Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpora_TTZhM (1).docx
Скачиваний:
223
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
868.07 Кб
Скачать

12. Жүктің тасымалдық сипаттамасы

Жеке жүктер өздеріне ғана тиесілі физика-химиялық қасиеттерді, тасымалдаудың техникалық шарттарын анықтайтын, көлемді-массалық сипаттамаларды, қауіптілік дәрежесін иеленеді. Ыдыстың және қаптаманың параметрлерімен кешенде жүктің өзгеше қасиеттері тасымалдық сипаттамасы ұғымын құрайды.

Жүктің тасымалдық сипаттамасын тиеу, тасымал-дау, сақтау режимдері, сондай-ақ осы операцияларды орындайтын техникалық құралдарға қойылатын талаптар анықтайды.

Мұндай операциялар материалдық ағын қозғалысы-ның барлық кезеңдерінде: жылжымалы құрамның типін, қойма жабдығын, жүктерді пакеттеу құралдарын, оларды тасымалдау шарттарын әзірлеу және т.б. кезінде процеске қатысушылардың материалдық-техникалық базасын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

13. Жүктерді жүктеу(жіктеу)

Жүктерді жіктеу оларды тасымалдау және сақтау процесінің әр түрлі жақтарын анықтайтын қасиеттерін көрсетеді.

Жүктерді тасымалдау процесінің әр түрлі жақтарын анықтайтын қасиеттеріне сәйкес, жүктер жіктеледі:

- салалық белгісі бойынша;

- өнім түрлері бойынша;

- ыдыстың түрі, массасы, өлшемдері бойынша;

- тиеу және түсіру тәсілі бойынша;

- жөнелту көлемі бойынша;

- өзгеше қасиеттерінің белгілері бойынша;

- қауіптілік дәрежесі бойынша;

- көлік құралдарын пайдалану шарттары және т.б. бойынша.

I – физикалық күйі бойынша; II – ТТЖ орындауға бейімделгендігі бойынша; III – жалпылаушы физика-механикалық және химиялық қасиеттері, жүктермен жұмыс істегенде сақталғандығы бойынша.

Өзгеше қасиеттеріне және тасымалдау шарттарына байланысты жүктерді 11 топқа жіктейді.

Бірінші топты тез бүлінетін жүктер құрайды; олар жоғары немесе төмен температуралардың әсерінен қорғауды талап етеді. Оларға егіншілік, бау-бақша шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімдері, құс және балық жатады.

Екінші топқа ауаның ылғалдығын жұтуға қабілетті жүктер қосылған (олар гигроскопиялы). Бұл массасының, көлемінің, физика-химиялық қасиеттерінің өзгеруіне, бүлінуіне әкеледі. Мұндай жүктерге тұз, қант, цемент, мақта және т.б. жатады.

Үшінші топқа бөтен иістерді шоғырлайтын жүктер (ұнтақталған өнімдер, шай, қант) жатқызылған, бұл өнімнің бүлінуіне әкелуі мүмкін.

Төртінші топқа өзгеше иісі бар және бірге сақтағанда немесе тасымалдағанда бүлінуге әкелуі мүмкін жүктер (балық өнімдері, темекі өнімдері, мұнай өнімдері) қосылған.

Бесінші топты тасымалдау және сақтау процесінде өзіне тән физика-химиялық қасиеттерді тұрақты сақтайтын жүктер (минералдық-құрылыс материалдары, қара және түсті металл рудалары, тас көмір, орман материалдары және т.б.) құрайды.

Алтыншы топқа тасымалдау кезінде қату немесе қақталу нәтижесінде сусымалылық қасиетін жоғалтатын ақтарма жүктер (колчедан, түйіршіктелген қож, тас көмір, калий тұзы) қосылған.

Жетінші топ қадағаланатын ақтарма жүктерден тұрады, оларда ұзақ сақтағанда немесе тасымалдағанда жүктің жоғарғы қабатының қысымы нәтижесінде жылжымалылығы жоғалады (цемент, балшық, фосфорит ұны, шымтезек).

Сегізінші топқа қауіпті жүктер біріктірілген. Бұл жүктер өрттің, жарылыстың, адамдардың немесе жануарлардың улануының немесе күйіп қалуының себебі болуы, сондай-ақ басқа жүктердің, жылжымалы құрамның, құрылғылар мен ғимараттардың бүлінуін немесе зақымдануын тудыруы мүмкін. Қауіпті жүктерге: жарылғыш қоспалар түзуге қабілетті; сығылған және сұйытылған газдар; өздігінен жанатын; судың әсерінен жанатын; оңай тұтанатын; күйдіргіш; улы; радиоактивті; күшті әсер ететін улы; жарылғыш заттар және олар салынған заттар жатады.

Тоғызыншы топты тасымалдау және сақтау процесінде массасын жоғалтуға қабілетті жүктер – көкөністер, қауын-қарбыз, ет өнімдері және т.б. құрайды.

Оныншы топқа асыранды құстар жатқызылған.

Он бірінші топқа машина жасау өнімі біріктірілген.

ТТЖ нормалау, қаржыландыру және есепке алу үшін жүктер мына топтарға бөлінеді:

- ыдысты-қаптамалы және даралы;

- ет өнімдері;

- нан өнімдері;

- ауыр салмақты;

- металдар және металл бұйымдар;

- ағаш материалдар;

- отқа төзімді жүктер;

- төгілген астық жүктері;

- төгілген көкөніс жүктері;

- ақтарма жүктер.

Жүктерді автокөлік құралдарының конструк-циясын қойылатын талаптар бойынша жіктеу

габаритті өлшемдері бойынша:

- габаритті: габариттік өлшемдері ені бойынша 2,5 м-ден аспайды; биіктігі тасымалдау қалпында автомобильмен бірге 3,8 м (контейнермен бірге – 4,0 м); шанақтың артқы ернеуінде салбырап тұратын асылмамен бірге ұзындығы – 2 м;

- ірі габаритті: биіктігі бойынша 2,5-тен артық, ені бойынша 2,0 м және ұзындығы бойынша 3,0 м өлшемді жүк;

- габариттен тыс: көлік құралдарының габаритті өлшемдері (жүкпен бірге) белгіленген шектен артық болады

Жүктерді автокөлік құралдарының конструкциясына қойылатын талаптар бойынша жіктеу

тасымалдау шарттары бойынша:

- универсал жылжымалы құраммен;

- контейнермен тасымалдау;

- пакеттелген жүктер;

- арнайы жылжымалы құраммен

жүк көтергіштігін пайдалану бойынша:

- 1 класс γ=1,0;

- 2 класс γ=0,71…0,99;

- 3 класс γ=0,51…0,70;

- 4 класс γ=0,41…0,5;

- кластан тыс γ<0,41

Жүктерді ТТЖ орындау шарттары бойынша жіктеу

ТТЖ орындауға бейімделгендігі бойынша:

- даралы:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]