Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
28-02-2013_09-29-46 / 1,2 лекция по РЦБ КАЗЭУ.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
87.55 Кб
Скачать

1-тақырып - Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметтері мен құрылымы

Бағалы қағаздар нарығының мәні және қажеттілігі

Бағалы қағаздар нарығының мәні,  функциялары және қатысушылары

Бағалы қағаздар нарығын олардың шығуы мен бағалы қағаздар нарығына қатысушылар арасындағы экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда ол кез келген басқа тауар нарығының анықтамасынан ерекшеленбейді. Зерттелетін нарық нысанын жеке салыстырғанда ғана айырмашылық пайда болады. Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы қандай да бір жеке тауар нарығына емес, тұтас тауар нарығына сәйкес келеді, әрі кез келген елдің қаржы нарығының құрамдық бөлігі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының негізін тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал құрайды.

Бұл нарық түрлерінің жіктелінуі бағалы қағаз түрлерінің жіктелінуіне ұқсайды және былайша ажыратылады:

халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы;

ұлттық және аймақтық (аумақтық) нарықтар;

нақты бағалы қағаз түрлерінің нарықтары (акция,

облигация және т.б.);

мемлекеттік және корпоративтік  (мемлекеттік емес) бағалы қағаздар нарығы;

алғашқы және туынды бағалы қағаздар нарығы.

Бағалы қағаздар нарығының функциясын шартты түрде екі топқа бөлуге болады: жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар функция.

Функцияның бірінші тобына мыналарды жатқызуға болады:

коммерциялық - осы нарықтағы операциялардан

пайда табу функциясы;

мақсатты - нарықтық бағаны қалыптастыратын процесті, олардың ұдайы қозғалысын және т.б. қамтамасыз етеді.

ақпараттық - яғни, нарық өз қатысушыларына сауда нысандары мен оның қатысушылары туралы нарықтық ақпараттарды жеткізеді;

реттеуші - ондағы нарық сауда және оған қатысудың ережесін, қатысушылардың арасындағы дау-таласты шешудің тәртібін жасайтын болса, артықшылықтарды,

бақылау органын немесе басқару органын және т.б. белгілейді.

Өзіндік ерекшелігі бар бағалы қағаздар нарығының функциясына мыналарды жатқызуға болады:

қайта бөліну;

баға және қаржы тәуекелдіктерін сақтандыратын функция.

Қайта бөліну функциясы қосалқы үш функцияға бөлінеді:

нарық қызметінің салаларына ақша қаражаттарын қайта бөлу;

ең алдымен халықтың жинақтарын өнімсіз формадан өнімді формаға ауыстыру;

инфляциялық емес негізде, яғни айналысқа қосымша ақша қаражаттарын шығармай, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру. Ал баға және қаржы тәуекелдерін сақтандырушы функцияға немесе хеджирлеуге келетін болсақ, ол туынды бағалы қағаздар фьючерстік және опциондық келісімшарттар пайда болғаннан кейін қолданысқа ене бастады. Бағалы қағаздар нарығындағы сауда тәсілдерінің ұстанымы тұрғысынан мыналарды бөліп көрсету қажет:

алғашқы және қайталамалы;

ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған;

биржалық және биржадан тыс;

дәстүрлі және компьютерлендірілген;

кассалық және мерзімді нарықтар.

Бағалы қағаздар нарығы сауда-саттық және өсімқорлық операциялардың іс-тәжірибесімен байланысты пайда болды. Олар алғашқы бағалы қағаздар - вексельдер мен коносаменттердің пайда болуына себепкер болды. Ал олар одан әрі мемлекеттің эмиссиялық қызметі мен акционерлік қоғамдардың пайда болуымен байланысты дамыды. Капиталдың бағалы қағаздарға кең ауқымды инвестициялануы XIX ғасырдың ортасында басталды. Бұл уақыт аралағында бағалы қағаздардың нарығы айтарлықтай дамыған болатын. Оның қатысушы топтары да анықталып үлгерді. Оның алғашқы қатысушылары - банк иелері мен жеке трейдерлер ретінде алға шыққан жеке тұлғалар, содан кейінгісі заңды тұлғалар.

Бағалы қағаздар нарығының мақсаты – қаржы ресурстарын шоғырландыру және оларды нарыққа қатысушылардың әртүрлі операциялары арқылы қайта бөлу, яғни уақытша бос ақша қаражатының бағалы қағаздардың инвесторларынан эмитенттеріне ауысуына делдалдық ету. Осы мақсатқа жету үшін бағалы қағаздар нарығы мына міндеттерді жүзеге асырады:

• инвестициялау үшін уақытша бос қаржы ресурстарын тарту;

• әлемдік стандартқа сай нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру;

• екінші нарықты дамыту;

• маркетингтік зерттеулерді күшейту;

• мүліктік қатынастарды өзгерту;

• басқару жүйесін және нарықтық механизмді жетілдіру;

• мемлекеттік реттеу негізінде қор капиталын нақты бақылауды қамтамасыз ету;

• инвестициялық қауіпті азайту;

• портфельдік стратегияны қалыптастыру;

• баға белгілеуді дамыту;

• дамудың бағытын болжамдау.

Аталған міндеттерді жүзеге асыруда бағалы қағаздар нарығы көптеген қызмет түрін атқарады.

Бағалы қағаздар нарығы көптеген қызметтерді атқарады, оларды үлкен екі топқа бөлуге болады: әр нарыққа тән жалпынарықтық қызмет; басқа нарықтардан айрықшалайтын ерекшелікті қызмет.

Жалпынарықтық қызметке келесілер кіреді:

  • коомерциялық қызмет, яғни берілген нарықта пайда алу қызметі;

  • бағалық қызмет, яғни нарық нарықтық бағалардың құрылу үрдісін және олардың қозғалысын қамтамасыздандарады.

Ақпараттық қызмет, яғни нарық нарықтағы ақпараттарды қатысушыларға, сауда объектілеріне жеткізіп тұрады.

Реттеуші қызмет, яғни нарық сауда мен оған қатысушыларға ережелер құрады, қатысушылар арасындағы келіспеушілік шешу реттілігін, басқару мен бақылау органдары құрады.

Ерекшелікті қызметке келесілерді жатқызамыз:

  • қайта бөлінушілік қызмет;

  • бағалық және қаржылық тәуекелділікті сақтандыру қызметі;

Қайта бөлінушілік қызмет үшке бөлінеді:

  • нарықтық қызметтегі салалар мен сфералар арасныда ақша қорларының бөлінуі;

  • өндірістік емес саладан өндірістік салаға жинақтардың орын ауыстыруы;

  • инфляциялық емес негізде, яғни айналысқа қосымша ақша құралдарын шығармай мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру;

Сурет 1. Бағалы қағаздардың эмитенттері

Барлық бағалы қағаздарды сатып алушыларды екі топқа бөлуге болады:

  • индивидтер (бөлшек инвесторлар)

  • институтционалды инвесторлар;

Бөлшек инвесторлар. Бұл категорияға өзінің құралдарын дұрыс салықтық басқару мен капиталын сақтау және ағымдық жоғарғы табысқа жетуге ұмтылған табысты индивидтер кіріеді. Дамыған мемлекеттерде, яғни АҚШ – та, Жапонияда, Канадада, жеке тұлғалардың жинақтарының жоғарғы деңгейде болуы инвестициялық капиталдың ірі жабдықтаушыларпын тударады.

Институтционалдық инвесторлар. Бұл топқа көбінесе қаржы – несие институттарының рольдері басым, копрорацияның зейнетақы қорлары, мемлекеттік зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, инвестициялық қорлар, коммерциялық банктердің траст бөлімшесі, траст компаниялар.