Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих сурактар 51-67.docx
Скачиваний:
193
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
80.35 Кб
Скачать

51. Хіх ғ.60-жж. Қазақстандағы патша үкіметінің әкімшілік және сот реформаларының мазмұны және құрылымы.

Қазақ жерлерін қосып алудың аяқталуы Ресейдің өз ішінде жүргізіліп жатқан саяси реформаларымен сәйкес келді. Крепостниктік құқықты жою, қоғамда капиталистік қатынастарды дамытуға бағытталған саяси-экономикалық реформалар қазақ халқына да әсерін тигізбей қоймады. Ол, ең алдымен отарлық саясаттың белсенді түрде жүргізілуіне алып келді. Қазақ жерінде әкімшілік басқаруды жүргізу үшін Ресейдің басқару жүйесімен сәйкестендіру қажет болды. лимперияның мүддесіне жауап беретін жүйелі бағытта жүргізілуі тиіс еді. Реформаның негізгі міндеті " қырғыз даласының Ресейдің басқа да аймақтарымен қосылуы" болды.

Әкімшілік-аумақтық реформаны дайындау үшін 1865 жылы арнайы Далалық комиссия құрылды. Оның құрамына ішкі істер министрлігінің, әскери министрліктің және жергілікті билік өкілдері кірді. Комиссияның міндеті реформаның жүйесін әзірлеу болды. 1865-1866 жылдары қазақ даласын басқарудың жобасы екі нұсқада дайындалды. 1867 жылы 11 шілдеде ІІ Александр "Сырдария және Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ережеге", 1868 жылы 21 қазанда "Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы уақытша ережеге" қол қойды.

Реформа бойынша бүкіл қазақ жері үш генерал-губернаторлыққа бөлінді: Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір. Орынбор генерал-губернаторлығына Орал, Торғай облыстары; Батыс Сібірге Ақмола, Семей облыстары; Түркістанға Жетісу және Сырдария облыстары кірді.

Генерал-губернаторлық

Батыс Сібір, Түркістан және Орынбор

Облыс. Облысты әскери-губернатор басқарды. Облыстық басқарма 3 бөлімнен тұрды. 1) шарушылық; 2) сот; 3) жарлықты іске асыру

Уезд. Олардың жалпы саны 34 болды. Уезд бастықтары офицер басқарды, оны генерал-губернаторлық тағайындады.

Болыс. 1 мыңнан 3 мыңға дейін шаңырақ кірді

Ауыл. 100-200 ауылдардан тұрды. Болыс басшысы мен ауыл ағамандары әрбір үш жылда жасырын дауыс арқылы сайланып, жоғары дәрежелі басшылықпен бекітілді. Сұлтандар өмірлік зейнетақы алды, салықтан босатылды.

Реформа нәтижесі.

1) Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты.

2) Феодалдық – патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.

3) Таптық жіктелу салдарын жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмысқа жалдануы).

4) Отарлық басқару күшейді.

5) Қазақ жері Россия үкіметінің меншігі болды.

6) Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.

52. Хіх ғ. Қазақстанда ғылым мен мәдениеттің дамуы.

ХІХ ғ. бас кезінде Қазақстанда ағарту ісі негізінен шәкірттерге "Шариғат - ұлы иман" (Мұсылман дінінің ережелері), "Әпитек" (Құранның жетіден бір бөлігі) сияқты діни мазмұндағы кітаптарды, ислам дінінің қағидаларын үйретумен шектелді, сабақ араб тілінде жүрді.

1771 жылы Н.П.Рычковтың Орынборда жазып қалдырған еңбегі - "Қырғыз-Қайсақ даласы туралы күнделікті жазбалар".

1789 ж. Азиялық училище ашылды.

Азиялық училищеде моңғол, маньчжур, қытай, парсы және басқа да Азия халықтары тілін оқып үйренді.

1813 жылы Омбыда, 1825 жылы Орынборда ашылған әскери училищелер Ресейлік билеу әкімшілігі үшін чиновниктерді даярлаумен айналысты.

1831 жылы қыркүйекте Семейде орысша білім беретін училище ашылды.

1833 жылы Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысы жайлы мәлімет жинаған А.С.Пушкин Орынборда және Оралда болды. Оралда А.С.Пушкин "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" поэмасымен танысты. Пушкиннің Орынбор жерінде болғанда жазған еңбегі "Пугачев бүлігінің тарихы" болды.

1836 жылы қазақтар үшін интернаты бар Өскемен училищесі ашылды.

1841 жылы Жәңгір хан Ішкі Ордада татар тілінде білім беретін мектепті ашуды ұйымдастырды.

1837 жылы ашылған Сібір кадет корпусы 1844 жылы Орынборлық Неплюев кадет корпусы болып қайта құрылды.

1848-1849 жылдары Г.С.Карелин Каспий теңізін зерттеді.

А.Бутаков Арал теңізіне экспедициялар ұйымдастырды.

1850 ж. Орынбор шекаралық комиссиясының жанынан қазақтарға орыша білім беретін бірнеше мектептер ашылды.

Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867 ж.ж.) суырып салма өнерін жетілдірген ақын.

1836-1838 ж.ж. Шернияз Жарылғасұлы Кіші Ордадағы көтеріліске қатысты. Кіші жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің жыршысы  және ту көтерушісі болды. Жалынды жырларымен халықты күреске үндеді. Шығармалары қайшылыққа толы, күрделі тұлға саналған зар-заман ақындары да қазақ әдебиетінде өзіндік орын алады. 

Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895 ж.ж.) жастай екі көзінен айырылған, ақындық өнерді күн көрудің көзіне айналдырған эпик ақын. "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" жырының ең көркем нұсқасы Шөженің айтуымен тараған.

Сүйінбай Аронұлы (1822-1895 ж.ж.) қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Қаракәстек деген жерде дүниеге келген.

ХІХ ғ. музыкалық мәдениетінде 1836-1837 жылдары Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістер елеулі із қалдырды.

Дүние жүзіне белгілі ғалым П.П.Семенов-Тяньшанский Алтай, Жетісу мен орта Азияға саяхат жасап, зерттеу жүргізіп, "Қырғыз өлкесі", "Түркістан өлкесі" атты екі томдық еңбек жазды.

М.Красовский "Сібір қырғыздарының облысы" деп аталатын еңбегінде қазақ халқының шығу тегіне көңіл бөлді.

Л.Мейердің "Орынбор ведомствосындағы қырғыз даласы" атты еңбегі Кіші жүз тарихын жан-жақты сипаттауға арналды.

А.Н.Добромысловтың "Торғай облысы, Тарихи очерк" атты еңбегінде Қазақстанның саяси дамуы жөнінде сирек кездесетін мәліметтер сақталған.

1847-1857 жылдар аралығында Украин халқының ұлы ақыны Т.Г.Шевченко қазақ жерінде айдауда болды.

Ресей азаттық қозғалысының Қазақстанда айдауда болған өкілдері: Е.П.Михаэлис, А.В.Леонтьев, Н.И.Долгополов, С.С.Гросс.

1868 жылы Түркістан статистикалық комитеті құрылды.

1878 жылы Семей статистикалық комитеті құрылды.

1883 жылы Семейде қоғамдық кітапхана ашылды, ондағы алғашқы кітап қоры 260 том болды.

Ақысыз пайдаланатын қоғамдық кітапханалар Торғайда, Орынборда ашылды.

XІX екінші жартысында Қазақстандағы музыка өнерінің дамуына Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы сияқты композитор-музыканттар үлкен үлес қосты. Домбыра, қобыз, сыбызғы сияқты музыкалық аспаптар арқылы түрлі эпостарды, тарихи дастандарды, аңыз-әңгіме мен жырларды орындап отырды. Аталған композиторлардың дүниетанымы тарихи тұрғыда шектеулі бола тұрса да,  олардың  шығармаларында  әлеуметтік  қайшылықтар  бейнеленді. Біржан Қожақұлы, Мұхит Мералиев, Ақансері Қорамсаұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Құлтума Сармұратұлы сияқты және тағы басқа көптеген ақын, әнші, композиторлардың шығармашылық және орындаушылық шеберлігі арқасында  қазақ ән мәдениетінің классикалық үлгілері дамып, жоғары дәрежеге көтерілді.