Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kniga_po_kazakhskomu.docx
Скачиваний:
416
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.77 Mб
Скачать

Үздік тауарлар көрмесі

2001 жылы «Қазақстанның үздік тауарлар көрме-конкурсы» жарияланды. Бұл көрмеде Қазақстанның Тәуелсіздігін паш ететін отандық тауарлар шығарылды. Аталған байқауға ең мықты деген 150-ден астам қазақстандық тауар өндірушілер қатысты. Олардың қатарында ұлттық саз аспабын жасаушы алматылық «Шертер» ЖШС үздік нәтиже көрсетіп, халықтың ықыласына бөленді.Серіктестік директоры Бақытжан Ділманов өз шеберлерімен домбырадан саз сырнайға шейін аспаптар жасап, еліміздің бірнеше аймақтарына шығарып жатқанын айтты. Шығыс Қазақстаннан келген ет, шұжық өнімдерімен аты шыққан «Швабские колбаски» серіктестігінің өнімдері барлық жанды тамсандырды.

Байқау комиссиясы «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар» , «Үздік азық-түлік тауарлары» сынды үш номинацияда жеңімпаздарды анықтады. Байқау жеңімпаздары «Алтын сапа», «Парыз» сыйлықтарымен марапатталды.

16-тапсырма. Сұхбатқа назар аударыңыз. Оқыңыз. Қала әкімінің қорытынды сөзін орысшаға аударыңыз.

Алматыда «Қазақстанның үздік тауарлары» көрмесі ашылады. Көрме «Атакент-Экспоның» халықаралық павилионында өтеді. Көрменің ашылу салтанатына Алматы қаласының әкімі ... , Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Комитетінің өкілі, «Нұр Отан» ХДП-сы облыстық филиалының басшылары қатысады.

Тілші: – ... мырза, бұл көрме қандай мақсатта ұйымдастырылып отыр?

... : – Қазақстанның үздік тауары» атты өңірлік конкурс- көрме Қазақстандағы кәсіпорындардың жұмысына ықпал ету, нарықты отандық тауарлармен қамту, сапалы және сұранысқа ие тауарлар шығару мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Тілші: – Көрмеге кімдер қатыспақшы?

... : – Көрмеге биылғы маусымда қаланың 85 өндіріс орны қатысуда.

Тілші: – Байқау қандай номинация бойынша өтеді?

... : – байқау үш номинация бойынша өтеді:

29 кәсіпорын өндірістік бағыт;

27 кәсіпорын халық тұтынатын тауарлар;

29 кәсіпорын азық- түлік тауарлары.

Тілші: – Сіз кәсіпорын тауарларымен жан-жақты таныстыңыз. Көрмеде қандай өндіріс тауарлары ерекше көрініс тапты?

... : – Алматы көрмесінде ауыр өнеркәсіптің флагманы болып табылатын АЗТМ-ның өнімдерінен бастап, жеңіл тауарларға дейін көрініс тапты.

«Біз қала тұрғындарының сұранысын қанағаттандырып отырған өндіріс орындарына қашан да қолдау көрсетуге тиіспіз. Ал Сіздердің міндеттеріңіз - жоғары марканы қолда нық ұстап, экспортқа өнім шығару. Алматы - еңбекқор, донор қала, ол республика бюджеті кірісінің 27 % -ын береді. Осы көрсеткішті біздің кәсіпорындар жүзеге асырып отыр.

Тілші: – Қазіргі дағдарысқа қарамастан Алматы қаласының өндіріс орындарының қанат жайып келе жатқанын білеміз. Енді қала бюджеті туралы не айтар едіңіз?

... : – Алматы қаласы өркен жайып келе жатқаны рас, ал бұл қала бюджетінің артуына ойдағыдай ықпал етеді. Бюджеттің өсуі үлкен мегаполистегі орын алған өзекті мәселелерді шешуге, энергетиканы, жылу трассаларын, су каналдарын жаңартуға бағытталған. Соңғы екі жыл ішінде энергетикаға мол қаржы бөлінді. 2010 жылы бюджет қаржысы 81 млрд. теңгені құрады. Бұдан өзге қаржы жолдарды жөндеуге, фонтандар мен аулаларды, жүргінші жолдарды ретке келтіруге де бөлінген. Жүргізіліп жатқан қомақты істердің арқасында қалалықтар демалатын гүлзарлар мен скверлер де көбейді, қала ерекше абаттанып, бұрынғыдан да гүлдене түсті.

Ахметжан Есімов көрмеге қатысушыларды құттықтап, олардың көрмеге ұсынған түрлі өнімдеріне ризашылығын айтып, жыл аяғында Астанада өтетін «Алтын сапа» байқауында жеңімпаз атануға тілектестік білдірді.

Алматыда барынша дарынды, шығармашыл жандар тұрады, солардың арқасында әсем қаламыз жыл сайын көркейіп, құлашын кеңге жайып, гүлдене түсуде. Мен сіздердің барлықтарыңызға табыс, ұшқыр ой мен шабыт тілеймін. Өзіміз де, қаламыз дами беретін боламыз. Отандық тауарлар озық болатын күн алыс емес, - деп қорытындылады өз сөзін қала әкімі.

Тілші: – Әңгімеңізге рақмет.

Алматы қаласының әкімі «Үздік Қазақстандық тауар» атты өңірлік конкурстың жеңімпаздарын арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

17-тапсырма. Көр түбіріне қосымшалар жалғау арқылы сөз жасаңыз.

сін

іс

гіш

е

ер

мен

ген

ін

ме

у

се

көр

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]