Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мені есебім nnn.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
248.74 Кб
Скачать

Ііі Кәсіпорынның ұжымы

Ұйымның негізгі құрамы оның қызметкерлері болып табылады. Ұйымдағы өз қызметкерлерін тиімді пайдалану еңбектің өнімділігін басқа адам ресурстарын тиімді пайдаланбайтын ұйымдарға қарағанда ұйымдағы еңбектің өнімділігін ондаған есе жоғарылатуы мүмкін.

«Нәтижелік» және «тиімділік» ұғымдарының айырмашылықтарын көрсету қажет:

  • Нәтижелік қойылған мақсаттарға және алуды жете алмауды анықтаумен байланысты.

  • Тиімділік осы қойылған мақсаттарға жету үшін қолайлы

«Royal club» туристтік фирмасының ұжымдық құрылымы 1-ші суретте көрсетілген.

Бас Деректор Асель Есимсеитова

Бас директор

Офис менеджері

Бас Менеджер

Бухгелтер

Әуе бөлімінің директоры

Туризм бойынша менеджерлер

Визалық-курьерлік бөлімінің бастығы

Әуе билеттеріне сату бойынша операторлар

Сату бойынша менеджерлер

Визалық – курьерлік бөлімі

Royal club»туристік фирмасында 12 адам жұмыс істейді. Компания басында бас директор қызмет атқарады. Фирмада туризм бөлімі, визалық-курьерлік бөлім және әуе билеттерін сату бөлімі жұмыс істейді. Туризм бойынша менеджерлер туризм аясында жоғары білімі және жұмыс тәжірибесі бар мамандар. Олар негізінен клиенттермен тікелей жұмыс істеумен және турларды ұйымдастырумен айналысады.

Визалық-курьерлік бөлім-виза ашуға қажетті құжаттарды рәсімдеумен, клиенттердің анкеталарын толтырумен, құжаттарды, елшіліктерге өткізумен, корпоративті клиенттер кеңсесіне құжаттарды жеткізумен айналысады.

Әуе билеттерін сату бөлімі «Габриэль», «Галилео» глобалды брондау жүйесі арқылы дүние жүзінің қонақ үйлерінің нөмерлерін брондаумен, әртүрлі бағыттардағы әуе және темір жол билеттерін брондауды және сатуды қамтамасыз етеді.

Жақсы кадрық саясат деп-ұйымның персоналға қастынасындағы және жоспарлы мен жұмыс күшін пайдаланудағы саясаттың әртүрі аспектілерін біріктіретін жалпы кадрлық стартегия. Ол ұйымның нарық технологияларының және талаптарының өзгеруіне бейімделу қабілетін жоғарлату керек.

Кадрлық саясат –бұл кәсіпорынның ағымдағы кадрлық саясаттың барлық аспектілерін сипаттайды. Жақсы кадрылық саясат ұйымның негізгі коммерциялық немесе функционалдық мақсаттарынан шығады және оларды көрсетеді. Кадрлық саясаттың аспктілерінің бірі қауіпсіздік персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Кадрлық саясаттың басқа аспектілері қызметкерлерді ұйымның жұмысына тарту бойынша арнайы іс-шаралар: ұйымның алдағы жоспарларын жасауға қатысулары және оларды басшылардың қабылдаған шешімдері туралы қажетті ақпаратты беру болып табылады.

Саясаттың тәжірибеде қолданылуы.

Егер кәсіпорынның кадрлық саясатты көрсететін құжаты жоқ болса да, бұл басшылықтың топ деңгейінде оларды тиімді басқара алмайды дегенді білдірмейді. Әкімшілік осыған бағыттату керек. Ұжымды тиімді басқара отырып, кәсіпорын басшысы бүкіл қызметтің өнімділігіне әсер ете алады. Бұл оқытуды қамтуды, жақсы жұмысты мақтау, мәселелерді қауіпті болмай тұрып шешуді білдіреді. Сонымен қатар ұйымда бақылау және басқару құқығы бар ұйым мүшелері қол астындағылары жақсы басқарудың қадағалау керек.

«Royal club»туристік фирмасы өз жұмысында жоғарыда айтылғандарды қадағалауға тырысады. Ол өздерінің қызметкерлері үшін әрдайым тренингтер өткізеді, еңбек ақыларын дер кезінде төлейді, әлеуметтік пакетпен күнделікті түскі аспен қамтамасыз етеді, әрдайым инфротурларға жібереді және сыйақылармен марапаттайды.

Персоналды басқарудың міндеттерімен мақсаттарын іске асыру кадрлық саясат арқылы орындалады. Кадрлық саясат – кадрларымен жұмыста негізгі бағыт кәсіпорындағы кадрлық қызметті таратудың негізгі құрамы. Бұл жерде кадрлық саясат өзінің персоналымен жұмыс істеудегі стратегиялық жол екенін көрсетеді.

Қазіргі кезде кадрлық саясат - бұл еңбек ұйымын құрудағы кәсіпорынмен оның қызметкерлерінің міндеттерімен таңдауларын ең жақсы тәсілмен сәйкестендірілген, ойланған, бағытталған қызмет болып табылады.

«Royal club»туристік фирмасының табысты жұмыс істеуінің негізгі факторлары ретінде келесілерді көрсетуге болады:

  1. Фирма қызметкерлерінің труизм аясындағы жұмысқа күрделі өндірістік процесс ретінде қарауы.

  2. Фирманың әр нақты қызметкерлерінің өз жұмыстарына персоналды жауапкершілікті болуы.

  3. Қызметкерлердің бәсекелстік күресті жүргізе алуы.

Қорытынды

«Royal club»туристік фирмасының негізгі жұмыс істеу принциптері, оның сипаттамасы, ұйымдық құрылымы, мамандануы, маркетинг қызметінің құрылымы қарастырылды. Сонымен қоса кәсіпорынның тауарлық саясаты, қызмет көрсетудегі бәсекелік артықшылықтарымен кемшіліктері, бағалық саясаты, фирмада қолданылатын шегерімдер, бағалық стратегиялар көрсетілді. Фирманың жақсы жақтарына жататындар: өзінің нақты стратегиясының болуы; персоналдың жақсы жоспарланған жұмысы; квалифицирленген кадрлардың болуы; әлемдегі тілдік орталықтармен жақсы байланыстардың бар болуы; жарнамаға көңіл бөлуі; қажетті қаржылық ресурстың болуы. Осал жақтарына келсек: бәсекелес фирмалар санының үнемі өсіп отыруы; маркетингтік зерттеулерді қажетті деңгейде болмауы.

Фирмаға алдағы уақытта табысқа жетуі үшін мен келесідей ұсыныстарды жасағым келеді:

  • Қосымша тұтынушылар тобына қызмет көрсету;

  • Нарыққа немесе сегментке шығу;

  • Нарықтың өсу темпінің жоғарлауы;

  • Өнімнің топтарын клиенттердің қажеттіліктерінің көбін қанағаттандыру мақсатында кеңейту;

  • Программаларды, маршруттарды, шығу құжаттарын жасау, қызмет көрсетуді жақсарту арқылы турдың сапасын жоғарлату;

  • Сатылатын жолдамалардың санын көбейту арқылы табысты жоғарлату керек.

Сонымен бірге әртүрлі категориялардағы тұтынушылар талғамын зерттеп, сол арқылы көрсететңн қызметтің сапасын және бағытын жасау өнімді жетілдірудің бір бөлігі болып табылады, ал ол табысты және нарықты жоғарлатуға әсер етеді.

Туризм – дем алыспен, бос уақытпен, сондай-ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесуі. Тікелей байланысты жеке жәнеұжымдық толық жетілдірудің жолыретінде жоспарлануы, енгізілуі тиіс қызмет.

Біз туризм туралы айтқанда, туыстарымен, достарымен арым-қатынас жасайтын демалыстарын жақсы өткізетін адамдарды айтамыз. Бос уақытта олар спорттын әртүрлі түрімен айналысуға, атпен қыдыруға, серуендеуге, оқуға, әңгімелесуге және сонымен қатар қоршаған ортамен дем алуға, мүмкіндік алады. Туризм бойынша анықтамаға адамның түрлі сьездерге, конференцияларға қатысуы және басқа да іскерлік кәсіби қызметке қатысуын қосуға болады. Осыған байланысты «Royal club» туристік фирмасының алға қойған мақсаттары өте көп. Бірақ бұл туристік фирманың негізгі мақсаттары болып:

—         туризмді дамыту;

—         туристерді барынша, мүмкіндігінше Қазақстан Республикасына тарту, шақыру;

—         ҚР мәдениетін дамыту;

—         туристік нарыққа толық шығу;

—          қаржының тұрақтылығына қол жеткізу;

—         кәсіпорынды кеңейту, шығарылатын туристік өнімдер көлемін өсіру;

—         бәсекелестік орта туралы маркетингті ақппараттарды жинау және талдау, тұтыну және талдау, тұтыну тауарлардың туристік нарықтағы сиымдылығы;

—         баға билігіндегі бірегей және серпімді жүйесін құрау;

—         жаңа туристік қызмет түрін қосу,

—         туризімдегі қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыру, ол қызметтің пайдалаылығына, нарықты алатын орны мен  пайданы ҚР ешбір заңдарына қайшы келмей арттыру.

Менің жеке өндірістік тәжірибемде көріп жүргендей көп туристік фирмалар оның ішінде даму үрдісіндегілер де бастапқыда басқару жүйесінде және қажетті қаржылық менеджіменті мен бақылаудың болмауына, туризмдегі бизнесті жеткілікті түрде ұйымдастырушылардың есебінен қаржылық тығырысқа тіркеледі. Сонымен қатар мұндай мәселелер көбінесе субъективтік әсерлерде кейін де басталыды. Мысалы, сұраныстың төмендеуі, салық заңдылықтарының кенеттен дұрыс іске аспауы. Сондықтан да, туристік фирманы үнемі пайдалылықты басқару  да бизнесті ұйымдастырып отыру керек.