Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкмд Саясаттану (юриспруд.,каз).docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
356.55 Кб
Скачать

2 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:

  1. Студенттердің өз-өзін тексеруге арналған тесттік сұрақтар.

  1. Танымалы ежелгі қытай философы, шешені, қызметкері :

  • Сократ

  • Платон

  • Конфуций

  • Аристотель

  1. Ежелгі грек философы, «Мемлекет» еңбегінің авторы?

  • Платон

  • Сократ

  • Зенон

  • Калликрат

  1. Атақты грек философы, «Афина политиясы» еңбегінің авторы:

  • Сократ

  • Платон

  • Геродот

  • Аристотель

  1. Ежелгі Грекиядағы «полис» деген не?

  • Шағын қала-мемлекет

  • адамның жан дүниесі

  • саяси құбылыстардың әлеуметтік механизмдерін

  • саяси процесстердің компьютерлік қамтамасыздануын

  1. Аристотель бойынша, қай биліктің түрі дұрыс болып табылады:

  • монархия

  • охлократия

  • демократия

  • тирания

  1. Ежелгі Рим ойшылы, ораторы, философы:

  • Цицерон

  • И.Кант

  • З. Фрейд

  • А.Швейцер

  1. Орта заманның әйгілі философы, ойшылы, теологі?

  • Фома Аквинский

  • И.Кант

  • Сократ

  • Аристотель

  1. Саясаттанудың Орта заманда пайда болван бағыты?

  • натуралисттік

  • теологиялық

  • әлеуметтік

  • биотехнологиялық

  1. Қайта Өрлеу дәуірінің қай ойшылы саяси ойды дін ықпалынан ажырата қарастырды?

  • Фома Аквинский

  • Н.Макиавелли

  • Аристотель

  • Сократ

  1. Христиан дінінің реформаторлық бағытын басқарған:

  • Мартин Лютер

  • Эразм Роттердамский

  • Жан Боден

  • Жан Жак Руссо

    1. Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.

1. Аристотель бойынша биліктің қай түрлері ең тиімді?

2. Неден Платон демократияны жақтырмаған?

3. Саясаттанудың теологиялық мектебінің қалаушыларын атаңыз.

4. Никколо Макиавеллидің негізгі саяси ойларын ашып, топқа талқылап беріңіз.

5. Қайта Өрлеу дәуірінің саяси ой жағынан шыққан жетістіктерін анықтаңыз.

6. Қоғамның келісімдік теориясын талқылап, мәнін ашыңыз.

Дәріс 3. Саяси элита және саяси көшбасшылық.

Жоспары:

1. Саяси элита ұғымы, негізгі теориялар.

2. Элита таңдау жүйесі.

3. Саяси көсбасшылықтың типологиясы мен функциялары.

4. Қазақстандағы саяси элитаның қалыптасуының құқықтық механизмі.

Әдебиеттер тізімі:

Хан И.Г. Саясаттану – Алматы, 2003 ж.

Қуандыков. Саясаттану негіздері. Алматы, 1998 ж.

Жамбылов Д.А. Саясаттану негіздері. Алматы, 2000 ж.

Василик М.А. Политология. М., 2000 ж.

Политология. Курс лекций. Под. ред. Мустафина Т.Т. Алматы, 1993 ж.

Панарин А.С. Философия политики. М., 1996 ж.

1. «Элита» термині француз тілінен elite – іріктелген, таңдалған деп аударылады. 17 ғасырдан бастап, бұл термин таңдалған, атақты, жоғары мәртебелі адамдарды атауға қолданған.

Элита теориялары - әр әлеуметтік структураның қажетті бөлігі деп жоғарғы, ерекше құқықтары бар қатарды мойындаған әлеметтік-саяси концепцияларының жиынтығы.

Саясаттың сан алуан субьектілерінің оған ықпалы, әрине әр түрлі. Жеке азаматтар және әлеуметтік топтар күнделікті саяси өмірге тікелей қатынаса бермейді. Күнделікті саясатпен адамдардың ерекше қабаты айналысады , оларды ерекше басшы топ атайды. Саяси элита аталымын қалай түсінуге болады.

20ғ бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі , байлығы, беделі , билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді . Бұл аталымның этимологиялық маңызының екі аспектісі бар. Оның біріншісі элита өзіне белгілі бір сапалық қасиеттерді , айқын белгіленген интенсивті белгілерді жинақтайды. Екінші аспектісі , осы белгілерді кң жоғарғы өлшеммен бағалайды . Өзінің алғашқы этимологиялық маңызы бойынша элита түсінігінде ешқандай ізгіліктілікке, демократиялыққа қарсылық жоқ. Әдетте, жоғары сапалы жылқы тұқымы , дәннің тұқымы, спорт саласындағы элита т.б түсініктер пайдаланылады. Демек, адамзат қоғамында да адамдар арасында табиғи және әлеуметтік айырмашылықтар орын алып, бұл жағдайлар олардың басқару саласындағы мүмкіндіктерінің әр түрлілігінен, саяси және қоғамдық процестерге әр түрлі ықпалынан көрінеді. Осының өзі саяси элитаны айқын бейнелеген саяси- басқарушылық сапаны иеленуші ретінде сипттауға негіз болады.

Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б 551-479) адамдарды асыл азаматтарға және төменгі адамдарға бөлді. Платон билеуші-философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде 20ғ басында итальян ғалымдары Г. Моска, В.Парето, неміс Р. Михельс және т.б қалыптастырды.

Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын “Cаяси ғылым негіздері” деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызды. Осы үш қасиет , оның ойынша, адамға басқарушылар ( элита ) қатарына кіруге жол ашады.

«Элита» терминін ғылымға алғаш енгізген Вильфредо Парето (1848-1923). Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуның арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып оытрады.

Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен бағынушыларға бөлінеді деді. Оған ұйытқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызады.. Осы үш қасиет адамға басқарушылар қатарына енуге жол ашады.

Саяси элита дегеніміз қоғамда билікті, байлықты және танымалдылықты иеленген жоғарғы топ. Қоғамның екіге басқарушыларға және бағынушыларға немесе элита мен бұқараға бөлінуі табиғи нәрсе, оған әсер еткен бірнеше факторларды айта кетуге болады. Олар:

Еңбектік бөлінуі;

Әлеуметтік құрылымның иерархиялы түрде болуы;

Басқарушы қызметтің жақсы сипатты иеленуі;

Көпшіліктің билікке, саясатқа қызықпауы.

Саяси элита бірнеше түрге бөлінеді. Олар:

Жоғарғы элита;

Ортаңғы элита;

Әкімшілік элита.

2. Саяси элитаның қалыптасуына байланысты екі жүйе қалыптасқан: Гильдия және антрепренерлік.

Антрепренерлік түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабылеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына. Кәсібіне, біліміне, мамандығына онша мән берілмейді. Жеке басының ерекше қабылеті мен қасиеттері арқасында элита құрамына өте алады. Элита да ол кандидаттың жеке принциптері мен көзқарастарына тосқауыл қоймайды.

Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады.

Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Егер элитаның идеясына қарсы пікірлері болса ол кандидаттың элитаға өтпей қалуы мүмкін.

Антрепренерлік жүйе көбіне демократиялық қоғамда қалыптасса, гильдия жүйесі авторитарлық және тоталитарлық қоғамдарды кең таралған.

Тут вы можете оставить комментарий к выбранному абзацу или сообщить об ошибке.

Оставленные комментарии видны всем.