Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

курс

.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
250.88 Кб
Скачать

Құқық және дін. Құқықтың діни қайнар көздері

Мазмұны

Кіріспе…………………….....................…………………………………………... 

I Құқық және оның қайнар көздері 1.1 Құқық түсінігі және оның қайнар көздері.........................................................

1.2 Дін және діни құқық ...........................................................................................

II Мұсылман құқығы

2.1 Құран………………………………………………………….............………...  2.2 Сунна…………………………………………………………………................ 2.3 Иджма…………………………………………………………………. ............. 2.4 Қияс…………………………………………………………………..........….... 

III Христиан құқығы

3.1 Канон құқығы...................................................................................................

3.2 Шіркеулік құқық..............................................................................................

IV Үнді құқығы

3.1 Ведалар мен Упанишадалар ……………………………………………...... 3.2 Дхармашастра мен Артхашастра.........................……………………………

V Иудей құқығы

4.1Тора………………………...............…………………………………………  4.2Талмуд…………………………............…………………………………….. 

Қорытынды………………………...............…………………………………… 

Пайдалынған әдебиеттер...............................................................….........……. 

Кіріспе

Адамзат өзінің даму тарихында мемлекетті, қоғамды реттеу, басқару мақсатында

Құқық түсінігі және оның қайнар көздері

Құқық – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің (нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.

Құқық - әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге өмірге келіп, қоғамды реттеп, басқарып отырады. Олар қоғамның обьективті даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты. Бірақ әр елдің ерекшеліктеріне сәйкес құқық пен мемлекеттің нысаны әртүрлі. Бұл мемлекеттің даму тарихына, идеологиясына , құқықтың қайнар көздеріне байланысты.

  Құқықтың қайнар көздері – бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс табуының  мемлекет шығарған  немесе ол таныған ресми - құжаттық нысандары, оларға заңды , жалпыға міндетті мағына беру.

  Құқықтың қайнар көздеріне  ресми  сипат тән , оларды мемлекет таниды; бұлар ондағы  нормаларды  мемлекеттің қолдауын  қамтамасыз етеді.

  Құқықтың  қайнар көздерінің түрлері:

      1) Нормативтік заң актілері – бұл құзіретті мемлекеттік  орган қабылдайтын , құқық нормаларынан құралған  және белгілі бір қоғамдық  қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар. Оларға Конституция, заңдар мен заңға  сәйкес  актілер жатады.

      2) Санкцияланған әдет нормалары – бұл адамдардың  санасынан орын алған және көп рет қолданылуының нәтижесінде әдетке айналған , тарихи   қалыптасқан жүріс - тұрыс ережелеріне мемлекеттің жалпыға міндетті мән беріп , оларды  орындауды  өзінің мәжбүрлеу күші арқылы  кепілденуі. Әдет – ғұрып нормаларына  заңды мағына беретін мемлекет санкциясы екі түрлі жолмен беріледі:

 а) нормативтік актілерде әдет нормаларына сілтеме жасау арқылы;

 б) оларды сот шешімдерінде  және басқа да  мемлекет органдар  актілерінде  іс  жүзінде тану арқылы.

      3 ) Заңды прецедент – бұл ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынатын  және жалпыға міндетті  заңды мағына иеленетін нақты бір заңды істі шешудегі  соттық немесе әкімшілік шешім.

     4)  Нормативтік шарт – бұл екі немесе одан да  көп субъектілердің               жалпыға міндетті заң нормаларынан құралған келісімі.

     5) Құқықтың жалпы қағидалары – бұл құқықтық жүйенің негізгі бастамалары. Мысалы , заңнамалық норма ,  міндетті прецедент немесе әдет нормасы болмаған  жағдайда  заңгерлер   әділеттілік , ар – ождан , құқықтың әлеуметтік бағыттылық қағидаларына негізделуі мүмкін( Грецияның , Испанияның , Ауғаныстанның Азаматтық кодекстері).

    6)  Діни мәтіндер –  құқықтың тарихи формаларының бiрi, арнайы қасиетті мәтендерде бейнеленген Құдайдың ерігі сипатталады.

Дін және діни құқық

Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі. Діни тұрғыдан, дін – бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша дін қырық – елу мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылыққа қолданған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдеді. Діннің неғұрлым ертедегі көріністері – сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау қазіргі діндерден ислам, христиан, иуда діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және протестанттық конфессиялары, т.б. діннің екі сипаты бар. Төменгісі – сыртқы, ғибадат ету, ал жоғарғысы – имандылық. Имандылық барлық дерлік діннің ішкі мәнін білдіреді, сондай-ақ ғибадатты да қамтиды, адамның сыртқы және ішкі болмысын тәрбиелейді. Барлық діндердің ұқсастығы және негізгі мақсаты – бір Жаратушыға деген сүйіспеншілікке жету және оның мейірімі мен кешіріміне ие болу, рухани тазарып, жетілу. Олардың ішкі мәнінде ғана емес, салт-рәсімдерінде де көптеген ұқсастықтар бар.

Діни құқық – құқықтың негізгі тарихи формаларының бірі. Оның қайнар көзі ретінде зайырлы мемлекеттік билік емес, арнайы қасиетті жазбаларда айтылған Құдай ерігі болып келеді. Діни құқықтың қайнар көзі ретінде , қасиетті мәтіндерден басқа, шіркеу актілері, діни-құқықтық салт-дәстүрлер бола алады.

Діни құқықтың ерекшелігі – дербес сипатында, яғни юрисдикциясының аймақтық емес сипатында. Айталық белгілі бір діни құқықтың ұйғарымдары тек қана осы дiни қауымның өкiлдерiне таралады, басқа дiнге сенушiлер олардың әсерiнен босатылған.

Мұсылман құқығы, христиан құқығы, үнді құқығы және иудей құқығы әлемдегі ең дамыған діни құқық жүйелері болып табылады

Мұсылман құқығы

Мұсылман құқығы көптеген жағдайда шариат деп аталады. Шариат мұсылмандық құқықтың және діннің нормативті ережесі. Мұсылман құқығы – исламның әлеуметтік-дін дүниесін тануы –Аравия елінде VI –VII ғасырда пайда болды. Мұхамед Пайғамбардың төңірегіне: Аббас, Хамза, Абу Бакр, Омар, Осман, Әли - барлығы қырық шақты адам топтасады. Құранның ажырамас бөлігі Хадис бар. Ол Мұхамед Пайғамбардың айтқан сөзі және оның істеген істері туралы хабар береді. Хадистердің жиынтығы құраннан кейінгі қайнар көз болып табылатын сүнналарды құрайды. XI – XII ғасырдың жартысынан бастап мұсылмандарда сүнниттер және шииттер деген екі бағыт пайда болды.

Араб елінде VII ғасырда өмірге келген әлемге әйгілі діндердің бірі – Ислам діні. Оның негізін салушы Алла тағала, ал оны уағыздаушы, насихаттаушы Мұхаммед Пайғамбар. Ең бірінші пайғамбарлар қатары: Адам, Нұқ, Ибраһим, Мұса, Иса,…, ал 25-ші пайғамбарымыз – Мұхаммед [3, б.25]. «Ислам» араб сөзі, қазақшаға аударғанда «көнгіштік, өзін құдайға тарту» дегенді білдіреді. Ислам дінінің ерекшелігі - тек жалғыз Құдайға сену, Аллаһ Тағалаға және оның қайратына сену. Осылай деп қасиетті кітап құранда жазылған. Құран – мұсылмандардың басты кітабы (жалғыз кітап). Мұхаммед пайғамбардан кейінгі Халифтар саны төртеу: Абу Бакр, Омар, Осман, Әли. Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін Омар Ибн Әл Хатап ( б.ғ.634 - жылы) Халиф Абу Бакрден құранды жеке кітап түрінде шығаруға кеңес береді. Халифтың ресми идеологиясы Ислам – араб мемлекеттерінің барлық құқығына жауапты болды. Сол себепті құранның алғаш жазылған редакциясы «Зейді Осман» түп нұсқасы төрт кітап қолжазбасы Халифаттың басты орталық қалалары Мекке, Дамаск, Куфа мен Басыраға жіберілді

Ислам бойынша қалыптасқан құқық адамға Мұхаммед арқылы Алладан келген. Ол қоғамның барлық әлеуметтік өмірін қамтиды.

Мұсылман құқығының төрт бастауы бар:

1.Алланың соңғы елшісі Мұхамедке айтқан ережелерінен тұратын киелі кітап — Құран

2.Мұхамедтің сөздері мен істерін талдайтын дәстүрлі ережелер жиынтығы — Сұнна.

3.Құран ережелерін талдаған ұлы мұсылман ғалымдарының пікірлері – Иджма

4.Мұсылмандардың алғашқы бастауларында көрсетілмеген өмірлік құбылыстарын  сәйкесінше талдау – Қияс.

Құран - араб тілінен аударғанда «Оқығанды сыртқа шығару» дегенді білдіреді. Құран бүкіл дүниежүзілік мұсылман қауымының қасиетті кітабы. Құран 114 сүреден тұрады оның 90-ны Меккеде 24-і Мединеде түскен. Меккелік және Мединалық сүрелер бір-бірінен мағынасы жағынан, тіл ерекшелігі бойынша, жазылу ерекшелігі бойынша ерекшеленеді. Құран сүрелері 6666 астам аяттан тұрады. Рамазан айының 27 күні Қадір түнінде ең бірінші Әл-Фатиха сүресі түскен. Құран негізінен Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар тірі кезінде ауызша болған және Құранды есте жаттап алған адамдарда болған. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар қайтыс болғаннан кейін барлық аяттарды бір кітапқа жинақтау қабылданды. Бұл жұмысты Абу-Бакр халифінен Эфид ибн Сабит бірінші рет орындады. Өздерінің оқытушыларының аяттарын сахабалар Убайд ибн Коаб, Аблаллах ибн Масуд, Абу Муса аль-ашъари жазбаша түрде жазды. Жалпы Құранда әр түрлі құқықтар, ережелер және басқа да этикалық, заңи, шаруашылық нормалары жазылған. Құран бұрынғы ортағасырлық арабтардың ғана емес басқа мұсылман халықтарының  тарихи, әдеби, заңи кітабы болып саналады.

Құран мағыналық мазмұны бойынша, негізінен, 3-ке бөлінеді:

  • иман, сенімге байланысты аяттар,

  • шариат үкімдеріне қатысты аяттар,

  1. Пайғамбарлар өмірі жайлы қиссалар. Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) умми (оқу-жазу білмейтін) кісі болған еді. Ол құдайлық аян келгенде уахи хатшыларына сүре мен аяттарды түскен жерде жаздырып отырған. Хатшыларына жазғандарын дауыстап оқуды талап етіп, қателессе дереу түзеген. Құранның бөлек-бөлек түсуі оның оңай жатталуына мүмкіндік жасады. Сахабалардың хат танитындары түскен мәтіндерді әрі жазып, әрі жаттап алды. Хат танымағандар Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) намазда, уағыз-насихатта оқыған Құранын естіп, жаттаған. Құранды сақтау барысында жазуға қарағанда жаттау әлдеқайда қолайлы тәсіл болды. Құран сахабалардың тақуалық өмірлерінен бастап, Алла жолындағы күрестеріне, қоғамдық қарым-қатынастарына дейін жол нұсқап, тәрбиелеп отырды. Осылайша Құран олардың өмірінің мәніне айналды.

Қазақ халқының рухани бастауларында болған ғұламалар Құранның мағыналық аудармасынан гөрі мәнін ашуға, хикметін сезуге ұмтылған. Абайдың “Адамды сүй, Алланың хикметін сез!”, “Адамның хикмет кеудесі”, — деген сөздерінен Құранды да, адамды да, әлемді де хикмет кітаптары деп біліп, оларды ажырамас өзара бірлікте, тығыз үйлесімде танығаны аңғарылады. “Құран рас Алланың сөзі-дүр ол, Тәуиліне жетерлік ғылымың шақ”, — деген Абай Құранның сөздік мағынасынан гөрі ішкі мәніне ұмтылуға үндейді. Құранның рухани мәнін, адамзат қоғамындағы орнын түсінуде ондағы адам мәселесін зерделеудің маңызы зор. Құран — адамзатты қараңғылықтан нұрға бастайтын құдайлық рахмет — мейірім көзі, (һұд, 17 аят) адамға бақилық бақыт жолын көрсететін Алланың сөзі (Исра, 9). Қ. жеке адам және қоғам тіршілігі үшін қажетті құқықтық, әлеуметтік-экономикалық саяси-басқару, этикалық-моральдық жүйелердегі негізгі қағидалар мен ұстанымдарды негіздеді. Құранда екі маңызды мәселе — Алланың жалғыздығына сенім (таухид-монизм) және Алланың құдіреті, сол құдіретімен жаратқан әлем, адам, олардың Алламен арасындағы байланыстары жүйеленген. Құранда адамның көңілі (қалбы-жүрегі) — таным көзі немесе танымға жетудің құралы мағынасында қолданылған.

Бүгінде батыс – шығыс ғалымдарының көбі құранды құдайдың кітабы екенін мойындап, таң қалуда. М.Р. Родвел: «Құранды оқыған сайын таңғалам» десе, С. Харт «Құран Кәрімнің Алла тарапынан пайғамбарымызға періштелер арқылы жіберілгені ахихат», - дейді. Ал Виктор Имбердес болса, ол: «Құран бүтін заң негіздерінің қайнар көзі болатыны ахихат». Доктор Бухайле: «Құранның көптеген ғылыми жетістіктерінің негізін қамтығандарын толық зерттеп және одан басқа да ахихаттарға тәнті болып, мұсылман болғандығын айтады».

Сүнне – Мұсылман құқығының басты қайнар көздерінің бірі болып саналады. Араб тілінен аударғанда жол, бағыт, нұсқау дегенді білдіреді. Сүнне негізінен исламның әр түрлі сұрақтарына байланысты және өмірдің -құрылысына байланысты хадистерден тұрады. Хадистер VIII-IX ғасырларға дейін ауызша беріліп келген содан кейін барып жазбаша түрде жазылған. Сүнне үш түрге бөлінеді: Каул, Фил, Такрир болып. «Сүнне» терминінен Сүннет  ағымы тарайды. ) Мұсылман құқығының ең басты қағидаларының бірі Құран мен Сүнненің қатынасы жайлы кезінде көптеген мұсылман заңгерлері көп дауласқан. Жалпы айтқанда бұл екі қайнар көздің қатынасы былай көрініс табады. Сүнне Құранға қарсы емес, керісінше Құранмен байланыста. Сүнне Құран сөздерінің түсіндірмесі. Мысалы: егер сот керекті норманы Құранның ішінен табалмай қалса, онда ол Сүннеден қарайды, егер ол жерде де болмаса ол өзі шешім шығара береді. Шешім шығаруды кез-келген шығара бермеген, шешімді муджтихад атағын алғандар ғана шығаратын. Сунна — шариғат заңдарының қайнар көзі. Ол Мұхаммедтің іс-әрекеттері мен айтқан өсиет, тұжырымдарынан тұрады. Аһл ас-Суннаның негізгі сипаттары: алғашқы төрт халифты мойындау (Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли), алты хадистер жиынтығын мойындау (Мұхаммад б. Исмайил әл-Бұхари, Муслим б. ан-Найсабури, әл-Хаким ат-Термизи, Әбу Дауд, ан-Насаи, ибн Маджи) және төрт мазһабтың (ағымның) біріне тиістілігі (мәликашылар, ханифашылар, ханбалшылар, шафийшылар). Аһл ас-Суннаға жататындар Иран мен Ирактан өзге (бұл екі елде шииттер саны басым) мұсылман елдерінің бәрінде өмір сүреді. Қазақ халқы да Суннаны мойындаушыларға, яғни аһл ас-Суннаға жатады және ханифшылар ағымын ұстанады

Иджма – Құран ережелерін талдаған ұлы мұсылман ғалымдарының пікірлері жинағы, шешімдері. Аударғанда «келісім», «консенсус» дегенді білдіреді. Иджма шариғаттың қағидалары арқылы әрекет етеді. Тарихқа сүйенсек, иджманың пайда болу тарихы VII ғасырдағы бірінші ғұламалар – «Мединенің 7 факихтерімен» тығыз байланысты. Иджмада исламда туған даулы мәселелер шешілді. Иджманың 4 категориясы бар :

 аль-иджма аль-каули ‎‎— жариялы талқылау нәтижесінде қабылданған шешім

 аль-иджма аль-аамали— талқыланбаған, бірдей жағдайлар нәтижесінде пайда болған шешім

 аль-иджма ас-сукути—мүлдем талқыланбаған, айтылмаған, яғни белгілі бір мәртебеге ие адамның өзіндік шешімі және бұған қарсы ешқандай да бір қарсылық білдірілмеген.

Қияс – мұсылман құқығының аналогия бойынша талқылау бағытталған қайнар көзінің бірі болып табылады. Егер Құран немесе Сүнне пайда болған және қойылған сұраққа жауап бере алмаса, онда осы сұрақты аналогия бойынша шешу үшін Қияс қолданылады. Қияс алғашқы ислам дәуіріндегі пайда болған салт-дәстүршілер (ахль аль-хадис) арасындағы дау-дамайларды шешу кезінде пайда болған. Қияс ислам заңи қызметінде ерекше орын алады.

Ал Н.Ө. Өсерұлының және Ө.Қ. Қопабаевтың ой-пікірлеріне  келетін болсақ олар жалпы мұсылман құқық іліміне қатысты қайнар көздер негізінен әбден зерттеліп, талданған дейді. Бұл қайнар көздерді екі топқа бөлуге болады. Алғашқы топқа Құран мен Сүннені жатқызсақ , ал екінші топқа – Иджма, Қияс, әдет-ғұрыпты жатқызамыз. Әрине, алғашқы топтың алар орны ерекше. Өйткені, онда Құран  мен Сүннедегі нормалар айқын көрсетілген. Алайда, уақыт өтуімен әрі қоғамдық қарым-қатынастың кемелдене түсуімен көптеген жәйттерде  мәселелердің шешімі Құран мен Сүннеден табылмай қалатын болды. Мұндай сәттерде білікті заңгерлердің шешімдерімен (Икма) ақыл-ойға салып (Қияс) заңдастырылуларына жол берілді. Әлбетте, таласты мәселелерді шешуде әдеттік заңдарменде санасып отырады. Бұл жолда мазһабтардың рөлі аз болмады. Нәтижесінде XI-X ғасырда мұсылмандық  құқық нормалары жасалынып бітті. Оны Фикһ немесе шариат деп аталады. Дегенмен де әр түрлі ағымдар әлі күнге өз ерекшеліктерімен, ауытқуларымен, бір ізді болмауларымен көзге түседі. Ал, бұл ауытқулар мұсылмандық құқықтың мәні мен құрылысына айтарлықтай әсер ете алмады. Құқықтық  реттеушілік жалпы қағидалармен жүзеге асырылады. Мұсылмандық құқық құрылысын сипаттауда оның нормаларына егжей-тегжей үңілу маңызды рөл атқарады. Мазмұнына қарап, бұл нормаларды екі топқа бөлуге болады. Біріншісіне кез-келген адамның іс-әрекеттеріне баға беру жатады. Бұл іс-әрекетті бес категорияға-міндетті, кеңес етілген, рұқсат етілген, шектелген және тиым салынған деп бөледі.Осы категориялардың жақсысын ұстанғандарды - имандылар, ал шектеп, не тиым салынғандарын істеушілерді–жамандар деп санауға болады. Екінші топқа-белгілі бір жағдайларға, не іс-әрекеттің салдарына байланысты реттейтін нормалар жатады. Мысалы, қасақана кісі өлтірушілердің өлім жазасына кесілуі, есі дұрыс еместермен келісім жасаудың жойылуы т.б. Мұсылмандық құқық нормалары: ғибадат және адамдардың қарым-қатынасын реттейтін нормалардан тұрады. Өз кезегінде адамдардың қарым-қатынасын реттейтін нормалар: жеке адамдар статусының құқықтары, қылмыстық құқықтар, азаматтық құқық (мәміле), әкімшілік нормалар, соттық құқықтар және халықаралық құқықтар деп бөлінеді.

Жеке  адамдар статусының құқықтары негізінен  діни принциптерге негізделеді. Бұл  нормалардың негізгі институттары: неке, ажырасу, туыстық жөндері отбасын  материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету, бала тәрбиелеудегі міндеттер, өсиет, мұрагерлік, қамқоршы, құқықтық қабілетін  шектеу, т.б. Сол секілді жеке азаматтық  құқықтарға (мәміле): жекеменшік мәселелерін  реттеу, әр түрлі келісім түрлері  мен оларды қамтамасыз ету, міндеттемелерді  орындау тәртіптері т.б. кіреді.

Мұсылмандық қылмыстық құқық тәртіп бұзушылықтың бәрін қылмысқа есептеп, оларды санкциялайды. Құран мен Суннада ең ауыр да қауіпті  қылмыстарға жазалар нақты көрсетілген. Ең ауыр қылмыстық Аллаға серік жасау, нақақ қан төгу, жезөкшелік пен  зінәқорлық , ата-анасын ренжіту, тонау, діннен безу, мемлекетке қарсы көтеріліс  т.б. Мұсылмандық құқықтың әлеуметтік саяси механизмі адамдарға екі  норма есебінде, бірі тысқы және бірі ішкі ниет-сенімдерді қамти отырып әсер етеді. Осының салдарынан тәртіп бұзушы әрбір мұсылман тек «жалған  фәни» ережесін бұзған болып табылмай, «шын дүние» ережесін де бұзған болып  табылады.

Осыдан  келіп, мұсылмандар арасында тәртіп бұзушылық өте сирек ұшырасады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас  мемлекеттің араласуынсыз-ақ дұрыс  шешіліп жатады. Сондықтан да мұсылмандық  соттарда мәжбүрлеу шаралары тіпті  қолданылмайды.Өйткені , жауапкершілік  әрбір мұсылманның ар ұятына, мұсылмандық  имандылығына негізделеді. Міне, осы  себепті де мұсылмандық құқық  өресі кең, ол саясатпен де, мемлекетпен  де, құқықпен де тығыз қабысып жатады. Исламның басты қағидаларында халықтық өкімет мынандай бағамдарды қатаң сақтағанда ғана діттегеніне жетеді, - делінген.

Қасиетті  Құранда олар жайлы былай делінген:

Өкімет  өз азаматтарының ар-ожданын, өмірін және мал-мүлкін қорғауға міндетті (Құран: 5 сүре, 59 аят);

  1. Өкімет басшысы әрқашанда адамдар мен халықтар қатынасында әділ шешімде болуы тиісті (Құран: 5 сүре, 59 аят);

  2. Мемлекеттік мәселелер ақылдасып, талқылау жолымен шешілуі қажет (Құран: 42 сүре, 39 аят);

  3. Өкімет адамды ең қажетті нәрселермен, яғни тамақ , киім және баспанамен қамтамасыз етуі шарт (Құран: 20 сүре, 119-120 аяттар);

  4. Халықтың қауіпсіздігіне, өмірі мен мал-мүлкіне, ар-ожданына кепілдік беріліп, қорғалуы тиіс (Құран: 2 сүре, 206 аят);

  5. Экономикалық жүйе әділ, әрі құқықтық жолмен саралануы қажет (Құран: 2 сүре, 206 аят);

  6. Денсаулық жүйесі міндетті түрде ұйымдастырылуы, әрі тегін  болуы тиіс (Құран: 2 сүре, 206 аят);

  7. Діни сенімге толық еркіндік берілуі шарт (Құран: 2 сүре, 257аят);

  8. Жеңіліс тапқан халықпен әділетті болу (Құран: 5 сүре, 9 аят);

  9. Тұтқындарға мейірімділікпен қатынас жасау (Құран: 8 сүре, 68 аят);

  10. Уәдеге опа етіп, міндеттеме-келісімдерді таза орындау (Құран: 47 сүре, 5 аят);

  11. Өзіңнен әлсіздерді әділетсіз келісімдерге мәжбүрлеуге болмайды (Құран: 47 сүре, 5аят);

  12. Өкімет басшысымен арада келіспеушілік туындаған жағдайда, қасиетті Құран бағамдарына сүйену, жеке адам мүддесі мен пайдасына жол бермеу (Құран: 4сүре, 60 аят);

  13. Халық өкіметтің таянышы, сондықтан өкімет те жалпы халықтың әл-ауқатын көтеруі тиіс. Мойын ұсынбайтын ұйымдарға тыйым салынады (Құран: 5 сүре, 3 аят);

  14. Қандай қуатты мемлекет болса да, оның басқа елге шапқыншылық жасауына тыйым  салынады. Қару- жарақ тек қорғану мақсатында ғана пайдаланылуы тиіс (Құран: 20 сүре, 132 аят);

Жеке  адамдар арасындағы қарым-қатынастар да зор адамгершілік тұрғыдан шешіледі. Мысалы:

  1. Адамдар арасындағы келіспеушілік тек әділ жолмен шешіңдер (Құран: 4 сүре, 59 аят);

  2. Әділеттілікті таза сақтаңдар. Бастарың кетсе де, тіпті өзіңе, не ата-ана, туыстарына қарсы болса да әділ куәлік беріңдер (Құран: 2 сүре, 136 аят);

  3. Өзіңе дұшпандық етушіге қарсы күрес, бірақ заңсыздыққа барма (Құран: 2 сүре, 191 аят);

  4. Татуласуға бейім тұр (Құран: 8 сүре, 62 аят);

Айта  берсек, мысалдар өте көп. Ислам түсінбеген жайтқа сенуге жол бермейді.Бет-алды жойып-құртуға, ысырапкершілікке  қарсы. Сені ақ, қара, қызыл не қоңыр түсіңе емес, істеген іс-әрекетіңе, адамгершілігіне қарай бағалайды. Әрбір адамның басқаларға пайдалы іс-әрекет етіп, зияннан аулақ болуын қалайды. Текке қан төгуді ауыр қылмысқа жатқызып,оның күнәсін жәбірленуші кешірмесе, мың жерден тәуба ет, Алла кешіре алмайды. Өйткені, әркімнің қаны, өмірі, ар-ожданы қасиетті, оған ешкімнің қол сұғуға құқығы жоқ. Осындай бағамдарды ту еткен Ислам дінін ұстанушыларды экстремист, террорист деу қиянат. Уаһаббизм дін емес, идеология.

Христиан құқығы

Христиан діні (гр. cөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдік дін — Христиан дінінде Иисус Христос (Иисус помазанный) мессияға теңеліп (қара Иса), құдайға баланды. Христиан дінінің қалыптасуына Сенеканың ілімі де әсер етті. Христиан діні әдебиеті негізгі төрт жанрдан тұрады:

1) Інжілдер (Матфей, Марк, Лука, Ионн);

2) апостолдардың арнаулы хаттары;

3) Христос шәкірттерінің істері туралы жазбалар;

4) ақыр заман туралы өсиет.

Б. з-дың бас кезінде Рим империясының басқа бөліктеріндегідей Палестинада да әлеуметтік, қоғамдық қайшылықтар шиеленісіп тұрды. Сонымен қатар 1 ғасыр империяның жаңа саяси формасы қалыптасуының кезеңі болды. Антикалық тәртіптің дағдарысы, жаңа саяси шындықтың қалыптаса бастауы адамдардың өмірінде қиындық туғызып, қиыншылық пен зұлымдықтан құтылудың жолын іздеуге итермеледі. Сиқырға, Митраға, Исида, Осириске, т.б. сенім күшейді. Осы кезде дүниеге келген Христиан діні жан біткеннің барлығының Құдай алдындағы тең екендігін айтып, адамдардың көкейінде әділетсіздік пен қанаушылықтан құтылудың үмітін оятты. Құдай алдында барлық адамдар тең деген идея жергілікті билеушілер тарапынан үлкен қарсылыққа тап болып, Христиан дінін қабылдаушылар жаппай қудаланды. Олар жергілікті билік өкілдерінен қашып жүруге мәжбүр болды. Жер асты шіркеулері салынды. Дегенмен, көп ұзамай Христиан дінін уағыздаушылар көбейіп, оның қатарына тұрғындардың көп бөлігі, соның ішінде билік иелері де тартыла бастады. Христиан діні догматикасы 4 — 6 ғасырларда қалыптасты. Оның қалыптасуында каппадокиялық діни ғұламалар Григорий Назианзин (330 — 390), Григорий Нисский (335 — 394), Василий Кессарийский (330 — 397) маңызды рөл атқарды. Христиан догматтары үлкен тартыс-таластар арқылы жүйеленді. Бірақ діни таластар догматтардың канондығын анықтағасын да тоқталмады. Ақырында бұл таластар христиан шіркеуінің әр түрлі ағымдарға бөлінуіне алып келді. 5 ғасырдың ортасында ортодоксалдық Христиан дінімен келіспейтін Армян, Копт, Малабар, Эфиоп, Иаковит, Абиссин шіркеулері жіктелді.

Орта ғасырлардан бастап Рим шіркеуі христиандарды өзіне бағындыруға тырысты. Бұған шығыстағы Византия қарсы болды. Нәтижесінде 9 — 11 ғасырларда Христиан діні “Батыс шіркеуі” (католиктер) және “Шығыс шіркеуі” (православтар) болып екіге бөлінді. 16 ғасырда католик шіркеуінен протестант шіркеуі бөлініп шықты. Сөйтіп, даму барысында Христиан діні негізгі үш тармаққа (православие, католик, протестантизм) бөлінді және олардың әрқайсысының өз ішінде әр түрлі ағымдар мен бағыттар пайда болды. Бұдан басқа несториандық, монофизиттік сияқты шағын тармақтар да кездеседі. Бұл ағымдар догматтардың әр түрлі түсіндіріліп, киелі кітапқа, діни ғұрыптарға әр алуан көзқарастары негізінде қалыптасқан.

Шіркеу– христиан діни ғұрыптары мен ғибадаттарын атқаруға арналған ғимарат. Христиан дінінің көпғасырлық даму тарихында әр халықта әр алуан шіркеу түрлері қалыптасқан. Жалпы шіркеуге ортақ белгі Шығысқа бағытталған михрабтық бөлігі және оған жалғас ғибадат етушілерге арналған бөлмесі болады. Шіркеу одан басқа Капелла, Крипта, Придел, Трапезная, тағы басқа бөліктерден құралады. Қаланың бас шіркеуі “Собор” делінеді. Лютерандық шіркеу – кирха, поляктарда католик шіркеуі – кастель деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]