Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отчет.doc
Скачиваний:
175
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
400.38 Кб
Скачать

3.3 Әлеуметтік салық

ҚР 1999 жылғы 17 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңына сәйкес әлеуметтік салықта бұған дейінгі жол салығы және әлеуметтік қамсыздандыру алымы бойынша салық алымдары мен төлемдерінің есептеу тәртібі қарастырылған.

Серіктестіктің төлеуге тиісті салық түрі - әлеуметтік салық. ҚР Салық кодексіне сәйкес ҚР-ның резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ қызметін ҚР-да тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері мынадай ставка бойынша әлеуметтік салық төлейді:

Кесте 7 - Әлеуметтік салық төлеу ставкалары

Қызметтекерлердің салық салынатын табысы

Ставкасы

15 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін

салық салынатын табыс сомасынан 20 %

15-тен 40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін

15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 15 %

40- тан 200 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін одан асатын сомадан

40 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы +12 %

200-ден 600 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін одан асатын сомадан

200 еселенген жылдық есептік көрсеткіш-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 9 %

600 еселенген жылдық есептік көрсеткішке бастап және одан жоғары

600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 7 %

Әлеуметтік салық сомасы салық салу объектісіне белгіленген ставка мөлшерінде ай сайын есептелініп, есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей салық төлеушінің тіркеу есебіне алынған жері бойынша бюджетке төленіледі. Арнаулы салық режимдерін қолданатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін әлеуметтік салық ставкалары Салық кодексінің 374-384 баптарында белгіленген. Олар әлеуметтік салықты Салық кодексінің 374-390 -баптарында белгіленген тәртіппен есептейді.Әлеуметтік салықты есептеу Салық кодексінің 316-бабына сәйкес анықталған әлеуметтік салық салу объектісіне 317-бапта белгіленген ставканы қолдану арқылы ай сайын жүргізіліп отырады.

Әлеуметтік салықтың ерекшелігі – оның салық салу объектісі еңбекақы төлеу қоры болып табылады. Заңды тұлғалар үшін салық салу объектісі болып жұмыс берушінің қызметкерлерге төлейтін ақшалай және натуралды формадағы табыстары, әлеуметтік және материалдық түрдегі жұмыс берушінің ұсынған игіліктері табылады. Салық ставкасы 11 пайыз. Серіктестікте салық ай сайын есептеліп, салық төлеушінің тіркелу орны бойынша есепті айдан кейінгі айдың 15-нен кешіктірілмей төленіп отырады, ал декларацияны тоқсан сайын салықтық органдарға есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірілмей ұсынады.

Әлеуметтік салықтың есептелуі: 1620, 7110, 7210, 8110, 8310, 8410, 3150

3.4 Қосылған құн салығы

Қосылған құнға салынатын салық тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету және олардың айналысы барысында қосылған құн өсімінің бір бөлігін аудару, сондай-ақ осы елге тауарлар импорты кезіндегі аударым болып табылады.. Серіктестік ҚР қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде. ҚҚС тауарлар мен қызметтердің өндірісі немесе айналымы кезіндегі құн өсіміне салынатын, сатылған тауарлар мен қызметтерге есептелген ҚҚС сомалары арасындағы айырмашылық ретінде анықталған бюджетке төленуге тиісті салық болып табылады. Серіктестікте ҚҚС объектісі салық салынатын айналым болып табылады.

Салық салынатын айналым ретінде жұмыс пен қызметтерді өткізуден табыс анықталады. ҚҚС 3130 «Қосылған құнға салынатын салық» шотында есептеледі. Бұл пассивтік шот болғандықтан кредитіне салынған салық сомасы, ал дебетіне бюджетке аударылған және субъектінің жабдықтау-шыларға тиісті түрде ресімделген салық шоты бойынша төленген сомалары жазылады. Бюджетке төленуге тиісті ҚҚС өткізілген өнім, орындалған жұмыс немес көрсетілген қызмет үшін есептелген ҚҚС сомасымен сатып алынған тауарлар, материалдар мен жабдықтаушылардың көрсеткен қызметі, орындалған жұмыстары үшін төленген ҚҚС сомаларының арасындағы айырма ретінде айқындалады. ҚҚС мөлшері ҚР-ның салық заңында белгіленеді. (12 пайыз)