Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MEST.docx
Скачиваний:
68
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.99 Mб
Скачать

16.1) Көріністер

Көрініс дегеңіміз – бұл нәрсе бетінің бақылаушыға көрінетін бөлігінің кескіні. Кескіндердің санын азайту үшін нәрсе бетінің көрінбейтін бөлігін көріністе штрих сызықтарымен көрсетуге болады (17.1-сурет).

Көріністер негізгі, көмекші және жергілікті болып бөлінеді.

Негізгі көріністер нәрсенің негізгі жазықтарға проекциялары болып табылады.

7.2-сурет

Демек, олардың саны 6 тең: алдынғы (бас) көрініс, үстінгі, сол жақты, оң жақты, астынғы және артқы көріністер (17.1 және 17.2-суреттер).

17.3-Сурет

Қосымша көрініс сызбада “А” көрінісі түріндегі жазумен белгіленуі керек (17.4-сурет). Қосымша көрініспен байланысты негізгі көріністің маңайында бақылау бағытын көрсететін, керекті әріппен белгіленген жебе салынуы керек.

Қосымша көрініс негізгі көріністің бір бөлігімен байланысты сызығында тұрса, жебе көрсетілмейді және қосымша көріністің үстіндегі жазуды жазбайды (17.5-сурет).

17.4-Сурет 17.5-сурет

Қосымша көріністі, негізгі көрініске қарағандағы орнынан бұрып орналастыруға да болады. Мұнда көріністің үстіндегі жазуға “бұрылған” деген сөз немесе ерекше белгі қосылып жазылады.

Жебелер өлшемдерінің шамалары мен “бұрылған” және “жазылған” сөздерінің белгілері 17.6-суретте көрсетіледі.

17.6-Сурет

Нәрсе бетінің жеке шектелген жерінің кескінін жергілікті көрініс дейді (17.7-а, б-суреттердегі А, Б, В көріністері). Жергілікті көріністі шектеу сызығымен үзуге болады. Жергілікті көрініс қосымша көрініс сияқты белгіленеді.

17)Мест 2.305-68* Қиманың классификациясы және белгіленуі.

Қима деп нәрсені жазықтықпен ойша қиғаннан шыққан фигуранынкескінін айтады. Қимада қиюшы жазықтықта орналасқан бөлігі ғана кескінделеді. Сызбада қима фигурасын сызықтаумен бөліп көрсетеді. Қиюшы жазықтығында орн.н нәрсе бөліктерін сызықтау тіліктердегі тәрізді орындалады.

Қима тіліктің құрамдас бөлігі болып табылады.Олар бөлек кескінделген кезде, сызбадағы орналасуына қарай, оңашаланған және қабаттасқан қималар деп ажыратылады Оңашаланған қималар сызбаның бос жеріне не кескіннің үзілген жеріне орналастырылады. Нәрсе сызбаларын орындаған кезде көбінесе оңашаланған қималар қолданылады. Қабаттасқан қима нәрсе контурының ішіне, яғни тікелей оның кескінінің үстініне орна.ды.

Тілік құрамына кіретін және оңашаланған қиманың контурын негізгі тұтас жуан сызықпен кескіндеді, алқабаттасқан қимаконтурын жуандығы,, болатын жіңішке тұтас сызықтармен бастыра жүргізеді.Бұл сызық нәрсе кескіннің контурын бөліп кетпеуге тиіс.

Қиюшы жазықтықты нәрсенің қалыпты көлденең қимасы шығатындай етіп тандайды. Егер қиюшы жазықтық қайсібір тесікті не шұңқырды шектейтін айналу бетінің осі арқылы өтсе, онда тесіктің не шұңқырдың контуры толық көрселіледі. Қима фигурасын бөлшектеп жіктеуге болмайды.

Қима сызбаның кез келген бос бос жеріне орналастырылған жағдайда қиюшы жазықтықтың орны үзік сызықпен, ал оны қарау қарау бағыты нұсқамалармен көрсетіледі. Үзік сызық негізгі контурды қиып өтуге тиіс. Нқсқаманың сырт жағынан қазақ алфавитінің бірдей бас әріптері жазылады.Бұл жағдайда қима А-А түрінде белгіленеді.

Оңашаланған қиманы қима сызығының созындысына орналастыруға болады. Егер қима фигурасы осы сызыққа қарағанда симметриялы болса, онда қима нұсқамалармен және әріптермен белгіленбейді. Бұл жағдайда осьтік сызық қима сызығы болып табылады.Бұл айтылғандар оңашаланған қиманы бір ғана көрініс бөліктерінің арасындағы үзікке орналастырған жағдайға да қатысты. Нәрсенің шартты түрдегі үзілісі сызбада жіңішке ирек тұтас сызықпен көрсетіледі. Симметриялы қабаттасқан қима үшін де қиюшы жазықтықты көрсетпейді. Егер үзікте орналастырылған қима фигурасы симметриялы болмаса, онда нұсқамалары бар үзік сызық жүргізіледі, бірақ әріптермен белгіленбейді.Бұл ереженің қабаттасқан қималарға да қатысы бар.

Қиманы сызбада бұрып та орналастыруға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда А А не Б Б жазуынан кейін бұрылу белгісі салынады. Нәрсенің бірнеше бірдей оңашаланған қималарында қима сызықтары бір ғана әріппен белгіленеді. Мұндайда тек бір ғана қима фигурасы сызылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]