Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-сем СРСП 1-7 апта.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
100.35 Кб
Скачать

Студенттердің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмыстары

1-апта

ТӘРБИЕ БАСЫ – ТІЛ. ЕТІСТІК.

Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп, 5 сөйлем құрастырыңыз.

Тіл, сөз өнер туралы мақал-мәтелдер

1. Тіл қатынас құралы. 2. Тіл жоқ жерде-ұлт жоқ. 3. Ойы байдың- тілі бай. 4. Тіл тағдыры-ел тағдыры. 5. Басқа пәле тілден. 6. Тіл тас жарады, Тас жармаса бас жарады 7. Тіл-тиексіз. 8. Тіл буынсыз,ой түпсіз. 9. Тіл қылыштан өткір. 10. Өнер алды қызыл тіл. 11. Шешеннің тілі-шебердің бізі. 12. Ана тілі-дана тіл 13. Бал тамған тілден,у тамар. 14. Әр ұлттың ана тілі-өзі үшін ұлы. 15. Орақ ауыз от тілді. 16. Піл көтермегенді,тіл көтереді. 17. Ана тілі-ой өсіреді. 18. Сөз тапқанға қолқа жоқ. 19. Ұлы сөзде-ұят жоқ. 20. Жақсы сөз-жарым ырыс.

Тілдер туралы мағлұмат. Болымсыз етістік.

І. Адам өміріндегі тілдің орнын әңгімелеңіздер.

ІІ. Төменде берілген ырым-тыйымдардың мағынасын түсініріңіз:

Үйде ысқырма. Үйді айналып жүгірме. Нанды баспа. Сүтті төкпе. Нанды бір қолыңмен үзбе. Көк шөпті жұлма. Тізеңді құшақтама. Беліңді таянба.

ІІІ. Жоғарыда берілген ырым-тыйымдардағы болымсыз етістіктерге болымсыздық жұрнақтарының жалғану жолын түсіндіріңіз.

ІҮ. Өзіңіз қандай тыйым сөздерді білесіз?

Ү. Төмендегі тыйым сөздерді оқып, жаттап алыңдар. Олардың ортақ тақырыбы қандай? Не жайында айтылған? 1. Көп сөйлеме. 2. Сөйлеп тұрғанда есінеме. 3. Аузыңа тамақ салып алып сөйлеме. 4. Сөйлегенде тыңдап отырған серігіңе тым жақындама. 5. Даусыңды тым бәсеңдетпе, тым екпіндеп те кетпе.

ҚАЗАҚ ТІЛІ – КӨНЕ ТІЛ.

Синонимдер. Антонимдер. Омонимдер.

І. «Сөз» қай жерде қандай мағынада қолданылып тұрғанын айтыңыз:

1. Жиналыста Арайлы сөз алды. 2. Сөз соңында айтарымыз – елдің, халықтың бірлігі. 3. Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел. 4. Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді. 5. Сөз қуған пәлеге жолығады. 6. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы. 7. Көркем сөз – көрікті ойдың жемісі. 8. Сөз тасқыны толастар емес. 9. Жақсының соңынан сөз ереді.

ІІ. Бет, бас, көз, құлақ, қабырға, дүние, кілт, ақ, өту, келу, терең сөздерінің тура және ауыспалы мағыналарын тауып, басқа сөздермен байланысқа түсіріп, ауыспалы мәнде тіркес (сөйлем) құраңыз.

ІІІ. Төмендегі сөз тіркестерінің мағыналарын балама сөздермен ашыңыздар: от тілді, орақ ауызды; қу сөзден қуырдақ қуыру; майда тіл, аузы-аузына жұқпау; жұмған аузын ашпау; аузына қақпақ болу, аузына құм құю, аузын ашқызбау, тіл қату.

ІҮ. Тағандары қарама-қарсы мәнді мақал-мәтелдер (он шақты) жазып келіңіз.

2-апта

Мемлекеттік тіл – татулық тірегі. Етістік.

І. Елбасымыздың төмендегі мемлекеттік тіл туралы сөзін оқыңыз. Өз пікіріңізді ортаға салыңыз.

“Мен қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алу үшін қолымнан келгенінің бәрін істедім. Бұдан да қиын кезеңде ... ана тіліміз республикамыздағы жеке дара мемлекеттік тіл мәртебесін алды. Тіл туралы арнайы заң қабылдадық.

Еліміз көп ұлтты мемлекет болған соң тіл мәселесін тізеге салып шешуге болмайтынын ұмытпаған абзал...”

Н.Ә.Назарбаев.

ІІ. Сіз тілді үйрену үшін ең алдымен қайсысын таңдар едіңіз?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]