Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хал.туризм даристер.doc
Скачиваний:
43
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
457.22 Кб
Скачать

3.1.Ежелдегі саяхаттар туралы алғашқы деректер

3.2. Теңізде жүзушіліктегі финикиялықтардың рөлі

3.3. Ежелгі Грециядағы кең таралған туризм түрлері

3.4. Ежелгі Римдегі туризм түрлері

Ең алғашқы оқымысты саяхатшылар: Ежелгі грек тарихшысы Геродот пен Ежелгі грек тарихшысы мен гоеграф Страбон болып табылады. (Б.э.д. 64ж. Және Б.э.д. 23ж.). Олар талантты саяхатшы және зерттеуші болған. Ежелден бастап алдыңғы Азия елдерін, әсіресе Сирия мен Месопотамия және Египеттегі жаулап алу үшін күрес басталды. Бұл мемлекеттер сол кездегі бай әрі мәдени аудандардың бірі болңан. Олар арқылы халықаралық сауда жолдары өткен. Осы мемлекеттерді билеу үшін Византия мен Иран күрескен.

Харрапан цивилизациясы- қола ғасырындағы Манхеттен Б.э.д. 5 мың жылы Африка, Азия, Еуропа халықтары жер жырту мен мал ұстауды үйрене бастады. Бұл цивилизация жолына алғашқы қадам болып табылады. Ағаштардың орнына қалалар, билеушілер пайда бола бастады. Ежелгі цивилизацияның атақта қалалары: Месопотамия (Қазіргі Ирак), Египет, Греция, Рим. Ең алғашқы қалалар шамамен б.э.д. 6-8 мың жылдары салынған. Ең ежелгі қалалардың бірі – Иордан өзеніндегі Иерихон қаласы және Турциядағы Чатал Хю Юг қалалары. Әлемдегі ең алғашқы цивилизация ежелгі Месопотамия мен Шумер мемлекетінде Тигр мен Ефрат өзендерінің бассеннінде пайда болды. Шумер тұрғындары пирамида пирамида формасында үлкен қалалар мен мұнаралар салған. Каналдар мен мұнаралар салған. Каналдар қазып, құрлық пен теңіз сауда жолдарын жасаған. Ең алғашқы жазуды да тапқан. Месопотамиядағы ең алғашқы орталықтанған мемлекетті ежелгі Ұлы жаулап алушылардың бірі – Ұлы Саргон жасаған. Ұзақ уақыт бойы Египеттегі Ніл өзенінің жағалауында ежелгі цивилизация қалыптасты. Б.э.д. 2000 жылы Таяу Шығыс пен Шығыс Жерорта теңізі территориясында цивилизация пайда болды. Вавилон халқы Месопотамияны жаулап алды.

Антик заманындағы танымдық туризм. Геродотты «тарих атасы» деп атады. Оны «география атасы» деп те атауға болады. Геродот басқалар туралы өте ежелгі цивилизацияға бейім халықтар туралы білуді армандады, сондықтан да, ол олар туралы көбінесе Персид әскері туралы олардың тарихын зерттеді. Өзінің әлемдік саяхатын Вавилоннан бастады. Вавилонның қабырғасы квадрат формасында болатын. Қабырғаның периметрі 85 км-ді құрайды. Ол Геродот Вавилонды мекендеген скифтер мен халықтарды бақылап зерттеді. Ол Қара теңіздің батыс жағалауын Балқан түбегінің үлкен жағалауларын аралап шықты. Геродоттың саяхаттары Африканың солтүстік шығысын қамтиды. Ол Киреньді зерттеп, 447-448 жылы Ніл өзені арқылы Элфантин аралына көтерілді.

Ежелгі Грециядағы спорттық және қажылық туризм.

Ең алғаш діни ағымдар қалыптаса бастаған кезде саяхатшылардың пилигримдер деп аталатын категориясы пайда болды. Бұл саяхаттар көбінесе діни мақсатта орындалды. Оның ішіндегі ең атақтылары гректік олимпияға саяхат жасағандар. Олардың көбісі Зевстің құрметіне арналған мерекемен байланысты, ал бұл мереке б.э.д. VIIғ. Бастапәрбір 4 жыл сайын өтіп отырды. Басында оған тек гректер қатысқан болса, кейіннен римдіктер де қосылды. Ежетлгі әлемнің өзінде туристердің алғашқы топтары қалыптаса бастады. Олар емделу көздеріне спорттық және ойын-сауық мақсатында т.б. саяхат жасаған. Мысалы, Ежелгі Грецияда олимпиялық ойындарға спорт пен өнер адамдарының көбісі келе бастады. Олар үшін арнайы спортсмендер мен көрермендерге арналған құрылыстар салына бастады.

Александр Македонскийдің жорықтарының маңызы.

Б.э.д. 334ж. Көктемде Александрдың грек-македондық әскері Геллеспонт арқылы Персиямен соғыса отырып, Кіші Азияға аттанды. Б.э.д. 332ж. Александр Македонский Египетті жаулап алғаннан кейін ол египеттіктерді халықаралық сауданың көмегімен қызықтыра бастады. Египеттен қозғала отырып, Гавгамелла деген жерде Тигр өзенінің жағалауында ІІІ Дарий патшамен соғысты. Мұнда Дарий өлтірілді. Орталық Азияға қозғала отырып, оны 3 жылдан соң жаулап алды да Инд өзені арқылы Индияға өтті. Одан кейін Вавилонға қайтып келді. А.Македонскийдің Шығысқа жорықтарының маңызы мыналар:1.Грек және Шығыс екі цивилизацияның бір-бірімен экономикалық, саяси формаларының, мәдениетінің байланысы күшейе түсті. 2.Бұл кезеңде саудамен дамыған өнеркәсіп ошақтары ғылым мен өнердің ірі орталықтары пайда болып, қалалар тез қарқынмен өсе бастады. 3.Жаңадан салынып жатқан қалаларда әлемдік маңызы зор құнды мәдени объектілер салына бастады.

Әлемнің 7 кереметі.

1.Қазіргі Турция жеріндегі Голикарнас мавзолейі.

2.Вавилондағы “Аспалы бақтар” (Семирамида бақтары).

3.Александриялық фарус (б.э.д. 280ж.)

4.Олимпиядағы Зевс мүсіні (б.э.д. 430ж.)

5.Эфестегі Артемида храмы.

6.Родостағы Колосс.

7.Египеттегі Гиза пирамидалары.

Саяхатшылар қарақшының қолына түседі де жан-жаққа тарап кетеді. Олардың ішінде 7 адам ғана тірі қалды. Қалғандары құлдыққа сатылып кетті. Олар қайтадан керуен құрып яғни ағайында Пололар өздерінің мақсаты Парсы шығанағы мен Ормузаға қарай жүрді. Олар бұл жерде корабль арқылы Қытайға аттануды ойлады. Ормус қаласы ол кезде Қиыр шығыспен Парсы арасындағы теңіз саудасының ең соңғы нүктесі болатын. Бұл жерден венециандықтар солт. Батысқа Памирға дейін жетті. Одан кейін солт.Ауғаныстан дағы Балхы қаласына жетті. Аңыздарға сүйенсек дәл осы қалада Александр Македонский Парсы Дарий патшасының қызы Роксанаға үйленген. Балхы қаласынан шықаннан кейін саяхаттар көп күн бойы жермен жүріп отырған. Ол жерлерде жемістер, жаңғақ, жүзім, бидай өскен жерлермен өтіп, шөлге жетті. Амудария өзені бойынша мұсылман жеріне жетті (Бадақшаңға келді). Бұл жерде керуен 1 жылға дейін болды. Оның себебі Марконың ауруына байланысты немесе ағайында Пололар Бадақшаңның әдемі табиғатында қалуға бел буды. Бадақшаңнан саяхатшылар жоғары қарай Памирге қарай өтті. Амудария өзенің ағысымен жоғары қарай өтті. Амудария өзенің ағысымен жоғары қарай Кашмир аңғары арқылы өтті. Кашмирдан шыққан соң солт. Шығысқа қарай жүріп Памирге көтерілді. Олар бұл Памирді әлемдегі ең жоғарғы орын деп есептеді. Марко ондағы ауаның суықтығын атап өтеді. Себебі онда бірде-бір құс болмаған. Памирдан шыққан соң шығыс Түркістанның үлкен аңғарына жеткен. Өзінің саяхаты барысында Марко Поло ең ежелгі қала Хотан қаласын суреттейді. Онда кқп жылдар бойы гауһар тас алынған. Бірақ бұл жерде нефрит саудасы маңызды роль атқарған, ғасырлар бойы Қытай нарығына жеткен. Жұмыскерелер өзен сағаларында құнды тас бөлшектерін қазып алып жатқан.Мұндай кқрініс онда қазір де байқалады. Хотан қаласынан нефрит шөл арқылы Шатчи Чжоу мен, Пекин қалаларына апарылған. Бұл жерде Қытайдың нефритке қызығуы байқалды. Олар оны әулиелік, киелік сипатта пайдаланған. Хотаннан шыққаннан кейін Пололар оазистерде және құдықтарда демалуға тоқтай отырып бархандармен қапталған шөлиен жүрді. 30-шы күні керуен шөл шекарасында орналасқан Шатч Чжоу (құнды округ) қаласына келді. Бұл жерде Қытай солтүстік дәстүрлерін алғашқы рет байқай бастады. Әсіресе жерлеу рәсімдері қызықтырды. Табытты жасау, табытқа салынған адамды үйде ұстау рәсімі , т.б. қызықтырды. 14-15 ғасырларда Марко Полоның «Кітап» атты, еңбегі картографиялық жұмыс істеуіне негіз болды. Ұлы ашылулар тарихында үлкен роль атқарды. Марко Поло ортағасырлардағы сирек шығармасының бірі әдеби және ғылыми еңбек авторы. ОЛ қазірге дейін оқылып келеді және әлемдік әдебиет қорына кірді, көптеген тілдерге аударылған.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1.Ортағасырлардағы туризм дамуына әсер еткен факторлар?

2. Ұлы географиялық ашулар нәтижесі?

3. Крест жорықтарының туризмге байланысы қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

І. Вуколов В.Н. История и теория международного туризма. Алматы-2002.

2. Биржаков М.В. Введение в туризм.СПб Герда-1999.

З. Долженко Г.П. История туризма в дореволюционной России и СССР.Ростовно-Дону, 1988

4.Ердавлетов С.Р. Истрия туризма. Развитие и научное изучение.Алматы-2003

5. Накатков Ю.С.История туризма Казакстана. Алматы-2001

6. Шаповал Г.Ю.История туризма. Минск-1999.

7. Соколова М.С, История туризма.Минск-2002

4 дәріс - 2 сағат.

Тақырыбы: Орта ғасыр мен Қайта өрлеу кезеңіндегі туризмнің дамуы.

Мақсаты: Орта ғасырдағы туризм дамуына және қалыптасуына туристік ұйымдарға сипаттама беру.