Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
64.93 Кб
Скачать

2.Тақырып. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық - басқару құрылымымен танысу

2.1. Кәсіпорынның құрылу тарихы және қызметінің негізгі бағыты

Құқық мәселелері теориялық қайта қарауды қажет етеді. Заңды

егеменді Қазақстан қызметінің негізгі қағидаларына жауап беретін

жаңа мазмұнмен толықтыру қажет. Пайда бола бастаған қазіргі құқық

түсінушілік құқық табиғатының, оның мазмұнының, құрылымының

және мемлекеттік және қоғамдық өмірдің басқа да құбылыстарымен

байланысының мәселелеріне жауап беруге көмектеседі. Барлық

заңдық ұғымдардың дәл анықтамасын беру толықтай қоғамның

құқықтық ұйымдарының “құқықтық жүйесі” ретінде, соның ішін-

де мемлекетте іске асатын және қызмет ететін барлық заңдық

құралдарға, институттар мен мекемелерге әсер етеді.

Еуропа елдерінің нормативті-құқықтық заңдық жүйелерінің

объективті құқықтық заңдылықтарын қарастыра келе, құқық

құрылымында әр түрлі деңгейдегі, соның ішінде көп тұғылы заңдық

реттеуді қамтамасыз ететін екіншілік, кешендік бөлімдерінің

қалыптасуын бөліп көрсетеді. Құқық әлеуметтік құбылыс және

өзінің жүйесі (құрылым, құрылыс) бар. Құқық жүйесінің бір элемен-

ті ретінде негізгі (іргелі) және кешенді болып бөлінетін құқық сала-

сы болып табылады.

Дәстүрлі (іргелі) немесе негізгі сала ретінде Конституциялық,

әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, процессуалдық және басқа да

салалардың қазақстандық құқық жүйесінде орын алуы күмән ту-

дырмайды. Дегенмен, объективті шындық қандай да бір қоғамдық

қатынастарды реттейтін жаңа салалардың пайда болуының ғылыми

негізделуін талап етеді. Егеменді Қазақстанның түзілуінен ішкі

және кеден саясаты олардың құрамдас бөлігі болды. Оны іске асыру

26

үшін мемлекеттің басқарушылық қызметі, арнайы өкілетті органдар,

заңдық негіз керек.

Кеден саласы Қазақстан үшін мемлекеттік егемендікті және

тәуелсіздікті, оның экономикалық қауіпсіздігін, сонымен қатар еге-

менді мемлекеттің қызметіндегі қайтадан пайда болған ішкі саясат,

экономика, қорғаныс және т.б. салаларын қамтамасыз етудің құралы

ретінде болды.

Құқық өзіндік жүйесі, құрылымы бар әлеуметтік құбылыс. Оның

бір элементі – құқық салаларына бөлінуі. Олар өз ішінен негізгі

және кешендік болып бөлінеді. Қазақстандық құқық салаларының

ішінде Конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, басқа

да құқық салаларының орны ешқандай күдік туғызбайды. Жаңа

құқық салаларының пайда болуы қоғам қажеттілігінен туындайды.

13

Қазақстанның егемендік алуы ішкі және сыртқы саясатына жаңа

мазмұн берді. Оның бірі – арнайы өкілді органдары бар белгілі бір

заңдылық негізі бар кеден саясаты.

Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін, экономикалық қауіп-

сіздігін қамтамасыз етудің құралы ретінде кеден саласы пайда

болды.

Алғашқы пайда болған кеден заңдылығының кедендік рет-

теуде мүлт кеткен жерлері де болды. Кеден саласына қатысты негіз-

гі заңның қабылдануына дейін кедендік реттеудің өзін оны ғылыми

зерттеу жағдайында осы саланың бір институты ретінде қарастыруға

болады. Сондай-ақ әкімшілік пәні менен әдістері кеден саласының

кейбір мәселелерін қамтыған.

Жеке мемлекеттің құрылу кезінде кеден саласына қатысты бір-

неше нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Негізінен кеден-

дік тарифтік реттеуді қамтитын 1991 ж. 24 желтоқсандағы “Кеден

тарифтері мен баждары туралы” ҚР-ң Заңы, Үкіметтік шешімдері-

мен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің нормаларымен

сәйкес келетін 1991 ж. 12 желтоқсандағы “ҚР-ң кеден комитетін құру

туралы” Президент жарлығын айтуға болады.

Келесі кеден саласындағы маңызды қадам – “ҚР кеден ісі тура-

лы” 1995 ж. 20 шілдедегі Заң күші бар Президент Жарлығы (бұдан

кейін – “Кеден ісі туралы” Жарлық) – 1999 ж. 16 шілдедегі Қазақстан

Республикасының “Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы”

Заңы (бұдан кейін – “Кеден ісі туралы” Заң).

27

Кедендік реттеу, бүгінгі түсінігімізше, кеден құқық

институттарының жиынтығы, “кедендік әкімшілік ету” ұғымын біл-

діреді.

Осылайша Қазақстандық кеден заңдылығы құрылымы бойынша

әр түрлілік сипатқа ие болып, халықаралық кеден құқығы нормала-

рына, конституциялық, әкімшілік қылмыс, қаржы, салық, қылмыс–

процессуалдық құқық салаларына сүйенеді.

Кеден заңдылығына кіретін Үкіметтің, Кеден комитетінің, ҚР

Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері қабылдануда.

14