Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-сем СРСП 1-7 апта.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
100.35 Кб
Скачать

Мәтінге арналған сөздік

Тілтанушы- языковед

негізін салушы- основоположник

кафедрасының меңгерушісі- заведующий кафедры

қатысыуымен- с участием

жоғары оқу орындары- высшее учебное заведение

оқу бағдарламалары- учебные программы

сала-область, отрасль

ғылыми-зерттеу институты- научно-исследовательский институт

мәселе - проблема

қорғау -защищать

тұлға – личность

мүсін - скульптура

5-апта

«Ұстазым» әнін жаттау.

«Ұстазым» әнін жаттау. Ұстазым

әні: А.Еспаева

сөзі:А.Шамкенова

Тұлғанда арманыма ұқсатқанмын,

Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.

Есімде жаттатқызып әліппені,

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.

Қайырмасы:

Ұстазым менің, ұстазым-

Өзіңмен өткен қыс-жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік,

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым менің, ұстазым.

Грамматикалық тапсырма: 1-ә, 187 бет 7-8 жат, Ш.Бектуров, А.Бектурова

« Қазақ тілі для начинающих» Алматы «Рауан» 1994;

6-апта

1.Университетте қандай мамандықтар бар, көршіңізбен сұхбаттасыңыз.

2.Өзіңіздің отбасыңыз туралы, ондағы адамдардың мамандықтары туралы айтыңыз.

3. Өз таңдауыңызды (қалауыңызды) айтыңыз.

2. «Мамандық» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.

3.Грамматикалық тапсырма: 2-ә, 185 бет 33-35 жат; А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров « Казахский язык для всех» Алматы «Атамұра» , 2004

1-ә, 116 бет 23-жат. Ш.Бектуров, А.Бектурова « Қазақ тілі для начинающих» Алматы «Рауан» 1994;

7-апта

1.Салауатты өмір салты. Сын есімнің шырайлары.

2. Денсаулық –зор байлық. Етіс категориясы.

3.Нашақорлық – ғасыр індеті. Етіс категориясы.

І. Кесте бойынша әңгіме құрастырыңыз.

ІІ. Мәтінмен жұмыс

Денсаулық – бұл күрделі ұғым. Көптеген ғалымдар оған әртүрлі анықтама береді, бірақ олардың бәріндегі негізгі көзқарас шамамен бірдей. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. Профессор В.П.Казначеевтің айтуы бойынша « денсаулық деп, біз адамның белсенді өмірінің ұзақтығы жағдайындағы биологиялық және физиологиялық функциясын, еңбек қабілеті мен әлеуметтік белсенділігін сақтау және дамыту процесін түсінеміз».

Денсаулық күйіне қоршаған орта жағдайларының да ықпалы бар. Адам денсаулығына температура, жарық, ылғал, ауаның, судың құрамы және көптеген басқа заттар әсер етеді. Денсаулықтың негізгі қызметі адамның дамуы мен тіршілігін қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі кезде денсаулық сақтау жөніндегі дүниежүзілік ұйымның тұжырымдауы бойынша денсаулықтың мынадай анықтамасы қабылданған: « Денсаулық – бұл аурудың және дене кемістігінің болмауы ғана емес, ол толық тәндік, психикалық және әлеуметтік саулығы ».

  1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

  2. Мәтінді толықтырыңыз.

  3. Мәтінді мазмұндаңыз.

  4. «Денсулық – зор байлық» тақырыбына курстастарыңызбен пікір алмасыңыз.

  5. Тақырыпқа байланысты сөздік құрастырыңыз.

6. Ибн Сина төмендегі сөзді неліктен айтқан екен? Ойланып көріңізші...

Атақты Ибн Сина: « Дәрігердің қолында үш түрлі құрал бар. Біріншісі – сөз. Екіншісі – дәрі. Соңғысы – пышақ» - депті.

ІІІ. Мәтінге сұрақтар құрастырыңыз.

Есірткінің адам организміне әсерін зеттеуге австралиялық дәрігер Зигмунд Фрейд үлкен үлес қосқан. Ол алғаш рет кокаинді қолданудан кейін дамитын “кокаиншілдік” ауруының белгілерін сипаттап берді. Нашақорлықты емдеуден гөрі алдын алу жеңілірек болады. Нашақорды емдеу үшін 3-6 айдан бастап 2 жылға дейін уақыт қажет. Мәліметтер бойынша нашақорлардың тек 5%-ы ғана өздігінен қалыпты өмірге оралатыны мәлім. Ал қалған 95%-ы не болады? Егер бұрын жағдайы нашар ортадан шыққандар ғана нашақор болса, ал қазір бұл эпидемия қоғамның барлық деңгейін қамтып келеді. Нашақорлық ұлт таңдамайды. Есірткіге құмарлық өмір бойы сақталуы мүмкін. Тек санаулылары ғана есірткіге тәуелділікті жеңе алады. Қауіптен құтылудың ең дұрыс тәсілі – оларды ешуақытта татып көрмеу. (Р.Ә.Көзденова, Н.Қ.Сейтмамбетова. Медициналық валеология. «Бастау» ЖШС, Алматы,2004)

Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Алғашқы кездері есірткіні ... енгізу адамның өзін дені сау сезініп, ... алдамшы көтерілуіне, толық тәуелсіз сезінуіне әкеледі. Ал шындығында ... адам психикалық және дене ... шалдығып, бүкіл ағзалары қатты уланады. Әдетте, 1-2 рет байқап ... өзі адамды наша тартушылардың ... етеді, мүгедектікке әкеледі.

Маскүнемдік кезінде адам қайтарымы аз болса да ... істей алады, ал нашақорлық еңбек қабілетінің жылдам ... және өлімге алып келеді. 40-45 жасқа дейін жететін ... сирек кездеседі.

Қажетті сөздер: Көңіл-күйінің, әлсіздігіне, құлы, есірткіден, нашақорлық, жоғалуына, көрудің, жұмыс, ағзаға.

Cұхбатты сұраулы сөйлемдер арқылы толықтырыңыз.

– ...?

– Нашақұмар – ауыр дертке шалдыққан адам.

  • ...?

  • Есірткіге бой ұрған жандардың 5-7 пайызы ғана айыға алады екен.

– ...?

– Есірткіні үнемі қолдану созылмалы сырқаттарға алып келеді.

– ...?

– Осы дертке шалдыққандардың едәуір бөлігі мектеп жасындағы қыздар екендігі алаңдатады.

– ...?

– Есірткіні сирек пайдаланған болса да, оған деген құмарлықты жою

мүмкін емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]