Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус Педагогика.doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
290.3 Кб
Скачать

2. Пән бойынша мәлімет

Кредиттер саны: 3

Өткізу орны: негізгі ғимарат 31 шағын аудан

Пәннің коды

Пәннің аты

Курс

Семестр

Кредиттер саны

Дәріс

Тәжірибелік сабақтар

Лаборат.

сабақтар

СОӨЖ

СӨЖ

Сағаттар саны

PED 2202

Педагогика

2

3

3

30

15

-

23

67

135

3. Пререквизиттер: пәнді оқып үйрену мәдениеттану, жалпы психология, философия, тарих, қоғамтану, педагогикаға кіріспе сияқты пәндер бойынша теориялық білімді тірек етеді.

4. Постреквизиттер: пәнді меңгеру студенттерді пәндерді оқыту әдістемесі, педагогтік шеберлік, этнопедагогика және т.с.с. курстарды оқуға дайындайды; Студенттердің педагогика курсы бойынша алған білімдері келесі базалық пәндерді игеруге негіз болады: дидактика, педагогика тарихы, ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі, тәрбие жұмысының әдістемесі т.б. Сонымен қатар педагогикалық практика барысында мектеп тәжірибесіне бақылау, талдау жасай отырып, теориялық білімдерін іс жүзінде бекітеді.

5. Курсқа қысқаша сипаттама: «Білім беру» мамандығы күндізгі оқу бөлімі студенттеріне «Педагогика» курсы үшін 30 сағат дәріс, 15сағат тәжірибелік сабақ бөлінген. «Педагогика» курсының еңбек көлемі – (135 сағат, 3 кредит), лекция және семинар сабақтары, оқытушының басшылығымен өзіндік жұмыстар (СОӨЖ) және аудиториядан тыс СӨЖ-н құрайды. «Педагогика» курсы өзара байланысқан бірнеше бөлімдерден тұрады. Білім деңгейін бақылау нысаны – жазбаша бақылау жұмыстарын орындау, практикалық сабақтарға белсене қатысу және семестр соңында 300 сұрақтан тұратын тест арқылы емтихан тапсыру.

Пәннің оқыту мақсаты: болашақ мұғалімдердің теориялық білім жүйесі мен іскерлік дағдысын, тұтас педагогикалық үрдіс жағдайындағы тәжірибелік әсерін қалыптастыру.

Пәннің міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының халыққа білім беру жүйесі, принциптері мен заңдылықтары, мектепті басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздерімен қаруландыру;

  • қоғамға білімді, жоғары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей білетін білікті маманды даярлау;

  • мектептерде оқу-тәрбие жұмысын терең түсініп, әдістемелік негізде үлкен шеберлікпен жүргізудің тиімді жолдарыммен, әдістерімен қаруландыру;

  • студенттерде педагогикалық процестің жүйелі көрінісін және педагогикалық дағдылар мен шеберліктерді қалыптастыру;

  • оқу-тәрбие міндеттерін анықтап, осы міндеттерге сай іс-әрекет түрлерін, әдістер мен формаларын таңдап алу;

  • оқушылар ұжымымен, ата-аналармен қарым-қатынас жасай алу.

«Педагогика» курсының соңында студент білуі тиіс:

  • педагогика ғылымының адам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орнын, даму кезеңдерін;

  • педагогиканың объектісін, пәнін, қызметі мен міндеттерін;

  • педагогиканың негізгі ұғымдарын;

  • педагогика ғылымының теориялық-әдіснамалық негіздерін;

  • біртұтас педагогикалық процестің мәнін, құрылымын, оны басқару ерекшеліктерін;

  • ҚР білім беру жүйесін;

  • тәрбиенің мақсатын, мазмұнын, негізгі заңдылықтары мен принциптерін, әдістері мен тәсілдерін;

  • сынып жетекшісі жұмысының ерекшеліктерін т.б.

  • қазіргі мектеп түрлерін, оларды басқару ерекшеліктерін;

  • мектептің оқу-тәрбие ісінің нәтижелігін арттыратын дәстүрлі емес жұмыс формаларын;

  • мұғалімдердің білімін жетілдіру мәселелерін, т.б.

  1. Студенттің білімін бағалау туралы мәлімет:

%

Әріптік баға

Балл есебімен

Дәстүрлі

95-100

А

4

Өте жақсы

90-94

А-

3,67

85-89

В+

3,33

Жақсы

80-84

В

3

75-79

В-

2,67

70-74

С+

2,33

Қанағаттанарлық

65-69

С

2

60-64

С-

1,67

55-59

D+

1,33

50-54

D-

1

0-49

F

0

Қанағаттанарлықсыз