Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
он...казакстан обл.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
168.96 Кб
Скачать

Ауыл шаруашылығы

Облыстың ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 10,3 млн. га, оның ішінде жыртылатын жер аумағы 0,8 млн. га. Ауыл шаруашылығында 63,3 мың шаруа (фермер) қожалығы, 956 ӨК, 6 АҚ, 608 ЖШС жұмыс істейді. Олар жалпы респ. ауыл шаруашылығы өнімінің 12,2%-ын береді. Ауыл шаруашылығының басты саласына стратегиялық маңызы бар мақта өсіру мен өндіру жатады. Оның егіс көлемі 170 мың га-ға (егіс көлемінің 30%-ы) жетті. Шитті мақтаны өңдеумен жылдық қуаты 650 мың тонналық 19 мақта зауыты айналысады. Олар облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара ауданында және Түркістан қалалық әкімдігі жерінде орналасқан. Облыс әкімшілігі 2003 жылдың соңында мақта иіру фабрикаларының құрылысын бастады. Егіннің орташа жылдық өнімі: бидай – 400 мың т, күріш – 10 мың т, шитті мақта – 360 мың т, көкөніс – 400 мың т, бақша өнімдері – 291 мың т, картоп – 115 мың т. 2004 ж. мал саны: ірі қара – 603 мың, қой-ешкі – 3 млн., жылқы – 119 мың, түйе – 14 мың, құс – 1,8 млн., шошқа – 22 мың басқа жетті.

Көлігі

Шымкент әуежайы.

Облыс экономикасының тұрақты дамуында темір жол тасымалының үлесі басым. Маңызды темір жол тармақтары: Орынбор – Ташкент, Түркістан – Сібір темір жол Темір жолдың жалпы ұзындығы 443 км-ден асады, қызмет ету шектері Шеңгелді – Арыс және Түркістан – Арыс – Түлкібас станцияларының аралықтары. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 5200 км, оның 800 км-ден астамы республикалық, 4470 км жергілікті маңызы бар жолдар. Облыс жеріндегі ірі автомагистралдар: Алматы – Ташкент, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Жуантөбе. Әуе көлігі жүйесінде “Шымкент әуежайы” ААҚ халықаралық тікелей және транзиттік авиарейстерді жүзеге асыруға қолайлы. Облыс жерінен Бұхара – Шымкент – Алматы газ құбыры, Омбы – Павлодар – Шымкент мұнай құбыры өтеді.

Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениеті және мәдени мұралары

Облыста жалпы білім беретін 1007 мектеп, 22 кәсіптік-техникалық мектеп, 36 колледж, 115 мектепке дейінгі мекеме бар (2004). М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы, М.Сапарбаев атынд. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты, Қожа Ахмет Иасауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетті және бірнеше мемлекеттік емес жоғарұы оқу орындары студенттерге білім беруде. Облыста 931 мемлекеттік медицина ұйым, оның ішінде 542 фельдштік-акушерлік пункт, 131 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 60 ауылдық телімдік аурухана, 12 орталық аудандық және 5 аудандық аурухана, санспединстанция-эпидемиологиялық станция жұмыс істейді. Қарт адамдарға арнап “Ардагерлер үйі”, балаларға “Тау самалы” оқыту-сауықтыру орталық ашылған. Облыс аумағында елімізге белгілі Сарыағаш минералды суына негізделіп ашылған “Сарыағаш” шипажайы, “Арман” санаторийі, “Манкент” санаторий-профилакторийі, т.б. “Шымған”, “Денсаулық”, “Мейірім” сауықтыру орталықтары бар. 365 кітапхана, 9 музей, 6 кинотеатр, 6 театр (3 драма, 2 сазды, 1 қуыршақ), хайуанаттар саябағы, 366 мәдени-демалыс, 2865 спорт-сауықтыру мекемесі жұмыс істейді. Облыстық “Оңтүстік Қазақстан”, “Южный Казахстан”, “Жанубий Қозоғистон” газеттері қазақ, орыс, өзбек тілдерінде шығады. Облыс аумағында Ұлы Жібек жолы өткен көне қалалар (Исфиджаб, Иасы, Сауран, Отырар, т.б.) мен қорғандар болған. 802 тарихи және мәдени ескерткіш, оның ішінде 582 археологиялық, 42 тарихи, 11 монументтік өнер ескерткіштері; дүние жүзіне белгілі қасиетті Қожа Ахмет Иасауи кесенесі Түркістан қаласында орналасқан. Бәйдібек ата кесенесі, Домалақ ана кесенесі, Қарабатыр кесенесі (Бәйдібек ауданы), Арыстан баб кесенесі (Отырар ауданы), Баб ата күмбезі, Қарабура әулие кесенесі (Созақ ауданы), Қарашаш ана күмбезі, Ибраһим ата күмбезі, Қажымұқан Мұңайтпасұлының кесенесі мен мұражайы (Ордабасы ауданы) бар.