Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Esep

.docx
Скачиваний:
17
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
21.5 Кб
Скачать

Есеп

Мен, Маратов Нурсултан Кайратулы, КазГЗУ-дың студенті, 2013 жылғы оқу-танысу тәжірибесін өту үшін Астана қаласының, Алматы ауданының прокуратурасында өттім. Қалалық прокуратураның кадрлар бөлімінің шешіміне сәйкес, апталық өтуге Астана қаласының, Алматы ауданының азаматтық істер бойынша қабылданған сот актілерінің заңдылығын қадағалау бөліміне жөнелтілдім. КазГЗУ бекіткен тәжірибе барысында студенттің өзін-өзі ұстауы ережеріне толықтай бағындым. Астана қаласының аудандық прокуратурасында аптасына алты күн жұмыс істейтін мемлекеттік мекеме болғаны себепті, тәжірибе алты күндік мерзім ішінде аяқтадым. Тәжірибе өту жеріндегі жетекшінің шешімі бойынша тәжірибе жұмысым үшін «өте жақсы» деген бағаны алдым. Төменде тәжірибенің әр күніне тоқталып өтемін.

Студенттік тәжірибе жұмысының жоспарына сәйкес, 27.05.2013ж. күні Прокуратураға келдім. Бір сағат мерзім ішінде менімен қатар келген студенттердің прокуратураның бірінші қабатында тіркеуі өтті. Тіркеуден сәтті өткен студенттер үшінші қабатқа көтеріліп, әкімшіліктің келесі нұсқауларын күтті. Түске дейін студенттер Бөлімдерге жөнелтілді. Менің жөнелтілген тәжірибе орным – Астана қаласының, Алматы ауданының азаматтық істер бойынша қабылданған сот актілерінің заңдылығын қадағалау бөлімі . Оқу-танысу тәжірибесінде барлық Бөлімдерде танысып өтуге тырыстым.

Прокуратура органдары жүйесінің бөлігі. Прокуратура тек қадағалау функцияларын ғана емес, сондай-ақ қылмыстық қудалау, құқық қорғау органдарының қызметтерін үйлестіруді орындайды, сотта мемлекет мүдделерін және т.б. білдіреді.

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің сақталуын прокурорлық қадағалау – дербес және прокурорлық қадағалау саласындағы маңыздылардың бірі болып табылады.

Осы сала дәстүрлі «жалпы қадағалау» деп аталатын, ол қарастырылып отырған саланы прокурорлық қадағалаудың басқа арнайы салаларынан шек қоюға мүмкіндік беретін. Прокурорлық қадағалауды реттейтін қолданыстағы заңнамада «жалпы қадағалау» термині аталмаса да, ол прокуратура органдарының жұмыскерлерін құрастыру кезінен қалыптасып, бұрынғысынша солармен қолданылады.

Қарастырылып отырған салада барлық прокурорлар топтары жүзеге асыратын ҚР прокурорлық қадағалаудың мәні және міндеті аса бет-бедерлі белгіленеді. Тап сонда Қазақстандық прокуратура құқықтық мемлекеттің нормативті негізін – адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтау үстінен қараушылық заңын қамтамасыз ету бойынша тікелей көрінісі бар.

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің сақтауын пркурорлық қадағалау, басқа мемлкеттік қоғамдық-жарамды, жасампаз қызмет тәрізді өз мәні мен міндеттері бар.

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің сақтауын пркурорлық қадағалау саласының мәні ҚР «Прокуратура туралы» Заңының 28 б. анықталған.

1) «Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалау құқықтық актілердің және органдардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың әрекеттері заңнамаға сәйкес болу керек »;

2) Кез келген заң бұзушылықты айқындау, осындай заң бұзушылыққа мәжбүр болған себептер мен жағдайларын жою, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру.

Прокуратура басқа мемлекеттік органдардың орнын баспайды және ұйымдардың қызметі мен азаматтардың жеке өмірлеріне қол сұқпайды.

Прокуратураның ішкі регламентіне сәйкес, сағат 13.00-14.30 аралығы тынығу уақыты болып саналады. Сағат 14.30-нан бастап, Прокуратура жайлы қысқа лекция өтті. Лекция барысында прокуратыраның функциялары, өзге құқық қорғау органдарымен қатынастары түсіндірілді.Кейін Бөлім аясында жүретін іс-қағаздармен таныстырылдық.

Аптаның екінші күні азаматтық істерге қатысты, сот процесстерінің өткізу мен қабылданған сот шешімдерінің орындалу тәртібімен, соның ішінде кәмелет жасқа толмағандардың мүдделеріне шыққан сот актілерінің орындалу заңдылығына жүргізілген тексеру жұмыстармен таныстым.

Атап айтқанда, алимент төлемдерін өндіріп алу үшін қандай құжаттарды дайындау және қандай әрекеттер қолдану керектігін таныстырды.

Сәрсенбі күні азаматтық іс бойынша процесске қатыстым. Сол процессте Рахметуллаева деген қазының қатысуымен өткен жеке тұлғаның жеке кәсіпкерден 2 ай бойының жалақысын өндіріп алу ісі бойынша процесске қатысып, қызмет бабымен қандай іс-шара қолдану керек екендігін білдім.

Келесі күн Астана қаласының Алматы ауданының ІІБ-ның жеке тұлғалардың арыздарына бас тартудың прокуратураға келіп түскен материалды оқып, таныстым және оларды іріктеп, ішіндегі қателіктерді іздедім. Тәжірибе аптасының соңғы күні прокуратураның басшылығы жайлы мәлімет берумен басталды. Түскі тынығу уақытынан кейін Астана қаласының Алматы ауданының Бөлім бастығы Утебалиев Нурлан Жолдасбекұлы осы органның тағы кылмыстық істер бойынша және тергеу жүргізумен айналысатынын айта кетті. Сағат 17.00-дерден бастап прокуратураның әр Бөлімі жайлы және әр қызметшінің рөлі жайлы сұхбат өз жалғасын тапты. 18.00-дерде тәжірибе жетекшісі өз сұхбатын өткізді. Тәжірибенің аяқталуына сәйкес, тәжірибе жетекшісі өз қорытындыларын айтты. Тәжірибе өту орнындағы жетекшінің қорытындыларына сәйкес, «өте жақсы» деген бағаны алдым.

Тәжірибе жетекшісі Астана қаласының Алматы ауданының Бөлім бастығы Утебалиев Нурлан Жолдасбекұлы, азаматтық істер бойынша қабылданған сот актілерінің заңдылығын қадағалау бөлімі. Жұмыс атқаруындағы зейінділігі мен ұқыптылығы үшін ҚР Прокуратурасының қызметкерлері арасында үлкен беделге ие. Соған қоса, Утебалиев Н.Ж. – студент-тәжірибе алушыларға үлгі боларлық тұлға.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]