
- •1) Форматтар
- •6.1-Сурет - а4 форматынан басқа форматтарды безеңдіруге мысал
- •6.2-Сурет - Сызбаның негізгі жазуы (штампы)
- •2) Масштабтар
- •3)Мест 2.303-68* Сызықтар түрлері және олардың тағайындалуы.
- •4) Мест 2.304-81 Әріптер. Әріптердің өлшемдері. Сөздерді жазудың алпы ережелері.
- •5) Сызба қарыптар
- •9.1)Тіліктер
- •17.18-Сурет
- •17.21-Сурет 17.22-сурет
- •17.22-Сурет 17.23-сурет 17.24-сурет
- •17.27-Сурет 17.28-сурет
- •13.1)Қималар
- •17.11-Сурет 17.12-сурет
- •17.13-Сурет
- •17.14-Сурет 17.15-сурет
- •14)Мест 2.305-68* Көріністердің классификациясы және белгіленуі.
- •16.1) Көріністер
- •17.3-Сурет
- •17.4-Сурет 17.5-сурет
- •17.6-Сурет
- •17)Мест 2.305-68* Қиманың классификациясы және белгіленуі.
- •18)Мест 2.305-68* Шығарма элементтері.
- •19ҚСызбада қолданылатын шартылықтар мен оңайлатулар
- •21) Мест2, 307-68 Өлшемдерді қондыру.Сызықтық өлшемдер.
- •22) Мест2, 307-68 Доғаның, шеңберлердің өлшемдерін қондыру.
- •23)Мест2, 307-68 Бұрыштық өлшемдерді қондыру.
- •24) Түйіндесулер. Түйіндесулердің түрлері.
- •25)Еңіс
- •25) Енкіш
- •26)Конустылық
- •28) Біріктірулер. Бөлшектерді біріктіру түрлері
- •29) Бұранда. Жасалуы. Қолданылуы.
- •30) Бұранда классификациясы
- •31)Бұранданың негізгі параметрлері
- •32)Профиліне қарағандағы бұрандалардың түрлері
- •33) Құбырлық бұранда. Құбырлық бұранданың біріктірулері
- •34) Бұранданың конуструкциялық элементтері
- •41) Бұйымдардың түрлері
- •45-46 Құрастыру сызбасы
- •22.1 Құрастыру сызбасы туралы жалпы түсінік және орыналу ережелері
- •22.1 – Сурет
17.13-Сурет
Симметриялынәрселердіңқималарыүшінбеттестірілгеннемесеоңашаланғанқималардыңсимметрияөсінжіңішкештрихпунктирсызықпенжүргізіп, қиюшыжазықтықтыбелгілейтінсызығынжүргізбейжәнеоныбелгілейтінәріппенжебекөрсетпейсызуғаболады (17.14-сурет).
17.14-Сурет 17.15-сурет
Қалған басқа жағдайларда қима сызығын үзік сызықпен береді, оған бақылау бағытын көрсететін жебе салады және оларды орыс алфавитінің бас әріптерімен белгілейді (17.15-сурет). Қимаға «А-А» түріндегі жазуды жазады. Қиманы салу және орналыстыру жебемен көрсетілген бағытқа сәйкес орындалуы керек. Қиманы сызба өрісінің кез-келген жерінде орналыстыруға болады және «бұрылған» деген белгіні (17.16-суретті қараңыз) қоса жазып, қиманы бұрып орналыстыруға да рұқсат етіледі.
Бір нәрсенің біртектес бірнеше қималарын салғанда олардың бәрін бір ғана әріппен белгілейді және бір ғана қиманы кескіндейді (17.16-сурет).
Қиюшы жазықтарды көлденең қималар жасайтындай етіп орналастырады (17.17-сурет).
14)Мест 2.305-68* Көріністердің классификациясы және белгіленуі.
Стандарт МЕСТ 2.305-68нәрселерді (бұйымдарды,құрылыстарды ж.е олардың құрамдас элементтерін) өнеркәсіп пен құрылыстың барлық салаларыныңсызбаларында кескіндеудің ережелерін тағайындайды.
Нәрселердің
кескіндері тікбүрыштап проекциялау
әдісіб.ша орындалуға тиіс. Мүнда нәрсе
бақылаушы мен сәйкес проекция
жазықтығыныңаралығына орналыстырылған
деп есептеледі.
Негізгі проекция жазықтықтары үшін кубтың алты жағы алынады. Жақтарды жазықтықпен, суретте көрсетілгендей, беттестіреді. Сызбада фронталь проекция жазықтығындағыкескін басты кескін ретінде алынады. Басты кескін нәрсенің өлшемдері мен пішімдері туралы мүмкіндігінше толық мағлұмат беретіндей етіп, проекциялардың фронталь жазықтығына қатысты орнықтырылады. Сызбада кескіндер саны, нәрсе жайында мағлұматты толық қамтамасыз ететіндей, ең аз болуы керек.
Мазмұнына байл,кескіндер; көріністер, тіліктер, қималар болып бөлінеді.
Көрініс деп бақылаушы қарағанда нәрсе бетінің көрінетін бөлігінің кескінің айтады. Көріністер: негізгі, қосымша және жергілікті болып көрінеді.
Негізгі проекция жазықтықтарында алынатын көріністердің мынадай аттары тағайындалған:
Алдыңғы көрініс (бас көрініс)
Үстіңгі көрініс
Сол жақ көрініс
Оң жақ көрініс
Астыңғы көрініс
Артқы көрініс
Бас көріністі таңдағанда есте болатын жағдайдың бірі, ол нәрсенің өлшемдері мен пішіні туралы мүмкіндігін ше толық мағлұмат беріп қоймай, сонымен бірге сызбада басқа көріністерді ұтымды орналастыруды қамтамасыз етуге тиіс.
Егер негізгі көріністердің бас көрініспен проекциялық байланысы болмаса, онда оларды сызбаа белгілейді.
Қарау бағыты, қазақ алфавитінің бас әріпімен белгіленген, нұсқамамен көрсетіледі. Нұсқаманың үстіне үлкен әріптер жазылады: →А,→Б .... Одан кейінгі көріністі қалауымыз ша орналастырып, оның үстіне нұсқама сызу керек.Нұсқамадан кейін көріністі белгілеген әріп жазылады:→А,→Б ...
Қосымша көрініс деп, негізгі проекция жазықтықтарының бірде біреуіне паралель болмайтын, жазықтықта алынғанкөріністі айтады.
Бұл көріністер нәрсенің кейбір элементі проекциялардың негізгі жазықтықтарына бұрмаланып проекцияланғанада осындай бұрмалануды болдырмау үшін қолданады. Егер қосымша көрініссәйкес кескінмен проекциялық байланыста болса, онда оны белгілемейді.
Басқа барлық жағдайларда қосымша көріністер проекциялық байланыста болмайтынкөріністертәрізді белгіленеді.
Қосымша көріністі бұрып кескіндеуге де болады.Мұндай бұрылған қосымша көріністі көрсету үшін бұрылу берілісі қолданылады. Бұрылу белгісі үшін нұсқамамен жабдықталғандиаметрі 6ммөден кем емес шеңбер пайданылады. байл.та болса, онда оны белгілемейді.Жергілікті көріністіңбелгілеуі қосымша көріністің белгілеуіне ұқсас.
15) МЕСТ 2.305-68* Тіліктердің классификациясы және белгіленуі.
Бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған нәрсенің кескіні тілік д.а. Тілікке қиюшы жазықтықтың өзінен шыққан және оның ар жағынан жатқаны көрсетіледі. Нәрсенің қиюшы жазықтықта жатқан бөлігі (қимасы) тілікке шартты түрде сызықтаумен көрсетіледі.
Тіліктер қиюшы жазықтықтың алатын орнына және олардың санына байл.ты бөлінеді.
Қиюшыжазықтықтың, проекцияларының горизонталь жазықтығына қатысты алғандағы орнына қарай тіліктер: вертикаль, горизонталь,және көлбеу болып бөлінеді.
Егер қиюшы жазықтық проекциялардың фроньталь жазықтығына параллель болса, онда вертикаль тілік фроньталь тілік деп, ал қиюшы жазықтық проекциялардың профиль жазықтығына параллель болса, онда вертикаль тілік профиль тілік д. а.
Егер қиюшы жазықтық проекциялардың горизонталь жазықтығына параллель болса, онда вертикаль тілік горизонталь тілік шығады.
Егер қиюшы жазықтық проекциялардың горизонталь жазықтығына қандай да болмасын (тік емес) бүрыш жасап орналасса, ондай тілік көлбеутілік д.а.
Егер қиюшы жазықтық нәрсенің ұзындығын немесе биіктігін бойлай өтетін өтетін болса , онда бойлық тілікті, ал егер қиюшы жазықтық нәрсенің ұзындығына не биіктігіне перпендикуляр бағытталса, онда көлденен тілікті береді.
Қиюшы жазықтықтардың санына байланысты тіліктер жай және күрделі болып бөлінеді. Егер тілік нәрсені бір қиюшы жазықтықпен қию нәтижесінде шыққан болса, онда жай тілік д.а. Егер тілік нәрсені бірнеше жазықтықтармен қиюшы нәтижесінде шыққан болса, онда ол күрделі тілік д.а.
Қиюшыжазықтардың орнына қарай күрделі тіліктер сатылы және сынық тіліктерге бөлінеді. Сынық тілікке қиюшы жазықтықтар шартты түрде бір жазықтықпен беттескенше айналдырылады. Жазықтықтар арасындағы бұрыш доғал.
Нәрсенің шағын бөлігінің құрылысын көрсету үшін жергілікті тілік д.аталатын тілік қолданылады.
Фронталь, горизонталь және профиль тіліктерді әдетте сәйкес негізгі көріністердің орнына орналастырады. Егер беттестірілген жазықтықтар негізгі проекция жазықтықтарының біреуіне параллель болса, ондасынық тілікті сәйкес көріністің орнына орналастыруға рұқсат етіледі.
Күрделі тіліктерде қиюшы жазықтықтардың орны басында әрқашан үзік сызықтармен және соныңда үзіктің сызықша сызықтарымен белгіленеді. Бастапқы және соңғы сызықша сызықтардың қарау бағытын көрсететіннұсқамалары болады.; нұсқамаларды сызықша ұзынынан2-3 мм қашықтықтан жүргізеді. Бастапқы және соңғы сызықша сызықтары кескін контурымен қиылыспауға тиіс. Қима сызықтарының шеткі сызықшаларының жанынанұсқамаларды сырттай қазақ азақ алфавитінің бір ғана бас әрпі қойылады. Тілік А-А сияқты жазумен белгіленеді. Егер тілік сәйкескөрініске қатысты бұрылған болса,онда оның белгілерін суреттегідей береді. Егер қиюшы жазықтық нәрсенің симметрияжазықтығымен дәл келсе және сәйкес кескіндер бір бетте тікелей проекциялық байланыста орналасқан болса, онда жай горизонталь, фронталь және профиль тіліктерді белгілемейді.
Жергілікті тілік, әдетте, белгіленбейді. Ол сызбада тұтас ирек сызықпен (жуандығыS/3тен S/2 дейін) бөліп көрсетіліді. Бөл сызық кескіндегі басқа сызықтармен беттеспеуге тиіс.
Кқрініс бөлігі мен тілік бөлігін қосып біріктіруге рұқсат етіледі. Бұл кескіндердің арасы тұтас ирек сызықпен бөлінеді.
Егер көрініс пен оның орнына орналастыратын тілік симметриялы фигуралар болса, онда көріністің жартысы ментіліктің жартысын қосып біріктіруге болады. Олардың аралық шегін көрсететін сызық симметрия осі болмақ.