Голощекиннiң тiкелей басшылығымен 1929 жылы – 31, 1930 жылы – 82, 1931 жылы – 80 “контрреволюциялық ұйымдар” “ашылып”, бұл ұйымдардың мүшесi болды деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығарлары қамауға алынды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Қазақ АКСР-нің құрылуы.

  2. 1921 жылғы ашаршылық.

  3. ЖЭС-ке көшу, оның табыстарымен кемшіліктері.

  4. Қазақстандағы күшпен ұжымдастыру, Ф.И.Голощекиннің қағидасы.

  5. «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты.

  6. 1932-1933 ж.ж. ашаршылық.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Х. Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995 ж. 76-80 б.б.

  2. «Қазақстан тарихы» очерктер, А; 1994 ж. 171-173 б.б.

  3. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 25-37 б.б.

  4. Ч. Мусин «Қазақстан тарихы» А; 2003 ж. 147-155 б.б.

23-дәрiс.

Тақырыбы: Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.

Дәрістің мазмұны:

1.КСРО-ға фашистердiң шабуылының басталуы.

2.Қазақстандық – Кеңес Одағының батырлары.

1.КСРО-ға фашистердiң шабуылының басталуы.

1940 жылғы 18 желтоқсан – фашистік Германия басшылығы «Барбаросса» соғыс жоспарын жасады. Мақсаты: КСРО-ға қарсы соғыс ашу; «Қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде аяқтау. Бұл соғыс жоспары бойынша фашистер КСРО-ны: сансыз көп ұлттың жасанды және тұрақсыз бірлестігі; ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат ретінде қарастырды. КСРО территориясын, бірнеше рейхкоммисариатқа бөлуді көздеді.

Фашистік Германияның қуыршық мемлекет құрудағы көзеген экономикалық және саяси мақсаттары: Ұлы герман империясы үшін қуатты шикізат және азық-түлік базасын жасау; Кеңес елін отарға айналдырып, халықтарын құлдыққа түсіру. 1941 жыл 22 маусым – фашистік Германия КСРО-ға тұтқиылдан соғыс ашты. Ұлы Отан соғысы басталды.

1941 жылғы 22 маусымда гитлершiл Германия мен КСРО арасындағы сұрапыл соғыс басталды. Бұл Кеңес Одағы үшiн бұрын-соңды бастан кешкен барлық соғыстардың iшiндегi ең ауыры болды.

Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттерiне жазылған қазақстандықтардың ерлiгi аз болған жоқ. Елiмiздiң басқа да халықтарының ұл-қыздарымен қатар бiздiң республиканың жастары да жаумен Балтық теңiзiнен Қара теңiзге дейiнгi майдан шептерiнде ерлiкпен шайқасты. Қазақстандықтар соғыстың алғашқы күндерiнен бастап басқыншылармен кескiлескен ұрыс жүргiздi. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, Ш. Шолтыров, К. Иманқұлов, Е.А. Качан т.б. жаумен жан аямай шайқасып, ерлiктiң үлгiсiн көрсеттi. Жау тылында қалған көптеген жауынгерлер партизан қозғалысына қатысты. Олардың арасында Жұмағали Саин, Қасым Қайсенов, Әди Шәрiпов, сол сияқты басқа да жерлестерiмiз аз болған жоқ.

Ұлы Отан соғысы барысында Сталинград шайқасы бетбұрыс кезең болды. Бұл сұрапыл шайқасқа қатысқан құрамалардың арасында Қазақстанда жасақталған 38-атқыштар дивизиясы болды. Ол әр кезде 62-армия (қолбасшысы В.И. Чуйков), 57-армия (қолбасшысы М.С. Шумилов) құрамында болды.

2.Қазақстандық – Кеңес Одағының батырлары.

Ұлы Отан соғысы майдандарында көрсеткен ерлiктерi үшiн мыңдаған қазақстандықтар Кеңес Одағының орден, медальдарымен наградталды. 500-ге жуық қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берiлдi. Олардың 99-ы қазақ. Солардың қатарында Кеңестiк Шығыстың қос қарлығашы, қаһарман қыздары - Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова болды. Кеңес одағының Батыры атағы қазақстандық ұшқыштар Т. Бигелдинов, Л.И. Беда, И.Ф. Павлов, С.Д. Луганскийге екi реттен берiлдi.

Ұлы Отан соғысы жеңiспен аяқталғаннан кейiн Қазақстан еңбекшiлерi бейбiт құрылысқа оралды. Экономиканы бейбiтшiлiк жағдайға бейiмдеп, қайта құру еңбекшiлердiң қоғамдық-саяси белсендiлiгi жағдайында жүргiзiлдi. 1945 жылғы қазанда Алматыда республиканың 25 жылдығына арналған Қазақстан Жоғарғы Кеңесiнiң мерекелiк сессиясы болып, оған туысқан республикалардың, Мәскеу мен Ленинградтың делегациялары, өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығының озаттары, ғылым мен мәдениет қайраткерлерi қатысты. Осы мерекеге орай 5304 адам ордендермен және медальдармен наградталды.

Жалпыға бiрдей жетiжылдық бiлiм беру туралы Заң одан әрi жүзеге асырылды. Сөйтiп 1952 жылдың аяғында Қазақстанда жалпы бiлiм беретiн 19 мыңдай мектеп, 125 техникум мен арнаулы оқу орны болды, бұлада 1,5 млн адам оқыды. Дегенмен мектептердiң ескiрген, тозған үйлерiн жөндеуге халықтың, село мен қала еңбекшiлерiнiң тарапынан үлкен көмек көрсетiлдi. Сонымен бiрге олар клуб, кiтапханаларға да жәрдемдестi. Кiтап қорларын толықтыру үшiн кiтап, радиоқабылдағыш т.б. мәдени құралдарды жинап бердi.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Германияның КСРО-ға шабуылы.

2. Фашистік Германияның көздеген экономикалық және саяси мақсаттары.

3. Қазақстандық – Кеңес Одағының батырлары.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 77-117 б.б.

2. Ч. Мусин «Қазақстан тарихы» А; 2003 ж. 252-259 б.б.

3. «Қазақ тарихы» жур. 1997 ж. №2 5-22 б.б.

24-дәрiс.

Тақырыбы: Батыс Қазақстан Сталинград шайқасының жақын тылы.

Дәрістің мазмұны:

1.Қазақстандықтар Сталинград шайқасында.

2.Қазақстанда жасақталған дивизиялар.

3.Нүркен Әбдiровтiң ерлiгi.

1.Қазақстандықтар Сталинград шайқасында.

1942 жылдың 17 шілдесінен Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар басталды. 1942 жылдың күзінде Сталинград шайқасының жалына Батыс Қазақстан даласына жетті. 1942 жылғы күз – Каспий алабына соғыс жағдайы енгізілді. 1942 жылғы 1 қыркүйек – Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 жылғы 10 қыркүйек – Атырау аспанында алғашқы жау ұшағы пайда болды. 1942 жылғы 15 қыркүйек – Атырау облыстық мемлекеттік қорғаныс комитеті соғыс жағдайын енгізді. 1942 жылғы 16 қазан – Орал облысы майдан өңіріне енгізілді. 1942 жылғы 26 қазан – Орал аймағы әуе шабуылынан қорғану бөлімдерінің қатарына енгізілді. 1942 жылғы 23 қазанда – Қазақ радиосы Сталинградты қорғаушылар үшін арнаулы радиохабар ұйымдастырды.

1943 жылғы желтоқсанда белгіленген шекара бойынша Қазақстан Сталинград облысымен шектесті. Орал қаласында ірі әскери-оперативтік байланыс торабы құрылды. Батыс Қазақстанға көшіріліп орналастырылған госпитальдар саны 20-ға жетті. Сайхан, Шұңғай, Жәнібек станцияларына шабуылдаған 7 млн. сомнан асатын шығын келтірді. Алайда Орал – Урбах – Астрахань темір жол байланысы тоқтатылмады.

Сталинград шайқасы – Ұлы Отан соғысының 1942 жылғы 17 шiлдеден 1943 жылғы 2 ақпанына дейiнгi аралыққа созылған соғыс тарихындағы iрi шайқастардың бiрi. Ол Совет Армиясының Сталинград қорғанысы (17 шiлде-18 қараша 1942) операциясынан басталып, Сталинград қарсы шабуылы («Уран», 19-30 қараша 1942), Котельников қарсы шабуылы (24-31 желтоқсан 1942) және қоршауға түскен жаудың топтасқан күшiн жоюды көздеген қарсы шабуыл («Кольцо», 10 қаңтар-2 ақпан 1943) операцияларын қамтыды. Шайқас Ұлы Отан соғысы мен бүкiл екiншi дүние жүзiлiк соғыстың барысында түбегейлi бетбұрыс жасауға шешушi үлес қосқан Совет Армиясының iрi жеңiсiмен аяқталды.

2.Қазақстанда жасақталған дивизиялар.

Сталинград шайқасына Қазақстанда жасақталған 27, 387, 28, 29, 38-атқыштар дивизиясы мен 81-атты әскер дивизиясы, 152 -атқыштар бригадасы қатысты. 1942 жылдың 10 қыркүйегiнде бiр ғана Сталинград майданында жалпы қазақ жауынгерлерiнiң саны 8280 адам болды. Қазақстандық 29, 38-ші атқыштар дивизиялары Калач қаласында фашистердің 300 мыңдық тобын қоршап, құртып жіберуге қатысты. Неміс-фашист әскерлерінің 28 дивизиясы толық талқандалды. Сталинградтың қақ ортасындағы бір үй үшін сержант Павлов ротасындағы жауынгерлер 58 күн айқасты. Бөлімде орыс, украин, грузин, татар, қазақ, өзбек, тәжик, абхаз жігіттері бір үйдің адамдарындай бауырластық жағдайда, Отан алдындағы борыштарын абыройымен атқарды. Сталинград түбiндегi соғыс жүрiп жатқан кезде ондағы қазақстандық жауынгерлерге республика еңбекшiлерi, Қазақстан Компартия Орталық Комитетi, Қазақ ССР Жоғарғы Советi мен Халық Комиссарлары Советi 1942 жылы 9 қазанда үндедi жолдады. Бұл үндеуде: «Сталинград-шығыстың кiлтi. Сталинград түбiндегi қазақ жауынгерлерi орыс, украин, белорус, өзбек, тәжiк, түркмен, азербайжан, грузин жауынгерлерi сияқты өзiнiң от басын, өз семьясын, өзiнiң туған Совет жерiн қорғайды. Қазақ жауынгерi өз анасының, әкесенiң, өз жарының, өз балаларының немiс баронының құлдарына айналуына жол бермейдi»,-делiнген.

3.Нүркен Әбдiровтiң ерлiгi.

Сталинград қорғауда 1942 жылдың 19 желтоқсан күнi Боковск-Пономаревка ауданындағы әуе ұрысында 21 жастағы ер жүрек ұшқыш Нүркен Әбдiров капитан Н.Ф. Гастеллоның ерлiгiн қайталады. Ол өзiнiң жанған самолетiн дұшпанның танк колоннасының үстiне құлатты. Совет халқы Нұркен ерлiгiн жоғары бағалап, оған Совет Одағының Батыры атағын бердi. Нұркен ана сүтiн ақтап, туған елiн, Отанын қорғады. Өмiрдi сүйген ұлымыз өлiмнен қорықпады. Сталинград шайқасында қазақстандық жауынгерлердiң, басқа бауырлас ұлттармен бiрге жасаған қаһармандығы мен өшпес ерлiктерi таңданарлық едi. Сталинград шайқасында жауынгер қыздар Мәлике Тоқтамысова, Роза Момынова, Әсия Бекерова өздерiнiң ерлiгiмен көзге түстi.

Қазақстанда жасақталған 29 және 38-атқыштар дивизияларының батырлары Сталинградты қорғаушылардың қатарында өздерiнiң батырлығымен елiмiздi сүйсiндiрдi. Сталинград шайқасында көрсеткен ұйымшылдығы, ерлiгi, тәртiптiлiгi үшiн 29-атқыштар дивизиясы 72-гвардиялық деген құрметтi атаққа ие болды. Бұл дивизияның жауынгерлерi қазақ халқының «Өлiспей берiспеңдер» деген тапсырмасын адал орындап шықты, жаппай ерлiк көрсеттi.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Сталинград шайқасы (1942-1943ж.ж.)

2. Қазақстанда жасалған 29 және 28 – атқыштар дивизияларының батырларының Сталинград үшін шайқасы.

3. Н.Әбдіровтың ерлігі.

4. Батыс аудандар, Шоңай, Жәнібек, Сайқын станцияларының оперативты тылға айналуы.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. . К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 107-114 б.б.

2. Ч. Мусин «Қазақстан тарихы» А; 2003 ж. 252-259 б.б.

25- дәрiс.

Тақырыбы: Қазақстан соғыстан кейiн жылдарда.

Дәрістің мазмұны:

1.Соғыстан кейiн халық шаруашылығының қалпына келтiру және одан әрi дамыту.

2.Тың және тыңайған жерледi игеру.

1.Соғыстан кейiн халық шаруашылығының қалпына келтiру және одан әрi дамыту.

1950 жылы КОКП Орталық Комитетi ақпан-наурыз Пленумдарында елiмiзде азық-түлiк мәселесiн шешу үшiн шығыс аудандарда тың және тыңайған жерлердi игеру мәселесi қойылды. Оны игеруге Қазақстан кеңiнен қатыстырылды. Мұнда қысқа мерзiмде тың жерлердi игеру есебiнен егiс көлемi 35 миллион гектарға дейiн жеткiзiлiп, солтүстiк аудандарда жүздеген жаңа поселкелер, совхоз орталықтары салынды. Тың өңiрiне жүздеген мың қоныстанушылар келiп, оларды қарсы алу, орналастыруға байланысты республика партия және кеңес органдарының күрделi де ауыр мiндеттердi шешуiне тура келдi.

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің қатары көбейіп, соғыс біткеннен кейінгі кезбен салыстырғанда 1950 жылы 1,3 есеге өсті. Бұл жылдарда өнеркәсіп өнімі 1,7 есеге артты. Сала өндірісінің қарыштап алға басуына екпінді еңбек ету арқасында қол жетті. Жоғары өндірістік көрсеткіштерге мұнай өңдеу, металлургия кәсіпорындарының жекелеген озаттары да қол жеткізді. Дей тұрсақ та, сала өндірісінің материалдық базасы нашар күйінде қала берді. Мұндай көкейкесті мәселе 1943 жылдың мамырында республика үкіметі мәжілісінде арнайы қаралып талқыланған еді. Сала өндірісін дамыту үшін жаңа зауыттар салу ұйғарылды. Бұл жобаны жасауға Ресей ғалымдары қатыстырылып, жаңа заводы Теміртауда тұрғызу ұйғарылды. Жаңа құрылыс жұмысы қиын жағдайда басталды. Мамандар, механизмдер, материалдар жетіспеді. Ауыр жүк тасымалына бар болғаны 15 автомобиль, трактор, 158 өгіз жегілетін арба мен шана пайдалынды. Сондықтан соғыс жағдайына қарамастан жаңа құрылысты жүргізуге 1300 жұмысшы даярланды, қажетті құрал-жабдықтар жеткізілді.

Қазақстанға Ресей мен Украина, Беларуссиядан және және басқа да одақтас республикалардан тыңды жаппай игерудiң бiрiншi кезеңiнде (1954-1956 жж.) 640 мың адам келдi, бұлардың iшiнде 391,5 мың ауыл шаруашылық механизаторы, 50 мың құрылысшы, 3 мың денсаулық сақтау қызметкерлерi және басқалар болды. Бұлардан басқа республикалардан механизация училищелерiн бiтiрiп келген 66,7 мың адам және Қазақстанның училищелерiнен келген 19,8 мың адамға республика совхоздарында жұмыс iстеуге жолдама берiлдi.

2.Тың және тыңайған жерледi игеру.

Тың жерлерге Кеңес әскерi қатарынан қайтқан жауынгерлер көп келдi. Олардың күшiмен Көкшетау облысында «Кантемировец», Солтүстiк Қазақстан облысынды «Тамановец», Қарағанды облысында «Индустриальный» және басқа совхоздар құрылды. Республиканың жаңа совхоздарына жоғары және орта бiлiмi бар 2088 адам директор, бас агроном, инженер, бухгалтер, инженер-техник, құрылысшы сияқты жұмыстарға жiберiлдi.

1954-1960 жылдары республикада тың игеру есебiнен астық өндiрудiң жалпы көлемi 106 млн. тоннаға жетi, осы жылдар iшiнде астықтың жылдық орташа өнiмi 1949-1953 жылдардың көрсеткiштерiмен салыстарғанды шамамен 3,8 еседей артты. Қазақстан бұл жылдардың iшiнде мемлекетке 63,4 млн. тонна астық тапсырды.

Тың игеру Қазақстанды тауарлы астық өндiруде Одақ бойынша алдыңғы қатарға шығарды. Соның нәтижесiнде республика әрбiр тұрғынға шаққанда екi мың кило астық өндiретiн дәрежеге жеттi. (Азық-түлiк мәселесiн түбегейлi шешу үшiн әр адамға шаққанда бiр мың кило астық өндiру жеткiлiктi деп есептеледi.) Тың игеру барысында Қазақстанда көптеген жаңа қалалар бой көтердi. Өнеркәсiп орындары көптеген жаңа қалалар бой көтердi. Өнеркәсiп орындары көптеп салынды. Жаңа темiр жол, тас жол желiлерi тартылды. Тың игеру республиканың экономикалық күш-қуатын бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеге iлгерiлеттi.

Тың және тыңайған жерлердi игерудiң сонымен бiрге үлкен зардаптары мен көлеңкелi жақтары да боды. Атап айтқанда, басқа республикадан келгендердiң саны шамадан тыс көбейiп кеттi. Жергiлiктiжерлерде ұлттық мектептер жабылып, қазақ балалары iрiлендiрiлген мектеп-интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшiлiгiнде оқу орыс тiлiнде жүргiзiлдi. Мұның өзi, бiр жағынан, қазақ жастарының өз ұлтының тiлiнен, салт-дәстүрi мен әдет-мәдениетiнен қол үзiп мәңгүрттенуiне жол ашса, екiншi жағынан, жергiлiктi халықты орыстандыру саясаты қолпашталып, ашық жүргiзiле бастады. Жер-су аттары орыс тiлiне көшiрiлдi. Мұндай орыстану процесiнен халықты республиканың тәуелсiздiгi ғана құтқарды. Бiрақ бұл процесс соның өзiнде де қазақ халқының, оның зиялыларының елеулi бөлiгiн өз ұлтының тiлiн бiлмейтiн шала қазақ етiп қалдырды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. соғыстан кейін халық шаруашылығын қалпына келтіру және одан әрі дамыту.

2. Тың және тыңайған жерлерді игеру.

3. Қазақстан өнеркәсібінің дамуы.

4. Техникалық прогресс жолындағы күрес.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 169-179 б.б.

2. Х. Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995 ж. 188-198 б.б.

3. Ч. Мусин «Қазақстан тарихы» А; 2003 ж. 265-274 б.б.

26-дәрiс.

Тақырыбы: Қазақстан 50-жылдардың 2-шi жартысымен 60-шы жылдардағы саяси, әлеуметтiк және экономикалық жағдай.

Дәрістің мазмұны:

1.Жеке басқа табынушылықтың зардаптарымен күрес.

2.Волюнтаризммен субъективизмнiң көрiнiстерi.

1.Жеке басқа табынушылықтың зардаптарымен күрес.

Сталин қайтыс болғаннан кейiн 50-жылдардың орта шенiнен бастап жеке адамға табынушылықтың зардаптарын жоюға, социалистiк заңдылықты қалпына келтiруге бағытталған бiрсыпыра шаралар iске асырылды. 1956 жылы ақпан айында өткен партияның ХХ съезi Сталиннiң жеке басына табынушылықты айыптап, оның зардаптарын жою, партия тұрмысының нормаларын қалпына келтiру, iшкi партиялық демократияны өрiстету бағытында жүргiзiлiп жатқан жұмыстарды құптады. “Жылымық жылдары” деген атпен тарихқа енген 50-жылдардың екiншi жартысынан былайғы кезеңде көптеген игi iс атқарылды.

КСРО-да 1989 жылы «Известия КПСС» журналында 33 жылдан кейін ғана Н.С. Хрущевтің баяндамасы жарияланды. 1953-1955 жылдар – Н.С. Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бұл – кеңес қоғамын сталинизмнен құтқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудакты, А.Рыковты, В.Чубарьды ақтады.

Мемлекет басшылығы шалағай саясат жүргізді. Қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау реформасы аяқсыз қалдырылды. Кәрістердің, немістердің, Қырым татарларының, Месхеті түріктерінің құқықтары қалпына келтірілмеді. Одақтас республикалардың құқыларын кеңейтуге бағытталған тұжырымдама толық жүзеге асырылмады. Экономикалық артта қалу себептерін ашу әрекеттеріне тиым салынды. Қоғамды басқару құрылымы «жоғарыдан төменге қарай» ұстанымына (принципіне) негізделді. Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, «халық жауы» немесе «ұлтшыл» айыптарының орнына «өзгеше ойлайтындар» айыбы тағылды. Шығыс Қазақстан мектебінің мұғалімі М.Елекбаев Н.С. Хрущевтің атына хат жазып, өзінің дәлелді ұсыныстарын айтты: Қахақстанның тәуелсіздігінің сөз жүзінде екендігі туралы; даңғаза айқай-шумен өтетін сайлаулардың мәнсіздігі туралы; ұлт саясатын жүргізуде әділетсіздікке жол берілетіндігі туралы; қазақ тіліндегі мектептер санының азаюы, оқу құралдарының жетіспеуі, мұғалімдердің жұмысыз қалу айғақтары туралы; жазықсыз қудалауға ұшыраған ауылдасы, майдангер мұғалім, ұлты татар М.Сүлеймановты қорғайтындығы туралы. 1957 жылғы 16-шілде – М.Елікбаевты партия қатарынан шығарды. Әділетсіздікке көнбеген мұғалімді күштеп жындыханаға жатқызды.

1960-1964 жылдары қоғамдық саясаттың ерекше белгiсi, оның қайшылығы мен жеке адамға табынуды жою процесiнiң нақты жетiстiктерi экономикалық дамудың белгiлi бiр табыстары едi. Сонымен қатар, бұл кезде қияли, утопиялық жоспарлар, iшкi партиялық, қоғамдық өмiрдi демократияландыруға қадамдар жасау және Хрущевтiң өзiнiң жеке басына табынудың күрт күшеюi сияқты қайшылықтар көрiнiс бердi.

2.Волюнтаризммен субъективизмнiң көрiнiстерi.

Партияның ХХII съезiнде (1961 ж.) КОКП-нiң жаңа Бағдарламасы туралы айта келiп, Хрущев: “бұл коммунизмнiң материалдық-техникалық базасын салу бағдарламасы, бұрынғылардан оның өзгешелiгi – ол 20 жылға есептелген шынайы бағдарлама” деп мәлiмдедi. Бұл кезеңнiң соныңда коммунизмнiң базасы жасалып бiтедi, сөйтiп “кеңес адамдарының қазiргi ұрпағы коммунизм тұсында өмiр сүретiн болады”. Осынау сөздер ондаған миллион кеңес адамдарын шабыттандырып, оларды жанқиярлықпен еңбек етуге шақырды. Хрущев бүгiнгi қиындықтар уақытша, 20 жылдан кейiн кеңес адамдарын тек жақсы өмiр ғана емес, коммунизмнiң басталуы күтiп тұр деп дәмелендiрдi.

1962 жыл – Қазақстанда халық шаруашылық кеңестерін ірілендіру мақсатында реформа жасалды: Партия орындары өндірістік белгі бойынша қайта құрылды. 1962 жылғы реформаның кемшіліктері:

- Партиялық және мемлекеттік аппараттың басқару қабілетіне сенушіліктен туған, ғылыми тұрғыдан негізделмеген шешім болды.

- Аппарттық басқарудың нәтижесіздігі көрінді.

- Ел басшылығының саяси реформа жүргізу қажеттілігін түсінуге қабілетсіздігі байқалды.

Жасалған реформалар басқару аппаратындағы абдыраушылықты, бесжылдық жоспардың орындалуындағы іркелістердітуғызды. 1956-1960 жылдарға арналған бесжылдық жоспар (1959-1965 жылдарға арналған) жетіжылдық жоспармен ауыстырылды. Жан басына шаққанда өнім өндіруден дамыған капиталистік елдерді ең қысқа мерзімде қуып жетіп, басып озу міндеті қойылды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Жеке басқа табынушылықтың зардаптарымен күрес.

2. Шығыс Қазақстанның мұғалімі М.Елекбаевтың ұсыныстары.

3. Волюнтаризммен субъективизмнің көріністері.

4. Республикада жүргізілген шаруашылық реформалар және оның нәтижелері.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Х. Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995 ж. 200-206 б.б.

2. Ч. Мусин «Қазақстан тарихы» А; 2003 ж. 265-274 б.б.

3. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 180 б.

4. «Қазақ тарихы» жур. А;1995 ж. №4 57-59 б.б.

27-дәрiс.

Тақырыбы: 1965-1985 жылдардағы Қазақстан.

Дәрістің мазмұны:

1.Қоғамның саяси өмiрi.

2.Әлеуметтiк дамудың қайшылықтары.

1.Қоғамның саяси өмiрi.

1965-1985 жылдар аралығында республика бiрсыпыра жетiстiктерге жетiп, халық шаруашылығының дамуында көптеген келелi iстер атқарылды. Мәселен, осы жылдарда Қазақстанда өндiрiс және ғылыми өндiрiстер құрылымдарының саны 28-ден 162-ге дейiн, оның iшiнде кәсiпорындар 97-ден 610-ға дейiн өстi. Энергетикада электр энергиясынөндiру одан әрi шоғырланып орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық кәсiпорындары дерлiк бiр орталықтан энергиямен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негiзделген, дүние жүзiндегi аса iрi атом реакторы жұмыс iстедi. Минерал тыңайтқыштар шығару 1,8 есе, сары фосфор өндiру 2,5 есе артты. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудiң жылдық орташа қарқыны 12 процентке жеттi. Республиканың машина жасау саласы машиналардың, механизмдердiң, приборлар мен жабдықтардың 2 мыңнан астам түрлерiн жасап шығарды. Республикада мұнай өндiру бесжылдықта 1,8 есе, ал газ өндiру 2,5 есе артты.

Бұл жылдарда жалпы өнiм көрсеткiшiн қуалай өсiру ауыр өнеркәсiпте негiзгi мақсатқа айналды. Күрделi құрылыста да солай болды, мұнда жұмысты атқарудың ұзақ мерзiмге созылуы салдарынан ұлттық байлықтың едәуiр бөлiгi iстен шығып қалып жатты. Қымбатқа түсетiн, жоғары ғылыми-техникалық көрсеткiштерге жетудi қамтамасыз етпейтiн объектiлер салынды. Еңбектi, материал мен ақшаны көп жұмсаған басшылар немесе кәсiпорынның көрсеткiшi жоғары бағаланады. Республика iлгерiлеу қарқынынан айрыла бастады, шаруашылықтың және мәдениеттiң барлық саласында iркiлiс көбейiп, қиыншылықтар үстi-үстiне жинақталып, шиеленiсе түстi, шешiлмеген проблемалар көбейе бастады.

1960 жылы республикада 879 совхоз бен 1355 колхоз болса, тоғызыншы бесжылдықта 1864 совхоз болып, колхоздар 422-ге азайды. 1985 жылы колхоздар есебiнен совхоздар саны 2140 болып, республиада 388 колхоз қалды. Сөйтiп, меншiктiң кооперативтiк-колхоздық формасының үлес салмағы едәуiр төмендедi, бiрақ колхоздық меншiктiң одан әрi жетiлуiн көруге болады. 1971-1985 жылдары совхоздардың өнiмi көбеймей, бiр орында қалса, колхоздарда ол орта есеппен 200 мың сомға дейiн өстi.

2.Әлеуметтiк дамудың қайшылықтары.

70-жылдарда партияның жоғары эшелондарында сөз бен iстiң бiрлiгiне шақырған үндеулер барған сайын күштiрек естiле бастады. Мұның өзi барып тұрған екi жүздiлiк үндеу едi. Өйткенi, оны басшы органдарда отырғандардың орындауы мiндеттi болмады. Талап тек қана төменгi буындағы коммунистерге бағытталды. Iшкi партиялық жұмыстарды жақсарту мен жетiлдiру жөнiндегi көптеген қаулылар көзбояушылық сипат алды. Сондықтан төменгi партия органдарының қызметi де барған сайын жасандылыққа бой ұрды. Партия басшыларынан қатып қалған жаттандылық және дүмшелiк пен цифрлардан, алуан түрлi есеп құрастырудан басқа еш нәрсе талап етiлмедi. Партия беделi тез құлдырай бастады.

Сонымен Қазақстан президентi Н.Ә. Назарбаев айтқандай, тоқырау өмiрдiң барлық салаларында: идеологияда да, адамдар арасындағы қарым-қатынаста да орын алды. Брежневтiң жеке басына табыну күшейген жағдайда, әсiресе, жетпiсiншi жылдардың аяғы мен сексенiншi жылдардың бас кезiнде бұл жағдай барған сайын өрши түстi.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Қоғамның саяси өмірі.

2. Идеологиялық тоқырау, аграрлық саясат, мақсаттары мен нәтижелері.

3. Өнеркәсіптегі жағдай.

4. Әлеуметтік дамудың қайшылықтары мен қиыншылықтары.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 193-198 б.б.

2. Ч. Мусин «Қазақстан тарихы» А; 2003 ж. 278-300 б.б.

3. Х. Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995 ж. 208-213 б.б.

28- дәрiс.

Тақырыбы: М. Горбачев реформалары кезеңiндегi Қазақстан (1985-1991 ж.ж.)

Дәрістің мазмұны:

1.Жеделдету бағыты, жариялылық.

2.Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

3.Саяси қозғалыстар.

1.Жеделдету бағыты, жариялылық.

Тоқырау жылдары деп айдар тағылған кезеңде барлық жерлердегi сияқты Қазақстанда да ел басқару iсiнде елеулi кемшiлiктер орын алды. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтiк-экономикалық және кадр мәселелерiнде көптеген ауытқушылыққа, бұрмалаушылыққа жол берiлдi. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшiн бұл кезде қоғамдық ойдың мәнi өзгерiп, сөзбен iстiң арасында алшақтық қайшылық кең өрiс алды. Кадр мәселелерiн шешу партия комитеттерiнiң тек бiрiншi басшыларының айтуымен соладың таңдауымен жүретiн болды. Қазақстан Компартиясындада көрiнiс тапты. Осыдан келiп онда аса маңызды мәселелердi шешуде ескi көз қарастарымен тәсiлдер бұрынғы қалпында қалды. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнiң бюросы аса маңызды мәселелердi шешуде принципсiздiк тұрақсыздық көрсеттi.

Компартия әдебиет, өнер, баспасөз қайраткерлерін уысынан шығармай ұстау мақсатымен оған өлшеусіз қамқорлық жасады. Оған қаржыны көп бөлгізді. Шығармашылық одақтарды сол арқылы жүгендеп ұстады. Басшыларын Орталық Комитетте тағайындады.

Демократия мәселесінде де Компартия көп қателік жіберді. Халықты билікке араластырмады. Олардың өкілдері жоғарыдан түскен нұсқаулармен сайланды. Депутаттардың басым бөлігі жағымпаз, мансапқор, тұрақсыз «тұлғалар» еді. Бұл жағдай бүгінге де тән.

Қазақстанда Одақтың барлық жерлеріндегі сияқты тоқырау жылдарында басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты келеңсіз құбылыстар кеңінен орын алды, сөз бен іс арасында алшақтық, қайшылық көп кезікті. Басшы орынарға кадрлар жоғары жақтан жіберілді. Жергілікті жерлердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның дәстүрімен санаспады.

2.Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

Бұрын республиканың басшы органдарына орталықтан басшы кадрлар жiберу кеңiнен орын алды. Оларды қызметке жiбергенде жергiлiктi жерлердiң пiкiрi, республиканың тарихи жағдайы, оның дәстүрлерiмен санаспады. Мұндай жағдай 1986 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнiң бiрiншi хатшысы Д.А.Қонаев жолдас зейнеттi демалысқа шығуына байланысты қызметтен кеткен кезде айрықша көзге түстi. Пленум мәжiлiсi не бары 18 минутқа созылды. Осы уақыт iшiнде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнiң бiрiншi хатшысы Д.А.Қонаевтiң орнына Мәскеу жiберген Г.В.Колбин сайланды.

Желтоқсан көтерілісі тоталитарлық жүйенің құлауына бірден-бір себепкер болған ұлттық рухтың жаңғыру, қайта түлеу кезеңінің басы еді. Тек Алматыда емес, Жезқазған, Қарағанды, Талдықорған, Павлодар, Шымкент қалаларында, Шілік, Шамалған селоларында Кремльдің өктем саясатына қарсы наразылық шерулері өтті. Ақмола ауыл шаруашылық институтының студенттері Амангелді Нүкенов пен Асқар Сағынаев қала студенттері арасында тоталитарлық билікті сынаған листовкалар таратты. Өскемен кен-металлургия техникумы мен педучилище студенттері «Қазақстанның байлығын орталыққа тасуды тоқтату», Қазақстанның тәуелсіз ел болуын талап ету ұрандарын ұстады. Москвадағы қазақ жастары Қызыл алаңға шығып, «Тарт қолыңды Қазақстаннан, Кремль!» деп наразылық талабымен бой көтерді. Олардың бәрі аясыз басып – жаншылды. 102 адамды негізсіз бас бостандығынан айырып, соттаған. Олардың 47-сі студент еді. Шеруге шыққандар қатарында орыс, ұйғыр, татар, қырғыз, шешен, армян, түркімен, башқұрт халықтарының өкілдері болды. Әрине, көңілі кіршіксіз жастар елде демократия орнаған екен деп жапа шекті.

1989 жылы Г.В.Колбин КСРО Халықтық бақылау комитетiнiң төрағалығына тағайындалып, Мәскеуге кеттi. Оның орнына 1989 жылғы шiлдеде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнiң бiрiншi хатшысы болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.

3.Саяси қозғалыстар.

1990 жылы Қазақстанда «Азат» азаматтық қозғалысы қалыптасты. Оның басты мақсаты-Қазақстанның мемлекеттiк тәуелсiздiгiн, заң алдында барлық азаматтардың тең құқықтылығын, әлеуметтiк әдiлеттiлiктi, адамгершiлiк идеялын қорғау болып табылады. Одан басқа республикада «Алаш», «Желтоқсан», т.б. саяси қозғалыстар пайда болды.

Қазақстан халқы Мәскеудегі тамыз төңкерісіне түрліше көзқараста болды. «Азат», «Желтоқсан», «Қазақстанның Социал-Демократиялық партиясы» және басқа да қоғамдық саяси қозғалыстар ТЖМК-ны қабылдамай, халықты оны мойындамауға шақырды.

Қазақ КСР-і Президенті, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.Ә. Назарбаев жағдайды талқылау мақсатында мәжіліс өткізді. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің кінші хатшысы В.Г. Ануфриев бұл мәселеге аса сақтықпен қарауды және ТЖМК-ны айыптамауды талап етті.

Н.Ә. Назарбаев қазақ теледидарынан сөз сөйлеп, халықты тыныштық пен сабыр сақтауға шақырды. Оның талаптары:

- Республика егемендігін нығайту;

- Демократия ұстанымдарын қолдау;

- КСРО-ның біртұтастығын сақтау;

- Қазақстан территориясына төтенше жағдайды енгізбеу саясатын қолдау.

ТЖМК-ның КСРО халықтары арасында қолдау табуға деген талпынысы жүзеге асқан жоқ.

Қайта құру жағдайында Қазақстанның қоғамдық ұйымдарында да сапалық жаңа өзгерiстер iске асты. 1991 жылы қазанда Қазақстан комсомолының кезектен тыс XVIII съезi өттi. Онда Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының делегаттары алдағы бiрнеше айды көшпелi кезең деп жариялап, осы уақыт iшiнде жастардың жаңа қоғамдық ұйымын құру iсiн бастауды ұсынды. Бiрақ съезд делегаттары бұл ұсынысты қабылдамай, республика комсомолын Қазақстанның Жастар одағына ауыстыру жөнiнде шешiм алды. Оның алдына республика жастарының құқықтары мен мүдделерiн қорғау мiндетi қойылды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Жеделдету бағыты, жарилылық.

2. Экономикалық қайта құру, қарама-қайшылығы, проблемалары.

3. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

4.Қазақстан ауыл селоларының 1980-1990 жылдардағы әлеуметтік дамуы.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Ә.Әбдәкімұлы «Қазақстан тарихы» А; 1997ж. 278-288 б.б.

2. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 198 б.

3. «Егемен Қазақстан» 1998 ж. 16-қаңтар.

29-дәрiс.

Тақырыбы: Қазақстан-тәуелсiз егемендi мемлекет (1990-2005 ж.ж.)

Дәрістің мазмұны:

1.КСРО-дағы экономикалық дағдарыс және Қазақстанның өз егемендiгiн жариялауы.

2.ТМД елдерiнiң құрылуы.

1.КСРО-дағы экономикалық дағдарыс және Қазақстанның өз егемендiгiн жариялауы.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi 1990 жылы 25 қазанда бар әлемге Қазақстанның егемендiгiн паш еттi. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақтың Кеңес Социалистiк Республикасы Қазақстан Республикасы болып өзгертiлiп, оның тәуелсiз, демократиялық, құқықты мемлекет екендiгi жарияланды. Бұл күн республика күнi ретiнде бүкiл әлемге танылды. Қазақстан ұзақ жылдар бойы Кеңестер Одағының құрамында болып келдi. Төтенше орталықтанған әмiршiл-әкiмшiл басқару жүйесi бар бұл Одақты қайта құру, оның құрамындағы республикалардың дербестiгiн күшейту мәселесi 90-жылдарда ашық қойыла бастаған-ды.

Өйткенi Кеңестер Одағындағы қайта құру процестерi халықтар арасындағы ұлттық қатынастардың өте күрделi екендiгiн көрсеттi. 1986-1987 жылдары бұл мәселелер көп жағдайда, әсiресе, жоғары жақта «жергiлiкшiлдiктiң көрiнiсi», «ұлттық томаға-тұйықтық» деп қаралды. Тек соңғы кездерде ғана қоғамды қайта құрып, жаңартумен байланысты ұлт мәселесi басты мәселелердiң бiрi болып, оның көптеген әр түрлi ұлттық көрiнiстерi болатындығына ерекше назар аударыла бастады. Оған КСРО-ның құрамында бұрын болып келген ұлт республикаларының Одақтан бөлiнiп шығып, өздерiнiң егемендiк мемлекет болуы жөнiндегi талаптарының әсерi тидi. Мiне, осының нәтижесiнде 1988 жылдың қараша-1989 жылдың мамыр айлары аралығында Балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латвия республикалары өздерiнiң егемендiгi туралы алғашқы құжаттарын қабылдады. Сөйтiп, олар КСРО құрамынан шығып жеке тәуелсiз мемлекет болды.

Осыдан кейiн, көп кешiкпей-ақ, яғни 1989-1990 жылдары егемендiк туралы декларацияны КСРО-ның басқа республикалары да қабылдады. Бұл кезде Кеңестер Одағының одан әрi дамуы жөнiндегi әр түрлi үлгiлерi пайда болған едi. Қазақ КСР-ы соңғы кезге дейiн Одақты сақтап қалу үшiн күрестi. Бiрақ Қазақстанның бұл ниетiне елдегi әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгерiстер, сондай-ақ Орталықта болып жатқан құбылмалы тұрақсыз реформалар қарсы тұрды. Мұның өзi Қазақ КСР-ын тарихи дамуы бiрыңғай басқа көршi республикалармен саяси және экономикалық байланысты күшейту жөнiндегi келiссөз жүргiзуге алып келдi. Одақтық бiрлестiктiң тарап кету қаупi туған кезде бұл келiссөздердiң үлкен маңызы болды.

2.ТМД елдерiнiң құрылуы.

1990 жылғы желтоқсанда Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан республикаларының жетекшiлерi өзара төрт жақты шарт жасасу жөнiндегi келiсiмге қол қойып, басқа республикаларды оны қолдауға шақырып ұсыныс енгiздi.

Алайда, бұл талаптар негiзiнде жаңа Одақтық шартқа қол қояр алдында, 1991 жылы 19 тамызда бұрынғы Кеңес Одағының басшылары Янаев, Павлов, Крючков, Пуго, Язов т.б. қатынасқан мемлекеттiк төңкерiстiң болуымен және орталықтың ешқандай ымыраға келмеуiмен байланысты одақтас республикалардың жетекшiлерi бұған дейiн жүргiзiлiп келген келiссөз талаптарынан бас тартуға мәжбүр болды. Украина мен Белоруссия өздерiнiң тәуелсiздiгiн жариялады. Ал Қазақстанның атынан Н.Ә.Назарбаев КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң кезектен тыс сессиясында жаңарған Одақ ендi федерация түрiнде болуы мүмкiн емес, тек конфедеративтiк шарт негiзiнде болуы керек деп ашып айтты, яғни бұл тек тең құқықты республикалардың достық одағы болуы мүмкiн деп көрсеттi. Республикалардың бұл талабы 1991 жылғы 19 тамыздан кейiнгi оқиғаның артынша тәжiрибе жүзiнде iске асырыла бастады. Былайша айтқанда, бұрынғы бiрынғай одақтың орнына Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы қалыптасты. Олар көптеген саяси, әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi өздерi шешетiн болды. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы бойынша тек әскери, сыртқы және т.б. аса маңызды халықаралық мәселелердi ғана бiрiгiп шешу мiндетi қалды.

1991 жылғы 16 желтоқсанда Республика Жоғарғы Кеңесiнiң жетiншi сессиясында парламент депутаттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» заң қабылдады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. КСРО-дағы экономикалық дағдарыс.

  2. Қазақстан мен Ресей арасындағы 1990 жылғы шарт.

  3. Н.Ә. Назарбаевтың тұңғыш ел президенті болып сайлануы.

  4. Қазақстан Республикасының мемелекеттік егемендік туралы Деклорация және Тәуелсіздік туралы Конститутциялық заңның қабылдануы.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 209-218 б.б.

2. Ч. Мусин «Қазақстан тарихы» А; 2003 ж. 228-256 б.б.

3. Ә.Әбдәкімұлы «Қазақстан тарихы» А; 1997ж. 335-346 б.б.

30-дәрiс.

Тақырыбы: Тәуелсiз Қазақстан Республикасының даму бағыттары.

Дәрістің мазмұны:

1.Қазақстан экономикасына шетел инвестициясының тартылуы.

2.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк заңының қабылдануы.

3.Жаңа Конституцияның қабылдануы.

4.Қазақстан Республикасының қарулы күштерiнiң құрылуы.

1.Қазақстан экономикасына шетел инвестициясының тартылуы.

Тәуелсiз мемлекет, егемендi ел болуымен байланысты Қазақстан Республикасы алдына Азия, Тынық мұхит аймағы, Европа елдерi және АҚШ-пен халықаралық байланыста өрiстету жаңа тұрғыдан қойыла бастады. Шет мемлекеттермен байланыс екi жақтыңда экономикалық тиiмдiлiк мүддесiн ескеруге және мемлекеттiк бақылаудың негiзiнде iске асырылуы қажет болды. Бұл бағытта ескi “Жiбек жолының” маңызы өте зор болды. Қазақстан Республикасы дамыған басты капиталистiк мемлекеттер – АҚШ, Жапония, Франция және Англия т.б. мемлекеттермен экономикалық байланысты өркендетуге айрықша көңiл бөлiнуде. Бүгiнгi таңда қазақ-американ мәдени практикумы, АҚШ-пен өзара бiрiгiп құрған кәсiпорындар және бизнес клубтар т.б. жұмыс iстейдi. Экономикалық ынтымақтастық туралы шарттарға iс жүзiнде Шығыс және Батыс Еуропаның барлық мемлекеттерiмен, арабтық Шығыс елдерiмен, Үндiқытаймен, Корей түбегiмен, Түркиямен, Иранмен және Пәкiстанмен қол қойылды. Экономикалық ынтымақтастық ұйымы шеңберiнде көрсетiлген елдермен ынтымақтастық табысы жүзеге асырылды.

Шетелдік инвестиция тарту жағынан Қазақстан Орталық және Шығыс Еуропа, сондай-ақ ТМД елдерінің бестігіне тұрақты түрде кірді. Президент инвесторлардың алаңсыз жұмысына жағдай жасайтын жарлыққа қол қойды. Оның өзге елдердегі заңдылықтардан бір мысқыл да кем болмауы қатаң қадағалануда. Алайда маңдайынақазақстандық белгі жапсырылған өз тауарларымызды шетке молынан шығармайынша нарық қыспағынан құлан-таза құтыла алмаймыз. Бір қуанарлығы, өз инвесторларымыз да қазақы намысқа басып, біраз шаруаның тігісін жатқызып, төбе көрсетіп келе жатыр. Сондай қазақ кәсіпкерлерінің алғашқы қарлығашы – Сеймар концерні. 1991 жылы коммерциялық фирманың негізінде құрылған шағын ұжым бірнеше жылдан соң консорциум болып ұйымдасты. Құрамында бірнеше кәсіпорны бар бірегей кәсіпорын «Сеймар-Грейн» фирмасы дәнді дақылдарды, құрама жем мен сортты күріш жармасын экспортқа шығарады. Мұндай көрсеткішке сеймарлықтар қолы қысқа мерзімде жетті. Құдайға шүкір, осындай отандық кәсіпкорындар қатары қазір көбейіп жатыр.

2.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк заңының қабылдануы.

1993 жылғы қаңтардың 28-i Қазақстанның тарихына оның тұңғыш демократиялық Конституциясының туған күнi ретiнде ендi. Ол жаңарған республика халқына, оны мекендейтiн барша жұртқа, олардың бақытты болашағы, келiстi келешегi үшiн бағдар беретiн негiзгi құжат-азат елдiң Ата Заңы.

Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. Оның құрамдас бөлімі – еліміздің қоғамдық даму ерекшілігін бейнелейтін өтпелі кезең жағдайларына арналған тарау.

Конституцияның 3-бөлімі мемлекет, оның органдары мен институттарының құқықтық нормаларын айқындауға арналған. 4-бөлімі Конституцияны сақтау кепілдіктеріне, Конституцияның тұрақтылығын қамтамасыз ету және оның ережелерін қорғауға арналған. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі ұстанымдары:

  • Қоғамдық татулық және саяси тұрақтылық;

  • Халық игілігін көздейтін экономикалық даму;

  • Қазақстандық патриотизм;

  • Мемлекет өміріндегі аса маңызды мәселелерді демократиялық әдістермен шешу.

Қазақстан республикасының жаңа Конституциясының кiрiспесiнде былай делiнген: «Бiз, Қазақстан халқы, дүниежүзiлiк қоғамдастықтың ажырамас бөлiгi бола отырып, қазақ мемлекеттiлiгiнiң бұлжымастығын негiзге ала отырып, адам құқығы мен бостандығының басымдығын тани отырып, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға бекем бел байлап, азаматтық татулық пен ұлтаралық келiсiмдi, өзiмiз үшiн және өз ұрпақтарымыз үшiн лайықты өмiрдi қамтамасыз етудi қалай отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз». Ата Заңымыздың алғашқы бөлiмiнде конституциялық құрылыстың негiздерi баяндалған. Онда Қазақстан Республикасы (Қазақстан)-демократиялық, зиялы және бiртұтас мемлекет екендiгi, оның жерiнiң тұтастығы мен бөлiнбейтiндiгi және оған қол сұғуға болмайтындығы жазылған.

Реформаларды жалғастыру және тереңдету үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң басшылығмен және тiкелей қатысуымен әзiрленген елдiң жаңа Конституциясын қабылдау жөнiндегi республикалық референдумның маңызы аса зор болды.

3.Жаңа Конституцияның қабылдануы.

Жаңа Конституцияны қабылдауды бiлдiрген 1995 жылғы 30 тамыздағы референдумның оң қорытындылары (сайлаушылардың 89 пайызы жақтап дауыс берген) таңдаған жолдың дұрыстығын тағы да дәлелдеп бердi.

Заңымызда республиканың экономикалық күш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті кепілдікті құқықтар беретін көкейкесті мәселелерді шешу ескерілді. Конституция 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Ерекшеліктері: Демократиялық Президенттік басқаруға жол ашылды; Парламент екі палаталы болды: Сенат және Мәжіліс. Депутаттар саны 177-ден 114-ке қысқартылды; Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Судьялардың әділетті үкім шығаруға құқықтық кепілдіктерін нығайтқан мәртебесі заңды түрде белгіленді. Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді, тек Конституция мен заңға бағынады.

Билік тармақтарына, мемлекеттік лауазым иелеріне конституциялық құқықтарды бұзуға жол берілмейді. Қазақстан мемлекеті ұлтына қарамастан барлық азаматтардың мүддесін қорғайды. Республикада қос азаматтыққа жол берілмейді.

Мемлекет құру iсi-үздiксiз процесс, ол мемлекет қанша өмiр сүрсе, сонша уақыт жүргiзiле бермек. Әлбетте өмiрдiң өзi оған өзгерiстер енгiзудi, соның iшiнде конституциялық өзгерiстер енгiзудi талап етуi ықтимал. Бiрақ бiр мәселенiң басы ашық, Қазақстан Республикасының Конституциясы өзi өмiр сүрген жылдардың iшiнде өзiнiң өмiршеңдiгi мен тиiмдiлiгiн дәлелдедi, оның басты қағидалары бүгiн де көкейкестi қалпында қалып отыр. «Қазақстан 2030» стратегиясында атап көрсетiлген: «Аса ауыр жағдайларда жинақталған мемлекеттiк құру, саяси және оның дамуы туралы бiлiм-бiлiгiмiз», қазақстандықтардың төзiмдiлiгi мен түсiнушiлiгi бiзге қосымша күш-қуат пен сенiмдiлiк үстейдi.

4.Қазақстан Республикасының қарулы күштерiнiң құрылуы.

Елiмiздiң Қарулы Күштерiн құру iсi Президент Н.Ә.Назарбаевтiң есiмiмен тiкелей байланысты екендiгi жақсы мәлiм. “Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн құру туралы” Елбасының 1992 жылғы 7- шi мамырдағы Жарлығы тәуелсiз Қазақстан Қарулы Күштерi құрылысының бастауы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1992 жылғы 7 мамырда қол қойған жарлығында:

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын басшылыққа алып, қорғаныс саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүзеге асыру қажеттігіне сүйеніп, Қарулы Күштер мен шекара әскерлері жайында Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына қатысушы – Мемлкеттер басшылары кеңесінің келісімінде қуатталған дербес Қарулы Күштерін жасақтағанын еске алып, қаулы етемін – деді.

Қазақстан Қарулы Күштердi құрумен қатар Елбасшылығы мемлекеттiң әскери қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн саяси-дипломатиялық сипаттағы шараларды жүзеге асырды.

Әскери саясаттың тиiмдi шараларын жасаумен жүзеге асыру аймақтағы қауiпсiздiктi нығайтудың және елiмiздiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң маңызды факторларының бiрi болып табылады.

Қарулы Күштерді және еліміздің басқа да әскери құрылымдарын жауынгерлік қолдануға неғұрлым тиімді дайындауға, күнделікті жауынгерлік даярлықтың үйлестірілген және мақсатты процесін ретке келтіруге, әскери инфра-құрылымды барынша кең пайдалануға мүмкіндік береді. Қару-жарақ пен жауынгерлік техниканы пайдалануды және бақылауды қамтамасыз ету де аса маңызды болып табылады.

Еліміздің барлық аумағында әуе кеңестігін тиімді бақылауды қамтамасыз ету мақсатында әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің тиісті топтарын өрістету және олардың жауынгерлік кезекшілік жүйесін жетілдіру жүзеге асырылып жатыр.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Қазақстан экономикасына шет елдер инвестицияның тартылуы және оның пайдасы мен зиянын қалай түсінесіз.

  2. Өтпелі кезеңдегі Қазақстан Конституциясының маңыздылығы қандай.

  3. Жаңа Конституцияның қабылдануы.

  4. Қазақстан Республикасының қарулы күштерін құру аумақтық тұтастық пен тәуелсіздіктің кепілі.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 257-262 б.б.

  2. Х. Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995 ж. 231-244 б.б.

  3. «Егемен Қазақстан» газеті 1997 ж.

  4. Ч. Мусин «Қазақстан тарихы» А; 2003 ж. 328-356 б.б.