Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

курс

.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
250.88 Кб
Скачать

Христиан құқығы канон құқығы және шіркеулік құқық болып екіге бөлінеді. Олар көбінесе Батыс мемлекеттерде орналған, бірақ әрекет жасау өрісі шектелген. Негiзiнде ережелер тек қана шiркеудiң қызметкерлерiне таратылады, ал жеке құқықтардың ішінде неке және отбасы, жерлеу туралы жазылған.

Канон құқығы - шіркеудің ішкі құрылымын реттеу, шіркеу мен мемлекет ара-қатынасы, шіркеу мүшелерінің өмір сүру қағидалары жайында жазылған, шіркеу басшылығымен бекітілген ережелер жиынтығы. «Канондық құқық кодексі» - барлық ережелер жазылған шіркеу құжаты. Канондық құқықтағы нормалар шіркеу қызметкерлері тарапынан орындалуға міндетті. Канондық құқық Құдай заңдарына негізделген, бірақ олар да белгілі бір факторларғы байланысты өзгертіледі. Мысалы, «Канондық құқық кодексі» 1917 жылы өзгертіліп, осы күнге дейін Еуропалық мемлекеттерде өзгеріссіз келуде. Ал латын мемлекеттер «Канондық құқық кодексінің» 1983 жылы жаңартылған нұсқасын ұстануда.

Канон құқығы шіркеу құқығына қарағанда кеңейтілген ұғым ретінде қарастырылған еді , өйткені бастапқы кезде канон құқығы тек шіркеуге қатысты ережелерді қамтымады. Бірақ, уақыт өте келе канон құқығының базасы тарылып, қазіргі кезде шіркеу құқығының базасына ұқсас болып келеді.

Канондық құқықтық еңбектердің, кодекстердің белгіленген бір жазылу стандарты жоқ. Мысалы, Болоньядағы, Париждегі сақтаулы тұрған канондық еңбектер әртүрлі болып келеді. Бірақ, канон құқығының ең әйгілі кодексі - XII ғасырда жарыққа шыққан «Грациан Декреті». 1580 жылы Грациан Декретінің кеңейтілген нұсқасы – Канондық құқық корпусы (Corpus iuris canonici) пайда болды .

Қазіргі канондық құқық реттейтін сұрақтар:

  • шіркеулік құқық шығармашылық

  • шіркеу қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері

  • шіркеу иерархиясы

  • шіркеу мүлкіне иелік ету

  • шіркеу ережелері

Шіркеулік құқық – шіркеудің ішкі құрылымын, шіркеудің мемлекетпен байланысын, канондық құқықтың өзін реттейді. Оның канондық құқықтан басты айырмашылығы - оның қайнар көздерінде. Негізгі қайнар көздері: Інжіл, Апостолдар оқылықтары және Византиялық құқық. Шіркеулік құқық Еуропаның шығыс мемлекеттерінде, әсіресе Ресейде, Украинада, Белоруссияда қолданылады.

Шіркеулік құқыққа кіреді :

  • Қасиетті Апостолдар ережелері

  • 7 әлемдік шіркеулердің канондары

  • 10 жергілікті шіркеулердің канондары

  • 13 Қасиетті Әкелер ережелері

Шіркеулік құқық славян мемлекеттерінде кеңінен қолданылды. Бұған дәлел 1274 жылы Русь жерінде қабылданған «Кормч ережелері». Бұл ережелерді нағыз шіркеулік құқықтың үлгісі деп тануға болады.

1839 жылы Ресейде тұңғыш рет негізгі канондық құжаттардың жинағы шығарылды. Ол «Ережелер кітабы» деп аталады.

Үнді құқығы

Үнді құқығы – қазіргі Үндістанда, Сингапур, Малайзия сияқты мемлекеттерде қолданылатын құқық жүйесі . Оның негізгі төрт бастауы бар:

  • Ведалар

  • Упанишадалар

  • Дхармашастра

  • Артхашастра

Бұдан басқа «Ману заңдарын» да үнді құқығының қайнар көзі ретінде қарастыруға болады .Бұл үнділердің жеке және қоғамдық өмірдегі мінез-құлқын, жүріс-тұрысын анықтайтын ежелгі діни-құқықтық нормалар жиынтығы. Үнді аңыздарына қарағанда оны адамдардың арғы атасы Ману құрастырған. Тарихи деректер бойынша «Ману заңын» шамамен б.з.б. 2 — б.з. 2 ғ-лар аралығында діни абыздар (брахман-риши) жазған. Діни-әдеби шығарма болғандықтан, «Ману заңының» мазмұны құқық мәселесінен өзге дін, саясат, әдеп мәселелерін, яғни ежелгі Үндістандағы қоғамдық қатынастардың барлық саласын қамтыды. «Ману заңы» 12 бөлімнен тұратын 2 652 шумақты өлең сипатында санскрит тілінде жазылған. «Ману заңы» бұл өз алдына шығарылған заңдар жүйесі емес, бұл ведалар мен упанишадалар сияқты қасиетті мәтіндердің жинағы болып табылады.

Ведалар (санскритша - білім) - үнді әдебиетінің ең көне (2 ғасыр соңы - біздің заманымызға дейінгі 1 ғасыр басындағы мың жылдықтар) діни және философиялық мұралары. Ведалар әнұрандар мен құрбандық шалу формулаларынан (Ригведа, Самоведа, Яджурведа, Атохорведа), теологиялық трактаттардан (брахмандар мен упанишадтардан) тұрады. Ежелгі Үндістанның мәдени-әлеуметтік өмірі туралы көптеген деректер ала аламыз. Ведаларда Құдай мен адамның арасындағы үйлесімділіктің маңызы дәріптеледі. Ведалардың негізгі бөлімі – самхиттер, бұл әнұрандар мен дұғалар жинағы.

Упанишадалар – діни – философиялық трактаттар. Олар көбінесе философиялық мағынаға ие, Құдай мен адам ара – қатынасы талқыланады. Упанишадаларда Ведаларды басты мағынасы және оларды түсіндірулері беріледі, сондықтан упанишадаларды басқаша «веданта» деп те атайды. Упанишадтар Б.з.д. I мыңжылдық шамасында пайда болды. Мағынасы - «жанында отыру», яғни өсиет-нақыл тыңдап, ұстаздың аяғының қасында отыру мағынасында; немесе «құпия тылсым білім». Бұл мәтіндерде ең бірінші себептілік мәселесі, болмыстың бастауы мәселесі басым келеді, оның көмегімен барлық табиғат құбылыстарының және адамның пайда болуы түсіндіріледі. Упанишадтарда басты орынға болмыстың ең басты себебі мен алғашқы негізі ретінде рухани бастау - брахман немесе атманды алатын ілімдер ие болады. Упанишадтар мәтіндерінің көпшілігінде брахман және атман рухани абсолют, табиғат пен адамның денесіз ең бастапқы себебі ретінде түсіндіріледі. Упанишадтардағы таным теориясының басты мәселесі білімді екі түрге: жоғарғысына және төменгісіне бөлу. Төменгі білім - эмпирикалық шындық туралы білім. Жоғарғысы - рухани абсолют туралы білім, оған тек мистикалық интуиция, йогтык тәжірибенің көмегімен ғана қол жеткізуге болады. Нақ осы білім әлемге билік ету мүмкіндігін береді.

Артхашастра (санск. артха — “басқару”, шастра — “заңдылық”, яғни “басқару заңдылығы”) — көне үнді трактаты, патшалардың өмірі мен қызметін қамтитын санскрит тіліндегі көне ережелердің бірі. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың 2-жартысында пайда болып, бүгінгі нұсқасы б.з. 1-2 ғ-да қалыптасып болған деген болжам бар. А. 15 бөлімнен тұрады: патшаның мінез-құлқы мен уәзірлерді таңдау әдісі, қазынаны толтыру жолдары, сот және тергеу жұмыстары, қылмыс пен жазалау, қарсыластарды жоюдың құпия әдістері, саясат пен соғыс өнері, қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас, құпия тыңшылар пайдалану жолдары т.б. А-ның негізгі идеясы: патша саяси жетістікке жету жолында ешбір әдістен бас тартпауы керек. “Патшаның саясаты өзінің жерін ұлғайтуға бағытталған, сондықтан көршілер оның жауы болып табылады, ал көршілердің көршісі — одақтастар”. А. білімнің көптеген салаларын қамтиды. Онда өте тәптіштеліп мынадай жүйелер берілген: “патшалықтың 7 белгісі”, “патшада болуы мүмкін 7 кемшілік”, “сыртқы саясаттың 6 әдісі”, “қамалдардың 6 түрі” т.б. А. Үндістан мәдениеті мен мемл. құрылысының көне тарихын зерттеуде негізгі дерек бола алады

Дхармашастра – діни мінез-құлық ережелері мен ежелгі заңдар жинағы. Ол діни міндеттерді орындауды насихаттайды. Дхармашастра құрамында құқық нормалары, діни, моральдық-этикалық сияқты алуан түрлі тәртіп нормалары кездеседі. Дхармашастралардың формальды түрде заң күші болған жоқ, бірақ олар адамның қай кезде қалай іс - әрекет жасау керек екендігі туралы, адамның жүріс – тұрыс ережелерін суреттеген.

Иудей құқығы

Иудаизм - еврей халқының ұлттық діні. Біздің дәуірімізге дейінгі II мың жылдықта Солтүстік Арабияның көшпелі еврей тайпаларының полиатеистік сенімдері мен ырымдарының негізінде пайда болды. Біздің дәуірімізге дейінгі XIII ғасыр Палестинаны (Ханаан) жаулап алады. Иудаизмнің қалыптасуына Яхве құдайын асқақтатушы Иуда тайпасы (атауы осыдан шыққан) ерекше ықпал еткен. Соңынан Яхве жалғыз құдайға айналады. Иуды тайпасынан шыққан Давид патша (біздің дәуірімізге дейінгі 977 жылы шамасы) заманында Израил-Иудейлік патшалық күшейіп, иудейлер тегі пұрсатты жағдайға ие болды. Иудаизмде діни ілім мен асқақтату ертеден басталады. Оларға жататындар:

  1. Құдай, Дүние, Адам жайлы ілім;

  2. діни асқақтатудың тәртібі;

  3. моральдық-өнегелік қарым-қатынастар кодексі;

  4. діни институттар жүйесі;

  5. Құдай аңдамалылығының тұжырымы;

  6. Мессианизм - Құдайдың елшісінің немесе маңдайына бақ қонғандардың Мессияға келуі, Құдай патшалығының орнауы.

Үнді құқығының екі бастауы бар:

  • Тора

  • Талмуд

Тәурат (ивр. «заң, оқыту») Аллаһ Тағала тарапынан Мұса пайғамбарға жіберілген кітап, Исламдағы қасиетті төрт кітаптың бірі, қазіргі уақытта Еврейлік Інжіл - Танахтың алғашқы бес кітабы.

Тора - иудаизмде көпмағыналы термин болып табылады:

  • Тора – «Мұса кітабы»

  • Тора – «Мұса кітабындағы» Құдай заңдары

  • Тора – ата – ана ақыл - өсиеті

  • Тора – ауызша Тора

  • Тора – жазбаша Тора

  • Тора – ТаНаХ

  • Тора – иудаизмдегі барлық заңдар мен ережелер жүйесі

Тораны Мұса пайғамбар Құдайдың сөзінен жазды делінеді. Бірақ, бұл оқиғаның екі нұсқасы бар, біріншісінде Мұса пайғамбар төрт күн бойы Синай тауында отырып Тораны жазды делінсе, екіншісінде Мұса пайғамбардың өліміне дейінгі қырық жыл бойы жазылды деп айтылады.

Тора еврей халқы үшін өте қасиетті кітап, және оны оқудың, зерттеудің екі ережесі бар:

  • Хаврута- Тораны екі адам оқиды. Оқығанда бір адам түсінбегенді оған екіншісі көмектесіп түсіндіреді.

  • Гематрия – Тораны белгілі бір арифметикалық сан жүйесімен оқу

Талмуд (ивр. «оқу»)– иудей құқықтарының жинағы. Негізгі қайнар көзі – Тора. Еврейлер өз халқын қасиетті тұтып, өзін-өзі «Құдай таңдағандар» деп атайды.

  Негізінде дін адамзатты ізгілікке тәрбиелеп, елді ұйыту негізінде пайда болған. Ал діни ағымдар ше? Олардың мақсаты  «Жеріңді жаулап, еліңді күң қылып  аламын» дегеннің кері. Дүние жүзілік  діндер, олардың тарихы туралы не білеміз? Қазақтың дәстүрлі діні дегенді қалай түсіну қажет? Ойымызды осы мәселелер төңірегінде өрбітсек…

  «Дін» – араб тілінен енген сөз. Сөздікте «Бас ию, мойынсұну, әдеттену, басқару, қызмет ету» мағыналарын береді.

  Дүние жүзi халықтарының ғасырлар бойы қалыптастырған сан қырлы рухани мәдениетiнiң бiр саласы – дiнтану. Дiнтану ғылымы – дiннiң пайда болуы, оның маңызы, мағынасы, адамға әсерi, коғамдағы, тарихтағы, мәдениеттегi орны, мыңдаған жылдар бойы әлемдегi алатын маңызы жайлы мәселелердi зерттеу. Басқаша айтқанда, дiнтанудың мақсаты – дiндi анықтау, түсiну және оның қоғамдық сана (идеология) есебiнде әлеуметтiк құбылыс екенiн түсiндiру болып табылады.

  Адамның рухани тазару дәрежесi көтерiлмесе  және дiннен бас тартар болса, қоғам  зандылықтары бұзылып, дүние ойран  болады. Ислам философиясы – дiн адамды қатерден, апаттан, бос әрекеттерден сақтандырады, күнделiктi өмiрi мен тұрмысын мейлінше қатаң және дәл реттеп отырады, қоғамдық, жеке өмiрдегi тәртібін сақтайды

– дейді маманар.

  Мысалы, 1969 жылы Америка Құрама Штаттары арақты харам еткен заң шығарады. Оны iшетiндердің мал-мүлiктерiн тәркiлеп, алты ай абақты жазасы белгiлендi. Әйтсе де, заңды орындауға, оны қысқа мерзiмде iске асыруға мүмкіншілік болмады. Бiрiншiден, қоғамдағы адамдарды түгелдей абақтыға жауып, дүниелерін түгелдей тәркілеу қажет еді. Ал олай жасалмаған жағдайда заңның күшін жою керек болды. Әрине заңның күші жойылды. Осындай жағдай 1400 жыл бұрын Араб түбегінде орын алған. Онда арақтан тыйылу Алланың бір-ақ сөзімен іске асты. Ол – Алланың: «Сендер тоқталасыңдар ма, жоқ па?» – деген бұйрықты сұрағы еді. Арақтан тыйылу әлеуметтік қажеттілік деп шешті де, жауап қатты: «Біз тоқталдық, ей иеміз…» – деп ыдыстағы арақтар түгелдей жерге төгілді. Сол кезде төгілген арақтан көшелер шылқып кетті. Міне, мұсылмандар арасында арақ ішу осыдан бастап тоқталды. Демек, арақты харам етіп заң шығарудан ештеңе шықпай, Алла тағаланың өзі берген тыйымды, шапағатты жол адамның жүрегімен астаса жұмыс істегенде ғана нәтижесін көрсетті. Бұл мысалдан діннің мемлекеттік саясатқа әсерін де көре аламыз. Негізінен мемлекетте қай дін «ресми» дін ретінде мойындалса, мемлекеттік саясат соның ыңғайына құрылады. Зиянды ағымдардың өз үстемдігін орнатуға барынша ұмтылу себебі сонда жатыр.

Діннің  құдіреті туралы тағы бір мысал келтірсек: Американың президенті Джон Кеннеди кезінде халқына: «Қасиетті бұйымдар мен әдет-ғұрыптарды, мінез-құлықтарды сақтау керек», – деп насихат жасап, оны діннің күшімен орындауға болатынын, яғни дінсіз ешқандай ұлылықты сақтай алмайтындықтарын атап көрсеткен. Бұл салада көптеген мысалдар келтіруге болады. Әлемдік діндердің мәні мен шығу тарихын да осы тұрғыда саралаған жөн.   

  1. “Қазақ Энциклопедиясы”, I,II,IV-том

  2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

  3. Артёмов В.Ю. Источники и доктринальные школы мусульманского права

  4. Правовые системы стран мира: Энциклопедический справочник.А.Я.Сухарев

  5. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010

  6. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі

  7. «Основы веры в свете Корана и Сунны»; Кулиев Эльмир

  8. www.islamhouse.com

  9. www.wikipedia.ru

  10. www.azbyka.ru

  11. www.hristianstvo.dljavseh.ru

  12. www.dic.academic.ru

  13. Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.

  14. Мәдениеттану негіздері: Оқулық. - Алматы: Дәнекер, 2000

  15. Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007

Мәдениеттану негіздері: Оқулық. - Алматы: Дәнекер, 2000.

25

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]