Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лек стат каз_2014.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
560.64 Кб
Скачать

ЛЕКЦИЯЛАР КОНСПЕКТІСІ

1 Тақырып. Қоғамдық ғылым ретiнде статистиканың пәнi мен әдiсi

  1. Статистика деген не

  2. Статистикалық заңдылық. Статистикалық жиынтық

  3. Олардың классификациясы мен белгiлерi

  4. Статистика пәнiн анықтау - статистикалық әдiстеме негiзi

“Статистика” сөзі бірнеше мағынада қолданылады, ең алдымен ол “мәліметтер” деген сөздің синонимін білдіреді. Демек,осы мағынада “Елдегі туу және өлу статистикасы” немесе “қылмыс статистикасы” деп айтуға болады. Статистикадегенiмiзжалпы құбылыстарды сипаттайтын,сандық мәліметтермен жасалатын жұмыс әдістері мен принциптерін біріктіретін білім саласы болып табылады. Статистика деп статистикалық мәліметтерді жинау, өңдеу, талдау үшін бағытталған практикалық қызмет саласын да айтады.

“Статистика” сөзі латынның status – заттардың жағдайы, жай-күйі деген мағынаны білдіреді. Алғашында ол “саяси жағдай” деген мағынада қолданылған. Осы сөздің негізінен, түбiрiнен итальянның “stato” – мемлекет және statisto – мемлекеттің жағдайын жетік білу деген сөз шығады. “Статистика” сөзі ғылыми ортаға XVII ғасырда еніп, алғашында “мемлекеттану” деген мағынада қолданылды.

Қазіргі кезде статистика сандық мәліметтерді жинау, ұсыну, талдау және түсіндіру ретінде анықталуы мүмкін. Бұл ерекше әдіс, сан алуан мәселелерді шешу барысында, әртүрлі қызмет саласында қолданылады.

Статистиканың ғылыми дамуы мемлекеттің дамуымен, мемлекеттік басқару қажеттілігімен байланысты болды. Шаруашылық және әскери қажеттіліктер, адамзат тарихының ерте заманының өзінде, тұрғындар, олардың құрамы, мүліктік жағдайы жайлы мәліметтердің болуын қажет еттi. Салық салу мақсатында халық санағы жүргізілді, жер есепке алынды және т.б. Осы түрдегі алғашқы жұмыстар туралы түрлі халықтардың қасиетті кітаптарынан кездестіруге болады. Ерте заманның өзiнде дүниеге келгендерді есепке алуды жүргiзiп отырған; 18 жастағы адамдар әскери міндеттілер тізіміне; ал 20 жасқа келгендер толық құқықты азаматтар қатарына енген. Жер кадастрі құрылып, онда құрылыс, құлдар, мал, инвентар, алатын табыс жайлы мәліметтер қамтылды. Мемлекеттің сипаттары пайда болды. Оған 157 қалалар мен сол кездегі мемлекеттердің сипатын жасаған грек философы Аристотельдің (б.э.д. 384-322 ж.ж.) қосқан үлесi мол болды.

Ортағасыр – “қатыгез соттың кітабы” (1061 ж.) деп аталатын Англия халқыны жалпы санағы мен олардың мүлкінiң (240 мың үй туралы мәліметтерді қамтыған) жалпы санағының материалдар жинағы ұрпақтарға ерекше ескерткiш ретiнде қалды. Уақыт өткен сайын жалпы қоғамдық құбылыстар жайлы мәліметтерді жинау тұрақты сипат алды; ХIХ ғасырдың ортасынан бастап ұлы белгиялық математик, астроном және статистик Адольф Кетленің (1796-1874) зор еңбегінің арқасында, дамыған елдердегі халық санағы мен оларды жүргізудің тұрақтылығы жайлы ережелер ойлап шығарылды. Адольф Кетленің бастауымен статистика дамуын қадағалау үшін халықаралық статистикалық конгрестер ұйымдастырыла бастады, ал 1835 жылы, қазіргі кезде де өз қызметін жалғастырып жатқан, халықаралық статистика институты құрылды.

Халықаралық статистикамен БҰҰ, ФАО (БҰҰ-ның Азық-түлiк және ауыл шаруашылығы ұйымы), ЮНЕСКО (БҰҰ-ның Бiлiм, ғылым және мәдениет мәселелерi жөнiндегi ұйымы), МОТ (Халықаралық еңбек ұйымы), Еуропа одағы, Әлемдік банк және басқа халықаралық ұйымдар айналысады. Әрбір жеке елдің мемлекеттік статистикасы және халықаралық ұйымдар әлеуметтік-экономикалық мәліметтерді жинау, ұсыну, салыстыру және түсіндірумен айналысады. Мемлекеттану дәстүрін, әдет-ғұрыпын жалғастыратын жұмыстардың әдістері қалыптасты.

Статистиканың басқа бөлімдері құмар ойындарды (ойын мүмкіндігін санау) талдау, тұрғындардың ұдайы өндіріс үрдістерін зерттеу кезінде дамыды. Ықтималдық теориясына негізделген жеткілікті күрделі әдістер, ең алдымен сақтандыру мен биологияда, содан соң жаратылыстану, психологияда, ал ХХ ғасырдың басынан бастап әлеуметтік-экономикалық зерттеулерде тұрғындардың өмір деңгейін, тұтыну сұранысын, өнім сапасын және т.б. зерттеуде қолданыс тапты. Қазіргі таңда статистиканы қолданбайтын саланы табу қиын. Статистика сақтандыру тарифтерін есептеу, қаржылық және кәсіпкерлік тәуекелділіктерді бағалау үшін керек; ол фирмадағы басқару есебін қою, өнім сапасын бақылау мен талдау кезінде, аудитор жұмысында, спортта және маркетингте қолданылады. Тек қана өнер саласында,әзірше,статистика кең тарала қойған жоқ.

Сан алуан мәселелердегi түрлі объектілерді зерттеу барысында әр түрлі әдістер қолданылады. Соған қарамастан статистикалық жұмыстардың қандай да бір жалпы принциптері мен әдістері бар болады. Ағылшын статистиктері Дж.Э. Юла мен Дж. Кендэльдің “Статистика теориясы” оқулығында былай деп айтылған:“Сандық мәліметтерді қай білім саласынан алғанына байланыссыз,олар белгілі бір қасиеттерге ие болады. Оларды анықтау үшін өңдеудің ерекше түрдегі ғылыми әдісі қажет болуы мүмкін. Ол әдіс статистикалық әдіс немесе қысқаша статистика ретінде белгілі”.

Статистикалық әдістер кез-келген адамға түсінікті болатындай, қарапайым әдістермен қатар, жоғары класстық мамандарға ғана түсінікті күрделі математикалық процедураларды қамтиды. Бұл оқулықта әлеуметтік және экономикалық үрдістер мен құбылыстарды зерттеудің қарапайым және жиі қолданылатын әдістері туралы айтылады. Статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үрдістердің даму заңдылықтарын, олардың арасындағы өзара байланыстарды анықтауға және өлшеуге мүмкіндік береді. Заңдықтарды тану, жеке құбылыстарды емес, құбылыстар жиынтығы қарастырылған жағдайда ғана мүмкін. Себебі, қоғамдық өмірдің заңдылықтары құбылыстардың жиынтығында ғана толық мөлшерде пайда болады. Әрбір жеке құбылыстарда, осы түрдегі құбылыстардың бәріне тән, қажеттілік осы нақты құбылысқа ғана сай кездейсоқтық пен оқшаулықпен бірге пайда болады. Мысалы, қандай да бір тауардың жарнамасы осы тауардың сату көлемінің өсуіне әсер етпеуі мүмкін, бірақ тауар мен оны өткізу көлемінің жарнамасына кеткен шығындар жайлы мәліметтерді қорытындылаудан бұл көрсеткіштер арасында тура байланыстың бар екенін көреміз. Сондықтан, жарнаманы “сауданың қозғалтушы күші” деп атайды.

Әрбір жеке құбылыстарда қажеттілік кездейсоқтықпен тығыз байланыста болатын және тек құбылыстар жиынында өзiн заң ретінде көрсететiн заңдылықтар статистикалық деп аталады.

Кімдер ұзағырақ өмір сүреді, әйелдер ме, ер адамдар ма? Ер адамдардың ұзақ өмір жасағанын көрсететін мысалдар келтіруге болады, ағылшын Фоли Карне 1588 жылы дүние келіп, 207 жас жасағаны жайлы куәлік бар. Азербайжан Ширали Мислимов (1805-1973) 168 жас өмір сүргені анық белгілі. Бірақ бұл мысалдар дербес жағдай болып қала береді. Мәліметтерді жалпы халық бойынша қоытындылаған кезде ғана заңды қатынастар пайда болады. Туу кезіндегі өмір сүрудің күтілетін ұзақтығын зерттеу кезінде, елдердің даму деңгейі, олардың мәдениеті, көрсеткішті есептеу уақытының мүлдем ұқсамайтынына қарамастан, жалпы барлығы үшін бірдей әйел адамдардың күтілетін (және нақтысы да) өмір сүру ұзақтығы үлкен болады.

Статистикалық заңдылық түсінігіне жеке құбылыстарда пайда болатын динамикалық заңдылық қарама-қайшы тұрады. Яғни, дөңгелек ауданы оның радиусымен бірге өзгереді және ол байланыс s = πR2 формуласымен анықталады және ол кез-келген дөңгелек үшін ақиқат.

Статистикалық заңдылық қасиеттері жеткілікті көп бірліктер саны бойынша мәліметтерді қорытындылау кезінде құбылыстар жиынында ғана пайда болады, ол үлкен сандар заңы деп аталады.

Статистикалық зерттеу пәніне сәйкес зерттелінуші құбылыстардың пайда болуының барлық жиынын қамтитын қандай да бір құбылыс жиынтығы жатады.

Статистикада әрбір бірлік құбылыс зерттелуші заңдылықтың ерекше, дербес жағдайы ретінде қарастырады. Статистика зерттелуші заңдылықтардың сандық сипатын береді, ал ол тек қана құбылыстардың жиынтығы негiзiнде, яғни оның пайда болуларының тұтас жиынын қорытындылау кезiнде ғана мүмкін болады. Әрбір жеке құбылыстардың сандық сипаты оның мәнін көрсететеді. Бірақ бұл дербес сипаттама, құбылыс нақты жағдайларда құрылғандықтан және осы нақты бірлікке тән кездейсоқ сипат пен барлық құбылысқа тән типтік сипатты біріктіретіндіктен, заңдылықты тану үшін өз мәнінде шектелген болады. Мысалы, елде ата-анасы мен 5-6 балалары бар ірі жанұялар да, әйелі мен ерінен ғана тұратын баласыз жанұялар да бар, олардың екеуі де осы ел үшін типтік, заңды болып табылады. Петербургтегі барлық жанұялар бойынша мәліметтерді қорытындылай отырып, осы кезеңде сол қала үшін жанұяның қандай мөлшері заңды (3,1 адам), сонымен қатар, басқа туғандарынсыз, тек ата-анасы мен 1-2 баладан тұратын қарапайым жанұялар типтік болып табылатыны туралы айтуға болады. Статистика, заңдылықты анықтайтындықтан, зерттелінуші заңдылықтардың әрбір жеке көрінуі жайлы мәліметтерге сүйене отырып, оларды қорытындылайды және осы заңдылықтардың сандық бейнесін алуға көмектеседі.

Статистика қандай да бір нақты өлшегішпен байланысты емес. Ол құндылықпен қатар табиғи көрсеткіштерді қолданады. Динамиканы талдау кезінде құндылық көрсеткіштер тек қана ағымдық бағада емес, сонымен қатар материалдық өндірістің жеке салаларындағы өнімдерді бағалау үшін жылдар бойы қолданылған, белгілі уақыттағы немесе белгілі күндегі белгіленген, өзгермейтін деп аталатын бағалармен де көрсетiледi.

Құндылық бейне мәліметтерді агрегирлеуге мүмкіндік береді. Мысалы, кәсіпорын, бірлестік, салалардың жалпы өнімін санау кезінде. Адам/сағат, адам/күн және т.б. өлшенетін еңбек шығындары әмбебап өлшегіштер болып табылады. Табиғи көрсеткіштерді жалпылау кезінде мәліметтерді салыстыруға келмейтіндіктен, қиындықтар тууы мүмкін. Оларды жеңу үшін шартты-табиғи көрсеткіштер қолданады. Мысалы, балық консервілері үлкен және кіші банкілерде, биік және аласа банкілерде шығарылады және олардың арасындағы қатынастар әр жылы әртүрлі болып өзгеріп отырады. Барлығы қанша консерві шығарылғанын және оны өткен уақытпен салыстыру үшін, шартты деп аталатын, банкілер қолданылады. Кәсіпорындар жиынтығы бойынша қозғалтқыштар қуатын жалпылау үшін, оларды ат күші арқылы өрнектейді.

Түрлі жылу берушілердің отынын шартты отын, малды (сиыр, бұқа және т.б.) шартты түрдегі ірі мүйізді мал және т.б. ретінде есептейді.

Материалдық ерекшеліктеріне қарамастан статистика арқылы зерттелетін жиынтықтардың барлығының ортақ сипаты бар болады.

Статистикалық жиынтық бірліктерден тұрады. Жиынтықтың әрбір бірлігі зерттелінуші заңдылық көрінісінің дербес жағдайын көрсетеді.

Бірліктердің жиынтыққа бірігуі обьективті негізделген, ол зерттеушінің ойлап тапқаны емес. Негізінде, әлеуметтік-экономикалық статистика қарастыратын машина жасаушы кәсіпорын, азық-түлік дүкендері, халық саны т.б. сияқты жиынтықтардың бар болу обьективтілігі күдік келтірмейді. Жоғарыдағы келтірілген әрбір жиынтықтың бірліктері бір-бірінен алшақ орналасса да, өзара байланыста болады. Олардың бар болуында, өзара байланысында, дамуында машина жасау, азық-түлік тауарларының саудасы, тұрғындардың ұдайы өндірісі мен оның құрылымы және т.б. дамудың сәйкес тенденциялары мен заңдылықтары қалыптасады.

Әлеуметтік-экономикалық құбылыс, әсіресе, өте күрделі табиғатымен ерекшелінеді. Әрбір жеке құбылыста, бір мезгілде түрлі үрдістер жүзеге асырылады. Мысалы, қызметкер белгілі әлеуметтік-кәсіптік топ мүшесі ретінде, кәсіпорын қызметкерлер коллективінің өкілі ретінде, өзі тұратын, ауыл, қала және т.б. құраушы бөлігі ретінде қарастырылуы мүмкін.

Бірліктердің түрлі үрдістерге енуінің маңызды ерекшелігі – қандай да бір жиынтықтың мүшелері, бір ғана белгілі үрдіс аспектінде, тек бір ғана байланысқа қатынасатындығында. Сондықтан егер белгілі әлеуметтік-кәсіптік топтың саны мен құрамы зерттелсе, қызметкер кәсіпорынның өнеркәсіптік-өндірістік персоналымен құрылған жиынтық бірлігі ретінде қарастырылады. Яғни, зерттелінуші жиынтықтың бірлігі мен шекарасы жайлы мәселе зерттеу мақсатымен анықталады. Егер, мысалы, халық еңбек ресурстарының қалыптасу негізі ретінде қарастырылса, жиынтық бірлігі адам болады, ал тұрғындардың тұтынуын зерттегенде үй-шаруашылығы, тұтынушы ұяшығы ретінде, бірлік болып табылады. Көптеген әлеуметтік-экномикалық проблемалар кешенді сипатта болады.

Оларды зерттеу үшін түрлі жиынтықтарды біріктіре отырып қарастыру қажет. Демек, тұрғындардың ұдайы өндіріс үрдісін зерттеу үшін, жиынтық бірлігі ретінде бір жағынан адам, екінші жағынан жанұя тартылған, барлық негізгі үрдістерді талдауды білдіреді. Себебі, тұрғындардың демографиялық және әлеуметтік ұдайы өндірісiнiң негізгі сипаттамалары тек қана халық құрылымы ғана емес, сонымен қатар, толық неке жұбының болуы, баласының болуы, олардың саны, жынысы, жасы, басқа туысқандары сияқты жанұя құрамына да байланысты.

Бірлік және сәйкесінше зерттелiнуші жиынтық жайлы мәселелерді шешу ерекшеліктерi, қандай да бір ортақ зерттеу мақсаттарымен қатар, зерттеудің деңгейіне де байланысты болады. Мысалы, еңбек өнімділігін сала, жеке кәсіпорын, цех, бригада, ең соңында тіпті жеке жұмысшы деңгейінде де зерттеуге болады. Әрбір жағдайда жиынтық бірлігі ерекше болады: белгілі сала кәсіпорны; белгілі кәсіпорын; цех, бригада жұмысшысы; адамның жұмыс істеген күні (немесе адам/сағ) жеке жұмысшының жұмысын зерттеудегі зерттеу деңгейі алға қойылған мәселелердің шеңберін анықтайды. Жиынтық бірлігі қалай көрсетілгеніне байланысты, осы сұрақтардың тікелей байланысы туындайды. Кез-келген деңгейдегі зерттеу кезінде, бірлік ретінде, зерттелінуші заңдылық жүзеге асатын және оларды байқай отырып, оның қызметін қадағалауға болатындай (бірлік құбылыста мүмкін болатындай) құбылыс қарастырылады.

Бұл әдіс бірліктің тағы бір анықтамасына алып келеді: жиынтық бірлігі - зерттелінуші үрдістің барлық қасиеттері сақталатындай зерттеу объектісін бөлшектеу шегі.

Кейде, бөлшектеудің “табиғи” шектері болмайтындықтан, жиынтық бірлігін логикалық негіздеу өте күрделі болады. Мысалы тыңайтқыштарды, белгілі-бір ауыл шаруашылығы өнімінің түсімділігіне әсерін зерттеу кезінде бірлік ретінде жеке егетін орындар (егіс немесе егіндік), бригада, ауыл шаруашылық кәсіпорны, аудан, тіпті республиканы қарастыруға болады. Мәселелердің осындай көп мәнділігі табиғат жағдайы тарапынан зерттеу жүргізу кезінде туындайды. Ал егер экономикалық және ұйымдастырушы факторлары жағынан зерттеу жүргізетін болсақ, бөлшектеудің шектік деңгейі ауыл шаруашылық кәсіпорындары (ферма, серіктестік, колхоз және т.б.) болады.

Сонымен статистикалық зерттеу пәні ретінде бір сапалы, өзгеретін құбылыстар жиыны – жиынтық қарастырылады. Бұл анықтама кез-келген құбылыстың жиынтығының негізгі сипаттарын қамтиды: біріншіден, ол – құбылыс жиыны, екіншіден - жалпы сапасы бойынша біріктірілген, тек бір ғана заңдылықтың көрінісін сипаттайтын құбылыс жиыны, үшіншіден- сипаттамалары бойынша ерекшеленетін, өзгермелі құбылыстар жиыны. Осы ең соңғы қасиеті бiртектес құбылыстардың барлық жиынын зерттеу қажеттілігін туғызады. Егер жиынтық бірліктері толығымен бір-біріне тепе-тең болса, онда бірліктер жиынын қарастыру қажеттілігі болмайды, яғни осы түрдегі барлық құбылыстар жайлы білу үшін, тек қана бір бірлікті зерттеу жеткілікті болады.

Өзгерме (вариация) - әлемнің бар болуының негізі және оның дамуының көзі. Егер адамдар әйелдер мен ер адамдарға бөлінбесе, адамзат өмір сүруін доғарған болар еді, егер пікірлер әр түрлі болмаса - ақиқатқа жету мүмкін емес, ал өзгермесіз өмір көңілсіз болар еді.

Жиынтық бірліктері белгілі бір қасиеттер мен сапаларды қамтиды. Бұл қасиеттерді белгілер деп атау қабылданған. Мысалы, адамның белгілері: жасы, білімі, айналысатын ісі, бойы, салмағы, жанұялық жағдайы және т.б. Кәсіпорын белгілері: меншік формалары, мамандануы (сала), қызметкерлер саны, жарғылық қор шамасы, оның қызметінің экономикалық тиімділігі және т.б.

Статистика өзінің белгілері бойынша құбылысты зерттейді. Жиынтық біркелкі болған сайын, оның бірліктерінiң көбірек ортақ белгілерi болады және олардың мәні азырақ өзгереді.

Сипаттаушы белгілер сөзбен өрнектеледі: адамның ұлты, топырақтың әр түрлілігі, үй қабырғаларының материалы. Сипаттаушы белгілер номиналды және реттік болып бөлінеді. Бұл терминдер өлшеу теориясынан алынады. Олардың арасындағы айырмашылық мынада: номиналды - мәліметтерді ранжирлеуге болмайтын сипаттаушы белгілер, ал реттік – мәліметтерді ранжирлеуге, реттеуге болатын сипаттаушы белгілер. Мысалы, сарапшылардың бағасын қолдана отырып, мәнерлеп сырғанаушыларды бағдарламаны орындау артистілігі мен техникасы бойынша, ал жұмысшыларды біліктілігі бойынша ранжирлейді.

Сандық белгілер сандармен өрнектеледі, олар статистикада басымдырақ рөл атқарады. Мысалы, адам жасы, егістіктің ауданы, жұмысшылардың айлық жалақысы, қала халқы, кооператив табысы және т.б.

Алғашқы белгілер тұтас жиынтық бірлігін сипаттайды. Бұл- абсолюттік шамалар. Олардың өлшенілуі, есептелінуі және салмақтанылуы мүмкін. Олар өздігінен статистикалық зерттеуге байланыссыз өмір сүреді. Мысалы, егістік ауданы, қозғалтқыштар қуаты, қала халқының саны, елде шығарылған автомобильдер саны.

Екінші ретті, немесе есептелінген белгілер тiкелей өлшенбейдi, есептелінеді. Олар адам санасының өнімі және зерттелінуші обьектінің таным нәтижесі болады. Есептелінген белгілер алғашқы белгілердің қатынасын көрсетеді: өндірілген өнім көлемінің қызметкерлер санына қатынасы еңбек өнімділігін; ал өндірілген өнімге кеткен шығындар сомасының осы өнімнің бірлік санына қатынасы өзіндік құнды және т.б. білдіреді. Таным үрдісі құбылыстар мен үрдістердің объективтік қасиеттерінің бейнесі, ал танымның үрдістері, есептеулері, статистикалық әдістері жиынтықтың өлшеу, салмақтау сияқты объективті қасиеттерін бейнелеу құралы ретінде қажет болады. Екінші реттік екінші деңгейлі деген сөз емес. Осы термин танымның жолын анықтайды: алғашында, бастапқы белгілердің мәнін анықтайды, содан соң ғана, алғашқы белгілер негізінде, екінші реттік белгілер есептелінеді.

Тура (тікелей) белгілер - объектіні сипаттайтын, тек қана сол объектіге тікелей тән қасиеттер. Мысалы, адам жасы, колхоз сиырларының саны, зауыт өнімінің көлемі, оның жұмысшыларының саны. Жанама белгілер дәл объектіге емес, объектіге қатысты немесе кіретін басқа жиынтықтарға сай қасиеттерді айтады. Мысалы, сиырлардың өнімділігі колхоздың жанама белгісі ретінде қарастырылады. Бұл колхоздың өнімділігі емес, сиырлардiкі болғандықтан, олардың тікелей белгісі, бiрақ, өнімділік осы сиырлар жататын колхозды (не ферманы, не тұтас облысты) да сипаттайды. Зауытқа қатысты жұмысшылардың еңбек ақы жалақысы да зауыттың жанама белгісі болып табылады, бірақ ол жұмыс істеу үшін кәсіпорындарды таңдаған адамдарға өте маңызды мәселе болады.

Белгілерді практикалық түрде тура және жанама деп бөлу, оларды алғашқы және екінші ретті деп бөлуге дәлме-дәл келеді. Статистикада белгілер өзгерме сипатына, яғни жиынтықтың түрлі бірліктерінің түрлі мәндеріне, қарай бөлінеді. Екi мәнді қабылдауы мүмкін белгілер альтернативті деп аталады. Бір нәрсені қамтитын немесе қамтымайтын белгілер осы түрге жатады. Мысалы, бақтарда шие ағаштарының болуына байланысты, шие ағаштары бар және шие ағаштары жоқ деп бөлуге болады. Адам жынысы, тұратын орны, трактор қозғалтқышы альтернативті белгіге жатады.

Дискреттік белгілер – тек қана жеке мәндерді, көбіне аралық мәндерсіз, бүтін сандарды қабылдай алатын сандық белгілер. Мысалы, жанұя мүшелерінің саны, ғимарат қабатының саны, пәтердегі бөлмелер саны.

Үзіліссіз, дәлірек, үзіліссіз өзгермелі белгілер белгілі шекарадағы кез келген мәнді қабылдай алады. Үзіліссізге екінші ретті есептелінген белгілер жатады. Себебі олардың мәні – бөлудің нәтижесі, ал ол кез келген санға – бүтін, бөлшек, иррационал санға тең болуы мүмкін. Практикада үзіліссіз белгілердің мәні ақырлы дәлдік дәрежесімен жуықталынады, яғни олар кваздискреттік болады. Екінші жағынан, дискреттік белгілерге, негізінен келесі мысалдарды келтіруге болады: кәсіпорын қызметкерлерінің 1 қаңтардағы саны, сол күндегі сиырлар саны. Бірақ олардың мүмкін болатын мәндерi өте үлкен сандарға ие болатындықтан, практикада статистика оларды квазиүзіліссіз белгілер ретінде қарастыруына тура келеді. Ол туралы топтау әдістерін қарастырған кезде, 5 және 6 тақырыптарда айтылады.

Сәттік (моменттiк) белгілер зерттелінуші объектіні статистикалық зерттеу жоспарымен бекітілген, қандайда бір уақыт сәтінде сипаттайды. Олар кез келген уақыт сәтінде бар болады және халық саны, қор құны, мал саны, тұрғын үй ауданы сияқты бір нәрселердің болуын сипаттайды.

Интервалдық (деңгей аралықты) белгілер – үрдіс нәтижелерін сипаттайтын белгілер. Сондықтан олардың мәндері, жыл, ай, тәулік бойындағы уақыттық деңгей аралығында ғана пайда болуы мүмкін. Мысалы, дүниеге келгендер, өлгендер саны, өнеркәсіп өнімінің көлемі, сауылған сүт көлемі, алынған табыс сомасы. Динамиканы зерттеу кезінде сәттік және деңгей аралықты белгілерінің арасындағы елеулі айырмашылық анық көрінеді.

Сәттік белгілердің өлшемі бірліктері объектілердің сипатталынатын белгілеріне ғана қолданылады, ал деңгей аралықтарының белгілердің өлшем бірлігі, белгінің мәні анықталған, уақыт аралығын да қоса қамтиды. Мысалы, 1 қаңтардағы негізгі өндірістік қорлардың құны млн. теңге, ал қаңтардағы өнім көлемі – айына мың немесе млн теңгемен.

Жоғарыда айтып кеткендей, статистикалық зерттеу пәні ретінде құбылыстар жиынтығын қарастырамыз. Әдетте, ол құбылыстардың ерекше типтерін көрсететін бірнеше дербес жиынтықтардан, басқаша айтқанда, зерттелінуші заңдылықтардың ерекше модификациясынан тұрады. Түрлі дербес жиынтықтардың бірліктері, жалпы сапасының шеңберінде, белгілері мен олардың мәндері бойынша ерекшеленеді.

Көп жағдайларда, ядро мен оның айналысындағы құбылыстан тұратын дербес жиынтықты (біркелкі топтарды) көрсету дұрыс болады. Ядро, берілген типтің басқа типтерден сапалық ерекшелігін анықтайтын, типтің барлық спецификалық қасиеттерін өрнектейдi. Ядроны құраушы бірліктерден басқа, тип, осы типке жатуы белгілі бір ықтималдықтармен анықталуы мүмкін, ауыспалы сапа құбылысын қамтиды.

Студенттер арасында жақсы оқитын, көп оқитын және жақсы жолдас бола алатын «идеалды студент» деген типтерді кездестіруге болады. Сонымен қатар, оларға арнайы ғана білім қажет, жан-жақты емес студенттер де кездеседі. Студенттер сапасы, олардың қандай да бір типке жатуын практикада қатесіз анықтауға болса, басқа мәселелерді шешу барысында белгілі деңгейдегі шарт орын алады. Солар ауыспалы қасиет құбылысын көрсетеді.

Түрлi типтердегi ядро мен оның қоршаған ортасының арасындағы қатынастар әртүрлі: ол типтің тұрақтылығы мен оның өмір сүру ұзақтығына, сол жиынтық пен жиынтықтардың басқа типтерімен өзара әсеріне байланысты. Бірақ ядро қандайда бір типтік бірліктердің көп санынан тұрады, себебі, ядроның өзі типтің «бетін», оған тән қасиеттерін сипаттайды.

Әлеуметтік-экономикалық статистика уақыт пен орынның нақты жағдайларындағы бірдей сапалы құбылыстар жиынтығын зерттейді. Яғни статистикада мәліметтер саны шектеулі болады. Әрбір құбылыс көптеген факторлар жиынының нәтижесі ретінде пайда болады. Жаратылыстану ғылымында, белсенді тәжірибелер деп аталатын, арнайы жүргізілген лабораторялық тәжірибелердің көмегімен бізді қызықтыратын өзара байланысты қадағалауға болады, себебі зерттеуші тәжірибенің жүруін толық бақылай отырып, әрбір таңдап алынған фактордың таза әсерін анықтауы мүмкін. Әлеуметтік-экономикалық зерттеулерде басқа жағдай болады. «Экономикалық формаларды талдау кезінде микроскопты да, химиялық реактивтерді де қолдануға болмайды. Олардың екеуі де абстракция күшінің орнын басу керек», деп жазған К. Маркс. Талдаудың түрлі әдістерін қолдана отырып «бәсең» тәжірибе жүргіземіз, онда ешқандай әдіс жинақтық нәтижеге қосқан «таза» үлесін анықтауға мүмкіндік бермейді.

Әлеуметтік-экономикалық процесстер мен құбылыстардың ортасында, өзінің субъективтік құрылғылары бар, қоршаған ортаға белсенді әсер ететін, адам тұрады, бұл мәліметтердің сенiмдiлiгiн статистиканың ерекше проблемасы қылады.

Айтылғандарды қорытындылай отырып, әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың келесі ерекшеліктерін айта кетуге болады: 1) олардың материалдық табиғатының күрделілігі, сандық және сапалық анықтамаларының көп түрлілігі; 2) санының шектеулілігі; 3) динамикалықтығы; 4) мағынасы жағынан бірдей үрдістер пайда болатын түрлер мен формалардың сан алуандығы, бұдан – дербес жиынтықтарға ерекше сапалы топтарға бөлінуі; 5) құбылыс пен белгілердің өзара байланыстылығы, факторлар әсерін жоюдың және олардың қызметінің жеке бағаларының мүмкін болмауы.

Статистика пәнінің спецификасы статистика әдісінің спецификасын шарттайды. Ол мәліметтерді жинау, оларды жалпылау, ұсыну, талдау және интерпритациялауды қамтиды. Статистикалық мәліметтер баспалардан алынуы мүмкін немесе жиынтықтың әрбір бірлігі бойынша жаңа ақпарат жинауға болады. Бастапқы мәліметтерді алу - статистиканың алдында тұрған ең қиын және маңызды мәселелердің бірі. Ең бастысы – сенуге болатын мәліметтерді қолдану. Бақылау мәліметтерін қорытындылау жалпы жиынтықты біркелкі бірліктер тобына топтастыру және әрбір дербес жиынтықтар, топтар және тұтас жиынтықтың сипаттамалары үшін белгілер мәнін жиынтық статистикалық көрсеткіштерге жалпылау ақпарын қамтиды.

Қорытындылаудың нәтижесін немесе тікелей бастапқы ақпаратты қолдану үшін мәліметтер қолайлы формада кішігірім және көрнекі түрде ұсынылу керек. Осы мақсатта кестелер мен графиктер құрылады.

Талдау үрдісі статистикалық зерттеудің барлық кезеңдерін қамтиды. Статистикалық жұмыстың әрбір келесі кезеңі алдыңғысына байланысты болады. Мәліметтерді жалпылау кезеңі, зерттеу нәтижесінде не алғымыз келетініне байланысты, статистикалық бақылауға әсер етеді. Бақылау объектінің шекаралары мен бақылау бағдарламалары анықталады.

Мәліметтерді классификациялау мен топтау нәтижесінде типтердің анықталуы олардың біркелкілігін қамтамасыз етеді. Сонысымен жиынтық көрсеткіштерді есептеу өзгермемен байланыстарды талдау үшін негіз құрайды. Қорытындылаушы мәліметтердің біркелкілігі барлық статистикалық көрсеткіштердің тұрақтылығын анықтайды. Орталық аудандарды біріктіре отырып, тұтас бір елдегі орташа сүттің сауылуын есептеу – бір басқа болса, осы көрсеткіштердің жеткілікті біркелкі табиғи–климаттық жағдайлы жеке территориялары бойынша есептеу – мүлдем өзгеше.

Байланыстарды зерттеу кезінде статистика маңызды факторлар шеңберін анықтауға және ең болмағанда шартты түрде олардың әсер күшін есептеуге көмек береді. Мұндай есептерді шешуде жалған байланыстарды құру қаупі бар, ол себеп ретінде жай кездескен құбылысты қарастыруға байланысты болады. Мысалы, қара мысық пен сынған айнаны жолы болмаудың белгісі деп санау.

Талдаудың маңызды бағыты динамиканы зерттеу болып табылады. Болашақта дамуды болжау үшін (қанша автомобиль шығарылады және ішкі нарықта сатылады, 2006 жылы жылы халық саны қанша болады және т.б) өткендегі нақты динамиканы білу керек: көрсеткіштер қалай өзгереді, олардың өзгерісінде тенденция болды ма, мәліметтер тербелісінің сипаты қандай.

Зерттеудің әрбір адымы алынған нәтижелердің интерпретациясымен аяқталады: жүргізілген талдаудан қандай қорытынды жасауға болады, сандар бізге не айтады, олар бастапқы тұжырымды растай ма, әлде басқадай жаңа нәрсе аша ма?