Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БР Бетон.docx
Скачиваний:
46
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
72.43 Кб
Скачать

2.8 Инвестициялар есебі

Инвестициялар деп өнерксіптің,құрылыстың,ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты-түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.

Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады.Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.

Инвестициялық жылжымайтын мүлік келесі кестеде берілген:

Кесте 10 - Жыл соңына инвестициялық жылжымайтын мүлік қозғалысы:

Мың теңгемен

2013

2014

Бастапқы құн

1 қаңтарға

1264

1264

31 желтоқсанға

1264

1264

Құнсызданудан жинақталған тозу мен шығын

1 қаңтарға

(1264)

(1264)

31 желтоқсанға

(1264)

(1264)

Баланстық құн

1 қаңтарға

-

-

31 желтоқсанға

-

-

10 - кесте мәліметтері бойынша инвестициялық жылжымайтын мүлік мемлекеттік мекемелерге жалға беру мақсатында салынған офис ғимараты түрінде берілген.

2013 жылғы 31 желтоқсанға инвестициялық жылжымайтын мүлік бойынша 1264 мың теңге көлеміндегі құнсыздану оның өтелетін құнына дейін есептен шығаруды білдірді. Өтелетін құнды бағалау сату шығыстарын шегергендегі пайдалану құнын және әділ құнды талдау негізінде жүргізілді, 2013 және 2014 жылдардың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша нөлге тең болып бағаланды. Өйткені, Кәсіпорынның оның құрылысына кетер шығын өтеуін офистік ғимаратты сатып алу немесе жалгерлік төлемдер түрінде алуы екіұшты. Бұл бағалаулар болашақта өзгеруі мүмкін. Топ басшылығының ойынша, инвестициялық жылжымайтын мүліктің әділ құны 1663000 теңге құрады.

2.9 Өндірістік шығындар есебі (басқару есебі)

Кіріс пен шығыс есебі – бұл белгілі бір уақытта ұйымның қызметінің ойдағыдай болғанын өлшейтін есеп беру. Іскерлік және инвестициялық орталарда ол ұйымның рентабельдігін, инвестициялық құндылықтарды, несиеге қабілеттілікті анықтау үшін қолданылады. Бұл есеп беру қаржылық есептеме қолданушыларына ақша қаражаттары қозғалысының болашағын әртүрлі әдістермен болжауға көмектеседі.

Шығындар функциясы немесе сатылған өнімнің өзіндік құны деп аталынады және шығындарды олардың функцияларына сәйкес сатылған өнімнің өзіндік құнының бір бөлігі, бөлу немесе әкімшілік қызмет түрінде жіктейді. Бұл әдісті ұсыну қолданушыларға шығындарды сипатына қарай жіктеуден неғұрлым нақты ақпарат береді. Бірақ функцияларына қарай шығындарды бөлу даулы болуы мүмкін және субьективті елеулі үлесті болжайды.

Келесі кестеде қаржы шығыстары мен кірістері берілген:

Кесте 11 - Жыл соңына қаржы шығыстары мен кірістері мыналарды қамтиды:

Мың теңгемен

2013

2014

Қаржыландыру шығыстары

Кредиттер бойынша пайыздар

6272

5351

Қаржылық жалдау міндеттемелері бойынша пайыздар

2133

1981

Қызметкерлерге ұзақ мерзімді заемдарды дисконттау

738

1518

Басқа да ұзақ мерзімді активтерді дисконттау

165

286

9308

9136

Қаржыландыру кірісі

Ақша қаражатының қалдықтары бойынша кіріс

525

1083

Депозиттер бойынша пайыздық кіріс

890

979

Шығарылған кепілдіктер бойынша пайыздық кіріс

341

507

Қызметкерлерге ұзақ мерзімді заемдарды дисконттау амортизациясы

205

318

Ұзақ мерзімді берешекті дисконттау амортизациясы

218

408

2179

3295

Келесі кестеде қызметкерлерге шығыстардың корреспонденциялық шоттарда көрсетілген:

Кесте 12 – Жыл соңына қызметкерлерге арналған шығыстар мынадай шоттармен берілді:

Мың теңгемен

2013

2014

Дт

Кт

Жалақы

3928

4369

7010, 7210

3350

Еңбекке ақы төлеу қорынан салықтар

384

430

3150

3210

Қызметкерлерге сыйақы беру туралы шығыстар

1636

1586

7010,7210

3350

5948

6385

Келесі кестеде пайда салығы бойынша шығыстар берілген:

Кесте 13 – Жыл соңына табыс салығы бойынша шығыстар мыналарды қамтиды:

Мың теңгемен

2013

2014

Ағымдағы корпоративтік табыыс салығы бойынша шығыстар

4891

5330

Кейінге қалдырылған табыс салығы бойынша жеңілдік

(2757)

(1232)

Салық ставкасының өзгеруінен пайда болған мерзімі ұзартылған табыс салығы бойынша шығыстар

2840

-

4974

4098

20% (2013ж.: 20%) көлеміндегі ресим ставканы пайдалану арқылы есептелген салық салынғанға дейінгі пайдаға қатысыт табыс салығы бойынша шығыстарды 2014 жылдың ағымдағы корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстармен салыстыру төменде берілген:

2013

2014

Салық салынғанға дейінгі жалғасатын қызметтен пайда

11762

21258

Салық салынғанға дейінгі тоқтатылған қызметтен пайда

26883

33023

Cалық салынғанға дейінгі пайда

38645

54.281

20% ресим салық ставкасы бойынша есептелген табыс салығы

7729

10856

Қауымдастырылған компаниядағы салық салынбайтын үлес

(5207)

(6499)

Танылмаған кейінге қалдырылған салық активтеріндегі өзгеріс

(702)

(64)

Салық ставкасының өзгеруінен кезең басындағы кейінге қалдырылған салық нәтижесі

2840

-

Шегеруге жатқызылмайтын шығыстар

314

(194)

Пайда салығы бойынша барлық шығыс

7974

4098

Кесте мәліметтері негізінде бір мысалға келтірілген корреспонденциялар:

Дт Кт Сомасы, мың тг.

Ағымдағы корпоративтік 7710 3110 5330

табыс салығы бойынша

шығыстар

ҚОРЫТЫНДЫ МЕН ҰСЫНЫСТАР

«БР-Бетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде іс-тәжірибемді атқара отырып мыналарды айтып кетсем деймін.

«Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде» теориялық түрде алған білімімді іс-тәжірибеде қолдана отырып, бухгалтерияда бухгалтерияның жұмыстарын істедім және өз білімімді едәуір тереңдеттім деп ойлаймын. Мен бухгалтерияда әр түрлі бастапқы құжаттармен жұмыс істей отырып, олармен таныстым. Мерзімді есепті құруға көмектестім және де әр түрлі бланкілерді толтырдым. Кәсіпорын жұмысы Қазақстан Республикасының барлық заңдарына сәйкес реттеліп отырады. Қызметті ұйымдастыруда барлық жағдай қарастырылып, кәсіпорын табысына жағымды әсерін тигізеді. Барлық құжатнама қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Есептер жүргізу автоматтандырылған. Кәсіпорынның материалдық емес активтерінде бекітілген «1С: Предприятие» бағдарламасы бухгалтерияны жүргізуде қолайлы істер атқарады. Салық есептемелерін ЭФНО, ИСИД, ИНИС, НДС, СГДС бағдарламалары жүргізеді.

«БР-Бетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қазіргі күнге барлық нормаларға сәйкес жұмыс атқарып жатыр. Яғни бюджетке, статистика басқармаларына салықтарды және есептілікті мерзімінде тапсырып, қазіргі күнге жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қойылатын талаптарды толығымен орындап жатыр. Салық басқармасына есептілікті жалпыға бірдей қолданылатын режиммен өткізеді. Салық органдарымен электронды есептілік туралы келісімі болғандықтан декларацияларды СГДС-клиент арқылы ұсынады.

Осы жұмыстың қортындысы ретінде талау материалдарына сүйене отырып төменгідей тұжырым жасауға болады:

«БР-Бетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дағдарыс кезеңінде өзін өндірістік бірлік ретінде сақтап қала алды.

Кәсіпорын өзінің өндірістік қарқынын өсіре отырып кірістілгін арттырып отыр.

Кәсіпорын жылдан жылға өндірістік жылды пайдамен аяқтап отыр.

Кәсіпорынның одан ары дамуының перспективасы бар және нарық заманында өз орынын нықтай алады.

Кәсіпорынға жетіспейтін негізгі және айналымды құралдарды толтыру үшін сырттан қарыздық құралдармен инвестициялық қорларды белсенді түрде тарту керек.

Жоғарғы айтылған мәліметтерге сүйене отырып төменгідей ұсыныстар жасауға болады:

Тауарлық-материалдық құндылықтардың бей-берекет жұмсалмау үшін және сақталуын қамтамасыздандыру мақсатында бар материалдық, ақшалық қозғалыстарды қатаң қадағалап отыру.

Қойма шаруашылығын керекті жабдықтармен қамтамасыздандырып, ТМҚ-ы сақтау технологияларын қатаң ұстану.

Өндірістік қорлардың түсуі, жіберілуі мен өңделуіне ішкі бақылауды күшейту және алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану керек.

Ақша құралдарын мақсатты және нәтижелі пайдалану үшін ішкі бақылауды жолға қою керек.

Жауапкершілікпен есеп тәртібін көтере түсу үшін қойма меңгерушілер мен басқада материалдық жауапкершілігі бар тұлғалардың күнделікті есеп беруін іске асыру керек.

Ай сайын жүйелі түрде мердігерлермен және жабдықтаушылармен салыстыру тексерулерді іске асырып, сонымен қатар дебиторлар мен кредиторлар арасындағы есеп айырысуды жолға қою керек.

Нормативтен жоғары қорлардан және жойылымы жоқ материалдардан құтылу үшін айналымдағы құралдар көлемін нормалап отыру керек.

Ұжымның сенім-хатымен жұмыс істейтін адамдар тізімін анықтап, қатаң есепке алу керек.

Бұдан басқа, кәсіпорынға жетістіктерге жету үшін басшылықтың алға қойған мақсаттарына қажетті мұқият түрде қаржы жоспарларын құрастыру процесін көрсететін бюджеттеу жүйесін енгізу ұсынылады. Сондай-ақ, бюджеттеу кәсіпорынның әртүрлі бюджеттерін жүргізуді қамтамасыз ететін қаржылық, ақпараттық және ұйымдастыру технологиялары болып табылады. Ол бизнесті жоспарлауда, сондай-ақ қаржылық, бухгалтерлік, басқару және жедел есепке алуларда қолданыла алады.

  1. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Халықаралық аудит және сапа бақылау стандарт жинағы, - Халықаралық бухгалтер федерациясы, Алматы. 2009

  2. Аудиторлық қызмет туралы ҚР-ның заңы.2007 жыл, 26-наурыз. ( 2012.10.07 жылғы берілген толықтырулар мен өзгертулер енгізілді)

  3. Қаржылық есептіліктің аудиті, Байболтаева, Н.ә. , Алматы 2011 Эл.р

  4. Қаржылық есептіліктің аудиті, Байболтаева, Н.ә. , Алматы 2011 Эл.р

  5. Аудит бизнеса. Практика и проблемы развития-Булыга Р.П., Мельник М.В.- Юнити-Дана, 2013 г.

  6. Аудит: Учебное пособие Е. Р. Баханькова, 2013, Мягкая обложка

  7. Абленов Д.О. Аудит негіздері – Алматы, 2010,

  8. Қазакстан аудитының халықаралық стандарттары – Алматы. 2010

  9. Абленов Д.О. Қаржылық аудит және талдау: Теория, әдіснама, практика: Оқу құралы. / Д.О. Абленов.- Алматы: Экономика, 2010.- 528 б.;

  10. .Қаржылық талдау : оқу құралы /В.З.Черняк, Ү.Ж.Шалболова.- Астана:Фолиант, 2013. - 160 б.

  11. .Қаржылық талдау: оқулық / Т. Ж. Демесінов. - Алматы : Дәуір - 2011. - 320 б.

  12. Қаржылық талдау : оқулық / Б. С. Өтебаев. - Астана : ҚазЭҚХСУ, 2008. - 220 б

  13. Бухгалтерлік есептің қазақстандық стандарттары және оларға әдістемелік нұсқаулар

  14. Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2010 жыл

  15. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2010 жыл

  16. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2010 жыл

  17. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есептің теориясы және негіздері Алматы 2010 жыл

  18. Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп беру принциптері Алматы 2011 жыл

  19. Миржакыпова С.Т., Аппакова Г.Н. Основы бухгалтерского учета по МСФО. Алматы 2011

  20. Вахрушина М.А., Мельникова Л.А. Международные стандарты финансовой отчетности Омега – Л 2010

  21. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы 2011

  22. Мырзалиев, Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі.- Алматы, 2010 жыл

  23. Баймуханова С.Б. Қаржылық есеп Алматы 2011 жыл

29