Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpora_TTZhM (1).docx
Скачиваний:
223
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
868.07 Кб
Скачать

40. Қоймалар ғимараттының талаптар

Қоймаларды жобалағанда келесі принциптер мен ұсыныстарды басшылыққа алу қажет:

- қойма жүктерді және оларды құрайтын элементтерді қабылдау, сақтау және қоймадан беру қосалқы жүйелерінен тұратын техникалық жүйе ретінде құрылуы тиіс;

- технологиялық учаскелерді: түсіру, уақытша сақтау, қабылдау және сұрыптау, негізгі қойма, іріктеу және жинақтау, сыртқы көлікке тиеу;

- қойманы жасаудың мақсаты көліктің бір түрімен келетін жүктерді тасымалдау партияларын көліктің басқа түрі үшін және жүк алушылар үшін аса сәйкес келетін, басқа көлік партияларына түрлендіруден тұрады;

- қолданыстағы қоймаларды жобалаудың, қайта құрудың және техникалық қайта қаруландырудың алдында қолданыстағы технологияны нақты техникалық және экономикалық тексеру және қоймада жұмыстарды, қайта өңделетін жүктердің номенклатура-сын, қойманың зауыт ішіндегі және магистралдық көлікпен, қойманың өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік және басқа бөлімшелерімен өзара әрекеттесуін ұйымдастыру болуы тиіс; қайта салынатын қоймалар үшін тура осындай тексеру осыған ұқсас қойма объектілерінде жүргізілуі тиіс; техникалық тексерумен бір мезгілде жобалауға арналған толық және сенімді алғашқы деректер құрылады;

- механикаландырылған және автоматтандырыл-ған қойма жобасының негізі технологиялық жобалау болып табылады, оның процесінде қойма бойынша барлық техникалық шешімдер таңдалады және жобаның барлық қалған бөліктерін (стандарттық емес жабдықты, автоматтық басқару жүйесін, құрылыс, электр-техникалық, сантехникалық бөліктерін және т.б.) әзірлеуге техникалық тапсырмалар дайындалады;

- әрбір техникалық шешімді таңдағанда және қойманы жалпы құрастырғанда кем дегенде екі-үш бәсекеге қабілетті нұсқаны қарастыру және таңдалған оңтайлылық критерийлеріне аса көп дәрежеде жауап беретінін (әдетте келтірілген шығындары аз нұсқаны) әрі қарай әзірлеу және жүзеге асыру үшін таңдау қажет;

- қоймаға қойылатын барлық сапалы талаптарды сандық түрде салыстыру және қойылған мақсаттарға және бар жағдайларға аса толық жауап беретін нұсқаны негізделген түрде таңдау үшін, оларды құндық көрсеткіштермен білдіру қажет;

- қоймалардың тиеу-түсіру учаскелерін жобалағанда көлік құралдарының (вагондардың, автомобильдердің) жүк операцияларымен бос тұруы белгіленген нормалардан аспауы үшін жағдайлар қамтамасыз етілуі тиіс;

- сақтау учаскелерін жобалағанда ең жақсы нұсқаның негізгі көрсеткіші қоймалық алаңдар мен жайлардың аудандары мен көлемдерін барынша көп пайдалану болып табылады;

- технологиялық қажеттілік болғанда және жүктердің әр түрлі топтарын бірге сақтау мүмкіндігін есепке алғанда ұсақ қоймаларды ірі қоймалық корпустарға біріктіріп, ірілендірілген көп функционалды қоймаларды салу керек, әдетте бұл қоймалардағы жүктерді қайта өңдеудің өзіндік құнының төмендеуіне және зауыт ішіндегі ағындардың және кәсіпорынның бас жоспары сұлбасының ықшамдалуына әкеледі;

- жабдық қоймаларды ұзартылған пішінді емес, квадратқа ұқсатып салу мақсатқа сай болады, себебі бұл қойма үймереттерінің күрделі салымдарын қысқартуды қамтамасыз етеді;

- жабдық қоймаларды – бір қабатты, ал сығылыстырылған алаңдарда биіктігі жоғары (15-20 м-ге дейін және одан артық) етіп салу керек;

- қойма жобасының технологиялық бөлігінде негізделген жағдайларда тиеу операцияларын жергілікті автоматтандыруды және қоймалардың жұмысын басқарудың автоматтандырылған жүйелерін көздеу керек;

- қойма бойынша техникалық шешімдерді таңдағанда қоймалар параметрлері арасындағы, сондай-ақ параметрлер мен техника-экономикалық көрсеткіштер арасындағы өзара байланыстарды білуді

қолдану қажет, бұл қойма бойынша техникалық шешімдердің бәсекеге қабілетті нұсқаларын іріктеудің дұрыстығын ықшамдайды және арттырады;

- қоймаларды жобалау кезінде жүктерді дайындаушылардан қоймаларға және қоймалардан жүк алушыларға тасымалдаудың аса тиімді тәсілдері мен шарттарын бір мезгілде көздеу және әзірлеу қажет;

- механикаландырылған және автоматтандырылған қоймаларды жобалау кезінде, есептеулердің кәдімгі аналитикалық әдістерімен қатар, қазіргі заманғы математикалық әдістерді (ықтималдықтар теориясын және математикалық статистиканы, жаппай қызмет көрсету теориясын, математикалық программалауды, имитациялық модельдеуді және т.б.) және ЭЕМ-дағы есептеулерді пайдалану керек, бұл жобалау дұрыстығын, қоймалар жобаларының сапасын арттырады, жобалау қателері мен мерзімдерін қысқартады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]