Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus стат каз_2014.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
203.78 Кб
Скачать

Сөж тапсырмаларын орындаудың әдістемелік ұсыныстары.

СӨЖ студенттердің тану қызметінің бір тармағы болып табылады. Ол студенттерге белгілі бір тақырып шеңберінде білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді. Студент СӨЖ тақырыптары, тапсырмалары, оны орындау уақытымен танысып, белгіленген графикке сәйкес орындаған жағдайда тиісті балл жинай алады.

Студенттер өзіндік жұмысты орындамас бұрын тақырып бойынша ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттермен танысуы керек. Сондай-ақ өз қалауы бойынша статистикалық жинақтар, мерзімдік басылым, интернет сайттары, электронды оқулықтар материалдарын пайдалана алады. Бұл материалдар экономикалық құбылыстарды салыстыру, талдау әдісін қолдануда қажет болады.

Студенттердің білімдері жеке жазбаша жұмыстар, ауызша жауап, дөңгелек үстел ұйымдастыру; аналитикалық анықтама жазу; сондай-ақ пән ерекшелігін ескере отырып материалдарды кесте, диаграмма, график түрінде ұсынуы бағаланады.

Мысалы, аналитикалық анықтама жазу үшін:

  • талдау қажет категорияның мәнін ашып, оны құраушы элементтерді анықтау;

  • экономикалық құбылыстың өткен және қазіргі кезеңдегі жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерді таңдау;

  • осы құбылыс өзгерісінің динамикасы мен беталысы көрсету;

  • әсер ететін факторларды талдау;

  • мүмкін болатын перспективаларды анықтау.

Семинар тапсырмаларын орындаудың әдістемелік ұсыныстары:

Студенттің өзіндік жұмысы монографиялар, ғылыми әдебиеттер, оқулықтар негізінде теоретикалық ақпараттарды пайдалану мен игеруді жетілдіру үшін баяндамалар, студенттік конференциялар, пікірталастар, дөңгелек стол, коллоквиум түрінде ұйымдастырылады.

Семинар сабақтарының барысында студенттің жұмыс әстеуіне қойылатын талаптар:

- экономикалық құбылыстар мен үрдістердің мәнін ашу;

- олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігін терең түсіну;

жүйелеу мен модельдей білу;

факторлардың әсерін анықтауды;

нәтижелерді бағалау;

тиімділікті арттыру резервтерін анықтауды үйрену.

Семинар сабағында студенттің жұмысын бағалауда келесі жағдайлар ескеріледі:

сабаққа келуі;

практикалық сабақтарға белсенді қатысуы;

негізгі және қосымша әдебиеттерді оқу;

барлық тапсырмаларды уақытында тапсыру.

Академиялық тәртіп және этика саясаты

Айналаңызға сыйластықпен қараңыз, өзгенің ойымен санасыңыз. Қарсылығыңызды сыпайы түрде білдіріңіз. Плагиат және басқа ұждансыз жұмыстар қабылданбайды. СӨЖ, аралық бақылау, қорытынды емтихан кезінде біреуге көмектесу, сыбырлап айту, басқалардың шығарған есебін көшіру, басқа студенттің орнына емтихан тапсыру жіберілмейді. Курстың кез келген ақпаратын жалғанға шығарған студент «қанағаттанарлықсыз» деген қорытынды баға алады.

Көмек: СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы) орындау, тапсыру, қорғау, сондай-ақ өткен материал, оқылатын курс бойынша басқа да сұрақтарыңыз болса қосымша ақпарат алу үшін офис-сағаттарына сәйкес оқытушыға жолығыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]