Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
wpshk.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
52.46 Кб
Скачать

35) Картель және оған тән белгілер

Картель – бірлескен коммерциялық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған бір саладағы кәсіпорындар бірлестігі. Яғни, өндіріс көлемі, өткізу нарықтары, тауар бағалары, сату және жеткізу шарттары арқылы өнімді өткізуді реттеп отырады. Картелге келесідей белгілер тән:

  • бірлестіктің келісімді сипаты;

  • картелге қатысушылардың өз кәсіпорындарына меншік құқығының сақталуы және осыған байланысты шаруашылық, қаржылық және заңдық дербестігінің сақталуы;

  • өнімді сату бойынша бірлескен қызметті жүзеге асыру.

36) Синдикат және пул: сипаттамасы және айырмашылықтары

Синдикат – картелдік келісімнің бір түрі болып табылады. Оның қатысушылары өз арасындағы артық (қажеті жоқ) бәсекені болдырмас үшін бірыңғай өткізу органы (сауда кеңсесі) арқылы өнімдерін өткізетін болады. Синдикаттың қатысушылары коммерциялық дербестігін толық көлемде сақтамағанымен өздерінің заңдық, өндірістік, шаруашылық дербестігін сақтайтын болады.

37) Трест, қаржылық өнеркәсіптік топтардың сипаттамасы

Трест – қатысушылары өздерінің өндірістік, коммерциялық, шаруашылықтық және заңдық дербестігін жоғалта отырып бірыңғай өндірістік кешенге бірігетін және орталықтандырылған басқару жүйесіне бағынатын кәсіпкерлер бірлестігі.

Қаржылық өнеркәсіптік топтар – өнеркәсіптік, банктік, сақтандыру және сауда капиталдарын, сондай-ақ, кәсіпорындар мен ұйымдардың интеллектуалдық әлеуетін (потенциалын) біріктіретін бірлестік.

38) Жеке кәсіпорынды құру тәртібі Жеке кәсіпорынды құру тәртібі

Кәсіпкерлік қызмет дара кәсіпкерлікпен қатар кәсіпорын құру арқылы, яғни, яғни ұйымдық – құқықтық нысандардың бірін таңдау арқылы жүзеге асырылады. Жеке кәсіпорынды құру тәртібін мемлекеттік тіркеуге дейін және мемлекеттік тіркелгеннен кейінгі жүзеге асырылатын қадамдар деп бөліп көрсетуге болады.

Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуге дейін келесідей қадамдар жасау қажет:

1) кәсіпорынды құру үшін жиналу.

Болашақ құрылтайшыларға жиналып төмендегілерді анықтау қажет:

  • фирманың атауын;

  • фирманың әріптестері кімдер болатынын (жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалар);

  • кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанын;

  • құрылтайшылардың үлесінің мөлшерін және жарғылық қорды;

  • кәсіпорынның орналасатын жерін;

  • кәсіпорынның қызмет ету мерзімін;

  • кәсіпорынды жабу тәсілін;

  • негізгі қызмет түрін және өзге де қызмет түрлерін;

  • кәсіпорынның басқару органдарын;

  • кәсіпорынды басқаруға уәкілетті тұлғалар және олардың өкілеттіліктерін.

Жиналыс хаттамасынан өзіңізге көшірме жасап алыңыз.

2) құрылтай құжаттарын дайындау

Құрылтай құжаттарына құрылтай шарты мен жарғы жатқызылады. Мұнда фирманың атауы, оның орналасқан жері, тіркелген күні, қызмет түрі, фирманың міндеттемелері бойынша қатысушылардың (кәсіпкерлердің) жауапкершілігі, фирманы қайта ұйымдастыру мен тарату шарттары, құрылтайшылардың аты-жөндері мен мекен-жайлары т.с.с. көрсетілуі керек. Сондай-ақ, еліміздің заңнамаларына қайшы келмейтін басқа да мәліметтер кіргізілуі мүмкін.

3) банктен депозиттік шот ашу және тіркелу кезінде банкке салынуға тиіс жарғылық қордың бір бөлігін енгізу;

4) құрылтай жиналысын шақыру, акцияға жазылуды ұйымдастыру (акционерлік қоғамдар үшін);

5) кәсіпорынды тіркегені үшін алым төлеу. Шағын бизнес субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды тіркегені үшін 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде алым төленеді.

6) Құжаттарды әділет органына ұсыну (беру).

Шетелдің қатысуынсыз құрылған заңды тұлғаларды тіркеу үшін әділет органына мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    • тіркеу туралы өтініш;

    • құрылтайшылармен бекітілген жарғы;

    • құрылтай шарты;

    • мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасын төлегені туралы құжат.

Сонымен қатар жоғарыда аталғандардан басқа мынадай құжаттарды да дайындау қажет:

- жарғылық қордың қажетті бөлігін енгізгендігі туралы банктің растауы немесе құрылтайшылардың салымдарын ақшалай бағалау бойынша аудиторлық анықтама;

- заңдық мекен-жайының (адресінің) бар екендігі туралы құжат;

- құрылтайшы заңды тұлғалардың немесе жеке тұлғалардың құрылтай құжаттарының көшірмесі;

-құрылтайшылар саны бір адамнан көп болғанда құрылтай жиналысының хаттамасы.

Шетелдің қатысуымен құрылған заңды тұлғалар жоғарыда аталғандарға қосымша келесі құжаттарды ұсынады:

  • шетелдік заңды тұлға – құрылтайшылар үшін – нотариуспен куәландырылған сауда реестрінің көшірмесін немесе бұл субъект өз елінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын растайтын құжат;

  • шетелдік жеке тұлға – құрылтайшы үшін – нотариуспен куәландырылған төлқұжат көшірмесі немесе жеке тұлға екендігін растайтын басқа да құжат. (Барлық құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аударылып өткізілуі тиіс)

Банктік қызметпен айналысатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу кезінде оны ашу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің рұқсаты қажет. Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім 15 күннің ішінде қабылданады, шағын бизнес субъектілері үшін қажет құжаттар тіркелген өтініш берілген күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейді. Кәсіпорынға тіркеу номері беріледі, тіркелген күні мен тіркелу номері заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне енгізіледі.

Тіркелгеннен кейінгі жүзеге асырылуы тиіс қадамдар:

7) Статистикалық код алу үшін құжаттарды рәсімдеу. Әділет басқармасының тіркеу бөлімінен тіркеу туралы куәлікті алғаннан кейін статистикалық карточканы рәсімдеу қажет.Ол карточкада заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің статистикалық регистрінде кәсіпорындар туралы мәліметтер енгізілген ақпараттық статистикалық орталықтағы кодтар (кәсіпорын коды, қызмет түрінің коды, аймақтық код т.с.с.) көрсетілетін болады.

Болашақта бұл кодтар фирманың қаржылық есептерінде және әртүрлі ұйымдармен қарым-қатынасында пайдаланылатын болады. Статистика органы статистикалық карточканы 5 күннен (шағын бизнес субъектілері үшін 3 күннен) кешіктірмей береді. Ол үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

    • құрылтай құжаттары;

    • басшыны тағайындағаны туралы жиналыстың хаттамасы;

    • статисикалық хаттаманың көшірмесі (қайта тіркеу кезінде).

    • тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәлік (түпнұсқа және көшірмесі).

8) Мөр дайындау (дара кәсіпкерлер үшін міндетті емес).

9) Салық органында тіркеу. Мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 күн ішінде жергілікті салық органында тіркелу қажет. Ол үшін тіркеу туралы куәлік (сертификат) пен құрылтай құжаттары ұсынылады.

10) Банктік шот ашу (дара кәсіпкерлер үшін міндетті емес).

Банктік шот ашу үшін келесі әрекеттер жасалуы тиіс:

- Басқарушы және бас бухгалтер лауазымына тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық шығару. Кейбір жағдайларда бас бухгалтер лауазымын кәсіпорын басшысы атқаруы мүмкін.

- Басқарушы және бас бухгалтердің қолдарының үлгісі және мөрдің үлгісі бар екі карточка толтырылады. Карточканы банктен аласыз, ал қолды нотариалды куәландыру қажет.

11) Қаржы-бухгалтерлік құжаттар сатып алу; Егер лицензиялауға жататын қызмет болса жергілікті билік органынан немесе сәйкес министрліктен лицензия алу, санитарлық-эпидемиологиялық (станция) басқарма, өрт сөндіру, электр торабы т.с.с. рұқсат алу;

ЕСКЕРТПЕ

  • Егер қажетті құжаттарды толық өткізбесеңіз, жеткіліксіз болса не болмаса құрылтай құжаттарына сарапшылар қорытындысын алу қажет болса, сондай-ақ басқа да негіздерге байланысты мемлекеттік тіркеу мерзімі үзілуі мүмкін.

  • Заңды тұлғаны құрудың заңда белгіленген тәртібі бұзылған жағдайда және құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес келмесе мемлекеттік тіркеуден бас тартуы мүмкін.

  • Мемлекеттік тіркеуден бас тартқан кезде мемлекеттік тіркеу үшін төленген төлем қайтарылмайды.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкалары келесі мөлшерде белгіленген:

  • шағын бизнес субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне – 2 еселенген айлық есептік көрсеткіш;

  • балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне – 2 еселенген айлық есептік көрсеткіш;

  • бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелер, қазыналық кәсіпорындар және (үй-жай) пәтер иелері кооперативтері, олардың филиалдары мен өкілдіктері үшін – 1 еселенген айлық есептік көрсеткіш;

  • жоғарыда аталғандарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік тіркегені үшін – 6,5 еселенген айлық есептік көрсеткіш.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]