Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эконом 4 года обуч.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
636.42 Кб
Скачать

Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:

  1. Түймебаев Ж. Грамматикалық анықтағыш. Алматы, 1991.

  2. Қадашева Қ. (авт.ұжымы). Қазақ тілі (заң факультеттерінің студенттеріне арналған оқу құралы), Алматы, ҚазМЗА,2001ж.

  3. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі (ана тілі деңгейінде үйрету құралы),А.,1998ж.

  4. Құрманбайұлы Ш., Мамаева М.,Сыбанбаева А. Қазақ тілі (жоғары оқу орындары заң факультеттерінің студенттеріне арналған оқу құралы), А., 2001ж.

  5. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы, А., 2002ж.

  6. Ресми-іскери қазақ тілі.(Д.Ақанова, А.Алдашева т.б. авт.ұж.) А.,2002ж.

  7. Өтегенова Ә.А. Қазақ тілі (экономика мамандығында оқитын студенттеріне арналған оқу құралы).-Астана, 2007ж.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Ақанова Д. Қазақ тілі. Кешенді оқулық (5 кітап), А., 1997ж.

  2. Алдашева А. Қазақ тілі., А.,1997ж.

  3. Аяпова Т. Қазақ тілі (негізгі оқулық), А.,1998ж.

  4. Ағманова Ф. және авторлар ұжымы.Тілді білсеңіз – елді білесіз.А.,1998ж.

  5. Бизаков С. Элементарный курс казахского языка. А.,1996г.

  6. Бұлдыбаев А., Екшембеева Л. Сөйлей білсеңіз - ұтасыз. А.,1998ж.

  7. Оразбаева Ф. Ускоренный практический курс обучения казахскому языку. А., 1996г.

  8. Салиева Ұ. Қазақша сөйлеп үйренейік. А., 1995ж.

  9. Сариева К. Қазақ тілі және елтану. А.,1997ж.

  10. Қадашева Қ., Смағұлова Г. Менің достарыммен танысыңыз.А., 1996ж.

  11. Асанова Ұ. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін оқыту әдістемесі (өзге тілді дәрісханалардағы студенттерге арналған қосымша оқу құралы).А.,2001ж.

  12. Рахымбекова А.Қазақ тілі.А.,2003ж.

  13. Орысша-қазақша сөздік. І том.А.,1978ж.,ІІ том.А.,1981ж.

  14. Оралбаева Н.,Әбдіғалиева Т.,Шалабаев Б. Практикалық қазақ тілі. А.,1993ж.

  15. Қадашева Қ., Тасымова С. “Заң” газеті лексикасымен жұмыс істеуге арналған әдістемелік нұсқау.А., 1995ж.

18. Қ.Жарықбаев. Жантануға кіріспе. А.,2005ж.

Глоссарий

Экономика -

үй шаруашылығын басқару өнері.

Бухгалтерлік есеп -

кәсіпорынның қаржы және шаруашылық қызметтерінің нәтижелерін есепке алу жүйесі.

Экономикалық заңдар -

қоғам дамуының түрлі сатыларында өндіріс, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларындағы құбылыстарды анықтап, оны басқаратынзаңдар.

Тауар -

қоғам қажеттерін қанағаттандыру үшін кәсіпорындардың өндіретін өнімі.

Қосымша құн -

жұмысшылардың еңбегімен жасалатын, қожасытегін иемденетін қосымша өнімнің айрықша түрі, яғни жұмысшы күшінің құнынан (еңбек ақысынан) тыс, артық жасалған құн.

Меншік -

бір немесе бірнеше адамдарға тиесілі мүлікті иемдену құқығын көрсететін экономикалық категория.

Менеджмент -

нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теорися мен практикасы.

Маркетинг -

ақпарат жинау, шаруашылықты жүргізуді жоспарлау, ненің қажет екенін болжау.

Нарық -

сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауар мен қызмет қатынастардың жиынтығы.

Салық -

үкіметтің кәсіпорындардан, адамдардан алған төлемі.

Мемлекеттік қаржы -

бұл мемлекеттің өзіне міндетті қызметін атқаруы үшін қажетті ақша қорларының жүйесі.

Ұлттық байлық -

елдің экономикалық күш-қуатының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі.

Сұраным -

бұл нарықта болатын, ақшамен қамтамасыз етілетін қажеттіліктердің көріну түрі.

Ұсыным -

бұл нарықта тұрған немесе жеткізуге болатын, белгілі бір бағасы бар тауарлар жиынтығы.

Қаржы саясаты -

экономика саясатының құрамдас бөлігі; мемлекеттін өз атқарымдар мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржыны ұйымдастырып, пайдалану шараларының жиынтығы, қаржы ресурстарын жұмылдыру, оларды бөлу нысандары мен әдістерінде, қаржы заңдарында мемлекеттік кірістер мен шығыстар құрамында көрініс табады.

Қаржы нарығы -

бғалы қағаздар, қарыз (несие), валюта және капитал нарықтарынан құралады.

Қаржыландыру -

халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік-мәдени шараларға, қорғанысқа және басқа қажғттерге жұмсалатын қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; кәсіпорындардың, бірлестіктердің меншікті қаражаты, мемлекеттік бюджеттен және басқа есебінен жүзеге асырылады.

Кәсіпкер -

қарамағындағы мүліктерді заңды негізінде пайдалану жөніндегі өзінің бастамасымен барлық шешімдерді қабылдауға және кез келген іс-әрекеттер жасауға құқылы заңды тұлға және жеке адам

Кәсіпкерлік -

жұмыссыздықтан құқаратын тіршіліктің кілті, халық тұтынатын өнімдер көлемінің өсуі, мемлекеттің бюджет қорының қайнар көзі

Менеджер-

өндірісті басқару жөніндегі мман, кәсіби басқарушы, ұйымдастырушы

Тұтыну -

қоғамдық өнімді адамдардың белгілі бір қажетін қанағаттандыруға жұмсауы, оған: 1) жеке адамның қажеті үшін тұтынуы және 2) өндірістік тұтыну жатады

Маркетингтік делдалдар -

компаниялардың өз тауарларын клиенттерге өткізуіне және таратуына көмектесетін фирмалар. Оларға сауда делдалдары, агенттіктер, несие-қаржы мекемелері жатады