Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БР Бетон.docx
Скачиваний:
46
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
72.43 Кб
Скачать

2.1 Меншікті капитал есебі

Кәсіпорынның экономикалық жағдайы мен оның тұрақтылығы белгілі деңгейде кәсіпорынның капиталы қандай активтерге салынғанынан, олар қандай табыс әкелетіндігінен тәуелді. Сол себепті кәсіпорынның экономи-калық жағдайын талдау кәсіпорын активтерінің құрамы мен құрылымын талдаудан бастауы тиіс. Кәсіпорын активтерінің орналасуы туралы ақпарат баланс активінде қамтылады.

Баланс мәліметтері бойынша 2013-2014 жылдары актив баптарының құрамы мен орналасуын 1-кестеден көруге болады.

Кесте 1 - «БР-Берон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі активтерінің құрамы мен құрылымы, жыл соңына

Сомасы, мың тг

Құрылымы, %

Активтер

2013ж.

2014ж.

2013ж.

2014ж.

І. Қысқа мерзімді активтер:

Ақша қаражаты

330

303

15,7

20,8

Өзге де қысқа мерзімді қаржы активтері

-

Қысқа мерзімді сауда және өзге де дебиторлық берешек

27055

22898

3,4

4,3

Ағымдағы табыс салығы

3615

0,1

0,04

Қорлар

9102

9634

1,4

1,0

Өзге де қысқа мерзімді активтер

(134)

3419

1,2

1,3

Қысқа мерзімді активтер жиыны

36353

39869

21,8

27,4

Сатуға арналған активтер

ІІ. Ұзақ мерзімді активтер:

Жабуға дейін ұсталатын қаржы активтері

Туынды қаржы құралдар

Қысқа мерзімді сауда және өзге де дебиторлық берешек

16501

16501

Үлестік қатысу тәсілімен есептелетін инвестиция

Негізгі құралдар

1117

7174

47,1

51,4

Материалдық емес активтер

Кейінге қалдырылған салық активтері

Өзге де ұзақ мерзімді активтер

Ұзақ мерзімді активтер жиыны

17678

23675

58, 7

78,2

Баланс

53972

63544

100,0

100,0

1-кесте мәліметтері бойынша кәсіпорын мүлкінің құны 2014 жылы 63544 мың теңгені құрап отыр және ол 2013 жылмен салыстырғанда 53972 мың теңгеге не 13,7%-ға кеміген. Кәсіпорын мүлкі толықтай ұзақ мерзімді активтерден тұрады деп айтуға болады. Атап өткенде 2014 жылы қысқа мерзімді активтер құны 36353 мың теңгені ғана құрап отыр, бұл барлық мүліктің 27,4% ғана құрайды. Қысқа мерзімді активтердің негізгі бөлігін ақша қаражаты құрап отыр, егер 2013 жылы барлық мүліктің ішінде ақша қаражатының үлес салмағы 15,7% болса, 2014 жылы оның үлес салмағы 20,8% болып отыр.

Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:

− жарғылық капитал;

− резервтік капитал;

− бөлінбеген пайда.

Кәсіпорынның мүлкінің құралу көздерінің құрамы мен динамикасы

2 -кестеде келтірілген.

Кесте 2 «БР-Берон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің меншікті капитал динамикасы, жыл соңына

Капитал көздері

Сомасы, мың тг

Құрылымы, %

2013 жыл

2014 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Жарғылық капитал

100

100

Эмиссиялық кіріс

-

-

-

-

Сатып алынған меншіктің улес құралдары

Резервтер

Бөлінбеген пайда

33139

38393

Барлығы

33239

38493

100,0

100,0

2-кесте мәліметтері бойынша меншікті капитал сомасы 2014 жылы 33239 мың теңгені құрайды. 2013 жылмен салыстырғанда 38493 мың теңгеге немесе 18,6 %-ға жоғарылаған.