Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Орташа сратар 15 жауап.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
439.3 Кб
Скачать

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті әлеуметтік ғылымдар факультеті қоғамдық ғылымдар кафедрасы

Ғылым тарихы мен философиясы пәнінен емтихан сұрақтары

Мамандығы: Барлық мамандықтағы магистрант топтарына арналған

1-курс, 2-семестр

орташа сұрақтар:

  1. Ғылым және адамзат тарихындағы технологиялық төңкерістерін талқылаңыз.

Адамзаттың дамуы тұрғысынан алғанда, біз өмір сүріп отырған заман осы кезге дейінгі интеллектуалдық, ғылыми және техникалық тәжірибе жинақтаудың ең биік шыңы екендігі еш күмән тудырмайды. Біз қордаланып қалған, шешімін таппаған көптеген жаһандық мәселелердің ортасында өмір сүріп келеміз. Адамзат ғаламдық деңгейдегі әртүрлі күрделі сын-қатерлермен бетпе-бет келіп қана қоймай, алдағы 20-30 жыл ішінде соларды шешудің оңтайлы жолдарын іздеп табуға мәжбүр. Ғаламдық сипаттағы сын-қатерлерді қарастырғанда мәселенің ғылыми-техникалық астарларымен қатар, философиялық, діни және рухани негіздерін де ұмыт қалдырмаған жөн. Тіпті, сол мәселелердің туындауының негізгі себебі адамның өзіне келіп саятынын, оның мінез-құлқына, тәлім-тәрбиесіне, жауапкершілігіне тікелей байланысты екендігін де ашық айту қажет.

Адамзат өз даму жолының қорытындысын жасап, өз өткеніне әділ баға беріп, дамудың жаңа сапалы кезеңіне аяқ басқалы тұр. Осы орайда, ғылыми ой мен діни сенім, адам ақылы мен жасанды ақыл, үшінші технологиялық төңкеріс пен адамның экологиялық жауапкершілігі, нарықтық прагматизм мен жаңа үлгідегі «жасыл» экономика, капиталистік индивидуализм мен жалпы адами құндылықтар арасындағы текетірес пен қайшылықтар адамзатты тағы бір қасіретті де қараңғы дәуірге жетелеп, адастырып, нәтижесінде тағы да сан соқтырып кетпесіне кім кепіл? Ғылым мен технология қарыштап дамыған ХХ-ХХІ ғасырларда тарихта бұрын-соңды болып көрмеген кісі өлімінің тіркелуі, дүниежүзілік соғыстар мен қарулы қақтығыстардың, құқықтық заң бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстардың, геноцид пен қуғын-сүргіндердің, атомдық жарылыстар мен техногендік апаттардың орын алуы, өндірістік қалдықтардың табиғатты, жерді, суды, ауаны ластауы сынды оқиғалар адамзаттың психологиясында, санасы мен тіршілігінде жағымсыз әсерлер қалдырғаны рас.

Қазіргі дағдарыс жағдайынан шығудың жолдары қандай, адамзат үшін жаһандық мәселелерді шешудің философиясы неде, бұл турасында ғылым не дейді, дін не дейді, деген сауалдарға жауап табу мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты, шығыстанушы Жанат МОМЫНҚҰЛОВПЕН әңгімелескен едік. Адамзаттың дамуы тұрғысынан алғанда, біз өмір сүріп отырған заман осы кезге дейінгі интеллектуалдық, ғылыми және техникалық тәжірибе жинақтаудың ең биік шыңы екендігі еш күмән тудырмайды. Біз қордаланып қалған, шешімін таппаған көптеген жаһандық мәселелердің ортасында өмір сүріп келеміз. Адамзат ғаламдық деңгейдегі әртүрлі күрделі сын-қатерлермен бетпе-бет келіп қана қоймай, алдағы 20-30 жыл ішінде соларды шешудің оңтайлы жолдарын іздеп табуға мәжбүр. Ғаламдық сипаттағы сын-қатерлерді қарастырғанда мәселенің ғылыми-техникалық астарларымен қатар, философиялық, діни және рухани негіздерін де ұмыт қалдырмаған жөн. Тіпті, сол мәселелердің туындауының негізгі себебі адамның өзіне келіп саятынын, оның мінез-құлқына, тәлім-тәрбиесіне, жауапкершілігіне тікелей байланысты екендігін де ашық айту қажет.

Адамзат өз даму жолының қорытындысын жасап, өз өткеніне әділ баға беріп, дамудың жаңа сапалы кезеңіне аяқ басқалы тұр. Осы орайда, ғылыми ой мен діни сенім, адам ақылы мен жасанды ақыл, үшінші технологиялық төңкеріс пен адамның экологиялық жауапкершілігі, нарықтық прагматизм мен жаңа үлгідегі «жасыл» экономика, капиталистік индивидуализм мен жалпы адами құндылықтар арасындағы текетірес пен қайшылықтар адамзатты тағы бір қасіретті де қараңғы дәуірге жетелеп, адастырып, нәтижесінде тағы да сан соқтырып кетпесіне кім кепіл? Ғылым мен технология қарыштап дамыған ХХ-ХХІ ғасырларда тарихта бұрын-соңды болып көрмеген кісі өлімінің тіркелуі, дүниежүзілік соғыстар мен қарулы қақтығыстардың, құқықтық заң бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстардың, геноцид пен қуғын-сүргіндердің, атомдық жарылыстар мен техногендік апаттардың орын алуы, өндірістік қалдықтардың табиғатты, жерді, суды, ауаны ластауы сынды оқиғалар адамзаттың психологиясында, санасы мен тіршілігінде жағымсыз әсерлер қалдырғаны рас.

  1. Дүниенің ғылыми және философиялық көрінісін негіздеңіз.

«Ғылымның философиялық негіздері» деген ұғым нақты ғылымның философиялық идеялар мен принциптерін, жəне танымдық қызметке жалпы бағытты береді. Қалыптасқан білімді негіздеумен бірге ғылымның философиялық негіздері эвристикалық /жаңа теорияны шығару/ жəне методологиялық функцияларды атқарады. Дүниенің ғылыми бейнесі – ол фундементалды ғылыми анықтамалар мен принциптерді жалпылау жəне синтездудің нəтижесінде құрылған реалды дүниенің қасиеттері мен заңдары туралы тұтас жүйе. Негізіне қарай бүкіл дүние туралы дүниенің жалпы ғылыми бейнесімен /табиғат, қоғам мен таным туралы/ дүниенің табиғаттану бейнесі деген екі түрі бар. Соңғысы – таным пəніне қарай – физикалық, химиялық, астрономиялық, биологиялық т.б. бөлінеді. Дүниенің жалпы бейнесі түрінде анықтаушы ретінде ғылымның нақты даму кезеңінде үстемділік алатын ерекше ғылыми білімнің дүние бейнесі болуы мүмкін.

Əр дүниенің ғылыми бейнесінің негізінде бір фундаменталды теория жатады, тəжірибе мен танымның дамуна қарай бір бейне келесі бейнеге ауысады. Мысалы, табиғаттану /17 ғ./ классикалық механиканың негізінде қалыптасты, ал ықтималды теория /20 ғ./ келесі түрін ұсынды, қазір – синергетиканың негізінде жаңа бейне қалыптасты. Дүниенің ғылыми бейнесі фундаменталды теорияны құру шеңберінде эвристикалық рольді атқарады. Олар дүниеге көзқараспен тығыз байланыста болғансон қалыптасуында соны содан негіз алады.

Ғылым өзінің аспектілерінің біртұтастығында көп түрлі ғылымдармен зерттеледі: ғылым тарихымен, ғылым логикасымен, когнитологиямен, ғылым əлеуметтануымен, ғылыми шығармашалақтың психологиясымен, ғылымтанумен. 20 ғ. ортасынан бастап осылардың бəрін толық, жүйелі, кешен түрге біріктіріп, зерттеуге бағытталған жаңа ғылыми сала – ғылым философиясы пайда болды.

Қорыта айтқанда, ғылыми білім нақты заңдар бойынша дамуға бағытталған қиын, көп бұтақтан тұратын, көп түрлі процедуралардың жүйесі. Ғылыми білімнің құрылысы: фактілер, ұғымдар, теориялар, заңдар, əдістер, дүниенің ғылыми бейнесі, құңдылықтар, негіздер т.б. Ғылыми білімнің басқа күрделі құрылысы бойынша: мəселелер, мақсаттар, тəжірибе фактілер, эксперименталді фактілер, зерттелетін объект туралы жалпы білімдер жиынтығы, онтологиялық схемалар мен суреттер, модельдер, құралдар /тіл, ұғым, категориялар/, əдістер мен методикалар.

Ғылымның қоғамдағы беделі мен маңызы өлшеусіз артып отырған қазіргі заманда "білім" деген ұғымды көбінше "ғылыми білім" деген ұғыммен тепе-тең мағынада түсінеміз. Ал шынында олай емес екенін жоғарыда айттық. Адам білімінің көптеген түрлері ғылыми емес. Мәселен, күнделікті тұрмыста қалыптасқан білім, діни білім, бірдеңеден алатын эстетикалық әсер т.б. ғылыми білімге жатпайды.

Ал ғылыми зерттеулер, ізденістер арқылы алынатын білімдердің мазмұны мен сипаты мүлде басқаша. Ғылыми білімнің мазмұны мен сипатын, мәселен, күнделікті тәжірибеде қалыптасқан тұрмыстық білімдерден ажырату үшін ғылым деген не екенін, оның мазмұны қандай екенін білу қажет.

Ғылым дегеніміз адамның шындық дүние жайлы барынша ақиқат білім алуына бағытталған дүниетану қызметінің арнайы бір жүйеге келтірілген идеялық системасы. Демек, ғылыми дүниетану қызметінің басты мақсаты шындық жайлы ақиқат білімге қол жеткізу екен. Ал білім не үшін керек? Ол болашақ өндірістік іс-әрекетте қолданып, практикалық қызметті ілгері дамыту, жетілдіру үшін, сөйтіп, барған сайын шындық дүние заттары мен құбылыстарын өз мақсат-мүддесіне сәйкес меңгеру үшін қажет. Бұл ғылымның өндіргіш күш ретіндегі қоғамдық-әлеуметтік функциясы (қызметі) болып саналады. Ғылымның екінші бір функциясы — мәдени-дүниеге көзқарастық функциясы. Бұл соңғы мәселе жайлы кейінірек арнайы әңгіме болады.

Сөйтіп, ғылым, жалпы алғанда, дүниетану процесі болып табылады екен. бірақ ол жай күнделікті таным процесі емес, арнайы ұйымдастырған теориялық таным процесі болып табылады. Сол теориялық танымның нәтижесі — білімдер жүйесі. Теориялық білімдер жүйесінің бастамасын салған Ертедегі Греция елі деп саналады.

Ертедегі гректер ғылымның негізін салушы болуының себебі олардың ғылыми фактілер мен техникалық жаңалықтарды көбірек жинақтауында емес, ойлау процесінің, таным процесінің, логикасы мен мазмұнына жан-жақты назар аударуында, зерттеуінде болды. Ертедегі грек ойшылдары фактілерді, ой-пікірлерді, жаңалықтарды жай жинақтап қана қойған жоқ, оларды негіздеп дәлелдеумен айналысты, бір білімді екіншілерінен логикалық жолмен ойша қорытып шығарумен, сөйтіп оны жүйелі, негізді және анық-айқын білім жасаумен айналысты.

Сонымен бірге, ескерте кеткен жөн, олар тек делелдеуге дағдыланып қана қойған жоқ, сондай-ақ дәлелдеу процесін талдай келе дәлелдеу теориясын жасады — Аристотельдің логикасы сондай теория еді. Басқаша айтқанда, ретсіз жинақталған бұрынғы тәжірибелік білімдер мен мәліметтерді тәртіпке келтірудің әдісі анықталды. Бұл нағыз методологиялық жаңалық еді.

Дәл осы сияқты жаңа методологиялық әдіс XVII ғасыр-да - Жаңа заманда ғана жасалды, өйткені ғылыми зерттеушілер тәжірибелік (эксперименттік) -математикалық әдістің дүние танымдағы маңызын осы кезде түсініп, осының негізінде Классикалық жаратылыстану дүниеге келді.

Ертедегі грек ойшылдары жасаған логика (дұрыс ойлаудың жайлары реформалары жайлы ілім) танып білуге тиісті шындық дүниенің өзіне тікелей қатысты емес, ол дүние жайлы ойлауға қатысты болды, яғни ғылыми талдаудың объективтісі тікелей дүние заттары мен құбылыстары болмай, сан, сапа, заң т.б. болды. Сөйтіп, материалдық дүниеге қарағанда оның идеалдық бейнесі (дүние) әлдеқайда жүйелі, логикалық және занды түрде ретке келді. Білім, сөйтіп, материалдық дүниеден "жоғарырақ" тұргандай болып, айтарлықтай дербес өзіндік болмысын — теория саласын құрды. Антик ғылымы жасап берген соңдай жүйелі теориялық білімнің бірінші мысалы ретінде Евклид геометриясын алуға болады.

Осындай жаңалықтардың арқасыңда антик заманының мәдениеті, ғылым-білімі қысқа тарихи мерзімнің ішінде тамаша математикалық теориялар (Евклид, Архимед т.б.), космологиялық моделдер (Аристарх Самосский, Птолемей т.б.) жасап, физика, биология және т.б. болашақ ғылымдар үшін құнды-құнды идеяларды тұжырымдады. Алайда, ең бастысы сол, нағыз ғылыми білімнің бірінші үлгісі сынақтан өтті, оны ғылыми емес білімдерден айырып тұратын негізгі ерекшеліктері анықталды. Ол ерекшеліктер

1) ғылыми білім жүйелі, сондай-ақ оны басқа білімдерден логикалық жолмен қорытып шығаруға болады;

2) ғылыми білімнің объектісі тікелей шындық дүние заттары мен құбылыстары емес, идеялық объектілер, яғни олардың ойдағы бейнелері;

3) ғылыми білімнің мазмұны оны танып білуші адамның (субъектінің) мақсат-мүддесіне тәуелсіз, объективтік ақиқат болуы тиіс;

4) ғылым қайталанушы құбылыстарды ғана зерттейді, жеке-дара заттар мен құбылыстарды ғана емес, белгілі бір топқа, класқа жататын заттар мен құбылыстардың бәріне тән жалпы заңдылықтарды іздейді, т.б.

Ғылыми танымның құрылысына келсек, өзі өмір сүріп келе жатқан 2,5 мың жылдан бері ғылым жүйелі түрде ұйымдасқан, өзіңдік айқын құрылысы бар күрделі құбылысқа айналғанын атап айтпасқа болмады. Ғылыми білімнің негізгі элементтері мыналар:

а) дәл анықталған фактілер;

ә)бір топ фактілердің жиынтығына қолданылатын жинақтаушы заңдылықтар:

б)шындық дүниенің бір қатар құбылыстарын түсіндіруші зандылықтар системасын біріктіретін теориялар;

в)бүкіл шындық дүниенің жинақталған бейнесі болып табылатын дүниенің ғылыми бейне көрінісі (картинасы); мұнда өзара үйлесімді теориялардың бәрі біртұтас системаға (жүйеге) біріктіріледі:

Ғылымның сенімді негізі — әрине анықталған фактілер. Егер факті дұрыс анықталған болса (бақылау, эксперимент, тексеріп көру арқылы), онда ол сөзсіз ақиқат болғаны. Бұл — ғылымның эмпириялық, яғни тәжірибелік негізі. Тәжірибеде байқалған фактілердің ұқсастығы, бір түрлілігі тікелей байқалған құбылыстардың жалпы эмпириялық заңы, ортақ қасиеттері бар екендігін көрсетеді.

Алайда ғылыми зерттеу мұнымен аяқталмайды. Бұл ғылыми танымның тек бірінші деңгейі (сатысы) ғана деп саналады. Ғылыми танымның бұл эмпириялық деңгейінен кейін келетін теориялық деңгейін айыра білу қажет. Бұлардың арасыңдағы айырмашылық, ерекшелік зерттелуге тиісті нақты материалды жалпылаудың түрлерінің ерекшеліктеріне байланысты. Ғылымның мақсаты - зандылықтарды ашу. Ал заң, заңдылық дегеніміз құбылыстардың арасындағы жалпы, мәнді, қажетті, тұрақты, қайталанбалы байланыстар, яғни шындық дүниенің қайсы бір құбылыстар тобына, класына қатысты жалпылық.

Заттар мен құбылыстардың бойындағы жалпылық абстракциялау жолымен анықталады, яғни олардың әрқайсысына тән жекеше, ерекше белгі қасиеттерге назар аудармай, жалпы, ортақ белгі, қасиеттерді ойша бөліп алу арқылы іске асады. Абстракция деген латын тіліндегі сөзді қазақшаласақ, "көңіл аудармау" дегенді білдіреді. Логика деген ғылымда қарастырылатын формальды-логикалық жалпылау әдісі осы абстракциялау әдісімен іштей байланысты. Алайда, абстракцияның көмегімен жалпылаған кезде кез келген жалпы белгі, қасиетті ала салмай, құбылыстардың ішкі табиғатын ашып көрсететін мәнді жалпы белгісін алу қажет. Мәселен, ертедегі грек ойшылдары "адам" деген ұғымға анықтама бергенде: "Адам дегеніміз екі аяқты, қауырсынсыз жануар" деп анықтапты. Әрине, барлық адамдарда бас аяқ бар, бірақ сонымен бірге құстар да екі аяқты емес пе? Адамның ішкі табиғатын ашып беретін жалпы мәнді белгісі еңбек құралын жасауға қабілеттілік және осының негізінде тарихи қалыптасқан ойлауға және сөйлеуге қабілеттілік қой.

Олай болса, танымның эмпириялық және теориялық деңгейлерін бір-бірінен ажыратып тұратын негізгі ерекшелік — заттар мен құбылыстардағы мәнді жалпылықты табу арқылы заңдылықты ашудың тәсілінде екен: тәжірибелік (эмпириялық) жалпылауда тек сыртқы ортақ белгілерді ғана анықтауға болады екен, ал ішкі мәнді белгілерді ашуға, дәлелдеуге танымның тек теориялық деңгейі ғана мүмкіндік береді.

Ғылымның күрделі творчестволық іс деп саналуының бір себебі сол, онда тәжірибеден теорияға көшетін тікелей өткелі жоқ. Оның ғылыми жолы — салыстыру, абстракциялау, жалпылау, талдау, синтездеу сияқты танымның жалпы әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы іске асатын диалектикалық таным жолы.

Ғылыми танымның аталған деңгейлерінің зерттеу объектілері бойынша да өзара айырмашылықтары бар. Танымның тәжірибелік деңгейінде зерттеудің объектісі тікелей табиғат және қоғам құбылыстары мен заттары болса, ал теория тек идеяландырылған объектілермен (материалдық нүкте, идеалды газ, абсолютті қатты дене т.с.с.) жұмыс істейді. Бұл зерттеу объектісі не? — деген сұраққа жауап берсе, ал сонымен қатар ол қалай зерттеледі деген сұрақ бар. Екінші сұраққа жауап беру үшін ғылыми зерттеудің аталған деңгейлерінде қандай әдіс-тәсілдер қолданылатынын білу қажет. Бұл жағынан да олардың елеулі өзгешеліктері бар. Эмпириялық деңгейде қолданылатын негізгі әдістер: бақылау, баяндау, сипаттау, өлшеу, эксперимент т.б. Ал теория болса аскиомалық әдісті, системалық әдісті, құрылымдық-функционалдык, талдау, математикалық моделін жасау әдістерін т.б. пайдалануға тырысады.

Ғылымның басқа қоғамдық сана формаларынан (мәселен, діннен, өнерден) басты бір айырмашылығы сол, онда жаңа білімді қорытып шығарудың әдіс-тәсілдері, яғни ғылыми әдіс (метод) шешуші рөл атқарады. Ғылыми білімнің даму тарихы бұл пікірді толық растайды. XVII ғасырда, яғни классикалық жаратылыстанудың туу дәуірінде, ағылшын ғалымы Ф.Бэкон мен француз ғалымы Р.Декарт ғылымды дамытудың бір-біріне қарама-қарсы екі методологиялық программасын: эмпириялық (индукциялық) және рационалистік (дедукциялық) әдістерін тұжырымдады.

Бұл методологиялық әдістер таным процесінде маңызды тарихи рөл атқарды. Біріншіден, олар толып жатқан нақты ғылыми зерттеулердің іске асуына көмектесті, екіншіден, ғылыми танымның құрылымын дұрыс анықтауға жол ашты. Оның құрылымы екі этажды үйге ұқсас екенін көрсетті. Теориямен айналысатын "жоғарғы этаж" эмпирикалық "төменгі" этаждың үстінде тұрғанымен, бірақ бірінші этажсыз ол төмен құлап түсер еді, Ал керісінше, екінші этажсыз үй салынып біткен құрылыс болып есептелмес еді. Бұл аса қарапайым теңеуден келіп шығатын қорытынды: ғылыми фактілерді жинап беретін индукциясыз дедукциялық әдіс ақиқат теориялық қорытыңды жасай алмас еді, ал дедукциялық әдіссіз индукция ықтимал ғана білім берер еді. Сондықтан қазіргі заманғы ғылыми танымда бұл екі әдіс өзара бірін-бірі толықтыра отырып, диалектикалық бірлікте қолданылады.

Біздің заманымыздағы ғылыми білімнің стандартты құрылыс моделі, шамамен, мынадай тізбек түрінде іске асады: тәжірибелік, (эмпириялық) фактіні анықтау — алғашқы эмпириялық қорытынды — бұл қорытындыға сәйкес келмейтін фактілерді іздеу, табу — жаңаша түсіңдіру схемасы бар теориялық гипотеза (жорамал) ұсыну — байқалған барлық фактілердің негізінде құрылған гипотезадан логикалык, қорынды шығару (дедукция). Ал бұл соңғы ақиқат теориялық қорытынды болуы тиіс, өйткені расталған гипотеза теориялық заңға айналады. Ғылыми білімнің мұндай моделі гипотезалық-дедукциялық деп аталады. Қазіргі заманғы ғылыми танымның көпшілігі дәл осы тәсілмен құрылады.

  1. Ғылыми іс-қызметтің институтциональдық формаларының тарихи дамуы: негізгі тенденцияларын талқылаңыз.

Толық ғылыми аймақты қамтитың білімнің құрылыс деңгейінқарастырайық. Бір-неше локалды аймақатардың бар екендігі анық. Бірақ бұл мəселенің қиын да жағы бар. Оны біз былай анықтайық: мысалы, қазіргі физиканың құрылымына не кіреді. Оған алғашқы ашылған теориялар қана кіреді ма, əлде 20 ғ. пайда болғандары ма?

Əрине, қазіргі физиканың теория реттілігіне алғашқы теориялардың кейбірі кірмейді, мысалы теплород теориясы. Мəселенің өзектілігі келесі сұрақта тұрады: қазіргі физиканың құрамына генетикалық тұрғыдан қазіргі концепциялармен байланысты, бірақ алғашқа уақытта пайда болған теориялар кіреді ма?

Мысалы, біз білеміз, механикалық құбылыстар кванттік механика негізінде сипаттау жасалады. Енді, қазіргі физикалық білімнің құрылымына классикалық механикаға кіреді ма? Біз білеміз жылу құбылыстарға статистикалық термодинамика негізінде сипаттау жасалады. Ал, классикалық термодинамика қазіргі білімнің құрылымына кіреді ма? Осындай сұрақтар қарастырылып жатырған мəселені өзектейді.

Жəне тағы бір сұраққа назар аударайық: келешекте бүкіл ғылымдардың салаларын біз қалай бейнелейміз? Бұл мəселенің анық тенденциясының бірі – бəріне ортақ, олардың негізінде басқа теориялар нақты оқиға сияқты қарастырылатын пəндік аймақтың фундаменталды принциптерінен тұратын теория. Осындай бүкіл пəндік аймақты қамтитын, бəріне ортақ теорияны құрастыру жағдай физика, биология, география т.б. тарихында жие кездеседі. Əр ғылымның аймақтарында бұл ұстанымы айқын.

Мысалы, 20 ғ. аяғына дейін осындай ортақ теория ретінде механиканы ұсынған, оның негізінде бүкіл физиканы құрастыруға болады деген. Содан кейін, осы мүмкін емес деп шешті. Жалпы теория ретінде электродинамиканы ұсынған, бұл да мүмкін емес болып шықты, себебі, байланыстың əр-түрлері электромагниттік, күшті, əлсіз, гравитациялық бір теорияға біріктіруге болмайды. Жəне ортақ нөль теориясын құрастыруға талпыныс болған. Элементарлық бөлшектер физикасының жетістіктері бойынша осы жолда фундаменталды нəтижелер пайда болды.

Біз осыған қалай қараймыз?

Осы сипатталған бейнені ғылымның сол аймағының құрылымының идеалы деп санауға болады ма? Бұл күрделі сұрақтар. Бірақ, осы сұраққа жауап беру үшін оның шеңберінен шығу қажет, оны кеңейтейік жəне келесі экстраполяцияларын көрсетейік, содан кейін мəселеге қайтып келуге болады.

Физикада бəріне ортақ теорияны құрастыруға болады деп мүмкіндік еңгізейік. Осындай теорияны физика аймағында құрастыруға мүмкіндік бар болса, неге біз осындай реттілік бойынша химиялық құбылыстарды қарастырмаймыз. Химиялық құбылыстар да сол физикалық байланыспен негізделеді. Ал, енді сол химиялық құбылыстарды да қамтитын физикалық теория құрастырылады деп болжау жасайық. Электромагниттік пен жылу құбылыстардың шекарасы, электромагниттік пен химиялық əлде жылу жəне химиялық, немесе физикалық пен химиялық приниципиалдық түрде сонша өткір емес.

Ал, принципиалды түрде физикалық пен химиялық құбылыстарды құрастыратын ортақ теория мүмкін десек, неге ол биологиялық құбылыстарды да қамтымайды, себебі, молекулярлік деңгейде биологиялық процестер де нақты физикалық-химиялық байланыстан тұрады. Сондай физикалық, химиялық, биологиялық құбылыстарды біріктіретін теория бар деп болжау жасайық. Яғни, келешекте бүкіл реалдылықтың оқиғалары қарапайым физикалықтан бастап қиын əлеуметтік құбылыстарға дейн сол жалғыз фундаменталды теория арқылы түсіндіруге болады ма? Мысалы, механика негізінде аспан, сұйық жəне газ денелері сипатталады.

Бұндай глобалды бағдарлама күмəн тудырады, себебі, тек қазіргі реалдылықтан алшақ болғансон емес, сонымен қатар, ол ғылым құрылымы туралы сұрақты тым қарапайым түрінде шешкісі келеді. Бұл бағдарлама əр- түрлі пəндік аймақтардың өзгешелігін ескермейді. Əрине, біз физикалық, математикалық жəне тарихи білімді «ғылым» деп біріктіреміз, оны біз басқа адамзат мəдениетінің сфераларынан, іс- əрекеттерінен нақты универсалды принциптер мен қатарлас белгілер арқылы ажыратамыз. Мүмкін, жалпы ғылым шеңберінде оларды ажырататын өзгешеліктеріде айқын.

Бір теорияда қазіргі ғылымдағы ғылыми ойлау стильдерінің түрлері мен таным əдістерін біріктіруге бола ма? Əлде ол тек уақытша құрылыс функцияны атқаратын теория ма? Яғни, жоқ, жəне ол тарихи өзгеріске бағынатын құбылыс. Осы интуицияға бағыт алып осы нақты бағдарламаның қателігін анықтайық. Біріншіден, əр-түрлі ғылымда сипатталатын объектілер өзгеше. Мысалы, физика мен тарихта, бұл жерде əр-түрлі объектілерді біз ортақ принциптер арқылы көрсете алмаймыз. Осы мəселені нақты көрсетейік. Əуелі айтып кетейік, физикалық құбылыстар адам санасынан тыс. Олар туралы білімдер өздеріне əсер етпейді. Ал, əлеуметтік объектілер туралы білім сол объектілерге əсер жасайды ма? Əрине, олай деуге болмады. Мысалы, 2000 ж. энергетикалық дағдарыс болады деп болжаған. Осылай болса, адамдар термоядерлық синтез аймағында жедел зерттеу ізденістер жасайды. Яғни, əлеуметтік объект туралы бағдарлама сол объектті өзгертуге қолданылады. Адамның болашағы туралы білім сонша болжамды потенциалды келешекті өзгерте алады. Реалдық түрде ол болмайды, себебі, ол болжау. Ал физикада басқа жағдай. Жəне сонша жалпы бəрін біріктіретін принциптерде табылмас. Басқада айырмашалақтарға тоқтауға болады. Физикалық құбылыстар əлеуметтікке қарағанда қарапайым болып табылады. Осы жағдай интеллектуалдық бақылауға негіз беретін себеп, яғни, қиын физикалық құбылыстарды математикалық теориялар арқылы ашылады. Сөйтіп, абстрктілі объектілер негізінде сипатталатын физикалық құбылыстар қарапайым. Мысалы, бұл жағдайда, теорияның идеалды функциясын атқаратын адамның бір абстрактілі бейнесін құру қажет, оның қасиеттерін, басқа адамдарға жəне қоршаған ортаға қатынасын, жəне сол негіз арқылы бүкіл əлеуметтік объектілердін қатынасын құруға болады. Бірақ бұндай жол арқылы нəтижеге жетсекте, бірақ физикада орын алатын, сондай қатал жəне толық теория мүмкін емес. Осындай ережемен біз биология, география, геология жəне т.б. құбылыстарды сипаттауда кездесеміз. Осы ғылымдардың объектілері физика объектілеріне қарағанда қиын, сол жағдайда, сандық теорияны құруда қиыншылық туылады.

Əрине, математикалық сипаттаудың жаңа түрлері пайда болуы мүмкін. Бізге айқын, физикада дифференциалдық пен интегралдық санаулар жəне ықтималдық теорияның аппаратын еңгізуі қандай салдарға əкелгенін. Математизацияландыруға бағынбайтың құбылыстарды сипатайтын математиканың жаңа аймақтары пайда болуы мүмкін. Жəне, келешекте əлеуметтік, биологиялық, географиялық т.б. құбылыстардың сапалық қасиеттері ашылады деп үміттенеміз, ол өзгеше аймақта дəлдеу теориялардың құруына ықпал етеді. Бірақ, ол сирек жəне саналы фундаменталды принциптерге бүкіл ғылыми білімнің редукциясы мүмкін ба?

Осы жоғары айтылған аргументтер бойынша, келесі пікір дұрыс деп санаймыз: əр ғылыми теория өзінің интенсивті жəне экстенсивті дамуында шектеледі.

Ғылыми теория – ол белгілі абстракция жүйесі, олар арқылы реалдылықтың қасиеттерінің нақты қатынасында мəнді жəне мəнсіз субординациясын ашамыз. Былай деп айтуға болады, ғылыми теория реалдылықтың бір қырын ашады. Ешқандай абстрактілі жүйе реалдылықтың байлығын қамтып алмайды. Ғылымда міндет түрде бір-біріне келіспейтін, бір-біріне редукцияланатын əр- түрлі абстрактілі жүйелер болу қажет, олар реалдылықты əр қатпарында ашады. Олар нақты түрде бір-біріне қатысты, бірақ, бір-бірінен аспайды. Біздің пікірімізше, сол себепте əлеуметтік құбылыстарды биологиялыққа, биологиялықты – физикалық-химиялыққа, химиялықты – физикалыққа айналдыруға болмайды.

Сонымен қатар, физика шеңберінде де сондай, бүкіл физикалық құбылыстарды біріктіретін теория мүмкін емес. Мысалы, жылу статистикалық механика арқылы сипатталатың құбылыстарды механикалыққа келтіруге болмайды, механикада бейнеленбейтін өзгешелігі бар.

Ғылымның бірлігі білімнің абсолюттік редукциясында қана көрінбейді, осыған қосымша, абстрактілі жүйелердің қиын байланысында да айқын. Теориялар терең болуы мүмкін, бірақ тар, яғни, салыстырмалы тар пəндік аймақты қамтиды, мысалы, электродинамика, термодинамика т.б. Кең, бірақ нашар теориялар да кездеседі, олар жүйенің жалпы теория типі сияқты. Мүмкін, физикада бір ортақ пікір арқылы əр-түрлі физикалық құбылыстарды сипаттайды. Бірақ, ондай теория олардың өзгешелігін бейнелемейді. Сөйтіп, ол тек жалпы жағын көрсетеді.

Гейзенбергтің пікірінше, физикада төрт фундаменталды жабық қайшысыз теориялар бар: классикалық механика, термодинамика, электродинамика, кванттік механика. Олар толық түрде реалдылықты сипаттайды. Оның пікірінше, ұқсас тенденцияны біз басқа ғылымдардың дамуында байқаймыз. Əр жерде біз нақты жəне тұрақты байланыстарды шығару жəне оларды өзгеше жабық анықтама жүйесімен сипаттауды, түбінде ғылыми теорияларды құрастыратын талпынысты байқаймыз.

Сөйтіп, ғылымда интегративтік функция орын алады. Теория əр-қашанда көп түрлі құбылыстарды біріктіріп, оларды саналы приниптерге айналдырады. Бірақ бұндай біріктіру процесс шекті. Немен ол шектеледі? Априори əрине, оны айтуға болмайды. Тек сол айырмашалақты елестеу қажет. Олар ғылымның даму кезеңінде байқалады. Оны тарих дəлелдейді.

Сөйтіп, əр ғылыми пəн өзінің білім интеграциясындағы жетістіктеріне қарамай, бір-неше салыстырмалы түрде ұғымдары бар теорияларды біріктіретін ғылыми аймақтардан тұрады. Тек солар сол пəндік аймаққа сай, қатысты эмпириялық материалды біріктіреді.