Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
28-02-2013_09-29-46 / 1,2 лекция по РЦБ КАЗЭУ.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
87.55 Кб
Скачать

Екіншілікті бағалы қағаздар нарығы, қор биржасы

Эмиссиялаудағы инвесторлармен алынған бағалы қағаздар басқаларға өтуі мүмкін. Мұндай келісім шартар екіншілік нарықты, қор биржасы және қор биржасынан тыс нарықтарға жүзеге асады.

Биржалық сауда – активтерінің кең көлемін қамтиды: жеке тұтыну тауарларынан бастап, валюта мен қор құндылықтарына дейін. Бірақ сауда объектілерінің әртүрлілігіне байланыссыз олар – ұйымдастырылған нарық болып табылады.

Қор биржасының қызметі мен статусын сипаттайтын ерекшеліктер:

  • қор биржасы – оның ішіндегі бағалы қағаздармен операцияларды реттеуге арналған нормативті актілердің жиынтығы бар, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығы;

  • бұл жер бағалы қағаздарды сатушылар мен сатып алушылардың бір – бірімен келісуі мен қажеттіліктерімен қамтамасыздандырылуы. Ал бұл жағдайда биржа өзі келісім шартқа қатыса отырып және тіркей отырып, бағалы қағаздармен тиімді операцияларды жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тағы да бір қызмет і- бағалы қағаздардың сұранысы мен ұсынысы негізінде нарықтық бағаксын анықтау;

  • биржадағы сауданың жиілігі мен жүйелілігі. Кез – келген уақытта биржа келісім шарт жасасуға дайын болуы керек;

  • биржадағы келісім шарттардыңобъектісі ретінде тек биржа талаптарына сай және ресми тіркелген тізімде бар бағалы қағаздармен ғана жұмыс жасалады.

Брокерлер – делдал ретінде келісімге қатынастын адамдар. Брокер келісім жасасатын әрбір жақты табыстарды көздейді. Брокер өкіл емес, ешбір жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, ол жекелеген тапсырмалар негізінде жұмыс істейді. Брокерге әрбір жеке келісімді жасауға арнаулы өкілеттік беріледі. Ол тек сол өкілеттік шеігнде әрекет етуге міндетті.

Дилерлер - өз капиталымен келісім жасайтын делдал. Оның табысы бағалы қағазды сату мен сатып алудағы айырма болып табылады.

Джобберлер деп клиенттердің барлық сұрақтарына ең төменгі ставкамен жауап беретін және таңдауға көмектесетін инвестициялық кеңесшілер. Егер клинеттің келісімдер жүргізуге уақыты жоқ болса және арнаулы қорларға барғысы келмесе джобберлердің қызметін қолдана алады.

Биржаның қатысушыларын фундаменталитер және техниктерге бөледі.

Фундаменталистер биржада келісім жасаған кезде елдегі экономикалық жағдайларды, экономиканың әр түрлі салаларын, кәсіпорны әрекетін ескереді.

Техниктер – кесте құру көмегімен бағалы қағаздар нарығына баға динамикасын ескереді. Олар бағалы қағаздарға бағаның қозғалысын анықтайтын баға динамикасымен баға заңына әсер ететін сыртқы факторларды қарастырады.

Биржаның келесі қатысушысы – инвестициондық кеңесші. Ол нарықты зерттей мен талдау қызметін көрсетеді, клинеттердің талаптарына сәйкес брокерлердің таңдауын жүзеге асырады.