- •1.Тақырып. Кәсіпорынның экономикадағы ролі, мақсаты және міндеттері
- •1.1. Қоғамдық өндірістің жалпы негіздері. Ресурстар және олардың шектелуі. Меншік: мәні және формасы.
- •1.2. Нарықтық экономика элементтері. Нарық жағдайындағы жеке өндірістің мәні мен заңдылығы
- •2.Тақырып. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық - басқару құрылымымен танысу
- •2.1. Кәсіпорынның құрылу тарихы және қызметінің негізгі бағыты
- •2.2. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-басқару құрылымы
- •3.Тақырып. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер
- •3.2. Өндіріс шығындары. Бәсекелес нарық жағдайында фирмалардың максималды пайда алу мүмкіншілігін қарастыру
1.2. Нарықтық экономика элементтері. Нарық жағдайындағы жеке өндірістің мәні мен заңдылығы
ТМД мемлекеттерінің кеден заңдарының негіздерінде кеден ісін
құқықтық экономикалық және ұйымдастырушылық реттеу принцип-
тері анықталған. Сонымен қатар, негіздерде қайшы келмейтін норма-
лар енгізуге рұқсат етілген. Бұнда кеден саясатының мемлекеттердің
ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі екендігі баса айты-
лады.
Қазақстанның кеден саясаты қазақстандық нарықты, отандық
тұтынушылар мен өндірушілерді қорғауға, экономика, экспорт және
импорттың орнын басатын өндірісті дамытуға, шетел инвестиция-
сын тартуға, сауда саясаты мәселелерін шешуге және т.б. ықпал ету-
ге тиіс. Бұл міндеттер Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін,
оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.
Кеден саясаты кеден ісімен қатар кеден құқығының пәнін құрайды.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі ретін-
де оның экономикалық сипаттағы өзіндік заңды түрде анықталған
мақсаты бар. Бірақ, біздің көзқарасымыз бойынша, шетел инвестор-
ларын тарту, экономиканы құрылымдық жағынан қайта құруға ықпал
ету, монополияға қарсы күресті және бәсекелестікті қолдау кеден са-
ласы мақсатына енбейді. Сондықтан, кеден ісінің мүмкіндігіне орай
кеден саясатының нақты мақсатын айқындау керек.
Үкіметтік деңгейде, тіпті жалпы мемлекеттік бағдарлама контек-
стінде кеден саясаты әлі күнге талқыланған емес. Кеден комитеті
ұсынған 2000 жылға дейінгі кезеңге арналған Кеден саясатының
даму бағдарламасы да біраз кешігуде.
Кеден саясатының мақсаты мен міндеттерін орындаудың жетістігі
кеден реттеуі әкімшіліктендіру механизмі арқылы жүзеге асуы тиіс.
17
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын кеңейту, оны
реттеудің тәсілдерін өзгертуді талап етеді. Кеден саясатын рет-
теу, экономикалық әдістер, оның ішінде, кеден бажы, салық және
алымдар арқылы жүзеге асырыла бастады. Ал реттеудің әкімшілік
тәсілінің маңызы шұғыл төмендегенімен, олар сыртқы экономикалық
қызметтің белгілі салаларында сақталып, экономикалық реттеуге
қосымша қолданыс ретінде пайдаланады.
Қазақстанның ұлттық капиталы импорт тауарларына кеден
салығын салудың механизмі арқылы мемлекеттік қолдауға әзірше
зәру отандық өндіріске арналған мемлекеттік жағдайларды жасауда
пайда болуы мүмкін. Алайда, Үкіметтің импортталатын тауарға
баж салығын белгілеуі, олардың жиі өзгеруі, жеңілдіктер енгізуі
бұл механизмді іске қосудың жақсы жағына бет бұруына мүмкіндік
туғызбайды.
9
Импортқа кедендік баждың көлемін белгілеуде халықаралық баға
мен ұлттық бағаның арасындағы айырмашылық объективті қиындық
болып табылады. Кеден бажының деңгейі осы айырмашылық ес-
керіле отырып белгіленуі тиіс. Біздің білетініміздей, дамыған мемле-
кеттерде ұлттық бағаларға әсер ететін еңбек өндірісінің деңгейінде
үлкен айырмашылық болмағандықтан, кеден бажының деңгейі де
біршама төмен. Ал дамушы елдерде отандық өндірушілерді қорғауда
ұлттық шығын жоғары болғандықтан, импорттық тауарларға едәуір
жоғары кеден бажы алынады.
Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы қоғамдық еңбек
өндірісіндегі ұлттық айырмашылықтардың қысқаруымен қатар
жүрді. Бұл құбылыс келешекте көптеген мемлекеттерде импорттық
тауарларға баж салығының төмендеуіне алып келді. Жоғарыда
аталған процестерді өзі анықтауына мүмкіндік алу үшін, Қазақстан
осы елдер қатарына қосылуы қажет. Қазіргі кезеңде Қазақстанда
байқалып отырған еңбек өнімділігінің төмендеу құбылысы белгілі
бір уақыт аралығында басқа елдерде де кездесуі мүмкін.
Ал әлемдік баға бұл уақытта тұрақты қалпында қала береді,
тіптен төмендеуі де мүмкін. Ол импорттық тауарларға баждың
төмендеуінде алғышарттардың жоқ екендігін көрсетеді. Отандық
өндірушілерді қорғау үшін, алдымен, ұлттық шығынның қай деңгейі
экономикалық тұрғыдан негізделген қаншалықты дәрежеде және
отандық өндірушіні шетелдік бәсекелестіктен қорғаудың қажеттігін
айқындағанымыз жөн. Бұны, әрине, жеке шығындары орташа ұлттық
18
деңгейден біраз жоғары, техникалық және экономикалық артта
қалушылықтың консервациясын білдіретін техникалық жағынан
артта қалған кәсіпорындарға қолдануға болмайды.
Ұлттық өндірушілердің қайсыбір бөлігі әлемдік нарықта
бәсекелестікте төтеп бере алмайтын, әлемдік бәсекеге қабілеттілігі
шектеулі тауарларды өндіруге, оларды шетелдік бәсекеден қорғаған
жағдайда ішкі нарықта бәсекелес болуға қабілетті.
Қазақстанның дамушы экономикасында, сондай-ақ экспорт
маңызды рөлге ие.
Экспортқа салынатын кеден бажының экономикалық сипаты да
басқаша. Ол тауарлардың шектелген тізбесінен алынып, оның не-
гізі ұлттық шығын мен әлемдік бағаның төмен болып алынуы шарт.
Экспорт бажы, сондай-ақ ежелгі және өнер туындылары мен ұлттық
мұраға жататын мемлекет тарапынан қаржыландырылатын интел-
лектуалды туындыларға салынуы тиіс.
Экспорт квотасынан және экспортқа салынатын салықтан бас
тартуы мемлекет кеденінің экспорт мәмілесіне немқұрайлы қарауы
деп түсінбеуіміз керек.
10
Мемлекет тарапынан экспорт – импорт валюта бақылауының
күшеюі мемлекеттің кеден органдарына сыртқы экономикалық опе-
рацияларды бақылап отыруына мүмкіндік берді. 1997 жылдың
1 шілдесінен кеден органдары экспорт, импорт бойынша мәміле пас-
порттарын рәсімдеу процедурасына қатысуда.
Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге эко-
номикамыз табысты қызмет етіп, қарқынды даму жағдайларын жа-
сауды жатқызуға болады, ол үшін қолайлы жағдайда өндірушілерге
өндіріс ресурстарына кеңінен жол ашып өз өнімдерін сыртқы
нарыққа шығаруға мүмкіндік беру қажет.
Мұнымен қатар, Қазақстан интеграциясы халықаралық сауданы
реттеу механизмінде сыртқы экономикалық байланысқа еркіндік
беру сияқты және Дүниежүзілік Сауда Ұйымы ережелерін, басқа да
халықаралық міндеттемелердің орындауын талап етеді.
Кеден саясаты және кеден органдарының қызмет ету механиз-
мі осы талаптарға сай келуі тиіс. Бұл реттеудегі тек стратегиялық
маңызды шикізат тауарларынан өзге экспорты әкімшілік реттеудің
барлық құралдарын өзгертуді талап етеді.
Сонымен қатар, сыртқы саудада кеден органдарына реттеуші рөлі
жүктелген. Қазақстанның өтпелі кезеңдегі әлсіз тұстары кеңестік
19
кезеңмен мұраға қалған экономикалық құрылымының өзгеруі,
экономикалық құрылымның бәсекеге қабілетсіздігі, монополиялық
және инфляциялық үрдістердің болуы, ғылыми-техникалық
потенциалымыздың әлсіреуі, басқару шешімдерін қабылдағанда
лоббизмнің болуы, заңдылығымыздың жалпы жетілмеуі, экономи-
камызда қылмыстық әрекеттің етек алуы және экономиканы басқару
аймағындағы сыбайлас жемқорлықтың етек алуы және т.б. салдары-
нан болып табылады.
Өндірістік кешендерді шетелдік басқаруға жекешелендіру жолы-
мен беру, мемлекеттік акция пакеттерін сату жолымен экономиканың
мемлекеттік секторын шұғыл қысқарту жағдайды әзірше жеңілдете
қойған жоқ. Сөз жоқ, мемлекетіміз табиғи монополияларды
анықтауға, қолда бар потенциалды толық пайдалануға, нәтижелі
мемлекеттік әкімшіліктендіруге, қоғамдық қатынастарды реттеуде,
заңды әрекет етуші құралға айналдыруға заң шараларын қолдануы
қажет.
Қазақстанның күшті жақтары: бай ресурстарының болуы-
мен, өндіріс потенциалымен, кейбір “ақылдың кету” деңгейіне
қарамастан, мәдениет пен білімнің айтарлықтай жоғары деңгейімен
байланысты.
Осы мүмкіндіктер мен артықшылықтарды пайдалану 2030
Стратегиямызда көрсетіліп, жүзеге асыру мәселесі мемлекеттік
деңгейде көтерілген.
11
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі
ықпал жасаудың икемді тәсілдері мен нысандары арқылы жүзеге
асырылатын стратегиялық міндет ретінде қарастырылуы қажет.
Осы мақсатта экономикаға мемлекет тарапынан ықпал етудің толық
жүйесін қалыптастыру қажет.
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне
қатысты “Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы”
Заңында жеке бап қарастырылған.
Кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың туындысы ретінде
сыртқы және ішкі экономикалық қатынастардағы оқиғаларды ес-
керіп, оларға талдау жасау негізінде орнын тапқаны дұрыс.
Кеден саясаты жеке саясат ретінде кеден саласы шекарасына әсер
етеді, кедендік теорияны реттейді.
12
