Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос шпоры граница.doc
Скачиваний:
282
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.45 Mб
Скачать

143)Фирма капиталының мақсатты құрлымдарын анықтау тәсілдері. Шекті капитал құны

Капитал құнын анықтау қажеттілігі келесі жағдайлармен түсіндіріледі.

Біріншіден, бұл көрсеткіш кәсіпорын қызметін ұзақ мерзімді перспективасы тұрғысынан сипаттайды. Мәселен, меншікті капиталдың құны потенциалды инвесторлар үшін инвестициялар салудың тартымдылығын көрсетеді; қарыз қаражаттардың құны кәсіпорынның ұзақ мерзімді несиелер тартку мүмкіндіктерін анықтап береді.

Екіншіден, капиталдың жалпы (орташа салмақталған) құны капитал салымдарының бюджетін әзірлеу барысында шешуші көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Үшіншіден, капитал құны қаржылық инвестициялардың тиімділін қалыптастыруда базалық көрсеткіш ретінде қарастырылады. Инвестициялардың тиімділік өлшемін кәсіпорын өзі белгілейтіндіктен, жекелеген қаржы құралдарының табыстылығын бағалау барысында салыстыру базасы ретінде капитал құнының көрсеткіші қолданылады. Бұл көрсеткіш қаржылық инвестициялардың нақты табыстылығын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар осы инвестициялардың нақты бағыттары мен түрлерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Төртіншіден, кәсіпорын капиталының құны қаржылық леверидж механизмін қолдану арқылы капитал құрылымын басқару барысында қолданылады. Қаржылық леверидждің деңгейі қарызға тартылған қаражаттардың көлемі мен олардың құнынан тәуелді. Қаржылық леверидж кәсіпорынның қаржылық тәуекелін арттырады, сәйкесінше акциялар бойынша табыстың артуына алып келеді. Сол себепті, акционерлердің игілік жағдайын барынша арттыруды мақсат ете отырып, осы мақсатқа қол жеткізетін капитал құрылымын қалыптастыру керек. Сәйкесінше, капитал құрылымын кәсіпорын құнына әсер етуі тұрғысынан қарастыру қажет. Оңтайлы капитал құрылымы оның құны барынша төмен болған жағдайда қалыптасады.

Капиталдың шекті құны – болжанған шығын бойынша анықталынады. Капиталдың шекті құны тұрақты болады, бірақ тартылған ресурстардың критикалық көлеміне жетсе, сонымен бірге қайнар көздердің құрылымын өзгерткенде, капиталдың орта өлшенген құны, ереже бойынша тез өсуі мүмкін.

Ішкі көздерден капиталдың жоғары құнмен ақша қаражаттарын тарту графикте капиталдың шекті құнын көрсетуге болады.

144)Шаруашылық жүргізуші субъектілер сипаттамасы

Толып жатқан шаруашылық жүргізуші субъектілер əр түрлі белгілері бойынша сыныпталады жəне оларды осы немесе өзге түрі бойынша межелеудің негіздемесі қаржыны ұйымдастырудың сипатына айтарлықтай əсер етуі мүмкін.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрамына материалдық өндірістің барлық кəсіпорындары жəне рыноктық экономика жағдайларында өзінің қызметін коммерциялық есеп негіздерінде жүзеге асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігі кіреді.Шаруашылық жүргізуші субъектілер – кəсіпорындар мен ұйымдар (фирмалар,компаниялар,фермершаруашылығы,шаруашылықсеріктестіктері,ассоциациялар (бірлестіктер), ұлттық компаниялар жəне басқалары), мекемелер əр түрлі белгілері бойынша сыныпталады жəне оларды не ол, не бұл түрі бойынша айырудың негіздемелері қаржыны ұйымдастырудың сипатына елеулі əсер етуі мүмкін. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сыныптаудың басқа белгісі олардың қаржылық қызметінің сипаты – коммерциялық жəне коммерциялық емес қызметі болып табылады.Сыныптаудың бұл белгісіне қатысты қаржыны ұйымдастыру қызметті қамтамасыз етудің түрлі қағидаттарына: коммерциялық есепке немесе белгілі бір деңгейде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қажеттіліктерін жабатын бюджеттік қаржыландыруға есептелген. Егер мекеме коммерциялық жəне коммерциялық емес қызметті үйлестіретін болса, онда соңғысы тиісті қаржылық зардаптарға ұшыратады: мұндай қызметтің өзін-өзі қаржыландырылуын ұйымдастыру, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу, алынған табыстарды немесе пайданы бөлу.Коммерциялық қызметтің мақсаты табыс алу болып табылады.Коммерциялық негізде материалдық өндіріс сферасы кəсіпорындарының басым бөлігі жəне материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едəуір бөлігі жұмыс істейді.Өндірістің түрлері бойынша:тауарлар,жұмыстар,қызметтер. Қызметтің сипаты бойынша коммерциялық және коммерциялық емес.Меншік нысандары бойынша:мемлекеттік меншік, жеке меншік,қоғамдық ұйымдардың меншігі,шетел субьектілердің меншігі,аралас.Ұйымдық құқықтық түрлері бойынша:1) шаруашылық серіктестіктер:толық серіктестік,ЖШС,АҚ,қосымша жауапкершілігі бар серіктестігі,сенім серіктестігі;2)Мемлекеттік шаруаш-қ жүргізу құқығындағы (басты және еншілес) және мемлекеттік жедел басқару құқығындағы;3)коперативтік:өндірістік және тұтыну; 4)қоғамдық ұйымдар:қоғамдық бірлестіктер,қоғамдық ұйымдардың кәсіпорындары;5) материалдық емес сферасының ұйымдары мен мекемелері:мемлекеттік,коммерциялық болып бөлінеді.