Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ бағалы қағаздар нарығы.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
146.43 Кб
Скачать

1.2. Құнды қағаздардың экономикадағы қызметтері

Бағалы қағаз түсінігі экономикалық және заңдық қатынастарда өте кең ауқымды алып отырған түсінік. Бағалы қағаздар орта ғасырдан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал саласына деген қажеттіліктері туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат көзін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жеке адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голланддық компаниялары акционерлік қоғамы Ост- Индия, Грудзон бұғазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар бағалы қағазды бірінші шығарған компаниялар болды. Олардың акциялары күні-бүгінге дейін Лондон мен Торонто биржаларында сатылуды. XVI-XVII ғғ. Англиядағы акционерлік компаниялар капиталды көп қажет ететін көмір өндірісін қаржыландыру үщін де ұйымдасқан болатын. Ең алғаш рет бағалы қағаз түсінігін 1882жылы Бруннер ұсынған. Ол бағалы қағаздарды жеке құқық ретінде анықтады («Werpapier ist eine Urkunde ueder ein Privatreckt»). Бұл түсінікте Бруннер әртүрлі бағалы қағаздар бір түсінікке қамтылатынын анықтады.

Ал В.М. Гордон, бағалы қағаздар түсінігі анықтамаса да, оның белгілерін сиаттады. Ол бағалы қағазды литтераль деп атап, бұл қағазда жазылған мәлімет қана іске асады деген /2.36б/. Басқа зерттеулерді қарасақ, 1923 жылы В.Ф. Вольфтың басқаруымен зерттелген КСРО- ның Сауда своды атты проектісінің авторлары қағазға былай түсініктеме береді: «Бағалы қағаз – оны көрсету кезінде белгілі құқығы бар құжат». /3.10б/

Сонымен, бағалы қағаздар дегеніміз – толығымен құқығы белгіленген, мүліктік құқықты немесе эмитенткебайланысты құжат иесінің қарыз қатынасын куаландыратын акциялы құжат (акция, облигация немесе опцион) . Ол жеке құжат түрінде немесе (артықшылығы ) шоттағы жазу түрінде болады.

Бағалы қағаздар туралы көпеген ғалымдардың тұжырымдары бар. Негізінен зертеушілердің көбі бағалы қағаздарды тұлғалар арасындағы құқықтық қатынастарды бекітетін заңды құжат деп қарастырады. Соның ішінде, Ф.С. Карагусов: « Бағалы қағаз ол – сол қағассыз басқа адамдардың қолына өте алмайтын, іске аспайтын кез-келген құжат» дейді. /3.10б/

Ал келесі «Курс экономической теорий» атты оқу құралында бағалы қағаздарға мынандай түсініктеме айтылған: «Бағалы қағаз – ол иелену құқығын немесе займ қатынасын куаландыратын және документ шығарған тұлға мен оның иегері арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын ақшалы құжат. Бағалы қағаз табыстың дебиденд немесе пайыз түрінде төленуін және басқа тұлғаларға ақшалық немесе басқа да құқықтардың бірігу мүмкіндігін беруін қарастырады». / ,305б/

Тағы да басқа әдебиеттерді қарастыратын болсақ, «бағалы қағаз, - деп жазады Д.И.Мельников және К.К. Ильясов, - мүліктік қатынастарды куаландыратын немесе оның иегері мен құжаты шығарушының арасындағы займдық қатынасты көрсететін ақшалық құжат». /25.302б/ В.Д. Камаевтің ойынша «бағалы қағаз,- меншік иесінің белгілі бір мүлікке немесе ақшаға меншік құқығын куаландыратын құжат». Осы пікірді экономикалық жоғарғы оқу орындарына, акдемияларға және факультеттерге арналған «экономик» оқулығының авторлары да қолдайды: «бағалы қағаз – болашақта оның иегеріне пайда әкелетін, сатылатын және сатып алынатын құжат» ,-дейді. /24.632б/

Міне, осындай көптеген авторлардың ікірлері мен тұжырымдамаларын қарастыра отырып, қаіргі таңда бағалы қағаздардың маңыздылығының зор екендігіне куә бола аламыз. Ал біздің мемлекетіміздің бағалы қағаздарының даму тарихы терең емес, әлі жас. Қазақстанда бағалы қағаздар алғаш рет 1995 жылы тіркеуге алынды.Осыған орай ҚР-ның Азаматтық кодексінің 129 бабында бағалы қағаздарға былай анықтама берілген: «Белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып. жүзеге асыралуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын, мүліктік құқықтарды куаландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. /14/