Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОТЧЕТ РЕФЛЕКСИЯ І ЖЖ.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
2.18 Mб
Скачать

«Қоңырат кенті ы.Алтынсарин атындағы жбб №25 орта мектебі» кмм

Тақырыбы: «Егіншілік дәстүрі»

Өткізген: Ботаханова М.Е 3 (базалық) деңгей

4Б сынып жетекшісі

2015-2016 Оқу жылы «ы.Алтынсарин атындағы жбб №25 орта мектебі» кмм

4Б сынбы

Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі- үлкен көрегендіктің белгісі. Осы мақсатта қазақстандық мұғалімдердің педагогикалық тәжірбиесін арттыру мен жетілдіру арналған жаңа бағдарлама ұсынылып, 2015жылы өз білімімді жетілдіру барысында 3 (базалық) деңгейлік курсын оқыдым. Осы бағдарлама аясында қыркүйек айынан бастап 4Б сынып білім алушыларының сабақ жоспарлары жаңа білім беру жүйесімен өткізіліп, үлкен дәрежеде алға жылжу қарқыны орын алып келеді. Сабақ жоспарларын құру барысында бағдарламадағы жеті модульді өзара ықпалдастыра отырып, "Блум таксономиясына" негіздедім. І жартыжылдық есебім бойынша ақпан айының 15-і күні Б.Момышұлының "Егіншілік дәстүрі" тақырыбында ашық сабақ бердім. Осы сабаққа қойған мақсатым: еңбекке деген көзқарасын қалыптастыру арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Адам өміріндегі еңбектің маңыздылығын анықтау. Өзі байқаған, көрген іс-әрекет, оқиғалар бойынша ойын түйіндеуге үйрету. Әңгіменің негізгі идеясын ашып, адам еңбегін бағалауға үйрету.

Қолданылған модульдер: - Оқудағы мен оқытудағы жаңа тәсілдер

- Оқытуды басқару және көшбасшылық

-Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

- Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану.

Стратегиялар: - «Жүректен - жүрекке»

- «1 сұрақ,1 жауап»

- «Ой қозғау», (видео көрсетілім)

- «Топтық жұмыс», «Визуалды айғақтар»,

- «ДЖИГСО»

- «1 сурет, 5 сөз»

- «Не ұнады? Не ұнамады? Не қиын болды? Тілек»

Сабағымда оқушылардың оқудағы әлеуметтік, когнитивттік, эмоционалдық кедергілерін жою мақсатында сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, тұлғааралық байланысты орнату үшін сабағымды шаттық шеңберімен бастадым.

Бұл сабақтан күтілетін нәтиже: Адам өміріндегі еңбектің маңыздылығын түсінеді. Әңгіменің негізгі идеясын ашуға үйренеді. Оқиға бойынша өзіне түйгенін айта алады. Сөйлеу дағдылары қалыптастырып, өз ойларын анық жеткізе алады. Болжамдарын айтып, қорытынды жасауға дағдыланады.

Видеодан көрген көріністі талдауүстінде

3-сурет

Бағдарлама аясында алған білімімді тек сабақ үрдісінде ғана емес, тәрбие сағаттары арқылы да білім алушыларға дарыту мақсатында ақпан айының 31-і күні «Менің отбасым» тақырыбында ашық тәрбие сағатын жүргіздім. Сабақта тіл қаншалықты қолданылса, оның тереңінен дамуы да соншалық ты жүреді деген мақсатпен бұл тәрбие сағатында оқушылардың сөйлеу дағдаларын жетілдіру, арттыру көзделді.

Жақсы сөз,

жан жылуы

1-сурет

"1 сұрақ, 1 жауап" әдісінде оқушылар сұрақ жазу үстінде

2-сурет

Желтоқсан айының 25-і күнінен өз сыныбымда Lesson study жүргізу алға қойылды. Бұл білім алушылардың жаңа бағдарлама идеясы бойынша қаншалықты алға жылжып, жоғарғы деңгейге жетуіне көмектесіп, білім алушылар арасында А,В,С деңгейіндегі балалардың сабаққа қызығушылығын арттыруға көп септігін тигізді.

Пайдаланған әдебиеттер:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2012 жыл

Биология және салауаттану ғылыми-әдістемелік журналдары, 2014 №,4, 6, 2015ж№, 3

Интернет желісі:http://45minut.kz.