Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ бағалы қағаздар нарығы.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
146.43 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………..…2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ бағалы қағаздар нарығы

1.1. Бағалы қағаздардың экономикалық мәні…………………………..5

1.2. Құнды қағаздардың экономикадағы қызметтері………………......7

Бағалы қағаздардың мәні, қызметі және салалары

2.1. Бағалы қағаздардың қызметтері…………………………………....9

2.2. Құнды қағаздар және олардың түрлері………………………..…12

Қорытынды………………………………………………………17

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................18

Кіріспе

Құнды қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат кезін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Грудзон бүғазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар құндықағаздарды бірінші шығарған ірі компаниялар болды. Олардың акциялары күні бүгінге дейін Лондон мен Торонто биржаларында сатылуда. XVI—XVII ғғ. Англиядағы акционерлік компаниялар капиталды көп қажет ететін көмір өндірісін қаржыландыру үшін де ұйымдасқан болатын.

ХІХ ғасырдың 60-жылдары тағы да бір маңызды оқиға болды. Германияда ауыр өнеркәсіпті дамытуға шығарылған құндықағаздармен делдалдық операцияларды жүргізуді универсалды инвестициялық банктер өз қолдарына алды.

Ресейге брокерлік бизнес осы Гермаииядан келді (аз мөлшерде Франциядан) "Маклер", "биржа", "акция" деген үғымдар осындай финанс инвестициясының тәжірибесімен бірге санаға енді.

Мемлекетімізде нарықтық дамуы қиыншылықпен баяу дамып келе жатқанымен, «советтік модельден нарыққа өту процесі, заңдардың жетілдірілуі, жекешелендіру мен ресструктуризацияцияның даму қарқынының өсуі, ақырындап инфрақұрылымның қалыптасуы, қор жұмысының негізінің қалануы іске асуда. Қоғамдағы соңғы 6-7 жылда болған өзгерістер – Қазақстан Республикасының нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандығы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері. Әсіресе қаржы несие институттары демократиялық негізде құрылған қазіргі нарық – адамзат дамуының ең жоғарғы жетістігі. Нарық – күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ал, осы нарықтық қатынастары қалыптасып, халық шаруашылығының экономикалық басқару құрылымы елеулі өзгеріске түскен қазіргі жауапты да күрделі кезеңде тікелей айналысып жүрген сала мамандары болмаса, былайғы қарапайым жұртшылықтың зердесіне жете бермейтін жайлар да жоқ емес. Солардың бірсыпырасы бағалы қағаздарға келіп тіреледі. «Бағалы қағаздар» дегенде құлағымыз елең ете қалғанымен, соның түп-төркініне түсінбей дал боламыз. Көз алдымызға сонау 40-50жылдардағы елге есепсіз таратылып, кейін қаржы реформасына қатысты құнын жайып, артынан қалта-қалта қылып жинақ кассасына өткізіп, бірақ болар-болмас қара бақырға қанағаттанған заемдар елестейді. Бала-шағаның аузынан жырып жинаған азын аулақ қаржыға бағалы қағаз сатып аламын деп ертең есем кетіп жүрмей ме деп күдіктенетіндер көп. Сондықтан, осындай сенбеушілікті жойып, туған топырағымызда жаңа-жаңа бүршік жарып келе жатқан нарықтық қатынастар кезеңінде бағалы қағаздардың қандай пайдасы бар, оның халықтың тұрмысын түзеуге септігі тие ме деген мәселелер нарық экономикасының өзекті мәселелерінің бірі.